Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 7


§16-17. ЕРТЕ МЕТАЛЛ ДӘУІРІНДЕГІ ТАЙПАЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қоныстар. Ерте металл дәуірінің барлық мәдениетінен қо­ныс пен қабірлер, қорымдар табылған. Энеолиттік мәдениеттің қоныстары шағын болды. Ал кейінгі қола дәуірі тұрғындары қоныстарын терең ор, дуал, ағаш шарбақтармен қоршап, бе­кіткен.

Қабірлердің үстіне оба үйілді, өлікті бір қырынан жатқызды. Жанына тамақ салынған қыш ыдыстар қойылды. Беғазы-Дән- дібай мәдениеті адамдары мәйітті шалқасынан жерлеген.

Қоныстар әр дәуірдің шаруашылық сипатын нақты бейнеледі.

Қазақстан аймағынан ерте металл дәуірінің жүзден астам қонысы табылды. Олардың отызына археологиялық қазба жү- мыстары жүргізілді. Қоныстар өзен жағалауларында, кең жайылымды алқаптарда, бұлақ басында немесе көлді жағалай малға жайлы, шөбі шүйгін, егіншілікке қолайлы жерлерде орналасты.

Қонысқа жақын жерлерде тайпалық зират болды. Арийлер тайпасының қонысы әдетте 6-10-нан 20-50-ге дейінгі үйлерден құралды. Тұрақтар дөңгелене, ортасына алаң қалдыра салын­ды. Алаңда қоғамдық немесе әскери қақтығыстар кезінде жиын­дар өткізілді. Тұрақтар жартылай жер үй түрінде тұрғызылды. Тұрғын үйдің аумағы 100-ден 300 400 шаршы метрге дейін жететін еді. Жартылай жер үйлердің төбесі бөренелермен жа­былды. Үйдің ішкі қабырғалары таспен қаланды. Сондай үйдің бірі - еңбек құралдары мен қарулар жасаушы шеберлер тұрағы арнайы зерттелінді. Діни рәсім өткізетін орындар да болған.

Кәсібі. Ерте металл дәуірінің тұрғындары мал шаруашылы­ғымен, сондай-ақ аң және балық аулаумен айналысты. Қоныс­тардан жабайы аңдардың сүйектері үй жануарларынан да ар­тық кездеседі. Ежелгі аңшылар — қоян, арқар, құндыз, аю, түлкі, борсық, елік, жабайы бұқа мен қабан, сондай-ақ құс пен балық аулаған. Ерте металл дәуірі тайпаларының қоныстарынан тас пен сүйектен жасалынған жебе ұштары, найза мен қылыш, қайрақ тас, аң етін кесетін пышақ, тері тазалайтын қырғыш, егеу табылған. Сонымен қатар балық аулауға қажетті сүйек сүңгі, қармақ пен ау тоқитын жіптер, тас бастырғылар да кездескен.

Қоладан жасалған найзаның ұшы мен қанжарлар

Мал шаруашылығының негізін жылқы мен ірі қара құрады, бұл отырықшылық өмір салтының орныққанын көрсетеді.

Шаруашылықта ірі қара малдың басым бо луы неліктен отырықшылық салттың үстем дігін білдіреді?

Бүл дәуірдің егіншілік кәсібі су көздері жанындағы шөгінді қара топырақты жер­лерде ғана жүзеге асырылуы мүмкін еді. Тұрғындар суармалы егіншілікпен айна­лысты. Жер суару үшін өзеннен арық тарт­ты. Адамдар далалық жерді өңдей алма­ды. Қола және тас түренді соқа, тесемен жер өңдеу қиынға түсті. Мүмкін болған жағдайдың өзінде, жиі суарғанда да екі-үш жылда егістік алқабын сор басып отырды.

Моншақтар

Себебі ол жерлердің минералды тұздары өте көп еді. Кейінгі қола дәуірінде адам санының артуы, ан­дрондықтар мен ежелгі қима қоға­мының егінші тұрғындарын дағда­рысқа ұшыратты.

Қола дәуірінде жайылымды бақ­ташылық кәсібі орнықты. Табында мүйізді ірі қара мал ұсталып, шұ­райлы алқаптарда бағылды.

Қой мен жылқы аз болды. Жыл­дың жылы маусымында мал қонысқа жақын жердегі жайлауда ұсталды. Қыста малды әрбір отбасы бөліп алды. Жаз мезгілінде қысқа арналып мал азығы дайын­далды. Соңғы қола дәуірінде үй маңылық бақташылық біртіндеп жайылымдық түрге ауыса бастады.

Қалай ойлайсыңдар, неге кейінгі қола дәуірінде адамдар үй маңылық бақташылықтан жайылымдық мал шаруашылығына көш ті? Алдаеы уақытта мал шаруашылығы қалай өзгеруі мцмкін еді? Болжап көріңдер.

Жайылымдық бақташылықта малшылар малдарымен бірге бір жайлаудан екінші жайлауға көшіп жүрді. Біртіндеп ұсақ малдың, мысалы, қой, ешкі, сондай-ақ жылқы саны арта бастады.

Ежелгі қималықтар мен андрондықтар үлкен патриархалды отбасыларынан құралғаны байқалады. Қауым мүшелерінің жері мен малы ортақ болды. Қауымдастықта жекеменшік әлі толық орнықпаған еді. Адамдардың тек өзі ғана пайдаланатын меншігі, мәселен, аңшы жақсы садақ жасаса, садақ тек соныкі саналды. Ол адам қайтыс болса, садағы қабірге қоса көмілді.

Тау кен ісі және металлургия. Қола дәуіріндегі мал ша­руашылығы, егіншілікпен қатар кен өндіру, тас пен сүйек өң­деу ісі адамзат қоғамының дамуында маңызды рөл атқарды. Қазақстан аумағы ежелден мыс, қалайы мен алтынның бай кен орындары болғаны белгілі. Мыс кені Жезқазған жеріндегі кеніштерден өндірілген. Қалайы Атасу таулы жоталарынан, ал алтын кені Степняк т.б. кеніштерден алынған. Бұл өңірлер Қазақстан аумагы ежелден кен ісінің орталығы болғанын дә- лелдейді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша көне заманда-ақ Жезқазған кенішінен 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Ежелгі Имантау кен орнындағы қалдықтарға қарағанда, бір кеніштен ғана 48 мың тонна мыс өндірілгені анықталып отыр.

Еңбек құралдары мен қаруларды қоладан құйып жасау: қалып, балта, жебе

Жогарыда келтірілген сандар нені білдіреді?

Кеніштер мен одан алынған кен көлемі қалайы мен алтын кен орын­дарының. бірнеше жыл үздіксіз пай­даланылғанын көрсетеді. Мыс пен қалайы кені қарапайым құралдар — қайла, балта және теселермен қазып алынған. Бүл үшін жердің беткі жә­не терең кен қабатына от жағып, қыздырған. Тау жыныстары қызған кезде оған су қүйған. Босаған кен кесектерін тері қапшықтарға салып жер бетіне шығарған. Шахта опы­рылып құлап, кен қазушыларды жиі басып қалып отырған. Бұның айғағы ретінде кен толтырылған тері қап арқалаған адам қаңқалары табылды. Жиналған кенді тас балғамен соғып ұсатып, сумен жуып, таза металды бөліп алған.

Мыс кенін ерітіп алғаннан кейін бұл құймаға қажетті мөлшерде қа­лайы қосып қола алған.

Қоныстарда металл қорытатын, өңдейтін шеберханалар орналасқан. Осындай қоныстардың бірінен шаруа­шылыққа, күнделікті түрмысқа қа­жетті еңбек құралдары - қолорақ, пышақ, балта мен найза және жебе ұштарын дайындайтын түрлі қалып­тар табылған.

Қолөнер кәсібінің ең дамыған түрі зергерлік бұйым жасау ісі еді. Әшекей бұйымдар негізінен қақтау, сығым­дау, шеку әдісімен дайындалған. Қо­ла дәуірі зергерлік өнерінің Қазақстан жерінен табылған тама­ша үлгілері — білезіктер, моншақтар, алтын жалатылған түрлі салпыншақтар мен сақиналар. Зергерлер сол уақыттың өзінде асыл тастарды асқан шеберлікпен өңдеген.

  1. Қола дәуіріндегі кәсіптің түрлерін атаңдар.
  2. Кен алу тәсілдері туралы айтыңдар. Неліктен кен қазу жұмы­сы қауіпті болды?
  3. Кен орындарынан табылған еңбек құралдарын атаңдар, си­паттама беріңдер.
  4. Қазақстан аумағындағы негізгі металл кенін өндіретін орын­дарды анықтаңдар.
  5. Қола дәуірі адамдарының зергерлік бұйым дайындауда ше­берлік деңгейіне жеткендігін дәлелдеңдер. Қола дәуірі әшекейлерін кейінгі кезеңнің зергерлік бұйымдарымен салыс­тырыңдар.
  6. Тас және қола дәуірлерін салыстырып, сипаттама беріңдер.
Салыстыруға арналған сұрақтарТас дәуіріҚола дәуірі
1.Хронологиялық мерзімі  
2.Кәсібі  
3.Еңбек құралдары  
4.Түрактары  
5.Жекеменшік түрі  
6.Қоғамдық құрылымы  

Жұп болып талқылаңдар.

Кейінгі қола дәуірі шаруашылығында қандай өзгерістер орын алды?

Косымша тапсырма

«Ерте металл дәуірі тайпаларының шаруашылығы» тақырыбында Б. Блум танымы деңгейіне сай қарапайымнан күрделіге қарай 10 сұрақ дайындаңдар.

§18-19. ЕРТЕ МЕТАЛЛ ДӘУІРІНДЕГІ ТАЙПАЛАРДЫҢ ДІНИ ТҮСІНІГІ

Үндіирандықтар мифологиясы. Арий тайпалары Жер беті төрт бұрышты, әр бұрышында өз құдайы билік құрады деп тү­сінген. Жер күн құдайы күймесімен саяхаттайтын мөлдір күм­безбен жабылған деп есептеген. Археологиялық қазба деректері қола дәуірінде үндіиран тайпаларының бәріне ортақ діни түсініктің қалыптасқанын көрсетеді. Ежел­гі үндіирандықтардың ұғымынша адам өлмейді, ол ерекше түрдегі терең «ұйқы­ға» кетіп, Жер-Ана қойнына оралады деп сенген. Сондықтан өмірден озған тайпа ластарын «ананың құрсағында» жатқан­дай, қабір шұңқырына аяқ-қолын бауы­рына жиғыза жатқызып, онымен бірге о дүниеде қажет болады-ау деген затта­рын қоса көмген. Қабірдің үстіне әлемнің дөңгелек бейнесін елестететіндей оба тұр­ғызған. Андрондықтар өліктің басын ба­тысқа қаратып жатқызса, ежелгі қима- лықтар солтүстікке қаратқан.

Тастағы бейнелер

Арийлер өздерін қолдап жүруі үшін ата-баба аруағына сиынған. Күшті, ерікжігері мықты адамдар тайпаластарына о дүниеде де көмектесе алады деп сенген. Осылайша, көсемдер мен ержүрек жау­ынгерлер, тәжірибелі аңшылар, көреген абыздардың қабіріне үлкен обалар тұр­ғызған. Ата-баба аруағына табынып, ру­хының көңілінен шығуға тырысқан. Сон­дықтан қола дәуіріндегі адамдар мар­құмды мүмкіндігінше жақсы киімімен, еңбек құралдары, әшекейлерімен қоса жерлеген.

Самарлық мәдениет тайпалары сиыр, жылқы, қойдың басы мен дене мүшелерін арнайы ыдысқа салған. Үстіне қызылбояу сеуіп, мәйіт жерленген обаларға онша терең емес етіп көміп қойған. Қызыл түсті бояу қанның және ерекше құдірет иесінің белгісі. Сонымен қатар отты білдірген және жаман рухтардан сақтану қабілетін арттыратын магиялық күш саналған.

Қызыл бояуды өліктің үстіне де сепкен, көбінесе бүл рәсім балаларды жерлеуде қолданылған. Арийлер аруақтардың мейі­рімін аудару үшін сый-сияпаттық тамақтар апарып тұрған.

Қабірлерден әдейі бүлдірілген еңбек құралдары табылған. «Затты бүлдіру» жорасы жерлеуді аяқтар алдында жасалады, яғни ол тұтынған бұйымдар мен құрал-жабдықтар да адаммен бірге «өлуі» тиіс саналған.

Қола дәуіріндегі адамдар неліктен ата-баба аруагына сиынганы туралы өз болжамдарыңды айтыңдар.

Діни дүниетанымдағы өзгерістер. Қола дәуірінде аруақтар­ға арнап құрбан шалу рәсімі пайда болды. Қауым мүшелері аруақтардың өздеріне жақсы қарауын сұрап, құрбандыққа та­мақ апарған.

Қалай ойлайсыңдар, қола дәуіріндегі адамдарда мүндай рәсім неліктен пайда болған?

Арнайы құрбан шалатын жерлер қоныс жанында орна­ласты. Олар тас шеңбер немесе топырақ үйінді етіп жасал­ды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде діни рәсімдік жоралғылар өткізетін орындардан үйілген дән қалдықтары, дәнүккіштер, мал сүйектері мен күлдің орны және әртүрлі ыдыстың сынықтары, келсаптар табылған. Қола дәуірі жер­леу орындарынан жыртқыш аңдар (қасқыр, түлкі) мен үй жануарларының (ит, жылқы) тістері кездескен. Бұлар адам­ды жаман рухтардан қорғайтын бойтұмар және аңның күш- қайратын адам бойына да сіңіре алады деуден туындады.

Қола дәуірі тайпаларының тұрмысы мен өмірі табиғатқа тәуелді еді. Басты құдай Күн саналды, сондай-ақ от, кейбір жануарлар мен өсімдіктерге де сиынды. Күн мен от жылылық береді, адамды мейірімді, мықты рухпен байланыстырады деп есептеген. Күн құдайының басты нышаны ретінде жиектері қайырылған күншуақты айқыш (крест) белгісі алынды. Қима мәдениеті ыдыстарының түбінен бұл белгіні жиі көруге болады.

Жоларалық анықтамайық. Неміс фашистері XX ғасырдың 30-40-жылдары айқыш белгісін сөл өзгертіп, өздерінің рөмізі ретін­де пайдаланды. Қазіргі уақытта ғылым бұл белгінің алғашқы мағы­насын нақты анықтап отыр.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі — бақташылықтың дамуымен ай мен жцлдызга табыну жоралғысы да шықты. Малшылар кешкі және түнгі уақыттарда ай мен жұлдызға қарап бағытты анықтады.

Қола дәуірі тайпаларында отқа табыну дәстүрі кең таралды. От денені зұлымдықтан тазартатын, қайтыс болғандарды жаман рухтан қорғайтын күш, басқа әлемнің босағасы ретінде сипат­талды.

Кейінгі қола дәуірінде мүліктік теңсіздік пайда болды. Бір­қатар тайпаларда көсемнің малы мен қаруын ұстауға тыйым са­лынды. Осылайша, жекеменшік қалыптаса бастады.

Қалай ойлайсыңдар, қауымдық меншік пен жекеменшіктің бір бірінен айырмашылығы неде? Жекеменшіктің шығуы қоғамдағы қарым қатынасқа қалай әсер етті?

Адамзаттың ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі оның табиғат туралы білімі мен қоршаған орта жайлы түсінігін күр-делендіріп, діни көзқарасты қалыптастырды.

  1. Үндіирандықтар мифологиясына сипаттама беріңдер. Олар қоршаған әлемді қалай елестетті?
  2. Үндіирандықтарда ата-баба аруағына сиыну көрінісі неден байқалады?
  3. Қола дәуірінің жерлеу рәсімі қалай атқарылған?
  4. Қола дәуірі адамдарының діни түсініктерінде қандай өзгерістер пайда болды?
  5. Крестің алғашқы мағынасы қандай еді?
  6. Қола дәуірі адамдары неге табынды?
  7. Жекеменшік дегеніміз не? Ол қашан және неліктен пайда болды?

Жүп болып талқылаңдар.

Қола дәуіріндегі діни ұғымдар мен салт-дәстүр бүгінде сақталған ба? Болса, қандай? Ол нені білдіреді?

Қосымша тапсырма

«Ерте металл дәуірінің діни тусініктері: сиыну, салт-дәстүр, сенімдер» тақырыбында мультимедиалық слайдты таныстырылым дайындаңдар. Уақыты 7 минут.

Мультимедиалық таныстырылымға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпқа сәйкестігі;
  2. Көркем безендірілуі;
  3. Мәтіннің нақтылығы;
  4. Түрлі деректермен жұмыс жасау білігі.

Рәсімделуі:

  1. Таныстырылым үйлесімді, эстетикалық талапқа сай, безенді­рілуі мазмұнына сәйкес келуі керек.
  2. Таныстырылымның бейнеленуі тартымды, қызықты әрі мәтін­нен ауытқымауы тиіс.
  3. Мәтін жеңіл оқылатын және слайдтар соған сәйкес келуі керек.
  4. Тізім, кесте, диаграмма мен сызбалар таныстырылымда ретімен орналастырылғаны жөн.

Таныстырылымды қорғауға қойылатын талаптар:

  1. Таныстырылым материалын мүмкіндігінше толық меңгеру.
  2. Анық және түсінікті етіп жеткізе білу.
  3. Аудиториямен еркін қарым-қатынас орнату (қызықтыра білу, сұраққа сауатты жауап беру).
  4. Регламент сақтау.


Перейти на страницу: