Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев
Название: | Ғибратты ғұмыр |
Автор: | Қ. Сұлтанғалиев |
Жанр: | Казахская проза |
Издательство: | «А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе |
Год: | 2003 |
ISBN: | 9965-691-36-3 |
Язык книги: | Казахский |
Страница - 1
Редакция алқасы:
Төлеуішов Ө. (бас редактор), Мұкышева А. (жауапты хатшы), Берішбаев Т, Дошаев Е., Жаңабаев Т., Жүсіп Қ., Отарбаев Р., Иманғалиев Б., Қосыбаев Қ., Қорқытов Б., Мурсалиева Р.
“Атырау акын-жазушыларының кітапханасы” сериясынын кезекті 59-кітабына Қ.Сұлтанғалиевтің эссе-өңгімелері енгізілді.
ҰСТАЗ ҮЛАҒАТЫ
1949 жылдың жаңбырлы күзінде Мақаттағы орта мектептің табалдырығын баскалармен бірге жүзін күн кактаған, сылыңғыр кара бала аттады. Пысык-ак. От шашқан ойнакы көзі назар аудартпай кояр емес.
Алдынан жүздеген шәкірт өткізген төжірибелі ұстаз - Санбаев Қамза оны бірден аңғарды. Танысу кезегі жеткенде өдейі касына жакындап, маңдайынан сипады. Сосын: «Есімің кім, кімнің баласысың?» деп сұрады.
- Туранов Бактыкерейдің баласымын. Атым Жолдасқали, - деді әлгі бала орнынан жедел көтеріліп.
- Әкең кім болып істейді?
- Мұнайшы.
- Өскен сон сен де мұнайшы болатын шығарсың.
- Білмеймін. Өкем өз жұмысын қиынның киыны дейді. Үнемі шаршап келеді. Кейде шешем пісіріп койған тамақты да ішпей, ұйықтап калады.
-Иә, мұнайшының еңбегі оңай емес. Бірақ, сол киындыкты жене білу керек. Бақтыкерейді, шешең Бөбішті мен жақсы білемін. Екеуі де еңбеккор адам. Әрине, сен әлі кішкентайсын, оқисьщ, білім аласың, шынығасың. Сөйтіп, кана өзіңді әке жолын кууға әзірлейсің.
- Иә, солай істеймін.
- Солай істейтінінді көзіңнен-ак танып тұрмын. Көзіңце намыс пен өжеттіктің оты бар екен...
Бұл үлкен ұстаз бен шикіөкпе шәкірттің алғашкы кездесуі еді. Олар кейінде де талай рет ұшырасты. Үстаз ұлағат айтудан, шөкірт оны бойына сіңіруден жалыққан жоқ.
Қамзекең үлкеи жүректі адам еді ғой, - дейді Жолдасқали. Бұдан тура елу үш жыл бұрын айтқан ұлағатты сөздерінің көкірегімізге қорғасындай құйылып калғанына әлі таңданамын. Ол: «Кіндік кескен жеріңді сүй, ол мұнайлы Макатың, Отаныңды сүй, ол - кең байтақ Қазакстаның, халкыңды сүй, ол - мың өліп, мың тірілген казағың» дейтін. «Ештеңе істемеген кателеспейді» дейтін. «Досы көптің касына жау келмес» дейтін. «Тағдырмен тайталаспасаң, жеңілесің» дейтін. «Ердің мұңы үзақка бармайды» дейтін. Айтып алып, «Бұларды мен ойымнан шыгарып турғаным жок. Бүлар үлылардың сөзі. Кісі көп оқыса, көп нәрсені ойға түйеді», - дейтін...
Иә, Жолдасқали ұстаздың көрсеткенін үғып, айтқанын орындады. Өзі ғүмырдария атанған өмірінің әр жылын бір белеске балап, соның өркайсысында елеулі із калдыруға тырысты.
Ол 1959 жылы Атырау каласындағы Орджоникидзе атындағы орта мектепті ойдағыдай бітіріп, ауыл шаруашылығы техникумына окуға түсті. Оны мал дәрігері мамандығы бойынша бітіре сала Маңғыстаудың кияндағы Онкұдык малдәрігерлік учаскесіне меңгеруші болып, енбек жолынын тұсауын кесті. Көп кешікпей інісі Серік екеуі Армия катарына шакырылды. Бірі - Германияның, бірі - Ресейдегі Владимир, Кострома калаларының топырағын басты. Қатарларынан кем болмады. Жолдасқали барған бетте-ак, баяғы мектептегідей көзге түсті: комсомол комитеті секретарының орынбасары, гарнизондык өскери соттың мүшесі болып сайланды. Партия қатарына өтті. Владимирдегі 1 жылдық фельдшерлік Курска жіберіліп, тағы бір қастерлі мамандыкты меңгеріп оралды. Онысы азаматтык борышын өтеп келгеи тұста әбден кадеге жарады. Доссордағы Азаматтық қорғаныстың медициналык кызметіне аға инспекторлыкка орналасты, медицина училищесі филиалында дәріс берді. Өзін апасы Қаламқастың қолқанаты, інілері Серіктіц, Сағаттың, карындасы Күләштің қамқоршысы, әкесі Бақтыкереймен бірге туған Жүсіп, Ақбарша, Омарғали, Қонарғали шаңырағының тілеулесі санады. Оны бұған өмірден ерте, 1961 жылы озған анасы Бөбіштің рухы міндеттеді. Әкенің акыл-кеңесі жетеледі. Сөйте жүріп, Гурьев пединститутының сонғы курсында оқып жаткан Сәрсенова Нұрзиламен тағдыр қосып, отау тікті. Сол Нүрзила казір жан сұлулығы көз сүйсіндірген, сөз көркемдігі жан тебіренткен асыл ана, бұған косымша облыс мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіретін кұтты ұяда кадірлі басшы. Жолдасқали екеуінің Жанболат есімді улы, Дания есімді келіні, Аяжан мен Әнел атты сүйкімді немерелері бар.
Жолдасқали осы түста өзін қоғамдык жұмыстарда да шыңдай түсті. Жаңалыкка кұштарлык танытты, адамгершілік аскарына ұмтылды. Оның осы қасиеттері анык аңғарылса керек, аудандык партия комитеті шакырып, аудандык комсомол комитетінін ұйымдастыру бөліміне меңгеруші етіп тағайындады.
Ағаны - тірек, досты - дәнекер, ініні - канат санайтын Жолдаскалидьщ ғұмырдариясында осы күннен бастап жаңа кезең басталды.