Меню Закрыть

Атамекен — Елшібеков Жанат

Название:Атамекен
Автор:Елшібеков Жанат
Жанр:Қазақ көркем әңгімелері
Издательство:Жалын
Год:1984
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 8


— Қоғам малы баршамызға ортақ. Ендеше, бәріміз бірдей тең жүріп тұралық. Мені бригадир деп дарала­маңдар.

Оның мына пікіріне ұстаз жетекшісінен бастап, брига­да мүшелері шетінен қосылмайтындарын айтқан еді сонда.

— Гүлбике, сенің мына қылығың мүлдем дұрыс емес. Бригада деген атымыз бар. Ал сол коллективтің жетек­шісі өзіңсің. Әуел баста бригадирлікке қолқалағанда сені ақылшы, кеңесші, сосын мына біздерге бас-көз болады деген едік. Несіне қысыласың, тізгінді қолыңа ал. Бри­гаданың ыстығы мен суығы, қиыншылығы мен қуанышы да саған. Көш бастағанның еш әбестігі жоқ.

Республика байлығының бірі — ақтылы қой

Құрбы қыздар ойлары еріксіз толғантқан.

— Қарағым, достар сөздерінің қайсысы болмасын жаны бар-ау. Ендігі жерде біріңе-бірің ақыл айтып, бағ­дар сілтеп отыратын осы өздерің емес пе, бригадиріміз деудің өзі үлкен сенімнен туған. Байқаймын, ұялғандық- тан болар, ыңғайсыздана беретін сияқтысың. Бұл жарас­пайды. Өйткені сен қоғамның қыруар малы жауапкерші­лікпен тапсырылып отырған жастар бригадасының жетекшісісің.

Комсомол-жастар бригадасының ұстаз-жетекшісі Сәду Тұрабаевтың бұл сөзі де оны ойға шомдырған.

Содан бері де жылжып күндер біріне-бірі ұласып жатты. Жас шопандар бригадасының өміріне осынау күн­дер жаңалықтар мен қуаныштарды молынан сыйлады. Жаз бойына «Мойынқұм» жайлауында отырған өрім өрендер арық-тұрақ тоқтылардың тез арада домаланып шыға келгеніне қуануда. Жетекші ұстаздарынан әлсін-әл- сін сұрайтыны қойдың жайы. Қабылдаған меже биігінен көріне аламыз ба, жоқ па? Бар көңілдерін дегбірсіз күй­ге түсіріп көлденеңдей берген де осынау сауал. Өмірден терген тәжірибесі мол Сәду ежелгі әдетінше үндемеді. Лапылдап тұрған жастарды лепірмеліктен сақтандыруды күнілгеріден зерделеген. Болмашыға масаттанып, кеуде­ні ұрғыштайтын мінездің өзі көбінде жастардан көрініп қалады. Сондықтан да болар соңынан ерген кейінгі тол­қынға бар айтқаны:

— Еңбек жемісі қашанда биіктерге құлаш ұрғызады. Ал заңғарларға самғау оңай емес. Бұралаңы көп өмір жолының қиын-қыстау сәттерін еңбекке араласқан күннен бастап білер еді кімде-кім. Еңбек тезінен сомдалып шың- далмайынша дала сахнасында еркін қанат қағып кету қиын. Адам баласын шыңдайтын да, сомдайтын да — еңбек. «Еңбек» атты жалғыз ауыз сөздің аясы кең. Қолы­на кетпен алып, я болмаса трактор руліне отырғанның бәрін бірдей әлгі сөздің шеңберіне енгізе бермеу керек. Не істеп, не тындырғаныңа көз жүгіртіп отырғаның абзал. Қоғамға, коллективіңе қосар еңбегің қаншалықты? Ең бастысы — өзіндік еңбек үлесіңді сезе білуің тиіс. Сен­дердің бойларыңнан жарқырап байқалатыны да осы қасиет. Көрмейді емеспіз, бәрін де біліп жүрміз. Қадам­дарың қуантады. Сынның үлкені әлі алда. Олай дейтінім: мынау алдыларыңдағы қабылдап алған тоқтыны мемле­кетке аман-есен жоғары көрсеткішпен өткізгенде барып сын қорытындысына үңілесіңдер. Әзірше қойдың қоңы

жаман көрінбейді. Не болсын, аялауды, күтімді қалайды ғой. Күтіп-баптауды төмендетпеңдер, әйтеуір. Сосынғы үлкен ретінде ескертетінім: «Бірдеңе бітіріп тастадық, жоғары нәтижеге ие болдық»,— деп даурығудан алшақ жүріңдер. Сендердің де еңбек өмірбаяндарың енді ғана парақталды емес пе?

...Гүлбикені де ширатқан осы тақылеттес ақыл-кеңес­тер. Бұрын, трактор рулінде жүрген кезінде ол бұл сөздерді неғып естімеген. Қайда жұмсаса да жүре беретін. Жүктелген тапсырмаларының қай-қайсысын болсын тыңғылықты орындайтын. Оза шауып, оқшау көрінбесе де, оның есімі мақтаулылар сапында аталатын әр кез.

Аудандық, облыстық комсомол комитеттерінің мақ­тау грамоталарымен де әлденеше наградталған. Үздік еңбегінің нәтижесінде құрбылармен қол ұстасып Отаны­мыздың астанасы Москваға да барды. Сол мезеттердің өзінде де көп көңіл аудара бермеген жайларды енді бас­тан өткізді. Жеке ғана өз жағдайының ығымен жүретін кездегіден қазіргі өмірі мүлдем өзгеше. Ендігі жерде ойлайтының — бүкіл бригада қамы, мазасыз күйге бөлей­тіні — коллективтің бүгіні мен болашағы.

Сондықтан да Гүлбике жас шопандар бригадасына жетекшілікке бекітілген күннен бастап колхоз басшылары мен тәжірибелі еңбек ардагерлерінің сөздерін көп ести- тін болды. Бәрінікі жас талапқа жол сілтеу бағытындағы жылы лебіздер еді. Әкесі Нұрбай мен шешесі Зәмихан- ның да құлағына құяр әңгімелері де жеткілікті.

Ардақты ана қарапайым әңгімесін тартымды жеткізуге тырысады. Салмақты да салиқалы сөз жүйе-жүйесін тауып жатыр.

— Мен он бір бала тәрбиелеп өсіріп отырмын. Өмірім де, қызығым да осы боталарым. Балалы үй — базар. Шындығында өз думанымыз, өз шаттығымыз мол. Гүл­бике — төл басы. Осындағы орта мектепті бітірісімен механизатор мамандығын меңгерушілер қатарына қосыл­ды. Біздің Калинин колхозындағы елуден астам механи­затор қыздардың бірі болғаны қуаныш. Кейіннен трактор руліне отырды. Әкесі Нұрбай болып үй ішімізбен мақ­тандық. Келе-келе сол қыздар бастамасы өрісті қадам­дарымен мерей тасытты. Қыз-келіншектер бастамасының көш басшысы болған Бағдат Қожабаева Ленин комсомо­лы сыйлығының лауреаты атанды. Ал қыздардың арасы­нан депутат болып, орден қадағандары қаншама. Гүлби-

кенің омырауында да «Құрмет Белгісі» ордені жарқырай­ды. Коммунистік партияның мүшесі атанды. Механизатор қыздар колхозымыздағы тұңғыш ұйымдастырылған жас шопандар бригадасының қаз тұрып кетуіне өзіндік үлес­терін қосуды көздеді. Ақ-адал еңбек ет деуден басқа оларға айтар ақылымыз, қосар тілегіміз жоқ. Гүлжаным да осы бригаданың мүшесі. Бүгінгі заманда шопан бол­ғанның ешқандай да әбестігі болмаса керек. Мал шаруа­шылығын жастардың қолдарына алуы қуанарлық. Бала­ларымның әкесі кейінгі жылдарға дейін қой соңында жүрді. Абыройсыз емес. Ауыл болып құрметтенді, сый­лайды. Жеткіншектерімнің алды еңбек етіп жүрсе, кейін- гілері мектепте. Баяхметім Талдықорған қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені бітірді. Бұл күнде туған аулының игілігі үшін еңбек етуде. Отан алдындағы абы­ройлы міндетін өтеп қайтқан егіздерім—Қасен мен Құ­сайын да ауылда еңбек етеді. Міне, балаларымның өз ауылдарының келбетін өзгертіп, экономикасын тасытуға қосып жүрген үлестерін әр кез мақтана айтар едік... ■

Аспанның алыс төрінде ақ шарбы бұлттар қалқиды. Ақша бұлттар аналардың ақ жаулығындай елестейді, аналардың ақ көңіліндей ерекше әсерге бөлейді. Бауыр еті балаларына ақ тілек тілейтін де, ақ жол қалайтын да Зәмихан секілді аналар ғой.

Күн қайнап тұр. Ана мейіріміндей шуақты күн елжірей- ді. Асығыс жолға жиналған біздерді Гүлбикенің шешесі қол бұлғап шығарып салды. Көз алдымда он бір бала тәрбиелеп өсіріп, солардың болашаққа басқан әр қада­мын қадағалаумен тәулікті тәулікке жалғаған ана бейнесі. Сол Ардақты ана тұлғасы бірде жапырағын кеңге жай­ған алып бәйтеректі көз алдыңа көлбеңдетер еді.

...Зіркілдеген мотор үні құлақ тұндырады. Әлгінде шабындықтан әкелінген көк балауса арнаулы ұнтақтағыш қондырғы лентасымен сырғыған бойы екінші шүмектен трактор тіркемесіне үздіксіз құйылып жатыр.

— Нағыз шөп ұны осы,— деді Гүлбике таңырқап тұр­ған біздерге.

— Қой сүйсініп жейтін шығар?

— Жегенде қандай, мына бір тіркемені келесісі кел­генше ойсыратып-ақ тастайды.

Бағанадан қондырғының тетіктерін бірінен соң бірін шұқылап жүрген Тұрсынақша сөзге араласқан. Ол қолын- дағы айырмен тау болып үйілген ұнтақталған шөпті жай­малады да, тракторын от алдырды.

Арнаулы науаларды шөп ұнымен толтырғаннан кейін Тұрсынақша тракторын жолдың шетіне шығарып сөндірді.

— Қанша рейс жасадың?

Маңдайына түскен орамалын түзеп қойған ол тіс жар- мастан біраз отырды. Ойына әлде не түскендей сәлден соң барып:

— Төрт рет,— деді.— Шөп жеткізушілер үлгермей жүр. Әлде шабындық қашықтап кеткен бе, сөйтсе-дағы көк балаусаға не жеткен. Бастарын көтермейді-ay қой­лар да.

— Қыздардың ақ таңнан қара кешке дейінгі тіршілік­тері осы. Қойға шөп береді, жем береді. Қора тазалай­ды. Бәрі-бәрі механизм күшімен, техниканың көмегімен тындырылып жатады. Түнгі күзеттен де қалар емес. «Шар­шап жүрсің ғой»,— дегенімізге ренжіп қалатыны да бар. Кешкі тамақтан соң жиналып, комплекске беттеп бара жатқан қай-қайсысын болсын тоқтатпайтын болдық бү­гінде.

Жастар жетекшісі әңгіме тиегін ағытып отыр. Тұрсын- ақшада үн жоқ. Мен оған қараймын. Езуіне күлкі үйіріл­ген қарындас назды үнмен құрбысының сөзін бөлген.

— Мен туралы Гүлбикеден әбден хабардар болған шығарсыз. Бәріміздің өмірбаянымыз ұқсас. Парталастар жұп жазбастан қайнаған еңбекке араласып кеттік. Жеке- жеке өмірбаяндық анкетамызды толтырған болсақ, біз­дердің мектеп бітірген, еңбекке келген уақыттарымызға дейін айна-қатесіз бір ғана сөзбен жазылар еді. Алға- шында трактор бригадасында еңбек етсек, енді міне қазақстандық елу миллион үшін бүкіл халықтық қозға­лысқа қосылып кеттік. Елу миллион! Партиямыз міндет­теп отырған зор міндетке өз үлесімізді қосуды абыройлы борышымыз санаймыз.

Екінші тың — жауапты сын. Қанша дегенмен де мына — Гүлбике, Зорам, Рахила секілді құрбыларымның өмір соқпақтарынан алған тәжірибелерін жеткілікті деуге де болады. Ал мектеп табалдырығынан тіке еңбек сыны­на түскен Бұлбұл, Бақтықыз, Гүлден, Майраларға қол ұшын созуымыз қажет. Жұмыс процесі де өте күрделі. Ал осындай игілікті бастамалар төрінде жастардың жүруі заңды.

Сырт көзге томаға-тұйық көрінетін кей жандардың шешіліп сөйлегенін көрсең, шіркін. Қалың ортада өз ойын ақтарып салып, ағынан жарыла сыр толғағанына таң қа­ласың. Тұрсынақшаның да көптен шешілгені болар. Гүл-

бике де қасындағы құрбы бойынан байқаған, күтпеген қылығына аң-таң. Әр сөзі тәнті еткен.

— Сөйлеуді қайдан үйренгенсің, ә!

Гүлбике оның мойнына асылып, күміс күлкіні сыңғыр- латқан.

— Үндемегенге екі сөздің басын біріктіре алмас деп қорқып жүр ме едің?

— Көңіліңе алып қалдың ба?

— Жоғ-а-а..

Әзілдері жарасқан наз құрбылар пәк көңілдерге кір­бің түсіріп алмауды да ойлайтын секілді. Біріне-бірі күлкі сыйлауда.

«Еңбек» атты комсомол-жастар шопандар бригадасы­ның бригадирі Гүлбике Оңғарбаева мен осы коллектив­тің Еңбек Қызыл Ту орденді облыстық Советтің депутаты Тұрсынақша Құсайынова еңбек көрігінен өткен жастар. Сонау жылдары трактор руліне қатар отырған қос құрбы қазір де нық сапта жұп жазбай келеді. Еңбектері өнімді, тұрмыстары көңілді. Олардан кейінгілер үйренер тамаша да өнегелі қасиеттер мол. Еңбек әліппесін кейінде ашқан Гүлжан Оңғарбаева, Бақтықыз Қожабаева, Майра Қияло- ва, Бақжамал Ибрагимовалар үлкен жолға апарар соқ­паққа түскен.

Панфиловтық шопан құрбылар биік белеске беттеп барады.

ТОЛҚЫНДА ТУҒАНДАР

— ДАУЫЛ КЕЛЕ ЖАТЫР...

От жанар лездің арасында шексіз де, шетсіз көгілдір көкжиекті шарлап үлгерген. Әлгінде ғана әріп түспеген парақтай көк күмбезіне әлдеқайдан бір шөкім бұлт ой­нақтап шыға келді. Күнұзаққа момақан жыбырлап жатқан майда толқындар да ақ жалдарын күжірейтіп, оқыс мінез байқатады. Ашу шақырған ақ жал толқындар шағала біт­кенді үркітіп, үрейлендіріп жібергендей.

Толқындарды мамық бауырымен сипап жүрген шаға­лалар мазасыз-ақ. Дамыл таппай шаңқылдайды. Жөңкіліп көшіп бара жатсадағы бауыр басқан ерке толқындарын қия алмай сүйіп жатыр, сүйіп жатыр...

Өйткені олар тулаған теңізін, оның тентек толқынын тектен-тек тәрк етіп кетпейтіндеріне әбден сенеді. Сонау бір көкпеңбек тұңғиықтың тірелер тұсынан тұлымшағы желбірей көтерілер түсі суық сұр бұлттарды қақпайлап жететін қарашаның қара желі қашаннан жайсыз екенін де сезеді. Сондықтан да шағалалар тынымсыз шаңқылдайды. Толқын жалында тербетілген балықшы кемесінің бірде артын орап, бірде алдын кес-кестеген күйі аунап түсіп қалар емес. «Дауыл төсіне тастап кетпексіңдер ме!» де­ген сыңаймен жамырай шулайды-ау. Жоқ... шағалалар­дың мына шаңқылынан қайғыдан гөрі әлдеқандай қуаныш ырғағын естисің. Тек олар сендер мен біздерді табиғат­тың ешқандай дүлей күштері үрейлендіре алмайды... «Біз — толқында туғандармыз» дегенді айта алмай қина­латын сияқты осы.

Бүкіл өмірін — балалығын, жігіттігін, қарттығын теңіз толқынында өткізіп келе жатқан Момыштан артық теңіз сырын, шағала мінезін білетіндер кемде-кем. Көз ұшын­да мұнартқан алыс жағалаулардан жазбаған жанары осы сәт тіптен тұңғиық көрінген. Желді бет алған балықшы кемесі толқындарды белінен турап келеді. Соңында қа­лып бара жатқан ақ көбік жолақ жол бал-дәурен шақта көп қиялдайтын көк сұңқарының аспан төріне сызып тас­таған кемпірқосақ ізінен аусайшы. Тура өзі. Ой орманын шарлап кеткен ол балалық жастық бағына саяхатты қа- сындағы «құлындары»— Ілияс, Киікбай, Исағалиын ертіп жүріп жасады.

Әке ойынан бейхабар ұлдар өзді-өзі шаруаларының соңында. Үшеулеп жүріп тарашталған ауды жинастырып,

тіркеме қайықты мықтап бекітті. Зіл зәкірді суыртпақтап көтеріп, шынжыр бауымен ноқталаған жабыла. Көк шал­қар бетіндегі шағалалар шаңқылына «дүр» еткен мотор үні қосылды. Көгілдір айдын еркесінің сиқырлы сұңқылын, солқылдаған двигательдің даусын, толқындардың күміс сыңғырын теріскейден тұрған жел қас қағым сәтте іліп алып жөнелді-ай.

Тулаған толңын төсінде

Бағанадан «Дауыл келе жатырға» түсінбеген Киікбай әкесінің «көріпкеліне» таңданды.

Киікбай ойлаған: аспан ашық, күн тынық. Кеше де, одан арғы күні де... осындай емес пе еді? Енді сол іңір қараңғылығында тұр-тұрға салмаса жарар. «Дауыл келе жатыры» несі аяқ астынан. Тұп-тура бүгін дауыл болса

көрерміз-ay осы. Бірақ... бұйрықтың аты бұйрық. Тыңда- масқа шара жоқ...

Ол өзінің соңғы түйін сөзіне іштей күлді. Артынша әкесінің қатқыл жүзінен әлденені оқып, түсінгендей. Киік- бай алдындағы құбылнаманың толқыған тілінен көз жазбай қатып қалған. Қос қолы — штурвалда. Бағыт — көз ұшында бұлдыраған алыс жағалаулар...

Қалың қорғасын бұлттардың саңылауынан соңғы рет сығалап көрінген қызыл күн кемедегілермен келер таңға дейін хош айтысқан еді. Толқындар астан-кестеңі шығып, дауыл тұрды. Гүрс... гүрс... Шағалалар көрінбейді, шаң­қылдамайды да. Тек құлақ түбінде таныс үн тынбайды. Сол ызың-ызың... «Шарықтап қайда қанат қақтыңдар?..» Қарсы ұрған алып толқындар кемені жүргізбестен шайқап келеді. Толқын соққан сайын құбылнама тілі де дір-дір етіп безек қағады.

Ілияс ойлаған: Сөз жоқ дауыл тұрады. Мына, Киікбай- лар не білсін, он шақты жылдан астам уақыт балықшы­лықты кәсіп еткен біздің топшылауымыздың өзі үнемі дөп шығып жатпайды. Теңіз сырын бірер жылда ұға қояр пенде санаулы-ақ. Әйтпесе әкем де жаз — тулаған тол­қында, жел қайықтың үстінде, қыс қақаған аязда, көкше мұзда қолына сүймен алып ойық ояды екен. Әрине; «Ою ою бір басқа, ойық ою бір басқа, бәйбіше»,— дейтіні де бекер емес. Былтыр да, биыл да, алдағы... баяғы кәсіп. Сонда беті қайтып, я болмаса жалығып кәсібіне налыға- нын көрсек шіркін! Бір маусымдық қиыншылыққа шыда­май түрлі жұмыстарды тізгіндеп кетушілерді де көріп жүрміз ғой. Әр маусымның ерекшелігіне қарай күні бұрыннан өзін-өзі тас түйін әзірлеп отыратын да, әкемнің кәсібіне деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі болса керек. Елу бес жыл. Осыншама қыс, осыншама көктем, жаз, күз... Шыңдалар да, шыңға шығар уақыт. Бір кезде біздерге «Ньютон заңдарын», «Менделеев кестесіндегі элементтерді» тәптіштеп құлағымызға құятын сүйікті ұс­таздарымыз сол сабақтарын күні бүгінге дейін өткізуде. Айырмашылығы — уақыттың алға жылжуы мен талап деңгейінің өсуі. Қазір де басын ақ күміс қырау шалған алғашқы мұғаліміміздің есімін сағыныш сезімімен атай- тынымыз да сондықтан. Енді міне, әлгі «заңдар мен элементтерді» әрқайсымыздың балаларымызға үйретуде. Ендеше, әкемдердің де шалқыған қай нүктесінен су ырыздығын мол алуға болатынын алдын ала білсе, я болмаса табиғат құбылысының қай мінезін болсын

жазбай аңғаратыны таңдандырмаса керек. Еңбек жо­лы — қызық сабақ. «Аспан мейлі шайдай ашық болсын, толқындар кілт тына қалып, іле-шала шағалалар дамып­сыз жөңкіліп көше бастаса — дауылдың белгісі дей бер!» Бұл сөзді әкемнің аузынан әлденеше рет естігенмін де. Осы жолы да қателесуі мүмкін емес, бауырым...

Сырт көз тұрмақ ол тұрасында әкесі Момыштың да кесіп-пішіп жөпелдемеде бірдеңе дей салмайтыны бар. Томаға-тұйық, бір беткей Ілиясының барынша ішіне үңіліп, көңіл сандығының тұңғиығындағы сыр пернелерін дөп басып барып, шым-шымдап болсын бар ойын тізгін­дегенді қалайды қашан да. Кішкентайынанғы мінезі. Бала болып, жас болып, лақылдап ақтарылғанын, шешіліп әңгімелескенін де ешкім байқай бермес- Көп ретте не ойласын, не істемесін айқайламай тындырып жататын қасиеті жеңіп жүреді. Қай жұмысты да жан-тәнімен бері­ле орындайтынын шамасы жеткенше діттеген нүктеден көрінгенді мақсат ететін қылығы әке жүрегін алаңдатпай­тын, әйтеуір.

— Көш бастаушымыз ғой. Қуанатыны — Ілиясымның сабырлылығы. Көрші-қолаң арасындағы қайсыбір әңгіме төркіні балаларына ауысқанда Момыш ақсақалдың бар айтар бағасы бұл.

Мектепті бітіргеннен соң Ілияс жұрт секілді елпілде- меді де, елеңдеген жоқ. Көше кезіп тектен-текке жүріп те алмады. Соңғы қоңырау соғылған күннің ертеңінде әкесімен бірге теңізге шыққан. Ұлының бұл қылығына әкесі тіс жарып ештеңе айтпады. Ілиясына қатысты мың- сан толғанып, іштей шешіп қойған жайды ескерткісі ке­ліп, әлденеше оқталды да. «Балықшылықты кәсіп етпей- ақ қойсаң қайтеді. Оқысаңшы, шырағым». Көмейіне тығылып келген осы бір сөздерін көңіл түкпірінде құндақтап қалды-ау.

Ондағысы тағы бір ой мазалай берген. «Жылма-жыл- ғы жазғы демалысын үнемі қасымда өткізіп келеді екен. Егер қызықтырмаса, қораштанса ендігі жетектеп әкеле аламыз ба? Еңбектен-ақ көзімізді ашып, құрметке бөленіп отырған жай мынау. Теңіз толқынында шыңдал- сын. Өзіме серік бола білсе ғой бастысы...»

— Біздерді күн сайын шағалалы шалқар, тулаған толқындар шақырады. Әкеңнің көзін ашқаннан мекені — осы көк теңіз. Сендердің әлгі жағрапияларыңда Балқаш­ты көл деп атайды ғой.

— Теңіз бен көлдің өзіндік аталу ерекшелігі бар, әке.

— Жарайды, бәрібір мен үшін Балқашым теңіз қалпында қала береді. Одан да ана қайықты қайырдан шығар.

Момыш қамыс арасында жасырған қос ескекті әрең көтеріп шықты. Өзі әлі сөйлеп жүр.

— Ана шеті мен мына шетіне екі-үш түнеп зорға құлайтын осыншама көлемде шалқып жатқан Балқашым­ды «теңіз» деуге де аузы бармай тұрғанын қарашы.

Әкесінің мына жүзі болмашы нәрсеге ежіктесіп, кеңірдектесетін кеше ғана көшеде қалған балалығын көз алдына еріксіз көлбеңдеткен. Ілияс қарқылдап тұрып күлді. Мөлдір күлкі тағы да көл бетін біразға дейін жаң- ғырықтырып бара жатты. Құрық тастам жерден қамыс қолтығынан шүрегей үйректің барылдаған даусы естілді. Бірін-бірі қуып балапан қасқалдақтар жүр. Жағалауда шортандардың шоршығаны ап-анық естіледі. Мүлгіген тыныштықты дүр сілкіндіріп тұс-тұстан балықшы кемеле­рінің гүрілі жарыса шықты. Шығыс жақ қызыл арайға шомылып оянғандай. Әр қолтықтан қалқып шыққан кеме­лер керуені шексіз де, шетсіз көк айдынды беттеп бара­ды. Ілияс штурвалда тұрған әкесінің жанына барып көз сурінгісіз көкжиекке көңіл құсын шарықтатып ұшырған. Ұлының не ойлап тұрғанын әке жүрегі сезеді. Сонда барып бағанағы күлкі сырын сұраған еді.

— Жәй, әншейін де. Кішкентай кезімізде бала біткен отырып алып: «Трактор күшті ме, самолет күшті ме?»— деп күнді ұясына батырғанша табан тіресетініміз есіме түсіп рақаттана күлгенім.

— Балалықтың базары ендігі жерде орала бермес, құлыным.

Әкесінің «құлынымына» шамданып қалды ол. Іле- шала:

— Өзіңіз айтасыз да, «құлынымды» неге қосасыз осы.

— Момақан жатқан мына теңіз, тулаған толқындар, сені есейтіп өзі-ақ шыңдайды, ұлым.

Баласын қиянға ұшырған бүркіттей әке тұлғасы сол бір мезет тым ғажайып көрінген.

Кемелер керуені жағалаудан ұзап барады...

Содан бері де талай жылдар бедер-ізін сызып та үлгерді. Оңдаған жылдардан бері жұп жазбаған әкелі- балалы Жұмашевтар әулеті тулаған толқын үстінде келе­ді. Кешегі бала Ілияс бүгінде ысылған, тәжірибелі балықшы. Жігіт ағасы атанса да баяғы мінезі — сабырлы­лығы мен салмақтылығы. Одан кейін де соңдарынан

ілескен Киікбайы мен Исағалиының да айдын төрінде қанат қаққанына бірнеше жыл болыпты. Олар да әке­сінің «Дауыл келедісін» бірінші болып құптаған.

Талдықорған облысындағы Киров атындағы балық колхозының майталман балықшысы Момыш Жұмашев- тың омырауындағы Ленин ордені оның жарты ғасырдан астам уақыт тулаған толқын төсінде тер төккен еңбегінің айқын көрінісіндей жарқырайды. Әке ізіне түскен ұлдар­дың да атақ-даңқы әрдайым озаттар шоғырын жарқыра­тып көрсетсе керек. Теңіз тұңғиығынан су ырыздығын сүзген толқында туғандар бұл күнде он бірінші бесжыл­дықтың төртінші жылының тапсырмасын орындап, алдағы жылдар биігіне көтерілген.

...Ымырт үйіріле басталған қара дауыл түн бойына теңіз толқындарын бір-бірімен соғыстырып шығар шақ. Күш сынасқан балуан толқындар таң қылаң бергенше тіреседі. Ең ақыры құшақтасып, кеуде түйістірген қалпы тасты жағалауға жетіп жығылады. Асау ақжал толқындар түні бойына балықшы кемесін де әлдилеп шығады. Ық­тиярына көндірсе әлдеқайда қажет бағытына айдап жүре берер де еді ғой. Бірақ дәрмен жоқ. Дүлей күш адам­дардан қаймығатын секілді. Қамыс қолтығындағы жалғыз балықшы кемесін тентек толқындар бүгін де ұзақ таңға тербеп шыққан еді.

ТУҒАН ТОПЫРАҚ БОЯУЛАРЫ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ тұңғыш суретші қызы Айша Ға- лымбаеваның есімі республикамызға ғана емес, бүкіл елімізге мәлім. Суретшінің қыл қаламынан туған небір туындыларды көптеген шетелдердің де сурет өнеріне ынтық жандары тамашалағаны аян. Қазақ халқының алғашқы суретші қызы атанған Айша апай жазған ғажа­йып полотнолар, әр жылдары дүниеге келген алуан тақырыптағы сырлы суреттер де әрқайсымыздың жады­мызда, қай-қайсымызға да жақсы таныс. Оның жарқын шығармалары жүрегімізге тым жақын.

Шеберхана төрінде қатар-қатар үлкенді-кішілі үш- төрт рама тұр. Ала-құла бояулар әлі аяқталмаған тың туындылардың нобайларынан хабар береді. Тіпті мынау көкшіл түстер әлгінде ғана жағылған болуы керек. Әлі кеуіп үлгермеген.

— Мына бітпеген дүниенің өзінен-ақ біраз жайды топшылаған шығарсыз. Иә, менің төрт-бес жұмысты қатар жүргізетін үйреншікті әдетім, сурет салудағы ерек- шеліктерімнің негізгісі де осы қасиет. Нелер тәулік қиял қазанында қайнаған ойларым қолыма қыл қалам ұстатқан мезетте шаршау дегенді ұмытамын. Үзіліссіз үш-төрт сағат ішінде ең қажетті бояуларымды орын-ор­нына түсіремін. Сосын... бірнеше күнге дейін әлгі бастал­ған картинаға жақындамаймын да, екінші бір жаңа тақырыбыма айрықша құлшыныспен кірісемін. Не болма­са, нобайланған бұрынғы бояуларды сөйлете беремін. Мәселен, мынау әлі аяқталмаған «Көктем» атты полотно, қасындағы «Қуанышты күн» картинасы. Ал СССР халық артистері Күләш Байсейітова мен Сабира Майқанованың портреттері жазылу үстінде. Бұл шығармалардың қатар бітуі ғажап қуаныш емес пе?!

Суретшінің осы сәттегі тап-таза мөлдір қуанышқа толы реңін көрсең, шіркін! Оның жүзінен бояуы әлі кеуіп үлгермеген көз алдындағы соны суреттердің-туындьілар- дың күні ертең-ақ талайлардың жүрегіне шұғылалы шуақ болып құйылары ап-анық. Суретші әдемі жымиып қойды. Ойлы жанар қабыр­ғаны тұтас алған әйнекті терезеге қадалған. Асқақ Ала- таудың заңғар шыңдары еңкейген күннің қызыл шапағы­на шомылып тұр екен. Қарлы шың басына үйірілген ақша бұлттар да жалқын тартыпты. Сонау биіктерге

А. Ғалымбаеваның «Жер ырыздығы» картинасы

көңіл құсын самғатқан үлкен ой иесі ағынан жарылады: — Бүгінге дейін үш жүзден астам үлкенді-кішілі кар­тина жазған екенмін. Әрине, бұлардың ішінен бөліп-жа- рып атаудың өзі қиын. Бәрі де жақсы, бәрі де бірдей жү­регіме жақын-ау. Сөйтседағы өзінің дүниеге келу кезең­дерімен, орындалу ерекшеліктерімен дараланар шығар- маларым бар. «Бірінші орыс әйелі» атты портретімде сурет әлеміне келуіме үлкен бағыт-бағдар сілтеп, бірден- бір ақылшы болған оқытушымды жырлауды мақсат еттім. Ал Ұлы Отан соғысының сұрапыл отты жылдары тудырған «Майданға шығарып салу», «Қазақстан әні», «Бір кесе қымыз» деген туындылардың аттары көп сырды шертіп тұрған жоқ па?

Шынында, суретші үшін жаман туынды болуы мүмкін емес. Тақырыпты еркін игере алмау, композициялық ше­шімнің жетпей жатуы, орындалу техникасының олқы со­ғуы... Биіктерге бастар баспалдақтар бойында белең ал­ар бұл кемшіліктерді балғын бояулардан ұшыратуымыз заңды. Айша апай, міне осындай олқылықтардан дер ке­зінде арылу сырларын кейінгі жас толқындарға үздіксіз үйретумен болды. Оның айқын айғағы — жиырма жылға жуық астанамыздағы көркем сурет училищесінде балау­са суретшілерге дәріс беруі.

«Қостанай пирамидалары» — қырмандағы жал-жал астық таулары, ырыс пен молшылықтың алтын таулары. Өзара үйлесіммен астасқан туған топырақ бояулары — осынау мол игілікті жасап жүрген қарапайым егіншінің сом тұлғасы; қызыл дәнге толы қызыл қырманның тәулік- тәулікке жалғар қарбаласы; астық керуендерінің толас­сыз тізбегі; бірден назар аударар қос келіншектің жүздері айрықша шат. Диқанның көгілдір көктемнен бел шешпей аялап өсірген алтын дәні — сары күзде тау-тау болып биіктеп барады. Астық тауларын жасап жатқан­дардың қуанышында шек жоқ. Ендеше, молшылық иелерін жырлау—бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы. Республикамыздың басты астықты аймағына творчество- лық сапармен барған суретші қыл қаламы «Қостанай пирамидаларын» тудырған. Баршамызға ортақ — қызыл қырман суретін тамашалай бергің келеді.


Перейти на страницу: