Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 26


САМҒАУ

1970 жылдың тамылжыған жазы. Тюмень индустриальды институтын бітірген бір топ жас бірнеше күннен бері карбаласта жүр. Болашак жұмыс орындарын аныктап, көп кешікпей сонда аттанып кетулері кажет. Сол үшін бөлу комиссиясының алдынан өтіп, өз тандауларын паш ету - парыз. Осынау топ ішінде кол үстасқан өрімдей екі жас - Владимир Викторович Гафнер мен Тамара Петровна Гафнер де бар болатын. Екеуі бұдан бір жыл бүрын үйленіп, отау тіккен. Енді, міне, алдарында екінші үлкен таңдау түр. Қайда бармак, еңбек жолдарын неден бастамак?! Бұл турасында талай рет ой бөлісіп, талай рет толғаныска түскен. Институт қабырғасында ілулі тұрған картаны да көзбен шарлап, көнілмен шола-шола біраз жайға қаныкқан. Мұнай-газ өңдеу зауыттарының белгісі салынған калалар жайында жинактаған деректері де біршама. Сол көп каланың ішінен бұларға Гурьевтін ыстык көріне бергені. Каспий теңізі іргесінде. Сылавдай аққан өзені тағы бар. Осылардың өзі арманшыл көңілді арбамаса да еліктіре түседі. Соңғы кезде ғалымдардын Каспий ойпатының жер асты кені туралы жиі-жиі сөз козғай бастағаны болашақтарына нұр сәуле кұйғандай әсерге бөлейді.

Гурьев мұнай өңдеу зауытының сонау сұрапыл соғыс жылдарында салынғанынан бұлар аз-кем болса да хабардар еді. Демек, бүл зауыт өндірісі мен үжымы тен өсіп, катар калыптаскан зауыт шығар деп іштей есеп кылады.

Олар ақыры комиссияға өздерінің Қазақстанды, сондағы Гурьев зауытын калап алғандықтарын мәлім етті. Комиссия карсы болмады. Тағдыр қоскан, енді енбек жолдарын бірге бастағалы тұрған екі маманға сәттілік тілеп, колдарына жолдама ұсынды. Сөйтіп бүлар 1970 жылдың тамыз айында Атырауға (бүрынғы Гурьев) келіп, Владимир Викторович №3 цехка, Тамара Петровна №1 цехка оператор болып орналасты.

Қым-куыт тірлік, карбалас жүмыс. Цехтағылар жас жігіттін жігерлі кимылынан іскерлік нышанын, жігер отыи бірден байкады. Біліктілігі де көзге ұрып тұр. Ерінбейді. Бүгін істейтін шаруаны ертеңнің еншісіне калдырмайтын ыждағаты мен ізденгіштігінің, батылдығының өзі неге тұрады?!

Жалпы бұл тұс цехтың кайта түлеп, канат жая түскен тұсы екен. Бел шеше кұрылыска араласты. Кейін каталитикалық риформинг жаңа технологиялық қондырғысын іске қосуға белсене атсалысты. Сол жылғы желтоксанда осы кондырғының бастыктығына тағайындалып, оны табаны күректей төрт жыл басқарды. Өзін іс түйінін жетік білетін маман ретінде таныта білді. Тәртіпті кадірлеуімен, қарапайымдылығымен көзге түсті. Үжым мүшелерімен біте кайнасты. Зауыт әкімшілігі оның осы талпынысын әділ бағалап, бүрынғыдан өлдекайда жауапты міндет жүктеуге шешті: №3 цехтың бастығы етіп жоғарылатты. Екі жылдан кейін оган тағы да үлкен сенім артылды. 1976 жылдың 26 желтоксанында зауыттың бас инженерлігіне тагайындалды.

Инженерлік акыл-ой мен тәжірибені әрі шыңдап, әрі толыктыра түсер шак туды. Ол бірден қондырғылар мен цехтардың куатын арттыруды, өндірісті техникалык жағынан кайта жарактандыруды, кадрлардың іскерлік қабілетін жана деңгейге көтеруді колға алды. Ғылымға жүгінді. Министрлік пен ведомство деңгейінде ұйымдастырылған курстарда окып, мұнай және газды өңдеу, мүнай химиясы мен органикалық синтез саласы кұпияларына терең бойлауга тырысты. Ғылыми- зерттеу институттарында дүниеге келген ғылыми болжамдар мен тұжырымдарды жалықпай оқып үйренуді, оны кажетінше зауыт мамандарының игілігіне айналдыруды мұрат тұтты.

-Зауытта технологиялық процестердің кайта күрылуы, Маңғыстаудын қою мүнайын өңдеудің одан әрі терендетілуі Владимир Викторовичтің есімімен тығыз байланысты. Оның бастамасымен мұнайды алгашкы өңдеу, баяу кокстеу қопдырғыларының негізгі ректификациялық колонналарында неғұрлым жетілдірілген үластырғыш кұрылғылар енгізіліп, іске қосылды. Осынын өзі мұнайдың өнделу тереңдігін 2- 2,5 процентке арттыру мүмкіндігін берді, - дейді зауыт бас инженерінің бірінші орынбасары Темір Есқалиұлы Бекесов бізбен әңгімесінде.

«Ізденіс-ырыс» дегеннен шығады, үйрену, үғына білу, ізгілікке ұмтылу бағытын үстанган жас инженер ғылымнан да өз еншісін алып калуга асыкты. Өзімен бірге істейтін қиялы ұшкыр, ойы алымды инженерлермен, ғалымдармен бірге он терт ғылыми іргелі жүмысын әр түрлі ғылыми басылымдарда жариялауы соның жемісі. Біркатарына авторлық куәлік алды, Бүлардың ішінде «Көп әлектродты сыйымдылык. электрокоалесцентрі», «Мұнайды сусыздандыруға арналған аппарат», «Денгей өлшегіш», «Мұнай коксін өңдеу мен тасымалдау жүйесін игеру тәжірибесі», «Коксті үрлеуден корғауға арналған композиция күрамы», «Технологиялык пештерге арналған форсунка» секілді ғылыми жүмыстар бар.

Иә, алмас канжардын қап түбінде жатпайтыны рас. Өндірістің өз адамы болып алған Владимир Викторовичтің инженерлік шешім жасаудағы батыл кимылы, керікті ойы зауыт еңсесін көтерген үстіне көтере түсті. 1986 жылғы 24 қарашада В.В.Гафнер бірауыздан зауыт директоры болып сайланды. Осыған орай өткен ұжымның жалпы жиналысынын хаттамасы зауыт мұражайында сактаулы тұр. Үжымның 829 мүшесі және сол кездегі калалық партия комитетінің бірінші хатшысы Р.Т.Шырдабаев катысқан бұл жиналыста сөйлегендердің В.В.Гафнердің кандидатурасьш куаттай отырып, оның бас инженерлік қызметіне, адами кадір- қасиетіне баға беруді, алдағы ортак міндеттер жайлы мүдделі әңгіме козғауы сол күннің шежіресі іспетті.

Мәселен, жылу-электр орталығы жөндеу тобының шебері А.Варочкин 1987 жылдың 1 каңтарынан бастап зауыттың піаруашылык есепке, өзін-өзі қаржыландыруға көшетіндігін айта келіп, мұның ұжымға да, кәсіпорынның бірінші басшысына да зор жауапкершілік жүктейтіндігін тілге тиек еткен. Ол жаңа директорға ауа компрессорын іске косу жөнінде шуғыл шара алуды аманат етсе, зауыттын орталык лабораториясының бастығы И.Т.Рябова бірінші цехта және газ-фракция, алкилизация кондырғыларында жабдықтардың ұзақ уақыт пайдаланудан тозып, өнім сапасына кері эсер ете бастағанын, жөндеу-механикалық цехының қүюшысы И.А.Рябухин зауыт цехтарындағы түрмыстык тұракжайлардын жай-күйін жаксартуды, №2 цех операторы Е.Қарымсаков кондырғыларды кайта жаңғыртуды, тұрғын үй кұрылысын өрістетуді алға ұсынған. Мүның бәрі де ұжым үшін өткір де өзекжарды мәселелер еді. Сондыктан В.В.Гафнер жаңа кызметке кіріскен бойда жоғарыда айтылған талап-тілектерді орындауды шұғыл колга алды. Пайдалануда тұрған АТ-2 электрмен тұзсыздандыру кондырғысынын куаты №6 технологиялык пешті іске косу есебінен 7000 тонна/сөткеге, №1 пешті іске қосканнан кейін 8000 тонна/сөткеге жетті. Өнімділігі томен төрт пеш жойылды. Цехтардың бәрінде дерлік жаңа турмыстык тұракжайлар бой көтерді. Оларда тамактануға, демалуға, сергуге кажетті жағдайлардың бәрі де қарастырылған.

1993 жылы зауыт жаңа мәртебе алып, акционерлік коғам ретінде кайта құрылса, одан кейінгі мерзімде цехтар мен бөліміиелердің біразын кұрылымдык жағынан қайта кұру жүзеге асты. Өткен жылы жөндеу-кұрылыс, жөндеу-механика цехтары ірілендіріліп, баскармаға айналды. Жаңадан «Өндірістік көлік» баскармасы, жұмысшыларды жабдыктау баскармасы кұрылды. Бұл басқармаларды құру жөніндегі шешім зауыттыктар үшін каншалык пайдалы болды десенізші! Мәселен, жөндеу-механика басқармасын құру күрделі жөндеу жұмыстарына сырттан косымша мердігерлер шакыруды мүлдем тоқтатып, каржы шыгынын азайтуға, қалада жабылып калған кұрылыс ұйымдарының білікті мамандарын зауытка шақыруға жол ашты. Ал жұмысшыларды жабдыктау басқармасы үстіміздегі жылдың 9 айында ғана 309 миллионная астам теңгенін тауар айналымын жасады. Мұнда 3 шағын наубайхана жүмыс істейді, 9 айда олардан 640 тонна нан жөне нан-бөлке бұйымдары шығарылды. Қаланын ор түкпірінде бұлардан басқа басқарманың өндіріс тауарлары мен тамак өнімдерін сататын 13, коғамдык тамактандырудың 9 объектісі халык игілігіне жұмыс істеуде.

Зауыттыктар үшін түрғын үй салуға да үнемі назар аударылып келеді. 100 пәтерлік төрт, 70 пәтерлік үш үй, 80 пәтерлік «Мобиль», Авангард елді мекеніндегі 50 пәтерлік, ауыл шаруашылығы техникумы маңындағы 28 пөтерлік үй және балалар бакшасы, мектеп, Жайык өзені бойынан бой көтерген сәнді шипажай сонгы бірнеше жылдың үлесі.

В.В.Гафнер - жаңашыл, жаңа көзқарастағы басшы. Оның әрбір кадамын соның белгісі десек те асыра айткандык болмайды. Оның халық тұтынатын тауарлар шығарудағы бетбұрысты шешімі казір зауытқа ұшан-теңіз пайда әкеліп отыр. Қыска мерзімде су сабын, сұйык жуу кұралдарын, оларды кұйып сататын пластмасса ыдыстарын шығару жолға қойылды. Қазір «Дидар» фирмасының «Майя», «Алоэ», «Тысячелистник», «Ромашка», тағы баска су сабындары көпшіліктің сұранысына ие. Осы секілді майлау-салкындату сұйықтықтарын шығару міндеті кезекте түр.

Өндіріс командирінің жаңашыл бағыты болмаса коммерция бөлімі, маркетинг бөлімі, бағалы кағаздар бөлімі (қазір басқарма) ашылмас еді, зауыт қызметкерлерінің балалары еліміздің жоғары оқу орындарына; зауыттың бас мамандары әлеуметтік нарыктык экономика жағдайында өндіріске басшылык жасау тұжырымдамаларын үйрену үшін менеджмент институтына окуға жіберілмес еді; зауыт бөлімдері мен бөлімінелерінің бәрі бірдей осы заманғы компьютерлермен, ксерокстермен жабдыкталмас еді; кадрларды даярлау бөлімі, ағылшын тілі мен мемлекеттік тілді окып-үйрену курстары ашылмас еді. Түрғын қалашыктағы сумен, жылумен жабдықтауды жаксарту, көгалдандыру, көріктендіру, клуб, спорт жұмысын бір ізге түсіру максатында мәдени-спорт кешенін күру, 1 Май кеңшарын, енді- енді күрыла бастаған тұрғын үй кооперативін зауыт қамкорлығына алу әрі жаңалык, әрі өрісті істердің өнегесі секілді.

Владимир Викторовичті зейнеткер де, мұғалім де, окушы да, студент те, дөрігер де, түтастай алғанда облыс еңбеккерлері үлкен жүректі, түла бойы ізгі касиетке толы адам деп танып біледі. Менің өз басыма сонау бір жылдары Миялы мен Құлсары халқы топан судан зардап шегіп, катты күйзелген тұста киналған екі кісі болса соның біреуі, бірі болса нак өзі болғандай көрінеді де түрады. Осы орайда «Адам өзі қаншалыкты ақылды да кайырымды болған сайын, басқалардын бойындагы ізгіліктерді де көбірек сезетін болады», - дейтін В.Паскальдың сөзі Владимир Викторович сынды кісілік келбеті жоғары азаматтарға арналган шығар-ау деген ойға берілерің акикат. Ол жапа шеккендерге зауыт ұжымы атынан, солардын тілегімен қаржылай да, заттай да көмек көрсетумен бірге сол жерлерде төбе көрсетіп, халықты сөзімен жебей білді, қолтығынан демеді. Зауыт тарапынан көрсетіліп жаткан қайтарымсыз көмек, қаржылай көмек, демеушілік көмек мәліметтерімен таныссак, жоғарыда оның адамгершілік биік бейнесіне берілген баға салмағы өсе түспесе, тіпті кемімек емес. Тек биылгы жылдың 9 айында, акционерлік қоғам көріп отырған каржы тапшылығына карамастан, қайырымдылык пен денсаулык корына 100 мың, облыстык және қалалык ауруханаларға 78 мың, балалар үйіне 790 мын, қарттар үйіне 44 мың, өлеуметтік қорғау орнына 210 мың, облыстык перзентханаға 351 мың, №1 мектеп-интернатка 183 мың тенге кайтарымсыз көмек жасады.

Асылы, ойы таза адамның жаны да таза. Мүнайдың айналасында «мылтыксыз майданның» аз болмайтынын Владимир Викторович жаксы түсінеді. Түсіне отырып, оның колдау көрсетуге асығатын адамдары - нарык заңын парасатпен пайымдайтын ойы өрелі, танымы терең кәсіпкерлер, ал ат тонын ала қашатындары - жаны жөнсіздікке жақын, жырып кетуді ғана ойлайтын жылпостар, бакай есепті пасык пиғылдылар. Біріншісі - ұтыс, екіншісі - ұтылыс. Осы екеуінін ара-жігін ажырата білуді, анкаулык жасап сан согып калмауды Владимир Викторович өз қарауъшдағыларға үздіксіз ұғындырып отырады, заңра жүгініп, заңды күрметтеуді қатаң талап етеді. Бірақ арамызда адалдык өліппесін окыса да ойларына токымағандар, токығысы келмейтіндер каншама. Бүл кезде тұтыну қабілеті мол да, төлем кабілеті төмендер мен мүлдем жоктар катары көбейіп кетті. Оны баскаларымен бірге осы бір мәселе де катты мазасыздандырады. Мазасызданбағанда кайтеді, егер жаңағы төлем қабілеті төмен дердің мойнында зауытқа бірнеше жылдар мен айлар бойы кайтарылмай жүрген миллиондаған борыш жүрсе... Мазасызданбағанда кайтеді, егер адалдыкка араша түсер үкіметтің өзі селолыктарға бірнеше миллион теңгенің мұнай өнімдерін тегін бергізіп, енді онын кайтарым мәселесін шешуді түлкі бұланға салып койса...

Алғанның бермегі болмағандыктан соңғы кезде зауыттың каржы тапшылығына үрынынкырағандығы да рас. Қызметкерлерге кейде енбекакынын екі-үш ай кешіктіріліп берілуі, бюджетке, зейнеткерлер корына, тағы баскаларға бережақтың жинакталып калуы сірө да абыройсыздык. Кәсіпорын басшысы бүл орайда мазасыздану былай тұрсын, катты күйінеді, қанатын тауға да соғады, таска да соғады. Шыкпаған мінбері, айтпаған лауазым иелері калмаса, олардан кейін де жемісті нөтиже көрінбей жатса, калай күйінбейді. Талай жыл өнімін өндеп, баянды іскерлік байланысымыз бар деп жүрген маңғыстаулык мұнайшылар да соңғы кезде теріс айналып, тонтеріс мінез көрсете бастағандай ма, қалай? Ал Теңіз мүнайында меркаптан көп. Оны өңдеуге кабілетті кондырғылар алу енді-енді ғана ойластырылуда. Осындай оралымсыздыктардың зауыттың, тұтастай алғанда акционерлік коғамның келбетіне көлеңке түсірер, абырой-беделіне сызат түсірер жагдай екені шындык. Күні кеше түтіні түзу ұшып, шаруа-жайы гүрлеп түрган талай кәсіпорынның банкротка ұшырап, кім көрінгеннің қанжығасына байланып, үжым мүшелерінщ тоз-тоз болып бытырап жатканы тағы да акикат, әрі ащы сабақ. Сондыктан бірнеше жыл қайта түлеп, қайта жаңғыруға бағыт алган зауыттыктардың талпынысы бекер емес-ті. Нарык кыспағынан осындай талпыныстар, өндірісті кайта жаңғырту ғана алып шығатынына бас директор да, зауыттықтар да әлдеқашан көз жеткізген. Оны әлдекашан дәлелдеген. Алғашкы келісімдерге де кол койылған. Ендігі калғаны үкіметтің каржы мәселесін шешуі еді. Бірак, осы тұста да ерік-жігердің тұйыкка тіреліп, мұкалған жайы бар. Владимир Викторович бұған калай бас катырмайды. Бүгінгі таңда зауыт жабдыктарының басым бөлігінің тозығы жеткен, технологиялык схема мұнайдың дүниежүзілік стандартка сәйкес өнделу тереңділігін қамтамасыз ете алмай келеді. Зауыттың негізгі өнімінің 50 проценті кара майдың және томен октанды бензиннің үлесіне тиеді. Ал зауыттың маңдайына өндірісті кайта жаңгырту бакыты тиген жағдайда жылына 6 миллион тонна мұнай өңдеу, қазіргі заманның мотор отыны: жоғары октанды бензин, реактивті отын, метилтректбутил эфирі, пропилен-мономер (химия зауытына арналған шикізаттар), баска да рынокта жоғары бәсекелестік тудыратын өнімдер шығаруға, Батыс Қазақстанды мотор отынымен түгел жабдыктап, одан ауысканын экспортқа жөнелтуге мүмкіндік туар еді. Өттең, қол кыска...

Сонда да болса Владимир Викторовичтщ алған беттен қайткысы жок. Ол шетел инвестициясын тартуға мүдделі. Бірак кандай инвестиция, кімнің инвестициясы? Инвестордың көңілі таза ма, бүкпесі жок па? Тізгінді колға алып алған соң тізе бүктіруге тырыспай ма? Әлеуметтік сала не болады? Бір мақсатқа жұмылған ұжым берекесі шайқалыи кетпес пе екен? Оны ойлантатыны осы.

Иә, осынау бәкене бойлы, елгезек жанның бойында қайнаркөз күш-куаттың, тапкыр шешімдердің мол көзі жатқанына кейде сенгің келмесе де, еріксіз куө болып, ризалык сезімінді іштей қайта- кайта кайталай бересіц. Оның табандылығына, жалғыз кәсіпорны емес, кала мен облыстың саналуан проблемасына жан ауыртып, жанашырлық білдіріп, үнемі кайнаған істің, кейде айтыс-тартыстын, кыскасы үлкен өмірдің ортасынан табылатынын мактан тұтасың. Оның ұрпақ төрбиесіне ерекше мән беріп, зайыбы Тамара Петровнамен бірге сүліктей екі азамат өсіргеніне куанасың. Үлкен ұлы Павел Москва энергетика институтын, кіші ұлы Денис университет төмамдаған.

Владимир Викторовичтің үлкен еңбегі коғамдык міндеттерді аткаруға жүмсалып келеді. Ол облыстық Мәслихат депутаты ретінде еңбекшілер аманатын, олар айтқан ұсыныс-тілектерді сөзсіз орындауға тырысады. Сол үшін алыс-жакын сапарларға шығады, алқалы жиындардың мінберінен ой толғайды. Әйтеуір тынымсыз тірлік! Жай тірлік емес, қыранның самғауына пара-пар тірлік! Өзгелер кызғанбайтындай, қызығатындай тірлік! Өз зауытын өз мактанышындай көретін, бірнеше мыңдаған адамды бір максатка жұмылдырып, сүттей үйыткан, соңына еріте білген, кеудесінде патриотизм мен елге деген сүйіспеншілік оты үзбей маздаган мүндай азаматтың самғау биігінің әлі де жалғаса береріне ешкімнін күмөні болмаса керек. Самғай бер, Владимир Викторович!


Перейти на страницу: