Меню Закрыть

Атамекен — Елшібеков Жанат

Название:Атамекен
Автор:Елшібеков Жанат
Жанр:Қазақ көркем әңгімелері
Издательство:Жалын
Год:1984
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 7


Жердегі жарңын жұлдыздар

УЫЛ АКАДЕМИКТЕРІ

ЖОЛАУШЫЛАР поезы зуылдап келеді. Зыр қаққан доңғалақтар да өз әуенінен жаңылар емес. Тақ-тұқ... тақ- тұқ... Ежелгі әдетімен таң бозарғаннан-ақ оянып кеткен ол жуынып келіп, терезеден дөңгеленіп қалып жатқан кең далаға көз тіккен. Көгілдір көкжиекпен астасқан салқар сахара көсіліп жатыр. Ол іштей күбірледі.

«Қазағымның көңіліндей кеңсің-ау...»

Қарт-көңіл жол бедерлерін де жазбай аңғарады. Бай­қаса, ғасырға тақау ғұмырында осынау болат жолдың үстімен талай-талай сапар шегіпті. Шалғайдағы сонау Мәскеудің өзіне неше мәрте жол түскен. Сөйтседағы кәрі жүрегі бұлайша туламаған шығар. Жаңақорғаннан жылжысымен-ақ қасындағыларға:

— Қазір жетіп барамыз, дайындалайық. Мен білсем ендігі жер бір сағаттан аса қоймас,— деді.

— Жазеке, Шиеліге дейін әлі екі сағат бар. Өзіңіз тым жақындатып жібердіңіз ғой.

— Иә, асықпаңыз... Құрдасыңызды да құшарсыз.

Костюмін киіп жатқан Жазылбек ақсақал үндемеді. Әлден кейін барып тұңғиық жанарлары жымыңдап, шоқ­ша сақалын алақанымен сипаған күйі әлгіндегі әңгімесін қайта сабақтады. Езуіне де күлкі үйіріліп шыға келген.

— Осы жолға жиналып жатқанымда қос кенжем ая­ғыма оралып шықсайшы. «Әке, қайда барасың?»—дейді жарыса...

Ол сөйлеп отыр. Шөгіңкіреген мол денесі кезінде зор тұлғалы болғанын анық байқатады. Бүкіл болмыс-пішімін тыңдаушыларына аударған қарт қыранның омырауында- ғы қос Алтын Жұлдыз қозғалған сайын жарқ-жұрқ етеді. Маңдайындағы қатпар-қатпар әжім іздері өмірдің бел- белестерін көз алдыңа әкелгендей.

— Ағама барамын,— деймін қуақылана.

— Қайдағы аға?— деген балаларым аң-таң.

— Сыр бойында тұрады. Бүкіл елімізге әйгілі Ыбырай Жақаев аталарыңды іздеп барып, сәлем бермекпін. Ол кісі менен бес жас үлкен, сондықтан аталарың маған аға болады емес пе?!

Жазекең өз сөзіне өзі балаша кеңкілдеп күлді. Жан қалтасынан көлдей бет орамалын алып жасаураған жана­рын сүрткен ол терезеге қайта үңілді.

Ерекше күй кешкен қарт жүрегі алға асығып келеді...

Иә, қос жұлдызды қос алыптың кездесуі жанындағы хабар Қызылорда облысының түкпір-түкпіріне лезде та­рап кетті. Үлкеннің де, кішінің де аузындағы сөз:

— Ақ күріштің атасы тоқсандағы Ыбырай Жақаевты республикадағы қой өсірудің айтулы саңлағы сексен бес жастағы Жазылбек Қуанышбаев арнайы іздеп келіп, сәлем беріпті...

Сәулетті өмірімізде мерейімізді марқайтып, қиялы­мызды шарықтатар тамаша сәттер көп-ay. Соның жарқын көрінісі—қарсы алдыңдағы сурет. Онда Ыбекеңнің шаңырағындағы ұмытылмас кездесудің бір ғана сәті бей­неленген. Сыр шертіскен ауыл академиктері өзара шүйір­келесіп отыр. Бұл кездесу 1980 жылдың 19 ноябрь күні болған еді.

Жан толқытарлық өнегелі де, ғибратты жүздесу. Қауышқан ыстық құшақтар... ақ дастарқан басындағы, күріштік алқабындағы, жастар ортасындағы сырласу- әңгімелер... Әрқайсысы қас қағым сәттік оқиғалар емес пе?!

Ыбырай мен Жазылбек! Есімдері бүкіл елімізге әйгі­лі ардагерлерді кез келген қазақстандық біледі. Респуб­ликамыздың мақтанышы мен даңқына айналған олардың дидарын ешқашан бетпе-бет жүздеспеген жандардың өздері жақсы таниды. Өйткені қос бәйтерек — екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақ күріштен тұңғыш рекордты өнім өндірген Ыбырай Жақаев пен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, есімі республиканың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылған атақты шопан Жазылбек Қуанышбаев астана төрінде өтетін небір алқалы бас қосулар мен салтанат­тардың көркі болып қатар отыратын.

Ал күрішті ауылдағы кездесудің жөні тым бөлек-ау... Тоқсан бір жасқа тақаған шағында өмірден өткен Ыбекеңнің өшпес ізі әр жүректе сайраулы. Социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері атанған ол өзінің маңдай тері төгілген «Қызылту» колхозын ұйымдастырды. Егін даласының ерен зергері атанған қарт күрішші соңы­нан ерген кейінгі лекке үнемі ақыл-кеңесін үйретуден жалыққан емес. Колхоздың күріш өсірушілер звеносын басқара жүріп, Сыр маржанының жаңа тұқымын шығару­ға бүкіл ғұмырын арнады. Жастардың ақылшы-ұстазы, озат агротехниканы творчестволықпен игеріп отыруды негізгі нысана етті. 1949 жылы осындай жаңа агротехни­калық тәсілдерді тиімді қолданған даңқты күрішші ре-

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ерлері Ыбырай Жаңаев пен Жазылбек
Қуанышбаев

кордты мол өнім — гектарынан 171 центнер күріш алды. Ыбырай ақсақал егін шаруашылығында аса үздік көрсет­кіштерге қол жеткізіп қана қоймай, өзінің бай тәжірибесін дарқандықпен бөлісті. Күріш өсірушілердің жас буынын тәрбиелеп шығарудағы еңбегі де өлшеусіз. 1964 жылы февраль айында ол Қазақстанның жас диқандарына ар­нап «Жастар, сендерді ақ күрішті алқаптар күтеді!» атты

үндеу тастады. Кейінгі толқын үлкен бастаманы іліп әкет­ті. Жер-жерде жақаевшылар қозғалысына үн қосқан жас күрішшілер егін танаптарына аттанды.

«Шәкіртсіз ұстаз — тұл» деген емес пе дана халқы­мыз. Бұл күнде рекордтың туын тіккен Сыр бойында қыр төсінде жайқалған қырмызы қызғалдақтай жақаевшылар еңбек көрігін еселей түсуде. Жас жақаевшылардың бес- жылдықтардағы жарқын қолтаңбалары тамаша дәстүрге айнымас адалдықты бейнелесе керек. Күріштік алқабын­да жүзген көгілдір кемелер жақаевшылардың сенімді қолында. Ал рекордты дүниеге әкелген Ыбекеңнің ағаш сапты кетпені облыстық комсомол комитеті жанындағы «Еңбек Даңқы» музейінде тұр. Қастерлі мұра көзге сон­дай ыстық...

Шопан ата Жазылбек Қуанышбаевтың да өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі. Жаңашыл шопанның қой тұқымын асылдандырудағы еңбегі ұшан-теңіз. Мойынқұм ауданын- дағы «Айдарлы» совхозында аға шопан болып еңбек ет­кен ол ондаған жылдар бойына әр жүз саулықтың соңы­нан 130-дан төл өргізіп, мемлекетке бірінші сортты сапалы қаракөл елтірісін өткізуде ең жоғары көрсеткіш­терге ие болды. Бейнелеп айтар болсақ Шопан-ата өргіз­ген отар-отар қозы ондаған шаруашылықтың малын құрайтыны анық. Әйгілі шопанның еңбегі әр кез жарқы­рап көрінеді. Қаракөл елтірісіне арналып дүние жүзінде ұйымдастырылған үш музейдің бірі— Шымкент қаласын­да. Музей сөрелеріне қойылған қаракөл елтірісінің жүздеген түрінің арасынан Жазылбек ақсақал өсірген қаракөлді де көруге болады.

Бүгін таңда жазылбекшілер қатары да үздіксіз жаңа леппен толығуда. Құрметті еңбек демалысындағы Жазе- кеңді әрдайым жас қой өсірушілер ортасынан көреміз. Еңбекті серік еткен жастар жаңа белестерге беттеп бара­ды. Думанға бөленген олардың айтатын әні —«Жазыл­бекшілер маршы...»

Адал еңбек пен маңдай терді қашаннан қастерлеп, қадір тұтатын халқымыз дарқан ойын бір-ақ ауыз сөзбен «Еңбек — ер атандырады» деп түйіндеген ғой. Сол еңбек құдіретінің шынайы көрінісі — қос жұлдызды қос алып­тың жүздесуі.

БІР МЫСҚАЛ МЫС

ЛЫП ЕТІП көтерілген әуе сұңқары лезде қаз бауыр бұлттардың үстіне шыға келді. Асқар төменге көк күмбе­зінен көз жүгіртіп отыр. Күміс қанат астында бетінде сан- мың сәуле ойнаған шалқар теңіз мұнартады. Күндіз-түні тасты жағалауды соққылаудан әсте тынбайтындай көрі­нетін жалы күжірейген асау толқындарға да бұғалық түс­келі қашан. Мұз құрсанған жағалаудың көбесі көгілдір көктемде сөгіліп, сең жүрген алғашқы күннен бастап толқындар да ұйқысынан оянады.

Осы сәт Асқардың көз алдына жөңкіліп көшкен тең- біл-теңбіл сеңдер көлбеңдеді. Бүкіл қаланы құшағына ораған көгілдір жағалау қаз-қалпында жігіт жанарына ұялағандай. Самғау биіктен қарағандағы Балқаштың қыс­қы суреті тым бөлекше. Көл де, қала да — аппақ. Мұнар- тып шалынады. Қадау-қадау бұлттардың арасынан маңғаздана мен мұндалаған мұнаралар көзге оттай басылған. Комбинаттың іркес-тіркес құрылыс алаңдары... Заводтың біріне-бірі ұласқан заңғарадай ғимараттары. Қайсысында қай цех орналасқанына дейін шетінен ажыра­тып отыр.

...Жүрегі алып-ұшып барады. Лүп-лүп... Күн ұзаққа осы. Кеуде керген қуанышын төңірегіндегілерге сездір­гісі келместен сабыр құндағында ноқталап-ақ бақты. Бірақ... бәрінен бұрын ол өз жүрегінің дүрсілін өзі естіп, қатты қысылған. Уақытының соншалықты қысылтаңына қарамастан цехқа да бас сұғып үлгерді.

Еңбектее жігіттерінің сөздері құлағының түбінде жаң­ғырып тұр. Кеше кешкілік смена соңында қоштасып шыққан құрдастары көптен жүздеспеген жандарша, шеті­нен құшақтарын ашқан.

«Асқар-ау, біздер сені ендігі астана көшесінде алшаң­дап жүрген болар десек... әлі осындасың ба...»

Әке-шешесінің шегелеген сан алуан ескертпелерін аэропорт басында тағы да естіді. Үндемей құтылды-ау, әйтеуір. Бәрінен бұрын шығарып салушылардан қатты ыңғайсызданған.

Атам қызық кісі. Зіңгіттей жігітті көзіне ілсейші, осы! Қашанғы бала санай бермек. Сөз біткен таусылып қалған­дай айтатындары баяғы әуен: «Бірдеңеге ұрынып қалма, күнім! Ешкімге соқтықпай жүр, ботам!»

Ол әлгінде ғана естігісі келмеген осынау сөздердің және бір қайталануын күткен еді.

Шырқау нүктесіне ілінген әуе лайнері бір орында қал­қып тұрғандай. Бұлттар ғана самолеттің зуылдап келе жатқанын ап-анық байқатады. Ал заңғарларға самғаған жігіт қиялы бұлттарды қақ жарған көк сұңқарынан да ұшқыр болатын...

«Отанымыздың жүрегі — Москвада өтетін еліміз ком- сомолиясының ең үлкен форумына қатысу, съезд залын­да өз құрдастарыңмен қатар отыру; коллективі туралы, әріптестерінің қарапайым да өнегелі істерін мақтаныш­пен сөз ету; мінеки, осындай мүмкіндіктерге жол ашып, үлкен құрмет көрсеткен жерлестеріңнің зор сенімінен табылу—нысаналы мақсат. Үміт биігіне көтерілгеннен артық парыз жоқ. Сондықтан да бойыңдағы жастық жі­герің мен қажыр-қайратыңның ұшқын атып, бұрынғыдан бетер алаулауы хақ. Ал жүректен ұшқан ұшқындар тек жүректерге қонақтап жататыны белгілі!... Мынау әлемде адамдардың жүрегіне ұялаудан артық бақыт та, қуаныш та болмас, сірә!..»

Ленин комсомолының XVIII съезіне делегат болып қатысқан Балқаш кен-металлургия комбинатының озат металлургі Асқар Байдағұлов ВЛКСМ Орталық Комите­тінің мүшелігіне сайланды. Осы бір жауапкершілігі мол үлкен құрметтің тұңғиық көзі мыңдаған шақырым шал- ғайдағы өзі еңбек ететін ортадан бастау алып жатқанын Асқар бұл жолы астана төрінде тұрып-ақ анық сезінген болатын...

* * *

КЕЗЕКТІ смена сәті. Балқыту цехының ауласы. Ерсілі- қарсылы ағылғандардың көбісі асығыс бас шұлғысып өте шығады. Сәл іркіліп жөн сұрасқандар жүздері балбұл жанған күйі жұмыс орындарына қарай асығады.

Бір-бірінің есімдерін білмесе де жүздерін жақсы тани- ды. Үндемей өте шығу мүмкін емес. Асқарды да бөгей берген осындай таныс және бейтаныстары еді.

— Қал қалай, лауреат?...

Көрші цехта істейтін Айтқали екен. Екпіндетіп оны- мұны сұрай жөнелген ол Асқардың қолын ұзақ қысып тұрып алды.

— Өзің көрінбейсің, демалыста болдың ба?— деді Асқар оның сөзін бөліп.

— Жұмыстамын... Демалысқа кейінірек шығамын. Арнайы құттықтап, қолыңды қысып шықсам дегенмін есті- генде-ақ. Адал еңбегің әр кез жана берсін.

— Көп рақмет, Айтқали. Үздік еңбегімен көрініп жүр­ген жалғыз мен емеспін.

— Бәрі дұрыс. Дегенмен де сенің орның бір бөлек. Ең бастысы—жақсы ісімізге қуана білейік те.

Асқардың үндемей қалғанын сезді ме, әлде уақыты­ның тығыз екенін ойлады ма, Айтқали әлсін-әлсін сағаты­на қарағыштай берген.

Балқаш жағасында.

— Кейін тағы да кездесерміз, жұмыстан кешіккенім болмас.

...Конвертор учаскесіндегі еңбек ырғағы өз күйін шер­туде. Комбинезонды жігіттердің қимылдарына көз ілес­пейді, қызыға да таңдана қарайсың. Алау оттың ортасын­да жүрген олардың баршасына тән қасиет—жүктелген жұмыстарды тиянақты да жауапкершілікпен атқарып шығу. Жылу цехынан басталатын күрделі жұмыс процесі үш учаскеден өтіп барып аяқталады. Түрлі пештер... түрлі температуралар...

Мыс балқымасы — штейн алынғанға дейін қыруар жұмыстарды игеретін жалынды жастардың бір минут бос уақыты жоқ. Балқыма тек жіті қадағалауды қажет етеді. Мүлт кетуге болмайды. Бір мысқал мыс жолындағы то­лассыз еңбек майданын өз көзіңмен көрсең, шіркін?! Жалын өтінде сағаттар бойына бетпе-бет тұрып, қып-қы- зыл от көсеуі

Балқыма селімен жарыса төгілген маңдай тер тамшы­лары тебірендірмей қоймайды. Мінеки, қазір де жас металлургтар жауапты вахтада тұр. Олардың арасында өндіріс озаты, бесжылдықтың жас гвардияшысы, комму­нист Асқар Байдағұлов та жүр. Балқаш кен-металлургия комбинатына 1974 жылы келген ол аз уақыттың ішінде-ақ жұмбағы мол мамандық сырын еркін меңгеріп кетті. Балқыту цехындағы комсомол жастар сменасында құю- шы болып істейтін Асқар өзіне жүктелген тапсырманы мерзімінде орындауды дәстүрге айналдырған. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Алғашқы күннен қа­ғілездігімен, іскерлігім.ен көріне білген Асқарға цехтың комсомол ұйымы ең жауапты тапсырмаларды сеніммен міндеттеп отырды.

Әлгінде кездескен өз замандасы — Айтқали Жұрғы- нов металлургия цехынан. Бейтаныс жігітпен оп-оңай тіл табысып кетті. Онымен үнемі комсомол комитетінде кез­десіп қалатын. Комитет мүшесі ретінде екеуі де өз ой- ларын ортаға салып, өздері еңбек ететін цех өмірінің әр түрлі жайларын баяндайды.

Сондықтан болар осынау ұқсас қасиеттер оларды лез­де достастырып та жіберді.

«Балқаш кен-металлургия комбинаты сыйлығының лауреаты» деген құрметті атақ тұңғыш рет ең үздік еңбе­гімен әрі үлгілі қоғамдық жұмыстарымен дараланған жиырма жас жұмысшыға берілді. Жүздеген комсомолец- тің арасынан оқшау көрініп, лауреат атанған Асқардың қуанышына бүкіл цех ортақтасқан.

Алдыңғы буын ағалар мен еңбектее достарының жү- рекжарды жылы лебіздері, мөлдір тілектері айрықша қанаттандырып, әдемі бір әсерге бөлеген еді сонда. Жігіт жүрегі лүп-лүп соғып тұр. Қуанышын жасыра алар емес.

Аузына орала берген жалғыз сөз:

— Рақмет! Адамдар!..

* * *

АСҚАРДЫҢ аты-жөнін Қазақстан комсомолының XV съезіне сайланған делегаттар қатарында естігеннен-ақ онымен жүздесуге асықтым. Қаңтардың шыңылтыр аязы бет швімшиды. Ақша қар бетінде ойнаған қисапсыз сәуле күн шұғыласына шағылы­сып, бұрынғыдан бетер жарқ-жұрқ етеді. Көз ұялтады.

Жас металлург Асқар Байдағулов

Асқар екеуміз Космонавтар бульварымен жоғары өрлеп келеміз...

Облыстың комсомол комитетінде өзге делегаттар секілді анкета толтырып шыққан Асқардан оңаша әңгі­мелесуді өтіндім. Жанарына жылылық ұялаған оның жымиғаны да айрықша әсем көрінді.

— Отырғаннан гөрі, уақытыңыз болса, қонақ үйге дейін жаяу қайталық,— деді ол.

«Шешіліп сөйлесетін болдық қой. Әңгіме тиегін де еркін ағытқанға бұдан артық жағдай болмас».

— Жарайды...

Орталық көше арқылы гүлзарға түстік.. Ондағы ой — транспорттың у-шуынан құтылу. Қарсы жолыққан топ-топ жастардың кейбірі бас изеген бойы сықырлатып өте шығады. Асқардың таныстары екенін біліп келемін.

— Жезқазғанға жиі келіп тұратын шығарсыз?

Бұл сауалды күтпегендей Асқар тура бетіме қарады.

— Бірінші рет келуім. Жаңағы жолыққан жігіттер — балқаштықтар. Конференция делегаттары. Қайсыбіреу- лерімен осында таныстым. Балқаштағы сауда орталығын­да сатушы болып істейтін Баян Қожинаны сырттай жақсы білетінмін. Ол Қазақстан комсомолының XIV съезіне де­легат болып сайланды ғой. Конфереция залында өз жер­лестеріңмен қатар отыру қуаныш екен.

Асқар өзі жайлы сараң баяндайды. Әңгіме арнасын басқа бағытқа бұра береді. Достарымен бірге еңбек ете­тін коллективі төңірегінде әңгіме өрбігенде еркін шеші­ліп кететінін әуелде аңғарғанмын.

Сөйтседағы шым-шымдап сыр суыртпақтаймын.

Ол сөйлеп келеді.

— Қатар құрдастарымнан бөліп-жарар өмірбаяным жоқ. Орта мектепті бітіргеннен кейін әскери міндетімді атқарып қайттым. Әкем мен шешем жоғары оқу орында­рының біріне түсіп оқы дегенді айтты. Бірақ... адам еркі­нен тыс күш болмас. Кен-металлургия комбинатының табалдырығын жүрексіне аттаған күнімді еш ұмытпаспын. Болашаққа, ертеңгі күнге бастар нық сенімді темір­қазық еткен айрықша құштарлықты жастар ортасы асқақ- татып жіберді. Комсомол-жастар коллективіне мүше болып тіркелгеннен өзіндік қыры мен сыры мол метал- лургтар өмірін терең біліп, үйренуге тырыстым.

Сонымен кино кадрлардан көріп жүрген даңғарадай киіз қалпақ киіп, қолымен от көсеп, балқыма бұлағын селдеткен металлургтардың бірі болып шыға келдік.

— Өзім еңбек ететін комсомол-жастар сменасы жыл­ма-жыл тамаша еңбек жемістеріне қол жеткізіп жүр. Он бірінші бесжылдықтың алғашқы үш жылын да толағай табыстармен шығарып салдық. Қашанғы әдетімізше өзек­ті жылдың да екпінді вахтасында биік межеге жетуді көздеп отырмыз. Смена жастары арасында социалистік жарыс өріс алған. Біз еңбек ететін анод учаскесі бойынша ай сайын тоғыз жүз тонна мыс беру керек болса, бұл көр-

сеткішті үнемі артығымен орындауды дәстүрге айналдыр­дық. Бір мысқал мыс үшін күреске смена мастері Володя Мирочниченко, цех парторгы Шәбден Мұқашев, цехтық комсомол ұйымының секретарь! Сергей Кузнецовтардың жастарға көрсетіп отырған ілтипаты мен қамқорлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені олар жастардың бір- ден-бір ақылшы ұстазы, үлгі тұтар шам-шырақтары...

АСҚАРмен кейіннен де кездесудің сәті түсті. Еңбек көрігінде ысылған балаң жігіттің бір кездегі мінезі жоқ. Үлкен өмірдің тезінде шыңдалған ол салиқалы да салмақты сөздің иесі атанған. Байыппен өрбіткен байсал­ды әңгімесінің өзінен-ақ көп жайды аңғарасың. Қарақан басының жағдайын ойлаудан бұрын коллектив тынысына, еңбектее құрдастарының күнбе-күнгі тіршілігіне үңілуді парыз санайтын жас металлургтың жүрек сырын тыңдай бергің келеді. Тіпті, сонау жылдары алғашқы жүздесуде ішке бүгіп қалған кей жайлардың әңгіме үстінде қылаң беріп бой көрсетуі де заңды. Көңілге ерекше қуаныш үйіргені Асқардың өзіндік ой түйіп, пайымды пікір айтуы. Әуелгідей емес, оның алқалы топ алдында өзекті әңгіме өрбітуге әбден машықтанып алғаны сүйсінткен...

...Есею жылдары, өсу баспалдақтары қашанда көңілге қуаныш ұялатады емес пе. Ленин орденді Октябрь рево­люциясының 50 жылдығы атындағы Балқаш кен-метал- лургия комбинаты көтерілген биік белестер, ерен еңбек­пен тұлғаланған толымды табыстар мақтанарлық-ақ. 1976 жылы Лондон биржасына қойылып, тазалығы жөнінен эталонға алынған Балқаш мысы содан бері төрт рет аттестациядан өткен. Бірақ Балқаш мысындай таза мыс, онымен таласарлықтай бір мысқал мыстың дүние жүзінен табылмағанын айту зор ғанибет.

Кәсіпорынның бүгінгі мүмкіндіктері оның жобалық қуатынан 5,5 есе асып отыр. Қазір мың жарымдай жұмыс­шы өндірістен қол үзбей білімін көтеруде. Олардың үш­тен бірі институт, техникумдардың кешкі бөлімінде және сырттай оқиды. Жылына жүздеген адам өз мамандық­тарының дәрежесін арттырады. Алып комбинаттың сегіз мыңнан астам жұмысшысы коммунистік еңбектің екпінді­сі, екі жүздей кәсіпорын, цех, смена, бригада, учаске коммунистік еңбек коллективі атағын жеңіп алған.

Есімдері комбинат тарихына алтын әріптермен жазыл­ған жүздеген шам-шырақтар арасынан ең алғаш ауызға ілінетіні де —«тұңғыштар». Атақты тұңғыш флотатор Әубәкір Әлімжанов, Ю. К. Победоносцев, У. И. Кошик,

М. П. Русаков, А. Тырнаков секілді тарландардың есімін бүгінгі жас ұрпақ өкілдері құрметпен ауызға алады. Мұн­дай майталман металлургтар атындағы сыйлықтарды жеңіп алу үшін өткізіліп жүрген еңбек бәсекесі де қызу.

Міне, мұның бәрін маған рет-ретімен жеткізген де Асқар. Ол өзі еңбек ететін жалғыз цехтың төңірегінде ғана әңгіме қозғамай, бүкіл комбинаттың — Одақтағы ең ірі мыс алыбының кең тынысына, оған қатысты шоқтықты- шоқтықты оқиғаларды әдемі қабыстырып, шабыттана сыр өрбіткен.

КӨККЕ асқақтай, таласа бой созған алып мұржалар қаланың қай тұсынан болсын көзге бірден шалынады. Ақ­жал толқындар тасты жағалауды тынымсыз сабалап жатыр. Қала жаңа ғана ұйқысынан оянған. Жаңа еңбек таңының басталғанын паш еткендей шығысты шашақты арайға бояп күн көтеріліп келеді.

Ал комбинат ауласынан таң келбетін тамашалай шық­қан Асқар мен оның еңбектее достары түнгі кезекті аяқ­тап, үйлеріне қайта бастады...

«...Бесжылдықтың жас гвардияшысы», ВЛКСМ Орта­лық Комитетінің мүшесі, бір мысқал мыс үшін маңдай терін тамшылатқан металлург Асқар Байдағұловтың да үлкен өмір жолының шаңқай түсі әлі алдында.

ӘНЕ, С¥ЛУ СЫР

СҰР БҰЛТ ҚАПТАҒАН қарашаның бір күні-тін. Суық жел құм суырып тұр. Шағын станция басы ығы-жығы. Жолыққандардың бәрі Райгүлге таныс, басын изеген болады. Жөн сұрасқандарға берер жауабы біреу-ақ:

— Сұлутөбеге бара жатырмыз.

Қасындағы құрбылары да жарыса:

— Иә, Сұлутөбеге,— дейді.

Олар төртеу — Райгүл Жалғасбаева, Күләш Әсімова, Айшагүл Ералиева және Жәмила Сағынтаева. Парталас төрт құрбы мектепті бітірісімен бала жастан көздері қанық күріш орағында тұңғыш еңбек баспалдағын бастаған.

Жастыққа тән жалын жігер байқата білген жастарға еңбек көрігінде шыңдалған алдыңғы ағалар дән риза. Көп жылғы тәжірибелерінің жемісін айтып, ақыл қосқандар да табылды. Совхоз басшылары да қыздардың механиза­тор мамандығын меңгеріп, техника тілін үйренулерін қалаған. Сөйтіп, армандастар қол ұстасып, үлкен жолға шықты. Сенім серігі — жүрек қалауы Сұлутөбе кәсіптік- техникалық училищесіне тартты.

Ауылдан ұзап ешқайда қадам аттамаған құрбылар терезе алдынан кетпей, сонау көкжиекке көз жүгіртумен отыр. Әр жанарда мұнартып қалып бара жатқан ауылдың нобайы. Ауыр доңғалақтар өз әуенінен жалығар емес. Тарс-тарс... доңғалақтар дамылсыз зырылдайды.

— Қыздар, Сыр... қараңдаршы!

I Айшагүл мен Күләш екеуі бірдей Райгүлдің көзіне қадалып қалған екен. Жәмила күліп жатыр.

— Сендердікі қызық! Дарияны Райгүлдің көзінеін із­дегендерің қалай,— деп терезеге жақындаған.

— Ә-не, сұлу Сыр! Толқып жатыр...

Мың бұралып, ерке өзен бірте-бірте поезд жолынан і^қашықтай берді. Қос жағалауын оқалы тондай көмкерген жыныс тоғай арасынан аракідік жалт-жұлт етеді. Ал құр­былар жанарында туған жерге деген сағыныш оты алғаш рет ұшқындағандай еді.

Сырдың күміс маржаны

* * *

— ӘРИНЕ, АЛҒАШҚЫДА қиындау соқты. Темір-терсек дегеннен бейхабар біздер—қыздар үшін машина тетік­терінің аттарын ажыратып, әрқайсысының нендей қызмет атқаратынын білу, меңгеру оңай болған жоқ-ау.

Райгүл езуінде күлкі үйірілгендей болды. Іле-шала сөзін жалғаған.

— Кейбір механизмдердің «ішек-қарнын» ақтарып, бақайшағына дейін шаға білмесек тағы да болмайды. Өйт­кені біздер болашақ бір-бір техника иесіміз ғой. Оның жүріп-тұруы өзімізге жауапкершілікпен жүктелмей ме! «Демек, механизатор болғың келеді, техника тілін жан дүниеңмен беріле, ықыласпен үйрен».

Онан да бұрын керегі — намыс. Алты ай оқыған төр- теуміз туған ауылға келер көктемде шофер-тракторшы боп оралдық...

Райгүл екеуміз көп әңгімелестік. Өзі жайлы сөзге сараң. Айтылмай қалған сырларды мен оның жарқын жү­зінен, күлім көзінен іздедім.

...Жер тершіп жатыр. Жылға-жылғамен сылдырап су ақты. Кешелі-бері күн өз шуағын мол төгіп тұр. Терістік­тен көктем лебі білінеді. Шалқар дала дүбірлі шақтың жаңа шымылдығын ашты да, кең сахнасына тұс-тұстан алып тракторларды шығарған.

Көк жүзінде қайтқан құстар тізбегі. Дала төсінде ай­қыш-ұйқыш із тастаған тракторлар тағы бір еңбек жырын бастап та кетті. Райгүл думанды ортаға училищені бітіріп келген бойда араласқан-ды. Механизатор қыз бензовоз- дың руліне отырды. Аудан орталығынан бөлімше-бөлім- шелердегі жер жыртып жүрген тракторларға жанармай жеткізіп, әрбір механизатордың ойынан табылып тұру оңай жұмыс емес.

Сын сағаттары. Райгүлдің ерте тұрып, кеш қайтып жүр­гені Айша шешейге қатты батты.

— Құлыным, далада жүргенде мәшинесі құрғыр тұ­рып қалмаса жарар еді.

— Әлгінде қыздыра алмай оны-мұнысын шұқылап, біраз әуреге түсті емес пе?!

— Ай, Өрікбай-ай, тамның төбесіне шықсаңшы. Жа­рық көріне ме екен. Кешікті ғой өзі.

Ана жүрегі бір сәтке тыншымайтын осылайша. Райгүл- сіз ішкен асы да бойына сіңбейтіндей. Қазір де қызын

тағатсыздана күтіп отыр. Кенжесін тамның үстіне әлдене­ше шығарған.

...Түн қараңғылығын қақ айырған машина жарығы біре­се аспанға атып, енді бірде мүлдем жоқ болып көрінбей кетеді. Жарық жақындаған сайын Айша апайдың да қаба­ғы жадырап қоя берді. Райгүлінің сөзін іштей қайталаған.

«Жол енді басталды, апа...»

ЖҰМЫСТЫҢ СОҢҒЫ сағаты соққалы қашан. Алайда қалың қағаздың ортасында отырған кісі есіктен кіргеннен жылы мінез байқатты. Совхоз партия ұйымының секре­тарь! Баба-Омар Шілманов:

— Күріш орағы кезінде стол басына тиянақты отыра алмай, кей жұмыстарды енді реттеп жатқаным ғой. Мына бір мақаланы жаңа ғана оқып шығып, рақаттанып отыр едім.

Ол қолындағы «Партийная жизнь» журналының соңғы санын көрсетті. Ойға шомған хатшы сөзін қайта сабақ­тады.

— Жас маманның өсу жолы, оның өз коллективі ара- сындағы беделі, іс-әрекеті, тіпті мінез-құлығының өзгер- генін қалай нанымды суреттейді десеңізші.

Сөз арасында парторг Райгүлге — үйіне телефон соғып, оны күтіп отырғанымызды жеткізді. Сөйтті де, ол туралы әңгімеледі.

«...Қызымыз ерлеп т;ұр, 35 гектар күріштің әр гекта­рынан 80 центнерден күміс дән алып, аудан бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бірер күннен соң сү­дігер көтеруді бастамақ. Еңбек даңқы қашаннан үлкен мен кішіге бірдей. ВЛКСМ-ның XXX жылдығы атындағы орта мектепті бітірісімен еңбекке араласқан Райгүл — мақтанышымыз. Кезінде Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат боп сайланды. Республика комсомолының XII съезіне қатысты. КПСС мүшесі. Ол алғашқыда екі жыл шофер болып жүрді, кейіннен күріш өсіретін комсомол- жастар бригадасын тұңғыш рет ұйымдастырып, тың баста­ма иесі атанды. Жастар бригадасы Сыр маржанын көп­теп өсіруде ерекше еңбек үлгісін көрсетуде. Бейнетті ең­бек зейнетті де. Күрішшілер бригадасының жетекшісі Райгүл Африкаға барып, Кения, Танзания секілді мемле­кеттерді аралап қайтты. Достық поезының құрамында болып Польшаны көрді. Оның омырауында ВЛКСМ Орталық Комитетінің «Алтын масақ» құрметті белгісі жарқырайды. Еңбектен қол үзбей жүріп ауыл шаруашы­лығы институтының экономика факультетін бітірді...

ҚОС САЛТ АТТЫ төбеге шыға келгенде, етекте күріш теңізі толқып жатты. Самал желмен найқалған күріштікте мың-миллион толҚын бірін-бірі қуалап жүргендей. Саға­ғынан иілген күміс дәнді масақтар ауыр ырғалады.

— Жайқалуын!.. Кімнің күріштігі болды екен, шіркін?!

— «Далакөлдің» табанын әлгі депутат қыз иемденді деген еді ғой.

— Райгүлді айтасың ба?

— Иә, есімі аузыма түспей келе жатқан депутат қы­зым — Райгүлдің күріштігі болуы керек.

— Түсімі де жаман болмас, сірә?

— Көрінісі бітік-ау!..

Салт атты қос қария асығыс желдіртіп барады. Бағыт­тары — беткейдегі жалғыз қараша үй. Әлсін-әлсін бас шұлғысып келе жатқан жолаушылар жапанда отырған күрішшіге жолығып кетуді жөн көрген секілді. Белуардан күріш теңізін кешіп жүрген Райгүл бейтаныс «жолаушы­ларды» танымаған. Бәрінен бұрын ол өз есімін бейтаныс шалдардың аузынан естігеніне қатты ұялды.

— Өткен жылы олай-пұлай шапқылап жүріп, күріштің бабынан айрылып қалғаным. Ауыл жақын болса да биыл күріштік басына қара үй тігіп отырмыз. Күріш дегенің басы-қасында болуды тілейді ғой қашанда.

Жас күрішші, ауылдастары «депутат қыз» атап кеткен Райгүл Жалғасбаева өзі айтқан биігінен көрінді де. Әр жыл сайын Отан қоймасына Сыр маржанын мол тапсыру­ды тамаша дәстүріне айналдырған.

ЕЛУ МИЛЛИОНЕА ҮЛЕС

ЕСІК сықырлап ашылған тәрізді. Ұйқылы-ояу басын көтерген ол төрдегі Тұрсынақшаның төсегіне қарады да: «Жатқан бойы екен ғой»,— деген іштей. Екінші жағына аунаса болғаны енді ғана қара көлеңке аралай бастаған бөлмедегі таң тыныштығының бейберекетін шығаратын- дай сезінді. Үн-түнсіз шалқасынан ұзақ жатты. Тәтті ұйқы құшағындағы құрбыларының оянып кетпеуін ойлаған. «Оның үстіне Тұрсынақша мен Гүлжанның түнгі күзеттен келіп жығылғаны да әлгінде. Үйреніп-ақ кетті, дегенмен ұйқының аты — ұйқы. Бірер сағат болсын, көз шырымын алған жөн. Әйтпесе күнұзаққа мең-зең жүргенің...»

Көзінің қайта ілініп кеткенін білмей қалған Гүлбике орнынан ұшып тұрды. Түн түңлігі түріліп, бөлме ішін боз ала таңның жарығы билей бастапты. Көлеңке біткенді бұрыш-бұрышқа қуып тыққан. Таң хабаршысы — бозтор- ғайлар да үйреншікті әуендеріне салады. Үздіксіз шырыл­дайды.

Бұтақтан-бұтаққа бұлт-бұлт секірген торғайлар. Ашық есіктің саңылауынан бөлмеге де кіріп кететіні бар. Қазір де жалғыз торғай үй ішінде сайрандап жүр.

Майра да тұрып кетіпті. Бүгінгі аспаз ғой. Ертеңгілік тамақтың қамын жарым-жартылай реттеп қойған. Сөйт- седағы ерте ояныпты өзі.

— Майра-ау, тым құс ұйқы болып кеткенсің бе?

Гүлбике ас үйдің есігінен сығалады.

— Кезегім келген күні жата алмаймын,— деп Майра шынын айтып жатыр.— Түсте шөлдегенде салқын тұрсын деп қақсөлін қайнатып қойдым.

— Дұрыс болған екен бұның.

Гүлбике жүре сөйлеген беті комплексті, қора-жайлар- ды барлап келетінін ескертті. Алғашқыда ол өзінің қылы­ғы өзіне оғаш көрінетіндей қатты ыңғайсызданып жүрді. Қатар құрбылары алдында «білгіш те, пысық та» аталғы­сы келуден бойын аулақ ұстаған.


Перейти на страницу: