Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Название: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Издательство: | |
Год: | 1997 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 11
Құдайберді екеуін Құнанбай бүгін жібергенде, тапсырған анық сәлемі осы болатын. Осыдан бес күн бұрын туған бөрте ат жайын, атшабар сабалуын Майбасар әдейі жолдан қосып отыр. Сол қылмыстарын ол еске салып, ықтырып алам дегені еді. Құлыншақтар ол ту рада өздерін кінәлі деп санар емес. Тіпті, сол жөнде ызалы болғандыктан атшабарды сабап алып, “Енді бізді көшіріп алсын” деген сәлемді Жігітекке шындап салып отыр. Осы өкпенің сыбысы бүгін ертемен Құнанбайға жеткен соң, ол өз қолтығынан Торғайдай жакын руды жіберуді корлықдеп біліп еді.
Бөжей өлген соң, жаздан бері екі жак сыртпен қақтығыспаса да іштен барды салып, ел тартысып, сілкісіп келе жаткан. Екі жағын бірдей қабындырып, кернеп алған араздық, енді болымсыз бір ілікке жете бере, астан-кестен жарылатын сияқты.
Бөжей барда Токпамбетгегі төбелестен ірі жанжал болған емес. Бірақ содан бері мықтап әзірленіп, Кұнанбайға қарсы майдан беруді Жігітек, Көтібақ, Бөкенші боп катгы ойлаушы еді. Бөжей өлді де, тартыс сырттан қарағанда азырақ іркілгендей болды. Бірак ол сырттан ғана солай. Шындап, ішке келгенде, Бөжейдің өлімі қайта дерт-жараны, тіпті, катгы дамытып жіберді. Өлімнің өзімен де Бөжей Кұнанбайға жауығатын жұрттың шебін тұтастырып, бұрауын қатайтып, шеңберін ширатқан сиякты.
Әсіресе, Бөжейдің үзеңгі жолдастары Байдалы, Байсал, Каратай, Түсіп, Сүйіндіктер ерекше сызданып алған.
Сол кезде Құнанбайдың Құлыншақ аулынан атақты “бөрте атты” сұратканы тап болды. Құлыншақ атты бермеді. Байсал мен Пұшарбай- лар Құлыншақты онашада, құпияда көптен шырғалап тартып, жігін бо- састырып жүрген. Торғай руына Ырғызбай кандай болса, Көтібақ, Байсалдар да сондай жақын.
Бөрте атты баска уақыт болса, Кұнанбайға Құлыншақ берер еді. Бермеске шарасы да болмас еді. Ел таразысын жақсы аңғармайтын Майбасар:
— Бермейді деген не сұмдық? Торғайдан алмасақ, кайратымыз қайсы? Өкпелеп қайда кетуші еді? Кете алатын күші кайсы? — деп, өз- өзінен шабынып кеп жақында бір содырлық істеді. Жаңағы әңгіме соның арты.
Енді, міне, өкпенің бетін біржолата ашып ап, айқын түзеп алған Торғай, бұлардан кетпегін де айтып отыр.
Майбасар көшуден токтатам деп әр түрлі сөз айтты. Құлыншақ көбінше жауап бермей, құр үндемей тартынуға түсіп еді. Жартымды жауап алмағанына ыза болған Майбасар енді Құлыншақтарды бұрынғы кеудеге салып қорқытып, ығырып жібермек болды.
— Уа, Құлыншақ аксакал, көшпесін деген мырзаңның сәлемін айттым. Көшпе деп өзім айтып отырмын. Жеке айттым, арыла айттым. Енді көшпейім деген сертіңді бер, қыскасы! Сонынды естимін де, жүремін! — дегенде, Құлыншақ қатуланып, жалт карап:
— Ендеше, менің де сөзім кыска, Майбасар. Тойдым, болды! Көшемін! — деп бір-ак кесті.
Үй іші бұл сөздің тұсында, тегіс ажырайысып, аңтарыла қарасып қап еді.
Майбасар катгы ажарға мініп, қамшысының сабымен сырмақты соққылап отырып:
— Құтыртып отыр ғой! Барарың кім, білемін! “Пана болуға жараймын, жасқанба" деп отыр ғой! Бірак алып көрсін іргемнен кеп! Қойны- қолтығы кең неме екен ғой Байдалы, Байсал. Ендеше, көк тұкылды, мұздай сүңгіні сол мырзалардың өз етіне қадармын! — деп кдлшылдап кетті.
Көздерінен от шашып, ойнақшыта карап: — Кешегі Токпамбетгегідей, кондарын түріп қойып, жалаңаштап тұрып сазайын беремін! — деді.
Бес қасқанын ең ызақор, оттысы Садырбай еді. Ол ырғала түсіп, катты демікті де:
— Кой, шырак, қой, мырза сол бәледен абырой тапканы аз еді ғой, атамай-ақ койсаңшы! — деді.
Дәл осы кезде касында екі жігіті бар Пүшарбай кеп кірді.
Бұл Пұшарбай былтыр Токпамбетге Бөжейге ара түсем деп, Құнан- байдан таяқ жеген. Бірақ Байсал мен бар Көтібактың Жігітек жағына шығуына себеп болған Пұшарбай. Қалың коңыр сақалды, мол денелі Пұшарбай ол ызасын ұмытпаған болатын.
Осы Пұшарбайлар үйге кеп кірісімен, бес қасқаның бәрі де тегіс қозғалақтап, әлденеге әзірленгендей, қомданып қалысты. Тыста да бөгде кісілердің тықыры білінген сияқты. Жорға Жұмабай ішінен: “Бұ не қылған жүріс? Әлпеттері қалай еді?” деп, Майбасарға қарай беріп еді.
Сырттан бір катты зілді дауыс:
— Уа, үйде кім бар! — деді.
Пұшарбай соған елең етіп, саңқ етіп дауыстап:
— Уа, мен бар! — деді.
Сөйткенде, есіктен Манас бастаған он шақты жігіт асыға-асыға кіріп келді де, төрге қарай тап берді. Бағанадан осы сәтті күткен Садырбай, Мүңсызбайлар және Пұшарбай да Майбасарға тап берді.
Майбасар:
— Тарт! — деп, ақырып кап, отырған бойда қамшы сілтей беріп еді, Садырбай бас салып шалқасынан түсірді де, тізерлеп алды.
Қалған үшеуін өзгелерде бүктей түсті. Атшабар емес сұмдық үлкені енді келді.
Пұшарбай, Садырбай, Мүңсызбайлар боп, Майбасарға мыктап дүре сокты. Өзге жолдастары да соны көре бастап еді. Жалғыз Құдайбердіні ғана Құлыншақ қорғап қап, өз касына сүйреп ап, басын етегімен жауып ұрғызбады. Майбасарды үнсіз сабап жүрген Садырбайлар бір уақытта:
— Тысқа алып шық! Жүр, алып шық! — деп тыска сүйреп шығарды.
Сол уақытта Садырбай айқайлап:
— Бұл жаңа “қоңдарыңды түріп қойып сорлатам” деп серт берген. Байдалы, Байсалға соны істемек болған. Ал мұныкі сөз еді. Кел, біздікі іс болсын! Шеш, сыпыр киімін! — деп тап берді де, Майбасардың етік, шалбарын түгел сыпырып, тырдай жалаңаштап алды. Содан соң сыртынан қойып жіберіп, етпетінен түсіріп, басып жатып:
— Сен не қылмадың осы? Неден астың әлі осы?—деді түйгілеп отырып. — Масқара қып, қор еткенде, былай етейін мен сені! — деп, Майбасарды етпетінен тізерлеп салды да, — Көк сүңгі деп ең ғой! Мә, көк сүңгі! — деп, Майбасардың жалаңаштанып тұрған құйрығының арасына түйенің қатқан құмалағын батырып-батырып жіберді.
— Намысың болса, өл осы қорлықтан, өл осы мазақтан! — деп теуіп қалды.
Құнанбайдың інісі мен баласын осылайша қорлап, сабаған Құлыншақ аулы дәл осы түнде үйлерін жығып, көше жөнелді. Бағана кештен
берлі Манас аркылы хабарланған калын Жігітек, Көтібак бұл ауылдың көші жөнелер кезде, лек-лек болып кеп, қаумалап, кошеметтеп алып кетті. Сол түнде Қарауыл суынып ар жағына шығарып, өздерінің тобына Торғайдың талай аулын косып ап еді.
Майбасарларды тек. көш жөнеліп, ұзап кеткен соң ғана босатқан. Олар аттарын күн шыға тауып, Құнанбай алдына — Жидебайға түске жакын ғана жетті. Құнанбайдың бар ауылдары Жидебайда болатын. Айналасы он шақырымдай Шикорыкта Ырғызбай, Топай, Жуантаяқ, Қараба- тырдың да қалың ауылдары иін тіресе отырған.
“Майбасар мен Құдайбердіні Жігітек сабапты. Қүлыншақ аулын зорлықпен тартып, кошіріп әкетіпті” деген хабар бұл елдерге лезде тарады. Құнанбайдың тығыз берген бұйрығы бойынша, бір шай қайнатым арасында жүз елудей жігіт атқа мінді. Қол басы — Ызғұтгы, Жақып және Құнанбайдың өзі.
Жігітектің көш-конынан хабар алып отырған Құнанбай, дәл түс кезінде мынау әзір тұрған қолға бұйрық етті. Тегіс атка қондырып:
— Шапқан жақсы болса, тартып алған жол болса, көзі көрсін! Шап! Шауып, тиіп алып келіңдер, бұйрық - анау кетіп бара жаткан Жігітек көшін! — деді. Қалың қолын, Мұсакұл жаққа қиыс өтіп бара жаткан бір үлкен көшке карай каптатып жіберді.
Тұтқиылдан тиіскен кол бұл көш кімнің көші екенін анғармаған. Құнанбай да ашумен алды-артын ескермепті. “Әйтеуір, Жігітек көші болса, болды!" деген.
Көш Жігітектікі екені рас болды. Бірақ соның ішіндегі каралы көш, Бөжей көші боп шыкты.
Құнанбай қолды каптатып жіберіп, өзі артта калған. Жасанып шапқан қол көштегі еркектерді сойылдап, бықпырт тигендей кып, қашырып тоздырды да, жылқы, сиыр атаулыны тиіп алды. Бірак дәл көштің өзін ұстап, бұрып әкетпек боп келгенде, Бөжей көші екенін танып, қолдың алдыңғы жағында келе жаткан Ызғұтгы мен Жакып тайкып кетті. Өзге жігіттерін де тигізбеді. Тұл атты жетектеген қос кыз міз бакпай дауыс айтып тарта берді. Бөжейдің бәйбішесі ғана атының басын іркіп, түйелерін тоқтатып тұрып:
— Уай, қара бет! Көріңде өкір шетіңнен, каралы көшке шапқан қара бет! — деді.
“Бөжей көші” екенін Құнанбай білісімен:
— Ендеше, көшті шаппаңдар! Бірақ сол тұрған жерге қонсын, ілгері баспасын! — деді.
Бөжей көші іркіліп иірілді де, Мұсакұлға қонып калды. Құнанбай колы кайта серпілді.
“Бөжейдің каралы көшіне шауыпты! Өлі аруақты да қорлапты!” деген хабар осы күні ана жактын барлық ауылдарына тарады. Көштен бастап, түн бойы барлық еркек кіндікті аспап сайлап, атқа қонды. Жасақтың жиылатын ортасы Мұсакұл, дәл сол Бөжей аулының үсті. Құнанбайға карсы белдесуге шыдап, қол жиғызып отырған Байдалы, Байсал болды. Осы түнде Құнанбай қолы да дамылсыз ағылып кеп, Жидебайға жиылып жатты. Мұсакұл, Жидебай арасы үш-акшакырым. Осы екі корык
үлкен майданның орны болуға айналды. Құнанбай жакын маңдағы ру- лардан баска, Қыдыр мен Шұнай, Доғалаң сиякты тауларды мекен еткен Тоғалак, Әнет, Бәкенді де шақыртып, кос-кос атпен шапқыншылар үшырткан.
Байдалы, Байсал болса, Жігітек, Көтібақ, Бөкеншіні түгел атқа мінгізумен қабат, Қаратайдың елі Көкшеге де. одан арғы бір калың ру — Мырза. Мамайға да кісі шаптырған. Жасағына бұл шақырғалы Тобықты ішінде алыстап барып туысатын ағайын. Тобықтыдан бірер ата бері “Қоңыр” деген шеше ұранын шақырғанда барып, мыналармен туысушы еді.
Байдалының бір қамы осы болса, екінші үлкен ісі дәл осы түнде Түсіпті Қарқаралыға жөнелту болды. Қасына бес жігіт қосып, қалталарына қалыңдап ақша салды. Қос-косардан сәйгүліктер жетектеп, әсіресе, өз руларының мөр иесі адамдарына мөрлерін бастырып, отыздан аса “пірғауар” жасатып, Құнанбай үстінен мықты шағым сайлатып берді.
Осының бәрін тығыз әзірлетіп, Құнанбайды: “Ел бүлдірді, қаралы көшті шапты. Тобықтыны қалын соғыс қырғынға салып отыр!” дегізіп көзеп берді де. Түсіпті жедел жөнелтті.
Байдалы міндеті — енді не де болса, кайыспай қасарысу, кайтпай соғысу.
Тан атысымен Құнанбайдың Жидебайға жиылған қалың қолы атой беріп, жүйткіп жосып, шандата шапты. Бұл қолдың молдығы ерсі екен.
Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер де аттарына лезде мініп, өз қолдарына ұран салды.
Бұл жақта қамсыз емес. Ат белдеуде, сойыл, шоқпар әзір болатын. Құнанбай қолына қарсы бұлар да жасқанбай, таймай шапты.
Екі жак шаңдатып шулап, сойыл, найзаларын зор айдынмен көтерісіп, бетпе-бет шабысып келді де, жапыр-жұпыр бір-бір араласып, шарт-шарт ұрысып өтті.
“Мұсақүл соғысы” деп ат алып, кейін Тобықтының талай заман есінен кетпейтін осы соғыс екі жақтан ең кемінде, мың-мыңнан әскер шығарды. Кісіге ден болмаған Құнанбай жағы талай рет қаптаса да тойтарылып, кайта кайтып тұр. Әрбір шабуылдағы қақтығыста, оннан, бес- тен құлап түскен жаралыларды екі жақ жиып әкетіседі.
Алғашқы күн көп қаржасса да, жеңісе алмаған қолдар кешке жакын кейін-кейін шегіністі.
Келесі күн, тағы осындай, бірін-бірі қашыра алмаған, жеңісе алмаған шарпысумен өтті.
Көптен бүйтіп насырға шауып көрмеген үлкен жойқын соғыс үшінші күнге карай кетіп еді. Дәл осы күннің түс кезінде Құнанбай жүз елудей атпал азаматқа ең жүйрік аттарды мінгізіп, қолдарына тегіс сойылдарын тастатып, айбалта, найза бергізді. Екі күндей жеңгізбеген Жігітек-: ке қаны қайнап, өшігіп, өршеленіп алған. Енді кан шығара соқтықпақ болды. Қолы катгы, кегі күшті Құнанбай жеңгенде осымен жеңбек.
Әуелі сойыл, шоқпарлы кісілерін күндегідей жіберіп, әдейі каша ұрыс салдырып тұрды. Ана жақтың өлермендерін екілендіріп, қоздырып алмақ.
Айтқандай, Жігітек Көтібактан екшеліп шығып, екпіндей қуатын айнымас топтар айқынданып калды. Оның басы Балағаз, Құлыншақтың “бес каскасы”. Көтібактан Пұшарбай, Қареке дегендер. Осылар бір рет Құнанбай тұрған төбеге таман аса басымдап, етпеттеп келген кезде бағанадан тасада ұстап тұрған ірікті тобын Құнанбай каптатып кеп қосып жіберді. Өзі де шауып еді.
Айбалталы, найзалы топтың басы ер Ызғұтты болатын. Бұлар араласты да, Жігітек жағын еріксіз қашырып, бастыра жөнелді. Қуа соғысқанда он шакты жігітті шаншып түсірді. Ызғүггы өз колындағы айбалтамен Пұшарбайды кезей қуып еді. Арадан қорғамақ болған Қареке кеп киліккенде, Ызғұтты соны құлаштап кеп, бастан шапты. Жасканып калған Қарекенің дәл басына айбалта тимеді, бірақ мұрнын шауып түсті. Омырауының бәрін ағыл-тегіл кан жапкан Қареке Пұшарбайдын көз алдында шауып келе жатып, жұмарлана құлады. Жігітектер күткара да алмады. Жасқанып каша берді. Жау қаштының алды осы. Құнанбай енді бастырып омыраулап, “Бар Жігітек қолын кашырамын" деп, екпіндеп келе жатыр.
Бірақ дал осы кезде Жігітек қолының арт жағындағы Ақадыр жақтан калың буддк шаң шыкты. Шаң гана емес, адырдың күлай берісінен селдей қаптап, жосытып келе жаткан калың кол екен.
Алдында “Жігітек Қоңырға кісі шаптырыпты. Мамай көп жасағымен келеді деп дәмеленіп тұр!” деген сыбысты Құнанбай жағы бір жансыздан есіткен-ді. Мамай келсе, Жігітек жағы басымдап кеткелі тұр. Бүгінгі күннің үлкен каупі сол. Жаңа ғана Құнанбай айласы іске асып, жауды жапыра бергенде, мына Мамайдың қолы көрініп калғаны, қуғыншылардың жүрегін катты шайлыктырды. Ызғүтгылар еріксіз іркіліп тартына берді. Өйткені, анау таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес жүзден кем емес.
Құнанбай қолы тоқтап қалды. Тоқтасымен кейін сырғи берді. Бірақ бұған орай, Жігітек те өршеленіп, қайта кумады.
Қызып соғысатын кезде екі жақ жай ғана айрылысты. Құнанбай бұл күні катты алданғанын білген жоқ. Білсе, ол жаңағы қаптаған бетінде Жігітекті жеңетін еді.
Үшінші күнгі соғыста, Құнанбай тәсіл ойлаған кезде, Байдалы да бір есеп тапқан. Осы үшінші күнді ол да жеңіс күніне айналдырам деп ойлаған. Сонымен бір жақтан “Қоңыр келеді!” деген дақпыртты таратып жатып, екіншіден, өздерінің жақын ауылдарының барлық түйесін жиғы- зып ап, қырғын соғыс үстінде, Акадырдан катты кудырып, кұлата айдат- кан болатын. Жаңағы Құнанбай жағын тайсалдырған қалың сел, кол емес, сол түйелер екен.
Оны білген Құнанбай жок. Қатты шабуылдан Құнанбайлардың өздері іркіліп кайтқан соң, оларды кайта кууға Жігітек қолында найза, айбалта аз болған соң, Байдалы өз кісілерін арандатпады.
Сонымен үшінші күннің кешінде “Мұсакұл соғысы” аяқталды. Аяқтағанда, Құнанбай жеңе алмай, Жігітек болса қарсыласуға, белдесуге әбден жарайтынын көрсетіп аяқтады. Қол қимылы үнемі ем болмайты- ны көрінді. Қарсысына шыққан елдің мыкты шебінен Құнанбайдың жүрегі шайлығып калды.
Жұлысқан майдан тарқады. Бірақ екі жақтың да гуілдеген сөздер, дақпырт-лақабы, қызу кенее, ұзак әңгімелері “лау-лау” етіп, атыраптың баршасына тарап жатты.
Дәл соғыстың басшылары — Жігітек пен Құнанбай жағын алғанда, Байдалылар басымдай сөйлеп, шокгыктанып қалғандай. Құнанбай айналасы көбінше үнсіз. Суық ашумен томсарып, томырылған тәрізді. Осының өзі де бұл жактын ойдағысы болмағанына айғақ.
Ендігі істің айласы не? Тулап шығып, шаншып алыскан елді қалай бағындырмақ керек? Құнанбай осы ойлардың соңында.
Арада он күн өтті. Қимылсыз, қарекетсіз жым-жырт он күн. Ана жақ: “Құнанбайдың тауы шағылды, тауаны қайтты” деп, масайрап, жа- мырасып жатыр. Бір-біріне қонаққа барысу, “ақсарбас, көкқасқа” айтысып баталасу, тамырласып достасу көп. Тіпті, осы қосылысқан қуаныш үстінде, біреумен біреу құда болысу да көбейе бастаған.
Жігітек жағының бұл қуанышы текке кетпеді. Түсіптің кеткеніне оныншы күн болды дегенде, Тобықты ішіне, дәл Құнанбай аулына Қарқаралыдан он бес казак-орыс кеп түсті. Солар Құнанбай аулына келгенде, Түсіп те Жігітек ішіне жетті. Ап-анық соның арызымен Құнанбайды тергеуге шыққан үлык, жаңағыдай қарулы қолмен кепті.
Келген әскердің басы Чернов деген шенеунік. Қаркаралыдағы Майырдың тапсыруы бойынша, көрпістен келген осы шенеунік өзі шығыпты.
Ұлыққа арнап Жидебай, Мұсақұлдын екі арасында он шакты үй тігілді.
Сол ұлық үш күн жатып, тергеу жүргізді. Келген бетген-ақ сұғын кадағаны Құнанбай. Ашып айтпаса да, бұның ажары Құнанбайды аға сұлтан деп қарамайды. Енді тергелуші айыпкер деп бағалағандай. Ыңғай солай екенін ұккан соң, Жігітек, Бөкенші, Борсақ, Көтібак — баршасы да Құнанбай үстінен шағым айта бастады.
“Еруліге қарулы” етіп, Құнанбай жағы да, анау елдердің басты адамдарын кінәлап: “Кісі өлтірді! Ауыл шапты, жер өртеді, буаз қатынның баласын түсірді!” деп, неше алуан ойдан шығарған сұмдық жалаларды жауып жатты. “Сол тентектермен алыскан Құнанбай ондайлық бүлік елдер кезінде қылмысты атанды, жау атанды” деп, Кұнанбайды қиялап кеп ақтап жатты.
Ұлық бұл арада байлау жасаған жоқ. Екі жактын арыздарын тыңдап, тізіп алды да, үшінші күн кешке Құнанбайға:
— Қарқаралыға бізбен бірге ертең ерте жүресің, қамдан, — деді.
Бұл—анық жаман белгі. Құнанбай ұлықтан қайтысымен, осы түнде өзіне тән жақыннан он кісіні шақырып, кеңес кұрды.
Бұл жиында Ызғүтты, Жакып, Майбасар сияқты үлкендер және баладан Құдайберді, Абай бар.
Кеңесті Құнанбай өзі жетелей, алда тұрған үлкен қауіпті айтты. Бірен-саран, Ырсай сиякты босаң қарттар жылайын деп еді, Құнанбай зекіп:
— Көрсетпе, түге, көз жасыңды! Қолыңнан келер болса, ақыл қос! Көмек айт! — деді.
Бұл жиында шешендік сап, келелі сөз сөйлейтін орын жоқ. Тек байлау айтып, іс қамын ойлау қажет.
Соның өзінде де мынау өңшең тоғышар, боркемік ағайын жол нұсқап, жөн көрсете алмай іркіліп отыр. Көбінің осындай аңғарын таныған Құнанбай ендігі ақылды өзі айтып:
— Іс ұлықтың тергеуіне кетеді. Ендігі бәле қағазда. Қағаз деген абырой, атақ, бақ, беделге қарай ма? Шамаларың келсе, ана жақтың арызын тый. Барды салып, соны тоқтатып көріндер. Артымнан арыз бармасын’ — деді.
Мұның айласы не болатынын да мынау бұйығы, көрбала ағайын таба алатын емес. Шешілген кісі шыға алмады.
Абай әке қасындағы бұл топтың қысталанда соншалық татымсыз екенін дәл осы кеште анық көрді.
Ақыл айтып, мәслихат беруден бұрын тартынып келсе де, қазір Абай ойдағысын айтпақ болды.
— Арыз бармас үшін, жауығып отырған ағайынның көңілін табу керек қой!
Құнанбай бұған суық карады, жақтырмады.
— Аяғына жығыл деймісің?
— Жоқ. Бірак алғанды кайта орайлап, есесін түгендеу керек. Сонымен көңілін тауып тоқтатпаса, арызды тоқтатар басқа шара жоқ!
Құнанбай мұның сөзінің төркінін ұкты да, өзгелер не дер екен дегендей, үндемей тосып қалды.
Абай ақылы басқаларға да конғандай болды. Бәрі де күмілжіп, жа- ғалатып сөйлеп отырып, осыған соға берді.
Анықтап айтқан Ызғұтгы ғана:
— Жігітектің де, Бөкенші, Көтібақгың да өксігі жер ғой. Қыстау , ғой. Сол жөнде еселесіп тоқтау тауып көреміз де, қайтеміз!
Таратып, көп айтуға келетін сөз емес, бастан-аяқ мәнін ойласа, бұл өзі Жігітектен кешірім сұраған сөз. Қыскасы, соған барды беріп, жалыну деген сөз. Құнанбай қорланып, күйіп отырса да, осыған көнетін болды.
— Жермен, малмен тынатын көңілі болса, жесін де тынсын! Қор қылып, итшілеген өмір ғой! — деп тоқырап калды.
Осымен көпті таратып жіберді де, Жақып пен Майбасар, Ызғұтгы- ны ғана оңаша алып калып, ендігі дәнекер болатын кісілерді айтты.
Жауға жалынбақ оңай емес, Байдалының өздеріне тура бара ма? Ол кішірейген үстіне, ерекше бататын қорлық. Бірақ мынау ақыл таппас ағайын, соған да барып қалуға болады.
Сол жағын ескерген Құнанбай араға жүретін кісілерді атап берді... Бұның бірі — Тоғалақ ішіндегі мықты, жас Байғұлақ. Екіншісі — Құнан- байға араз болса да, кеше Жігітектің жасағына келмей қалған Көкше — Қаратай. Ара ағайын деп осы екеуін алу керек. Байдалыға соларды салу қажет. Байлау осы болды.
Тегінде, бұл екеуінің киыны Қаратай еді. Оның Құнанбайға дос боп жүріп, катгы өкпелеп кеткені бар. Сол Қаратайға айт деп, Құнанбай бір сәлем жолдады. Сәлемі:
— Өлмесек әлі талай көрісерміз. Тіріге тірінің ісі түсетін күндер болар. Көрісуге күн жақсы болсын’ Айтарым сол-ак, — деген.
Келесі күн Құнанбай ауыл, ауданымен, бала-шағаларымен үндемей көрісті де, ұлықтарға еріп, атка мінді. Қасына ерткен бес жігіті бар. Соның ішіндегі ең сенімдісі — Мырзахан. Бұл бала күннен Құнанбайдың жігіті боп, қабысып кеткен адам. Аянар жаны жок. Тұкымы Ескене деген алыс ру болса да, кысталанда Құнанбайдың анык сенетін жігіті осы.
Құнанбай ел ішінен жүріп кеггі. Ұлықтар да тегіс кеггі. Бірақ кешегі осы елдің ұлығы болған аға сұлтанға, енді не істейтінін айтпай кеггі. Түсіре ме, тіпті, орнында қалдыра ма? Онысын да сездірген жок, Байда- лылар барын салып, тым құрыса, осы жағын білмек еді.
Бірақ, әйтеуір, кеше ел шауып ығыр ғып отырған Құнанбай өз ықтиярынсыз дуанға шақыртылып кетіп отыр. Соғысқан, белдескен күнінде жеңе алмай калғаны тағы бар.
Осының өзі де Жігітек, Бөкеншіні катты куанткан. Қазіргі күндер — ол рулардың үсті наурыз күніндей мөре-сәре. Айтшыласкан елдей ойнақ салу, бала-шаға емес, үлкендердің өздеріне де пайда болды.
Бірлесіп карсылық көрсеткен үш ру ел біржолата койындасып, құшақтаса араласып жатыр.
Осымен қатар: “Құнанбайды елге қайтартпаймыз, айдатамыз, үстінен арызды айдап, су түбіне біржолата кетіреміз, Бөжей кегін аламыз! Өлі аруақ карғысын мұның басына жеткіземіз!” деген ызғар, қайрат та күшті. Арыз, піргауарларын камдатып, тағы сол Түсіпті жөнелтпек болысып та жаткан.
Бірақ осы кезде Қаратай, Байғұлак кел килікті. Арлы-берлі көп ырғап, көп кажап кеп, арыз дегенді тоқтаттыратын болды. Жігітек сөзінің иесі Байдалы еді.
Қаратай соған ауыр салмақ салып, асылып кеп:
— Тынбаймын дегенді мақұлдамаймыз. Ара ағайын біз келіп отырмыз. Бұл тынымсыздык Құнанбайды өкіндіріп отыр, әнекей! Одан жер ал! Есесі кетіп ойсырап калған елдеріңнің қызылын толтыр! — деген.
Осы сөздер екі-үш күнге созылып, көп ырғаққа түсіп жүрді де, акы- ры сол Қаратайдың дегені болды.
Байдалы бірак жер жағынан ойдағысын бұйырды. Құнанбайдыңон жыл бойында, тірнектеп жүріп, тартып алған жерлерінен дәл он бес қыстау кайтып алды. Жігітек, Көтібақ, Бөкенші, Торғай — бәрі де, әлденеше қоныс, кыстаулардан алысты. Алғанмен сол төрт рудың ру басылары және малды, жуан ауылдары алатын кыстаулар боп шықты. “Көптің дерті, көптің жоғы” деген “мұның” бәрі, тоқырау жерде сол Байдалы, Байсал, Сүйіндіктердің өздерінің қыстау басуымен аяқталған. Оған орай көпті малмен, сойыспен, ат майы және тайынша-торпак, соғыммен ырзалаған болысты. Бүл ретте берілетін мал-мүлікті Ырғызбай түгел бөлісіп көтерген.
Құнанбай кеткен соң, он шақты күн өткенде, бұндағы елдің арасы осылай боп, өзінше тыныштана бастады да, арттан куа кеткен арыз болмады. Қыстау алып, мал алған ру басылар енді елдеріне осы жеңістерінің өзін де қуаныш деп кайта таратты, мол таратты. Арада тағы да әлденеше көкқасқа айтып, күндіз-түн көл-көсір қып мал сойып, қалжыңға, күлкі- айғайға, ән, жырға бөленіп, ұзақ қызық көріп жалы.
3
Үрыс-кағыс басылып, тіршілік сабасына келгелі жұрт Жидебай, Мұсакұл сиякты кыстаулардан кетіп, ойға карай ілгерілеп, көшіп келе жатқан.
Әр ру, әр ауыл озді-өз күзектеріне қонып жатыр. Жайлаудай, қыс- таудай емес, енді тарап қонысатын болған. Бұл кезде, оқта-текте болмаса, калын ауылдар азырақ кездеседі.
Құнанбай ауылдары да бір-бірінен шанжау-шанжау болатын. Тобықтының кең өріс, мол лала, көп адырлары осы “Бауыр” деген күзекте. Күзектің ак от, қара отын қыс түспей малға жақсылап жегізіп, тойынта түсу үшін ауыл-ауылдар шашырай қонғанды тілейді.
Зереніңаулы биылғы күзекке жылдағыдай ұзап кетпеді. Жидебай- дан үш көшіп, Есембайға жетті де, “күземді осында алып, қыстауға ерте кайтамыз” деп, жұрттың бәрінен кейіндеп қалған.
Биылғы күз аса салқын. Қара суық желі де, бұлыңғыр жауыны да ерте иектеп, мезгілсіз бүрсеңдетіп тұр. Қыс ызғары ерте білінетін болса, қыстауға жакын отырған артық. Үлжан көрі енесі мен балаларының жайын ойлап, әдейі осылай тартынып қалған. Қастарында көрші елден үш қана шағын ауыл бар.
Абай әкесі кеткелі үйден шыққан жоқ. Бірақ Жігітек жағының желігін, асыр-сауығын, мәз-мерекесін естіп жүрген. Ырғызбай жағынан тиген он бес қыстауды азулы мықтылар басқанын бір есітті. Артынан тапя да сол жуандардың өздері, ішінара әлі ұғыса алмай, енді бірінен-бірі кызға- нысып, қырбайласып қалып жүр дегенді де есіткен. Бұндай хабарларға Абай бір түрлі сыншы үлкен жанша қарап, наразы боп күлуші еді. Бөжей намысын қуғандары шын болса, ол намыс, ол ар деген нәрселер оңай ма еді?
Сондай кірсіз, шетін, ақ нәрсені жермен, қыстаумен емдеуге бола ма екен? “Ел жылады... Елдің белі талды. Көп қысылды” дегендері кәне? Абай осыны да көп ойлап, аса бір қиналып, қысылушы еді. Ақыры ол шерудің барлығы осы адамдардың өз жемсауын тойдырса, тыпа-тыныш басыла калады екен.
Осындайларды казып ойлап, Абай осы күзде бар үлкенінің шама- шаркын танып алды. Таныған сайын басын шайқап, қыжалданып қояды. Көбінесе, тани тыңдап, мысқыл ете күледі. Сол себепті: “Жігітек масайрап, шат-шадыман боп жатыр. Біз мырзаның артында жабырқап, уайым ойлап отырғанда, олар сүйсініп, ойнақ сап жатыр!” деп Ырғызбай кісілері қорланған уақытта, кіжініп, күйген уақытта да Абай оншалық шіміркенбейтін. Әсіресе, күйік шегіп, кызғанбайды.
Көбінше үндемей, езу тарта береді. Осындай бір оқ өтпес сауыт тауып кигендей. Көптен бөлек, өзінше оқшау, қатаң өсіп келе жатқан тәрізді.
Соңғы күндер көбінше домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді. Бүгін кеште де ат үстінде біраз жүріп кеп, шешелерінің үйіне кіріп, Ғабитхан, Тәкежан, Оспан және бірнеше малшылар отырған уақытта домбыраны қолға алды. Ширақ тартып отырып, бір кезде аса бір өткір мысқылы бар, кызықөлең айтып шықты.
Сөзі ұнап калды, білем. Ұлжан: “Бұл кімнің өлеңі екен өзі?” деп еді. Абай жай, шындап кана:
— Байкөкшенікі! Сол айтыпты! — деді.
Өлең Байкөкшенікі емес, өзінікі болатын.
Осы күз бойы, әсіресе, кыс гүсіп, Жидебайға тамға орныккан соң. Абай домбыраға катгы зер салды. Біткенбай домбырашы, Тәттімбет домбырашы деген атакты күйшілердің тартысына салып, бұған домбыра үйрететін кәрі күйшілер табылды.
Бір жағынан домбыра үйрене жүріп, Абай осы кездерде Байкөкше айтты деген әлденеше мыскыл, әзіл өлеңдер естіртіп койып жүрді. Қыстауға келісімен, Ғабитхан молда Оспан мен Смағұлды кайта жиып оқу бастаған.
Абай солар касында үзак отырып, кітап оқиды. Кейде Бабыр, Науаи, Аллаяр сияқтыларды оқып-окып кеп, өзі де қағаз, қарындаш алып, со- ларша бірлемелер жазып кетеді.
“Ғашық оты, мағшука” деген сарындар жетектей береді. Өзі әлі өмірінде сол көп естіген мағшукамен жүздесіп, тіл қатысып, ләззат алысып көрмесе де, көңілмен аса нәзік сезініп, дем тартады. Ұмьптырмай, айықпай, лебі тартып жаткан бір ыстық жан бар. Ол — араздық, жаулық ар жағында. Кешегі төбелес, алыс-жұлыс атаулының ор, жырасының ар жағында калып қойған, алыстап тұрған — Тоғжан. Соны көп-көп еске алады. Биылғы кыс бойында кағазға жазған азды-көпті өлеңінің бәрін, корғаншақ, батылсыз жүрекпен соған арнайды. Осы кыста: “Әлиф деп ай юзіңе ғибрат еттім” деген бір кітапша сыпайы жыр жазды. “Ак етің аппак екен атқан таңдай" деген өлеңін енді түгел аяқтады. Кейде Тәкежан, Ғабитхандарға домбыраға қосылып, әндетіп айтып беретін де болды.
Оқта-текте үйден шықса, Абай қара ауыз сары тазыны ертіп, қоян куатын.
Бірер рет Шыңғыска, Қарашокыға барып, Күнкенің аулында жатып, Құдайберді деген ағасының касында болды. Құдайберді ерте үйленген. Осы кыста оның үшінші ұлы туыпты.
Күнкенің аулы Құнанбай турасынан ертерек хабарланып тұрады. Бұрын аға сұлтанның кеңсесі орнаған жер осы бәйбішенің аулы болатын.
Шыңғыстың бөктерімен, бір кабат ішінде қыстап отыратын Ырғызбай да, өзге калың ел де молырақ. Хабар-ошар көп болатын себебі де сол.
Әке хабарын үй іші сұрастыра бергенде, Абай әдейі осында келіп, әр нәрсені есітіп қайтатын. Бірак сол хабар үшін келумен бірге, Абай Күнкенің әр алуан, жайсыз мінезін де көруші еді.
Құнанбай кеткелі Күнке Ұлжанға кінә таққыштап, Абайдың көзінше де әр түрлі сөздер айтады. Соның үлкені:
— Мырзаның жайы не? Не күйде жүр? Оны ойлап Ұлжан қысылмайды ғой. Қысылса, ағайынды, елді жиып үлкен үйді мырза бардағыдай кан базар ғып отырмас па еді? Көшсе, жұрттан оқшау көшеді. Қаласа, Жидебайда жалғыз ауыл қалады. Арттағы елге ұйткы боп, асын беріп, ерінің тілеуін тілетіп отырғанның орнына, өз тыныштығын сүйеді. Бар
елдің күтімі де, шығыны да бізде. Тауқымет біздің мойында’ — деп жазғыратын.
Үлжанның атқамінер атаулыны өз аулына жия бермейтіні рас. Шынғыста, қалың ел ортасында болғандыктан, Күнкенің казан асысы, қонақ шоғыры мол екені де рас.
Қазір бұл үйдің сойысы Үлжан үйінен көп болғанға Күнке, әсіресе, күйінеді. Ол да күндестіктің, бәсекенің бір қиын, шытырман жері болатын.
Мал амалсыз сойылып, жиі шығындап жатыр. Сол шығын өскен сайын іші ауырып, ен акыры, осы кездерде Үлжанды абысын-ажынға да, ағайын-жақын, үлкенге де, тіпті, бала-шағаға да жамандай бергіш боп еді.
Абай бұл шешесімен дауласпайды. Айтқанын үндемей, салқын ғана тыңдайды да, сол арада ұмытуға тырысады. Өйткені, шешесі Күнке айтқанды, оның баласы Құдайберді айтпайды. Ол әрқашан Абай келгенде қуанып қарсы алып, аса қатты бауыр тартады.
Күнкенің сөздерін Абай өз шешесіне де жеткізген емес. Бірак Қара- шокыға барып кайтқан сайын, үйдің оңашасын тауып, әжесіне айтып, сонымен ақылдасатын. Әжесі Күнке сөздерін тындап-тындап кеп:
— Елеме, ол сөзді’ Қай үйдің кай жөнмен жүретінін сол білетін шығар. Күндестік деген сұм мінездің ызғары ғой! Күнке мен Айғыздан сондай бықсық шықпай жүре ме? Шешеңе айтпай-ак қой, өзім тыямын! — деген.
Айтканыңдай, Зере бір күні Ызғұтгыны шақырып ап, Күнкеге әдейі жұмсап, жаңағындай сөздерден тыйылсын деген. “Одан да үндемей шыдап, байының елі-жұртын, қонак-қопсысын сыр бермей, сыпсындамай күтсін” деді.
Құнанбайдың ауылдары мен ағайынының жолаушыны күтуі ұзаққа созылды. Бұл жақтан алған он бес қыстауға Байдалы, Байсалдар таласа, кырбайласа жүріп, әлдеқашан қонып алған. Күз белгісіз өтті. Қыстың да тең жартысы ауып барады. Құнанбай кайтпай жатыр. Тек ай сайын ғана касындағы жігіттерін кезек-кезек жіберіп мал алғызады. Үйлеріне әр шаруаның жөнінен сәлем айтады. Амандығын білдіреді.
Өз ісінен анық берген хабары — барысымен, аға сұлтандық орнынан түсіпті. Енді соның арты оңай айыға ма? Тексерумен дуан жібермей жатыр деп, қысқа ғана белгі береді.
Анығында, Қарқаралыға жаңа аға сұлтан сайланған. Ол — бұрын бір болып түсіп калған Бөкей төренің нәсілі Құсбек. Бұл кайта болысымен, Құнанбайға жақсы қараған жок. Өткен сайлаудан қалған кегі бар. Және, тегінде, Баймұрын арқылы Бөжей жағын ұстанып келген кісі.
Аға сұлтандар ауысса да, Майыр ауыспаған. Ол да Құнанбайға оң қарамаған кісінің бірі болатын. Осы екеуі Құнанбай ісін күзден бері созып, астыртын шолақ қағаздармен бірге Омбыға, көрпіске беттетіп жаткан. Тергеуді Құнанбайдың өзіне білдірмей, солай ауыстырмақ. Олай әкетсе, Құнанбайдын айдалуы да ғажап емес.
Осы жайын бірер айда анық сезген Құнанбай Қарқаралыдағы жанашыры Алшынбай сияқты кісілерді іске қосты.
Араға Алшынбай кіріскен сон, істің бетін Құсбек жеңілге саймак боп. босаңси бастады. Бірақ кетіп қалған азын-аулақ қағаз бар. Омбыдан келген шенеунік пен көмейі кең Майыр бар. Осылардың бабын табуды Алшынбайдың өзіне тапсырған. Бұның арты ақша, пара, үлкен-үлкен жем деген соз. Қыс түсіп, мал арзандады. Семізін елден алғызуға жер мойны қашық. Құнанбай да, Алшынбай да ақшадан қысылды. Сол кезде қыстың орта тұсына жақындағанда, Семейдің үлкен саудагері Тінібек бай Қарқаралыға келді. Көп жәшікке тең-тең кып бұл тиеп келген. Қарқаралы халқының барлық соғым терісін бір өзі баурап, жиып алғызбақка келіпті.
Тінібек Құнанбай мен Алшынбайды ел-елдің ішіндегі өз саудасына керек, мықты тірек деп санайтын. Несиеге бұл беріп, қойын — торпақ, торпағын өгіз ғып, қызыл елтірісін құнан қой қын елден жиып алу үшін, бұл саудагер сол елдің жуандарына сүйенбекке керек. Тартып та, қорқытып та алып беретін солар. Құнанбайға осы ретпен бейімдеуден баска, былтыр Семейде Тінібек құда болайық, жақындасайық деп те бір колка салған.
Ол кезде Құнанбай қаланың саудагеріне кыз беруді намыс көрді. Жұрттың: “Аталы жерге бермеді, бұлға берді” деген өсегі болар деп те қорықты. Жарытып жауап бермей, құр дәмелендіріп қана кеткен.
Қазір ақшадан қысылған Құнанбайға Тінібек сол сөзін кайта салды. Алшынбай араға жүріп, екі жағын құда қылды. Құнанбай Мәкіш деген қызын Тінібектің баласына атастыратын болды.
Осыдан соң ақша сандығының аузы ашылып, Майырдың топсасы да босай бастаған.
“Омбыдан келген Чернов деген шенеунік қиын бола ма, сол алмай жүре ме?” деп, Құнанбай күдік қып еді.
Алшынбай мен Қаска тілмаш екі кеш оңаша айналдырып, қонақ қылды да, жаксы хабар әкелді. Алшынбай күліп келіп:
— Күзден бері осыны бір қанды каклан көріп жүр ем. Тілеуің бергір, құлқын осынікі екен ғой. Көзді жұмып қылғи беретінніңөзі осы боп шықты. Тіпті, талғар да, таңдар да емес. Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді, қыл-қыбырды қоса жұтқызсаң да е-е дер емес! — деген.
Сонымен, Құнанбай ісі пара арқылы ұшталып болды да, ем-дем істеліп жетіп, енді қағаз атаулының тоқталып жойылуы ғана қалып еді. Дәл осы кезде Омбыдан бұйрық сап еткен-ді. Бұрын жіберілген болымсыз қағаздар жөнімен көрпіс Құнанбайды және оның барлық “жұмысын” Омбыға әкел деп Майырға бұйырыпты.
Қарқаралының пара жеп қойған бұл ұлығы енді катты қысылды. Құнанбайдың Омбыға жүруі даусыз болды. Осы ортада Құнанбай өз аулына тағы да кісі шаптырған. Ел іші Құнанбай Омбыға кетеді екен дегенді естігенде айдалды, жазаланды деп түсінді. Жігітек, Бөкеншілер: “Құнанбай кесіліп кетіпті. Итжеккенге барады” деп бір сөйлеп: “Жок, Тескентауға, Темірхан шораға кетеді” деп бір лаулап, неше саққа мінгізіп жатты.
Құнанбай дәл өзінің үйлеріне және, әсіресе, шешесіне сәлем айтып: “Қорықпасын! Бір сапар барып кайтсам да, түбі кайыр болар!” деген.
Жалғыз-ақ, Құнанбай не десе де, осы хабардан соң, Зеренің күрсінуі күшейді. Үндемес уайымы, ұзақ намазы көбейді. “Жалғыз... жалғыз-ақ
еді сорлы...” деп, кейде намаз арасында байқамай, “күбір” етіп дауыстап сөйлеп те кояды.
Алшынбай, Майыр, Чернов және Тінібек төртеуі Омбы бұйрығы келген соң, ең әуелі Құнанбайды сол Омбыға жөнелту кажет деп тапты.
“Жібердік" деп Омбыға “үкілі почта” жөнелтіп, Майыр өзі де қағаздарды алып іЛесе шықпақ. Содан арғысының есебі жолда табылмақ. Жолдан қалса Омбының өзінде бітпек. Қалай да осы Майыр өзі барып, құтқарып қайтпақка серт етті.
Сонымен, Құнанбай жүріп кетті. Көлігін, жылы шанасын, жол азығын, қос аттарын шетінен ортан қолдай қып сайлап алды. Қойын- конышка ақшаны да сыкап алды. Құнанбай қасына үш жігіт ертіп, тартып кетті.
Бірақ не дегенмен Омбыға қарай беттегелі Құнанбай көңілінде күдік көп. Әсіресе, діні бөлек, сыры бөлек Майыр ғой деп, параны көп алса да, көп уәде берсе де, сол Майырдың өзіне сенбейтін. Дәл кетерінде Алшынбай мен Тінібекке:
— Соған, сол жағына уақып болыңдар. Әбден барды айтысып, ашық айтысып арылыңдар да. менің артымнан шапқыншы жіберіп, хабар етің- дер!—деген.
Бұл уәде бойынша Алшынбайдын пысық жігіті Көккөз дәл үшінші күні Құнанбайды куып жетті. Күн аяз болғанмен, ашық, жалтыр еді. Шапқыншы қос атпен салт қуып келіпті. Екі құла айғырдың калың жалдары төгіліп, ұзын кекіл мен күлте құйрық—бәрі де қырауьгтып, шаңыта түсіп көпсіп тұр. Бауыр мен жондарынан бу бұрқырайды. Қап-қара тер басыпты. Қатты шабылған екен.
Көккөз Құнанбайды шанадан өзі түсіріп, қолтықтап оқшау шығарып алдыда, көп күбірлесіп, бар сәлемді айтып берді. Аздан соң бұл жігіт оң сапарды көп-көп тілеп қала беріп, Құнанбайдың жүрдек тройкасы тағы да тарта жөнелді.
Қасындағы Мырзаханға Құнанбайдың жалғыз айтқаны:
— Майырды Керекуде тосыңдар! Тосып алып, содан әрі бірге тартыңдар! — деді.
— Өзі, әйтеуір, азбай ма екен? — деп, Мырзахан қадалып еді.
— Азбас! Азып сонша не бопты! — деп, біраз отыра түсіп, — Бірак, әлі өзіміз көрсететін бір қайрат та бар. Дер кезінде айтармын. Беліңді әрдайым бекем буғайсың! — деді.
Майырдың ниеті дұрыс болғанда, осы Омбыға жүргізгені қалай екенін Мырзахан түсінбсуші еді.
Оған Құнанбай:
— Солай істелу керек! Көрпіс алдында әмірін орындап, мені жүргізгенін, өзі де шыққанын, айтқанды екі кылмағанын таныту керек. Ақталып кайтатын болса, кісіге Омбы деген осы тұрған жер емес пе? Оны күдік көрме! — деген.
Керекуде Құнанбай үш-төрт күн аял қылғанда, шапыраш Майыр куып жетті. Келген күні кешке ол Құнанбайды өзі түскен пәтеріне шақыртыпты. Құнанбай қасына жалғыз Мырзаханды ертіп барған.
Майыр Керекудегі өзінің жакын ашынасы Сергей деген казағуар көпестікіне түскен.
Үй иелерінен бөлек, оңаша сәнді бөлмеде Майыр Құнанбай мен Мырзаханды кабыл алды. Өзі Қарқаралыда тілмаш ұстағанмен, казак- шаға ысылып калған болатын.
— Ал, Өскенбайыш мырза, енді сені айыптайтын қағаздарды көрмексің ғой, солай емес пе? — деді.
— Көрсет енді’ Тек бірін қалдырмай, бәрін көрсетші!..
— О-о, мен көрсетем! Мен сені алдамаймын, Алшынбайға уәде бер- гем, көрсетем! — деп, есікті бекітіп, жол сумкесін ашып койып, будак- будак қағаздар шығарды. Қат-қат кып кітапша етіп тігіп, тізіп тастапты. Бір құшақтай болды.
Осы қағаздарды шығара берген кезде Құнанбай тонған кісі тәрізденіп, қалтырай түсіп, екі алақанын уқалап:
— Майыр, осы үйің суық па, тоңып отырмын! От жаккызшы! — деді.
Майыр азырақ ойлана карап тұрды да, күтуші малайды шақырып, бұйрық берді.
Қызметші үйге отын кіргізіп, пештің какпағын ашып, маздатып жағып жіберді. Бұл кезде Майыр екі бөтелке коньяк алып, закускасын шығарып. Құнанбайға ұсына түсіп, іше бастады.
Құнанбай Мырзаханға ішкізіп, өзі Майырға: “Іш-іш” деп, ұсына түсіп, әңгімені созып отырды. Аздан соң пештің іші лаулай жанып, қызыл шокка айналып келе жатыр екен. Бұл уакьпта Майыр коньякты көбірек карбытып жіберіп, масая бастап еді.
Құнанбай үстел үстіндегі қағаздарды бір түртіп койып:
— Майыр, екеуміз бірге де талай істестік. Дәм-тұзымыз араласты ғой. Енді мені айыптайтын баска қағаздарың болса, бәрін түгел шығар? Түгел көрсет! Тамырлығым сол болсын! — деді. Майыр:
— Жок енді! Өскенбайыш, кұдай бар ғой... бәрі осы’ Бір де кағаз қалған жоқ! — деді.
Құнанбай сол уакьпта орнынан тұрып кеп, Майырды ту сыртынан құшақтап, қос қолын сыртына топшыдан қайырып тұра калды да, Мыр- заханга катты бұйрық етіп, пешті басымен нұсқап:
— Тұр, Мырзахан! Сал, өрге ана қағаздардың бәрін! — деді.
Майыр масайып калып, өз міндетін ұмытқаннан ба, болмаса Құнанбай бір өзгеше жамандық еткелі жүр деп сескенгенмен бе, әйтеуір, бұлқынып, алыспақ тәрізденді. Бірақ Құнанбай жасында үлкен жауынгер, найзагер болған. Әлі де қатты, қайратты болатын. Майырды тыпыр еткіз- беді.
Мырзахан бұл уақытта бар кағазды құшақтап апарып, отқа тоғытып жаткан. Майыр құтыла алмасын білді де:
— Е, Өскенбайыш, қойсаңшы! Законды кайтесін, Өскенбайыш, койсаншы! — деп жалынған тәрізденді. Мастық па, көлгірлік пе, айыру киын. Оқта-текте жүлкынған боп:
— Осылай ма еді? Өртемейік, жок кылмайык та бәрін! Мен кайтемін? — деп қояды.