Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 2


«АҒА-ТІРЕК, ДОС-ДӘНЕКЕР, ІНІ-ҚАНАТ»

- Менің бойымда табандылык, адалдык, іске деген жоғары ынта-ықылас болса, ағалардың тағылымы, менін бойымнан жанашырлыктың, ізеттіліктің, мейірімділіктің шуағы сезілсе, ол достарымның ілтипаты, менің бойымнан бауырмалдық, туыстық лебі ессе, оны тудырган інілердіц ізеті мен ідкөрлігі, - дейді Жөкең.

Онысына еш шүбө келтіре алмайсың. Көбіне куә болдық. Көбін көзіміз көріп келеді.

Мақат аудандык партия комитетінің бірінші хатшысы Атшыбаев Әбу, хатшылары Өтегенов ҚаЙыр, Қалиев Боран 1969-70 жылдары жастардың жетекшісі болып жүргенде оған үлкен сенім артты. Жауапты тапсырмалар беріп, істе шывдады.

Кәсіподақтар облыстык кеңесінің төрағасы Айтжанов Бекен Қожасүлы 1970-75 жылдары ауыл шаруашылығы кызметкерлері кәсіподагы облыстык комитетінін бөлім меңгерушісі лауазымындағы Жолдаскалиды іскерлігі, қарапайымдылығы үшін қадір тұтты. Тіке басшысы Қ.Батырхановқа «Біздің кәсіподақтар үшін осындай кадр керек, назарыңнан шығарма, тәрбиеле» дейтін де осы Бекең еді. Көп кешікпей оган «Гурьевводстрой» тресі, ал 1975 жылдан 1998 жылға дейін Гурьев ет комбинаты кәсіподак комитеттерінің төрағалығы сеніп тапсырылды. Жолдаскали осы ұжымдарда Ш.Жалмұкатов, М.Ғабдісәлімова, З.Қожағалиев, Б.Лйтмағамбетов, Н.Наурызғалиев, М.Меңдіғалиев сынды аға-апаларын тапты. Жиырма үш жыл бойы үлкен ұжымда жұмыска орналастыру, балалар бакшасына орып алу, автомашина, пәтер, жолдама бөлу, қызметкерлерге материалдык көмек корсету, ұлғылау, тәртіпті нығайту, ұрлыкты аластау, тағы баска сан-сапат мәселелерді көсіподақ ұйымын араластыра отырып шешті. Қалыпты уақытта саны жеті жүзге жуыктайтын, маусым тұсында мың жарымға иек артатын ұжым мүшелерін өнімді еңбекке жұмылдырды. Тәулігіне жалпы көлемі 78-80 тонна, түр-түрі 70-80-дей ет және ет өнімдерін, соның ішінде 3-5 тоннадай шұжық дайындау тозығы жеткен комбинат үшін мүлдем оңай шаруа емес-ті. Облыс басшылығындағы азаматтар О.Көшеков, Е.Таскынбаев, М.Сағынбаев, Ш.Кәрімов бұны жаксы түсінетін және кол ұшын беруге әзір тұратын.

- Мен бұл ағаларыма да дән ризамын. Өзіміз кіші болғанмен кызметімізді жоғары бағалады. Жауапкершілік биігінде ұстады. Бір үжымдағы ұзак жылдык еңбек өтілім сонын нәтижесі емес пе? дейді Жолдаскали.

Осы орайда бір ұлы адамнын: «Адам неғұрлым акылдырак, мейірімдірек болған сайын басқалардын бойынан кайырымдылыкты көбірек аңғарады» деген сөзі еске түседі.

Жөкең ағалардан кейін биік тұғырға достарын кояды. Олар өзімен үнемі үзеңгі кағыстырып, үнемі сыр бөлісіп дегендей, бірдей тірлікте келеді. Қуанса бірге куанады. Қиналса бірге қиналады. Сөтімен демейді.

Соңғы бірер жыл төңірегінде Жолдаскали денсаулығына байланысты, ұзағы бар, кыскасы бар, біраз уакыт аурухана кереуетіне таңылып, бес күрделі операцияны бастан кешті. Ақыры бір аяғыи беріп, колтыкка кос балдак таянды. Осының бөрінде колдау білдіргендер де, тілеулес болғандар да, жер шалғайлығын елемей касынан табылғандар да достары. Қанат, Нурсултан, Сүйеу, Айша, Қайырлы, Батыр, Токтарбай. Інісі Ғалымжан мен келіні Күнсұлу өмір мен өлім белдескен киын сәттерде дәрігерлермен катар тұрып, үміт отын бірге жакты.

Құдайға пгүкір, Жолдасқали ортамызда. Бугін аскаралы алпыска толды. Мен осы аптада онымен екі мәрте кездестім. Етінен ет кесу, тірек болар бір аяғынан айырылу оңай болсын ба, аз-кем жүдөу. Бірак, баяғыша әнгімешіл. Баяғыша арманға канат байлап, самғап кетуге әзір. Намыс оты жаркыраған козінен акынның:

Не жазсаң да қүдайым пешенеме, Жамандықты әйтеуір еселеме. Бұәан берер жауабым дайын әркез, Жамандықтан қорқасың десе неге. Үйіп-төгіп бір басқа қасіретті, Арпалысып жүргенде ғасыр өтті. Тіршіліктің жолында тайталасып, Жанарымда көзімнің жасы кетті, - деген жыр жолдарын оқығандай боласың. Мұндай касиет - тек ғибратты ғұмырдария иелеріне даритын касиет...

АЛҒА ЖЕТЕЛЕГЕН АБЫРОЙ

1998 жыл. Бұл тәуелсіздік тұғырына мінген жас республиканың буыны бекігенмен кадамы бекемдене коймаған, елде жұмыссыздык өсіп, экономикалык токырау өрши түскен түс-ты. Жалакы мен зейнетақының кідірісі талайдың жүйкесін жұқарткан. Сөйтіп, күн тәртібіне жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу, яғни әркімнің салымшы ретінде өз зейнетакысын өзі жинауы мәселесі жедел койылды да, жер-жерде зейнетакы қорлары кұрылды. Міне, соның бірін - «Қазахстан Халык банкінін жинақтаушы коры» Жабық акционерлік коғамы десек, оның Атырау облыстык агенттігінің тізгіні бірнеше жыл бойы жұмысшы қамымен жанын жүдете жүріп, мол төжірибе жинактаған Туганов Жолдаскалидың колына тиді. Аталмыш жаңа кұрылымның кам-карекеті қайдан аз болсын-ау... Алгашкы күндер мен айларда ұйымдық мвселелерді оңтайлы шешем деп зыр жүгірген Жолдаскали талай рет жүздеген мазасыз сұрақтың коршауында қалды.

Ол сұрактың ілкісі: «Мен болашакта өзімді зейнетакымен калай қамсыздандыра аламыннан» басталып, кейінгілері «Жинактаушы зейнетакы қорлары жұмысыньщ негізгі принциптері және оларды корғау тетіктері қандай?», «Зейнетакы корында жинайтын қаржылар ел экономикасындағы акшанын құнсыздану әрекеттерінен калай корғалған?», «Егер мен жаңа зейнетақы жүйесі енгізілгенге дейін жұмыс істеуді бастаған болсам, менің зейнетакым калай есептелінеді?», «Егер мен зейнеткерлік жаска жеткеніммен, жұмысымды жалғастыра берсем, он да зейнетақы есеп-шотына төлем жасауым керек пе?», «Салымшының еңбек ету кабілеті жоғалған жағдайда, онын зейнетакы жинақтарының жағдайы калай болады?», «Жинактаушы зейнетақы корларынан зейнетакы жинактарын алу тәртібін айтып бермес пе екенсіз?» мазмұнында бірнеше марте бірнеше тілде кайталанды.

Жолдаскали мен ол басқарған шағын команда бұл сынактан да сүрінбей өтті. Көп күдікті сейілтті. Көп жүрекке сенім үялатты. Қор салымшыларының қатарын «Қазакойл-Ембі», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «ҚазТрансОйл», «Каспиймұнайбайланыс» коғамдарымен, «Қазакстан теміржолы» мемлекеттік кәсіпорны, «Мәтен» бірлескен көсіпорны, тары баскалармен толықтырды. Үстіміздегі жылдын 1 шілдесіндегі жагдай бойынша тұтастай кордағы каражаттың жалпы сомасы 33 миллиард 009 024 мың теңгені кұраса, салымшылардың дербес шоттарына есептелген инвестициялык табыс 13 миллиард 304 264 мын теңгеге жетті. Істегі нәтижелілік пен халықтың зор сенімі деген осы емес пе?

- 2000 жылдын желтоксанында Алматыдағы Республика Сарайында жалпыүлттык «Жыл үздігі» фестиваль-байкауының жене «Жыл адамы» сыйлығының қорытындылары шыгарылып, онын медалін тапсыру рәсімі өтті. Сонда «Казахстан Халык банкінің жинактаушы зейнетақы коры» «Үздік зейнетакы коры» атағы мен арнаулы медальды жешп алды. Осы абырой корға, біріншіден, «Казахстан рыногында қызмет корсету жене маркалы тауарлар козғалысын реттеу» конференциясына катысу кұкыгын алып берсе; екіншіден, өз жарнамасына «Жыл үздігі» медалін орналастыру; үшіншіден, «Евромаркетприз» жүлдесін алу үшін европалык форумға катысу мүмкіндігін туғызды, - дейді казір қор басқармасынын кеңесшісі лауазымында қызмет істейтін Жөкең.

Иә, бұл шынында да абырой, жәй абырой емес, алға жетелейтін, ілгері ұмтылдыратын абырой. Ал, абыройдың бір алтын аркауы тағдырмен тайталаса өмір сүрген және сол өмірді шексіз сүйген Жолдаскалидың, оның ізбасарларының еселі еңбегімен ерілген.

Ғұмырдария ғибратын бойына зерделей жинаған осынау ержүрек азаматқа үміт шырағын, арман отын маздата бер демекпіз.


Перейти на страницу: