Меню Закрыть

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Название:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Издательство:
Год:1997
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 12


Бірак осының бәрі оның шыны емес. Құнанбайға ең жақсы септік әрекетін әлі де бұлдай түсіп, әлі де қымбатқа сатпақ. Бұл ажарды көптен

сезген Құнанбай, түбінде орайы келгенде ендігі соңғы қимылды өз қолымен істеп көрмек боп, әлдеқашан байлаған.

Лздан соң қағаздың бәрі лапылдап жанып, тегіс өртеніп, қап-қара қалың күл боп бітті. Мырзахан мен Құнанбай осы уақытта пешті жапты да, бір-біріне қарасып, үндеспей күлісіп қойды. Майыр орындық үстінде ұйықтап калған кісінің қалпында, шалжиып, көзін жұмып капты.

Құнанбайлар бұған: “Қош, қош" десті де, шығып кетті. Өзгеше қонақтары кетісімен Майыр атқып тұрды. Өзі де, қозғалысы да шып- ширақ екен. Басын сілкіп, “дір” етіп, тағы біраз коньякты төңкеріп ап, іске кірісті.

Ендігі серігі осы үйдің иесі Сергей, сол екеуі ертеден байлап қойған уәде бойынша қораға шығып, Сергейдін бір кішілеу сарайын өртеді. Сарай ішінде Майыр мініп келген үлкен шана, азын-аулақ камыт-сайман және сол шана ішіне тасталған киіз, азын-аулақ жәшік және аса көп ескі қоқсық қағаз жанды.

Бұл істі білген, көмектескен Сергейдін пысық “дабернайы” Мишка болатын.

Сергей өз қорасында осындай өрт шығарумен Майырдың жеген парасын және заңға қарсы істеген қылмысын жапты. Бұл іс — “еруліге қарулы”. Былтыр Қарқаралыда қазынаның пұлын Сергей мықтап жеп барып, сынған уақытта, Майыр осындай жалған өрт салып, өзі акт жасап, кол қойып, Сергейді құтқарып кеткен. Мынау — топас, арам айланың бәрі соның орайы болып шықты.

Осы түннің ертеңінде Сергей, өз қаласының белгілі жемқор дуан- басына, өздеріне мәлім жолмен куәлік жасатып, “қағаз өртенгенін” Майырға акт кып, нықтап бекітіп берді.

Сонымен арада бес күн өткенде Құнанбай бір бөлек, Майыр бір бөлек боп, Омбыдағы көрпіске келді.

Көрпіс кеңсесі Құнанбайды осы келгеннен он шакты күн шолак- шолақ тергеді де, ақырында айыпсыз тауып, босатып шығарды. Майыр бар ісін жым-жылас аяқтап алып, дуанына кайтты.

Сондай жолдармен ақталған Құнанбай Кдркаралыға кайта келгенде, “сүйінші” тілеген шапқыншы Тобыктыға қарай ұйтқи шапкан. Құнанбай өзі ауылға кайтуға асықпай, Қарқаралыда тағы да біраз жатты.

Мырзахан Омбы сапарын Алшынбай аулына және басқа сыр шашпайтын тілеулестерге үлкен ертегі қып айтып жүрді.

Оның әңгімесінше, Майыр барынша қас еді. Қағазды, заңды көрсетіп Құнанбайға: “Мынамен құртам, мынамен жоққылам, мынамен кайтіп құтыласың?” деп табалап, мақтанып, жайып салған боп шыкгы. Майыр сондай қастығының үстіне ақымақ, аңғал болып та әңгімелелетін, онысына сенбейтін тыңдаушы болған жоқ.

“Тап солай” десіп, бастарын шұлғи-шұлғи иланып еді. Осымен қатар Құнанбайдың “жүрек жұтқан ерлігі, айла-тәсілі” озінен-өзі, атамай-ақ әйгіленіп жатты.

Бұл ертегі алғашкы шапқыншымен Құнанбай ауылдарына неше қабат ұлғайып, өрекпіп жетті.

Майырмен және бар Қарқаралы ұлығымен кайта табысқан Құнанбай көктемге шейін қайтпай жатып, енді улыктығын кайта куды. Бірақ бұдан былайғысы аға сүлтандық емес.

Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда Құнанбай Қарқаралыдан шығып, Тобыктыға кайтты. Ендігі қайтысында Тобықтының старшыны Майбасарды орнынан түсіріп, соның орнына өзі сайланып кайтып келе жатыр.

Бүл хабары да Құнанбай дуаннан шықпай-ақ ауыл-аймағына жеткен болатын.

4

Осы көктемде Абай көнілі бар дүниенің дырдуынан, бар адамның реніш, қуанышынан оқшау кеткен, оңашаланып кеткен бір өзгеше құпия сырдың соңында еді. Сол сырына Абай бар жүрегімен, бар қиял сезімімен шомған болатын. Домбырамен, хатпен де талай шыншыл жыр айтты. Жыр емес, жас жүректің тебіреніп толқыған сырын айтты. Бірақ ол ғана емес, айтылған жыр аз ғана. Айтқанының бәрі, көңілінің бары емес. Әлдеқайда бері жатыр. Егер көкірегін ақтарып, іште барын көрер, тыңдар, ілтифат етер жар болса, айтылып болмас, тілмен жетпес әсем саз, шерлі наз сонда жатушы еді. Ойда барын жеткізе алмай, кеудеде тыныс біткендей құста болған шағында, Абай қатты сенделіп, қиналып кетіп:

— Япырмау, қайтем енді? Хат шорқақ, тіл мақау’ — дейтін. Көңіл сезгенін, тым құрыса, өзгенің көзін иландырардай қып айта алмағанына күйеді.

Сол айтылған, жазылған жырлар әлі күнге Абайдың өзінде, өз бойында. Аталған, арналған жеріне бір де бірі жеткен жоқ. Үміт бар ма? О да жоқ’ Тек жалғыз шерленіп, тебіренеді. Тек жалғыз қиял медеуі құлаққа кеп ап-айқын соғып, бір жақындап, бір алыстап кететін шолпы сылдыры. Атқан таңның ақ, қызыл шапағындай, үлбіреген алқызыл шұғыласы. Көз алдынан сол жүз кетпейді. Үмытгырмайды, тастамайды.

Күн жылынып, кар кетуге айналып, мейірімді анадай жарқыраған жақсы күн келгенде, Абай тақат қыла алмай, атын ерттеп міне сап, бет қараған жаққа таман жортып кететін. Болымсыз сылтауы - сары тазы. Ауылдан шығып ал, кейде ағызып, шауып жөнеледі. Қоянға тазының өзі іздеп жүріп кездеседі. Абай оның әрекетін әрі-беріден соң ұмытып та кетеді.

Кейде сары тазыны жоғалтып алып, анда-санда есіне бір-ақтүсіріп, айкайлап шақырған болады. Тазысы калың қорық ішінен кей уақьгг қоянды айдап шығып жазыққа шығарып, көсілте куғанда да, Абай аңырып, түсінбегендей боп, сілейіп карап тұрып қалады.

Тағы бір кезде көз алдында қоянды ұйпалақтап, жетіп соғып, тосып тұрған тазыға қарамастан, касынан салғырт өте береді.

Әдетте, иесі түсе кап айырып алатын еді, жегізбейтін еді. Сары тазы енді танкалып тұрып, ақырында Абай ұзап кете бастаса, тынышсызданып, үре бастайды. Оның да әсері болмайды. Тазы бұл мінезді, тіпті, түсінбей аласұрып, мазасызданып иесіне бір ұмтылып, қоянға қарай бір шауып, оз еңбегінің соншалық қадірсіз болғанына қатты киналғандай болады. Абай бұл уақытта да шімірікпейді. Сонан соң сары тазы тақуалықты қойып, иесінен бөлініп қалып, жаңағы алған қоянын талқан кып жеп, сылкия тойып алатын, аузы-мұрны кан-қан боп, иесін куып жеткен жерде ғана Абай өзінің салғырттығын байқайды.

Бірак көңіліндегі күйінің желісін үзбейді. Ұзақ сұлу әнді елти сүйіп жырлағандай боп, ұсына береді.

Қарсылай соккан коныр жел былтырдан калған сар көденің басын изетіп, бұралып ессе, Абай тымағын алып, маңдайын төсеп, ұзақ тұрады. Шыңғыстан, Түйеөркеш, Қарауыл жактан соккан жел де бір жақындық леп әкелгендей бола ма? Бейіс үстінен соғып өткен райыс, шафкат желіндей емірснте ме? Рас, сөйткендей болады.

Бір күні тағы да барлык пен бұлдыр арасындай, тірлік пен киял ара- сындай, бір түс толқынының құшағында жапа-жалғыз тұрғанда, касына бір салт атты желіп келді.

Жапан түзде оқшау келген жолаушы Абайды селт еткізіп, ояткан- дай болды.

Байкаса, бір бөгде адам. Жас жігіт. Абай өзі қорықтың шетінде бір қыратқа таман шығып түр еді. Жат жолаушыға суық қарады. Бірак анау жігіт жымиып, танығандай боп жылы ұшырап келеді. Жете бере Абайдың атын атап амандасты. Абай енді ғана таныды. Тани сала екі беті ду етіп, кып-қызыл боп қуанып кетті.

Бұл былтырғы Тоғжан аулынан кайтарда Абай танысқан Ербол екен. Өзінің кенет өзгергенінен Абай қысылып калды.

Бірак Ербол мұның өзгерісін байқамаған екен.

— Аң аулап жүрмісің? Итің қайда?

— Ит осында... Жаңа осы шиде жүр еді...—деп, Абай итін енді ғана есіне алып, артына қарады.

Сары тазы бұл уакьпта шиден шығып, жортып келеді екен. Ербол тазының түсіне карай сала күліп жіберді.

— Жарайды, аңшы-ак екенсің! Осындай ток итпен аңға шыға ма екен?

— Қой,токемес-ті!..

— Бәле, мынау не? Бүйірін карашы! Жаным-ау, өзі не жеген? Жаңа ғана жепті? — деп, айнала қарап тұрып, төсіндегі қанды көрді де: — Өзің итіңнің аң алғанын да білмейсің ғой. Мынау қоян жепті ғой! — деді.

Абай аздан соң тазыны сөз қылғанды койып, Ерболды баска әңгімеге әкетті. Қасынан жібермей көп жүріп, үзақ сөйлесіп, жылы сөйлесіп кеп, аулына шақырды.

Ерболдың қолы бос, жай ауыл қыдырып жүр екен. Абайға мейлінше көңілденіп ерді.

Осы кездескеннен бастап. Абай Ерболды бес күндей жібермей, оз аулында қонақ етті. Неше алуан ойындар ойнады. Әңгімелер айтысты. Кеш сайын ән салып, ұзақ сауық құрысты. Сол күндер ішінде Абай өз өлеңдерін де айтты. Ербол ендігі сырласы боп алды. Өмірінде алғаш рет осы жігітке Абай өз жүрегінің сырын ашты. “Тоғжанға білдір" деп ашты.

Ербол осыдан соң барлык Абай айткан өлеңдерді жаттап ап, жас жігіттің жан сәлемін Тоғжанға жеткізбек боп жүріп кетті.

Арада айдай созылған үш күн өткенде, Ербол Жидебайга кайта кеп, Абайды ертіп алып Шыңгыска, Түйеөркешке қарай тартты.

Абайдың жалғыз арманы бір ғана оңашада жүз көрісіп, сөйлесу болатын. Сол арманын Ербол апарып, әуелі Тоғжанның жеңгесіне, Асыл- бектің келіншегіне айтыпты. Сәлемге айтқан өлеңдерін айтып беріпті. Ол жеңге Тоғжанмен барынша сырлас, тату болатын. Өмірінде әлі күнге кайын сіңлісі мен өзге жігіттің арасында делдал боп көрмеген-ді. Бірақ

мынау жол оған да өзгеше көрініпті. Ербол да сөзге жүйрік, колкасын өткізе білетін отты, жұғымды жігіт.

Әйтеуір, сол жеңге мен Ербол екеулеп отырып, Тоғжанға Абайдың бар өлеңін естіртіпті де, ақырында бір жол жүз көрісуге көндіріпті.

Такат, сабырдан айрылған Абай Түйеөркешке капай жеткенін аңғарған да жоқ. Ымырт жабыла бере екі жігіт тау ішіндегі Ербол аулына келді.

Кішкене кедей қорада Ерболдың өз үйінен басқа үй жоқ екен. Бұл қыстау Қарауыл суының бер жағында. Сүйіндік қорасы өзеннің ар жағында бір шақырымдай жерде.

Маң төбеттері үріп, мұржаларынан түтіндері будақтап, карауьггып, мол дүниедей боп тұрған бай ауыл. Иелері Абайға араз, бөтен ауыл. Онда Құнанбайдың баласы баруға жол жоқ.

Әсіресе, мынау келген сапарынан қастық пен қаттылығын алмайды. Әділбек, Асылбсктер — бұл өңірдің намыскер, мықты жігіттері. Олар жау ұлының ниетін білсе, өлердей өртенеді.

Соның бәрін есептеген екі жігіт, түн болғанша өзеннің осы жағында калды.

Түн келіп, уәделі уақыт өткен соң, Ербол мен Абай жаяулап қана арғы жағаға өтті. Ауыл ұйқыда, иттер де тыныш.

Мал қораның есігін Ербол ептеп ашты да, Абайды түйе қораның ішіне енгізіп, өзі қараңғыны сипалап жүріп кетті.

Абай сол қараңғыда тапжылмай, тынысын тартып тұрған шақта, өз жүрегінің тоқтаусыз дүрсілін естіді.

Аз уакытта Ербол кайта кеп, мұның колын алып, сыбырлап:

— Құдай берді’ Асылбек бүгін үйде жок екен’ Қазір сонын отауына кіреміз’ — деді.

Абай ақырын сәлем беріп, жасаулы отауға кіргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстінде отыр екен. Табалдырықтан төрге шейін жайылған әдемі алаша. Тамның бар қабырғасы тұскиіз, жібек кілеммен қапталыпты. Ақ жібек шымылдық биік сүйек тос екті жартылай қоршап апты.

Абай амандасып тоқтағанда, сыпайы жеңге бұған жақындап кеп, тымағын алып, белін шешті.

Тоғжан алғашқы минуттарда қатты қысылып, өте ақырын амандасып. өзгеше қызарды. Бір кезде оның жүзі ағара бастап, сұрланып кетеді. Жүрек толқыны мен ұялу аралас. Барлығы да лүпіл қаққан шыншыл қанмен бетіне шығып, сыр айтып кайтады. Ербол жастар қысылмасын дегендей болып:

— Ал мен арғы жағаға кайтып, атты әзірлеп тұрамын’ — деді.

Абай үндемей басын изеп, рұқсат етті.

Жеңге де шай әзірлемек боп тыска шыкты. Сол кеткеннен қайтқан жок.

Абай оңаша калғанда, әуелде катты қысылды. Бірақ байқап караса, Тоғжан, тіпті, ұялшақ. Тіпті, нәзік, жазықсыз бала тәрізді. Өзі де басында не дерін білмей, соз таба алмай, аса қиналған. Енді ойласа, бұл қалыпта екеуі ракат кешті зая кып өткізетін тәрізді.

Аз уакыт Тоғжанға иіле карап отырып:

— Тоғжан, менің сәлемдерімді есіттіңіз бе? Бар сөзім сізге арналған. сізді сағынудан туған сөз еді, ілтифат кып еледіңіз бе? — деді.

Тоғжан ішінен “ілтифат қылмасам, мұным не?” дегендей. Бірак акы- рын жымиып күлді де:

— Есіттім, Абай! Өленініз жаксы екен! — деді.

— Мен акын емес ем! Жалғыз-ақ, сіз мені, былтыр бір көргеннен- ак, катты толкынға салдыңыз. Содан бері бір уакыт үмыткан емеспін.

— Ұмытпадым дейсіз, бірак содан бері бір келмедіңіз ғой!

— Қайтіп келем? Ел жайын білмейсіз бе? Бір көрудің өзі зар болмады ма?

— Рас! — деп, Тоғжан кызара түсіп, көзін төмендетгі де, — Сізді мен бір көрдім. Көш жөнекей көрдім... байкадыңыз ба, білмеймін!

Абай ішінен соншалық ырза боп, қуана түсіп:

— Тоғжан! Япырмау, жақсы айттыңыз-ау! Мен сонда: “Токташы, бір сәтке токташы!” дей жаздап, зорға шыдап қалып ем. Көрмей, көрсе де елемей кетті ме деп ем. Тоғжан, сізді қайтіп ұмытайын? — деп кеп, Абай Тоғжанныц әдемі аппақ қолын ұстады.

Тоғжан қолын тартыңқырап, ұялды да, ығысып калды.

Осы кеш екі жасты бір-біріне соншалық сүйікті, ынтық етті. Екеуі тек жүз көрісуден, сөйлесуден баска ешбір бөтен тілек ойламастай. Алғаш көріскендері осы болса да, көп жайларды айтысты. Шын сағынышты, ынтық жандар боп ұғысты.

Таң жақындаған кезде ғана жеңге кайта оралды. Сол шай жасай бастап, тысқа тағы бір шығып кеткенде, Абай Тоғжанға жақындап кеп, үндемей ғана бетінен сүйді. Тоғжан оттай жанып, қып-қызыл боп кетіп, әлсіз ғана қорғанып, Абайдың жүзін екі алақанымен қысып, кейін шегіндіре берді. Қарсылық емес, ұялу еді. Абай кайта ұмтылып, қапы құшақтап кеп, Тоғжанды оң көзінен ұзаксүйіп тұрды. Бұл сәтте Тоғжан- ның әлсіз қарсылығы да сезілген жок.

Жігіт сүйіп тұрғанда, Тоғжан ақырын ғана қымсынып, ыстық бетін Абайдың бетіне басты, сөйтті де тез босап кетті.

Абай:

— Сәулем’ — деп барып, құшағын жазды.

Осы кезде жеңге тыстан келіп:

— Ойпырмай, қалқам Абай-ай, қиын болмаса игі еді! Су түсіп кетіпті! Қарауыл суы түсіп кетіпті! Атың қайда еді? — деді.

Жеңгенін үркіп келген хабары мынау күйдің үстінде Абайды шо- шыта алған жоқ. Бірак Тоғжан қысылып, қиналып кетті.

— Не дейді? Судан қалай өтесіз, Абай, атыңыз қайда? Бұл жақта қайтіп қаласыз? — деп, сүйген досының басына түскен қиыншылықты жас қыз соншалық тіксініп қарсы алды.

Абай енді аңғарды. Аты ар жақта, өзі жалғыз. Қарауыл суы тентек. Бұл ауылда калуы, тіпті, мүмкін емес. Енді бөгелсе қолға түседі. Қолға түспесе де, өзен бойында таң атысымен көзге түседі. Ол да оңай емес. Өйткені, бұл өңірде, әсіресе, өзеннің бұл жағында Абайды дос көрер, жақын тартар бір жан жок.

Осы жайды аңғарып, әсіресе, мынадай жақсы кабыл алған жас әйелдерді қауіпке ұшыратпайын деп, Абай тез киініп, қоштасты да, шыға берді.

Дәл кетер кезде женге шапан жамылып, есік ашып, алдынан шыға беріп еді. Абай үйде қалған Тоғжанның қолын қысып тұрып:

— Қорықпа, Тоғжан! Бірдеңе кып өтермін! Ал өзің ендігі бар хабарды Ерболдан тос! — деді.

Тоғжан Абайдың омырауына ак саусақтарын салып, жабысыңқы- рап тұрып:

— Қош, ұмытпа! — деді.

Сыпайы, майда мінезді жаксы жеңге Абайды қараңғы қораның ішінде жетектеп ап, какпаға әкелді де:

— Ал калқам, жер тар, уақыт тығыз болды. Бірақтілеулес достарың бар екенін көрдің ғой. Еске ала жүр! Тек мына судан байқап өт! Қош! — деді.

Абай жеңгенің екі қолын қапсыра ұстап тұрып:

— Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығың- ды! — деп қоштасты да, кішкене есікті акырын ашып, жай салмақпен басып жүріп кеггі.

Абай ойы жаңағы өзімен қоштасқан ғазиз жандармен бірге болды. Солардың жүздері көз алдында. Көкірегі толған нұр сәуледей, шексіз бір қуаныш, анык бақыт тынысы бар.

Алдынан катты гүрілдеп соккан өзгеше тасқын естіліп жатса да, оны елемеген.

Енді, міне, сол тасқынның қасына келді. Тау өзені бұзылып, тентек құла су шарасынан шығыпты. Кейде тас сатырлап, кейде мұз күтірлеп сусылдай түсіп, жөңкіліп кетіп жатыр.

Жағада біраз тұрып, халді аңғарды. Жаяу өтем деуге болатын емес. Байқаса, таң қылаңдап атып капты. Өзенді құлдап селдір тоғай ішіне кіріп, арлы-берлі жүріп көрді. Табар айла жок. Бөгелген сайын таң шапактап атып, айнала айқын көрініп келеді. Ел тұрып, тысқа шығысымен, мынау өзеннің ағысын көргелі келе бастайды. Әсіресе, малкорда аз ұйықтайтын үлкендер, еркектер алдымен келеді. Сүйіндік аулының маңынан жаяу жүрген Құнанбай баласын тапса, сезігі біреу-ақ болады.

Абай сонда да қорыққан жоқ. Жүрегін кернеген қуаныш бір сәтке де мұны тастап, қауіп астына батқан жоқ. Жас басына әлі күнге мұндай қысылшаң хал түсіп көрмеген болса да, Абай өз-өзіне ғажап болды. Тіпті, көп жүріс алып, ысылған кісідей саспайды, қымсынбайды.

Сирек талдың арасына шала жасырынып, далдалап тұрып, Ербол қыстауы жаққа көз тастады. Байкаса, біреу арғы жағадан ербеңдеп, асығып келеді екен. Беті қисықтау, жоғары таман.

Абай дауыстап:

  • Ербол! Е-ей, Ербол!—деп үн катты.

Келе жатқан Ербол екен. Абайға карай колын сілкіп: “бұк” дегендей белгі жасады. Абай бұққан жоқ, тосып қалды.

Қарауыл суы қатты тасып жатқанмен, енсіз болатын. Ербол арғы жағаға құп-ку боп, коркып жүгіріп келді. Өзі ұшыраткандай жаман қысылған екен. Абай шошыды ма деп те қиналған.

Бірак Абай мұның тұсына таман кеп тұрып, аксия күлді де:

  • Ал кұтқар енді! Мына Қарауыл колға түсірейін деп тұр! — деді.

Ербол жардың биік жерінен бір-ак секіріп, өзен жағасына жетті де, Абайға айқайлап:

  • Сен осы талдың ішінде тапжылмай тұра тұр. Қазір келем, қорықпа! — деп кайта жөнелді.

Аздан соң Ербол өз үйінің бір дәу қызыл өгізін мініп келді. Абай оның ат әкелмегеніне таңкалды. Ербол келді де, өгізді қамшылап кеп суға түсті. Өгіз мұзды суға басқысы келмей көп тыртысып еді, Ербол ырыққа көнбеді. Бір түсіп алған соң, өгіз ілгері баса берді. Су терең емес. Бірақ мұзы бар, ағыны катты. Сол мұз бен суға өгіз мықты екен. Ықтамай, бет бұрмай жай басса да, ілгері тура басып келеді. Жағаға жақындай бергенде Ербол өгіздің бас жібін лақтырды. Абай жабыса түсіп, тарта берді де, Ербол қамшылап отырып жиекке шықты. Жанын ортаға салып, қатерге басып, Абайға шын достық көрсетіп шықты. Екі етігін қонышына шейін су басып кеткен екен. Абай Ерболды құшақтай алып:

— Өй, ат қайда? Өгізің не? Атпен неге келмедің? — деп еді.

— Ат болғанда, сенің атыңды әкелмедім. Анау ауыл казір тұрады. Біз өткенше көріп қойса, қаптап кетеді. Ал өзіміздікі әлсіз байтал. Және сол құрып қалғыр, түнде қорадан шығып, тауға жайылып кетіпті. Бағанадан бөгелгенім сол емес пе? — деді.

Екеуі мінгесіп ап, кызыл өгізді кайта бүрып еді. Енді кесел кыңыр өгіз баспай койды. Катты әуремен жарым сағатгай өтті. Барынша капа болған Ербол қызыл өгіздің тұқым-тұқиянын, жетпіс жеті ата-бабасын санап, боктап-боктап діңкесі құрыды да, бір кезде өгізді тастап, тал ішінен бойлап байқап атырапқа қарады. Бүл уақытта күншығыс қызарып ап, бар дүние күндізгідей көрінетін болған.

Бір тәуірі, ауыл тұрмаған екен. Ербол маңайды болжап ап, жүгіре жөнелді.

Абай азғантай тосқан еді, бір сәтте Ербол әлдеқандай семіз қара көк биеге мініп жетіп келді. Абай таңкалды.

— Ой, бұны қайдан алдың?

— Үндеме, Сүйіндіктің қойшысының биесі. Мына жерде жайылып жүр екен.

— Е, қойшысы қайтеді?

— Кайткенінде не жұмысың бар?

— Қойын қайтеді? Қойшысы жаяу калады ғой!

—Өй, тәйір, қойшысы түгіл, күтпаны жаяу калсын! Сені жау қолына калдырушы ма ем? Не айтып тұрсың? Кел, мін! — деп, бір-ақ байлады да, Абайды аяғынан алып көтеріп, жайдақ биеге мінгізді. Досының мына мінез, мына сөзіне Абай аса қуанып кетіп, катты ырза боп:

— Шіркін, Ербол! Неткен жақсы едің. Дос жақсысы сен екенсің ғой... Естен кетпес іс еттің-ау! — деді.

Сөйткенше, Ербол өзі қызыл өгізге мініп ап, бас жібін Абайға ұстата беріп:

— Абай, сөзді кой, тарт! — деді.

Көк бие мұз ішінде пысқырып, толқып, тайғанақтап отырса да, жығылмады. Қызыл өгізде қара тартып еріп отырып, аман шықты.

Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен, өгіз бен биені қоя берді де, жарды жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер ұзап барып, қыратқа шықты. Содан Ерболдың үйіне келді.

Қораның алдына жете бере, Ербол Сүйіндік қыстауының жанында, төбе басына шығып, биесін көздеп жүрген қойшыны көрді.

— Өй, көк биенің бүгінгі еңбегі жетеді. Ол қойға бүгін бармайды. Бүгінше қойынды жаяу бақ! — деп, қылжақтай күлді.

Абай үйге кірген жок. Далада тұрып, атын ерттетіп алды. Ербол- мен соншалык ырзалықпен, шын досша қоштасты да, өзенді күллап, желіп жүріп кетті.

5

Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қалған. Әр қыстаудың жанындағы тақыр көгалдарда аздаған ақ үйлер, коныр үйлер көрінетін. Ксмпір-шалы бар үйлер тамнан түгел арылып шыкпай, жастар жағы гана тынысы кең киіз үйлерін көтерген тәрізді. Жас қозы, бота, бұзаулар да әлі қораны жағалайды.

Жазғытұры ауыл қолдан түлеткендей бір түрлі бір жас иіске, жас өмірге толы. Әдемі ренді, әлденеше түсті балапан қозылар, лақтар күншуақта секіріп, дамылсыз маңырайды. Үлпілдек жүн, үлкен кара көзді боталар көрінеді. Жылкы ішінде ұзын құлақ, бұйра жүн, сүйкімді құлындар көбейген. Ересек тарткан, тез шираған бұзаулар да құйрығын шаншып ап, тынымсыз безіп, ортқып ойнайды. Осындай өрбіп өскен бар жанды, дүние тіршілікті даттайды.

“Өнген, өскен жарастығы біз”, “Жоқтықтың барлықка жіберген келгіні біз” дегендей шаттана жайнайды.

Құнанбайдың екі аулы да Жидебайға жиылған. Әр үйде қысыр сауылып, жылтыр кара сабалар ертенді-кеш күрпілдсп, пісіліп жататын.

Жалғыз Құнанбайдың өз ауылдары емес, исі Ырғызбайдың, Топай, Жуантаяқтың да көп ауылдары Құнанбайды зор кошеметпен қарсы алды.

Әлденеше күн сүйінші тілесіп шапкыласкан жақындар топ-топ болып Құнанбайға келеді. Сәлем беріп, қонақ болып, калың-калың жиындарды өз ауылдарына ертіп барып, ертенді-кеш конак қылып жатты. Биыл* ғы кыс жайлы боп, жаксы өткен. Сүр мол. Пішенге байланған, Құнанбайға сыбаға деп арнаған семіз қойлар, жұнттай жабағылар, арда емген тайлар да болатын.

Малды ағайынның бірталайы сондайлардан сойып, Құнанбайды барлық шеше, бәйбішелерімен, бала-шаға, туысқандарымен шақырады.

Баласына айтқан көкқасқасын Зере сойған. Күнкенің аулына апарып, Құнанбай өзі айткан көккасканы да сойды. Бұл екі күнгі сойыс Құнанбайдың ел жиып, ру-руды жақынға, жатка бөліп, екшеп алуына кажет еді. Бейнет кешіп келгенде алдынан шыккан кім, шыкпай, қуанбай қалған кім? Соны айыру үшін керек.

Осындай жиында үлкенді-кішілі рулардыңатқамінер, аксакал, кара- сакалы араласып жатты.

Анау күздегі екіұдай боп қалған Көкше сиякты рудың басшысы Қаратай, енді Құнанбайдың алдынан шығып бауырына кіріп алған. Күндіз-түні тізесі айрылмайды.

Кешелер айдалды, жеңілді, ұлықтык, бектіктен айрылды деген Құнанбай, енді осы аман келісінің өзімен, старшын боп келуімен бұрынғы лақапты жалғанға шығарған.

Сол жаймен қатар Мырзахандар айтып келген ерлік ертегісі де бұл өңірдің жас баласына дейін түгел жетті. Соның бәрінің үстіне мынадай көл-көсір қонақасы, ұзақ жиын, жағалай сойылып жаткан аксарбас, көкқасқалар құр ғана келіс қуанышы емес. Бұның ішінде шеп жию, ба-

тамен табысу, ыдырағанды кайта куру, құрсауын бүтіндеу — қысқасы, мерейін тағы аспандатып асыру бар.

Осындай сыртқа айбын, ішке медеу болған тойлар жарты айдай айыкпады. Бұл кезде ел-елдің бәрі де қыстауларынан көшіп көктемге, ойға карай жөңкілген. Енді-енді ғана ауыл-ауылдар арасы күзектегі сияқты қаш ықтан кырап, бытырай қона бастаған.

Күнде үйіліп баса беретін сәлемші қонақтар да саябырлады. Сол кезде Құнанбай үй ішіне, бала-шағасына емін-еркін тиетін болды.

Өртеңнің бауырына қонып отырған Үлжан аулына Құнанбай екі- үш күндей қонақтады. Күнкенің аулы да осы арада жақын еді. Абай осы күндерде байкады — әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен.

Үлжан үйінің түстігіне Күнке, Құдайберді, Айғыздар да жиылып отыр еді. Құнанбай Зереге карап отырып, осы барлық туысына арнап аз сөз айтты. Онысы — ұзақ жолда көңіліне көп келген мұң-уайымның үлкені еді.

Құнанбай өз басының жалғыздығын осы жолы катты аңғарыпты. Аға, ініде серікке жарар медеу жоқ. Баланы ойласа, бәрі де жас. Және бір өкінгені — көп баланы үйлендіріп, немере сүйетін шағына жетсе де, сол кызықты озіне-өзі іркіп, кешендетіп кепті. Енді, сөйтіп, балаларының қызығын көрмек.

Бұған Зере бастаған бар шеше қуаныш айтканнан басқа, түк қарсылық білдірген жок. Қызық көру дегеннің белгісі не, арты не? Ол - ер жеткен балаларды үйлендіру, содан әрі немере сүю. Толып жаткан шексіз бақыт сияқты елестейді.

Әңгіме арасында Құнанбай. “Осы жолы құдайдан соңғы қуатым күдаларым болды. Адал достықты, шын бейілді солардан көрдім” деген. Атап айтқандары: Алшынбай, Тінібек. Онан соң Тобықты ішінде, тергеуге кетіп бара жаткан жолында, Тасболат руының ішінде Байтас басынан катты тілеулестік көріпті.

Бұрын үй ішіне мәлім емес еді. Өзі сол сапарда жалғыз байлаған байлауын білдірді. Байтастың жас қызы бар екен. Соны Оспанға айттырмақ болты. Сөйтіп, тентек Оспанға Байтастың Еркежан деген қызы қалыңдық боп аталыпты. Үй іші, әсіресе, шешелер күліп, мәз боп, Оспанның аяғына тұсау түскенін өзіне естірту, түсіндіру жайын ойлап күліскен-ді.

Осы байлаумен қатар Құнанбай енді Үлжанның басқа екі баласы туралы да жаңалық айтты. Оның біреуі — Тәкежан туралы. Былтыр ұрын барып келген Тәкежан енді осы жақында үйленбек. Қайны болса, бар малын алған. Енді несіне созады? Соның отауы түссін. Екінші, әсіресе, осы отырған барлық үй ішіне шынымен үлкен қам болатын нәрсе — Абайды қайындату.

Құнанбай осы жолы Алшынбаймен уәделесіп келіпті. Осы көктемге байласыпты.

Рас, өзге құданың бәрінен жолы бөлек - Алшынбай. Оның үлкен достығынан баска, өзі Арғынға белгілі Кдзыбек, Тілекшінің Алшынбайы. Бүл атыраптағы қазақтың одан үлкен аруағы жок. Сондай ауылға бала қайындату, әсіресе, ұрын жіберу осал қам емес. Мал-дүниенің барлығынан да көп үлес, мол шығын шығару керек деген сөз.

Бірақ Құнанбайдың бұл байлауын да шешелер актілеумен қабыл алды. Тек Зере ғана:

— Ел жайлауға шығып, арка-басы кеңіген соң барған лайық бол- маушы ма еді? — деп еді.

Оған Құнанбай:

— Оның рас-ау, бірак Алшынбайдың жазғы жайлауы ары шалқып, ұзап кетеді. Бару, келудің жолы алыстап, мойны қашықтаған соң, жүріс ауыр болады. Айдаған малда күйзеліп жетеді. Кайындата баратын үлкендер бар, оған да ауыр. Және кыс жақсы бопты, мал тойынтам дейтін емес, ажарлы мал осы күнде де бар. Ендеше, құдай бұйырса, осы бір бесті-ал- тылы күн ішінде қамданыңдар да, сапар шегіндер. Өзің барасың ғой. Төркініңе өзің бастап бар баланды’ — деп Үлжанға бұйырды.

Үлжан бұны да жақсы қабыл алды.

Осы әңгіме шыққан соң, үй ішінің барлық кеңесі, ақыл, мәслихаты сол Алшынбай аулына ұялмай, орнына сай ғып бару турасында болды.

Байлаған байлауын көп ырғап, көп көпсіте бермейтін Құнанбай сол жерде баратын кісілер жайын, апаратын аяқты мал, жыртыс жайын, акша, бұл, күміс қазына жайын кесіп-кесіп өзі айта бастады.

Үй ішінің бұл жөндеп сөздері қалай да болса, аз болған жок, ұзақ болған. Өйткені, жыртыс болсын, толып жаткан ырым, ілу болсын, барлығын да осы арада бір сөйлескен соң, екшеп ашып алысу керек. Үлжан соның бәрін атап айтып, анықтай бастаған.

Баратын кара малды айтқанда: жетпіс жылқы, отыз түйе аталды. Құнанбайдың құласы мен жирені деп, жұрт аңыз қыла береді. Алшынбай аулынан аяры жоқ. Сол себепті жылқының ішіне бір құла айғыр, бір жирен айғырдың үйірі кірсін. Басы сол болсын дескен. Осыдан арғы үлкен әзірлікті тілейтін — жыртыстың бұл-матасы.

Оған дәл осы түнде Семей қаласына Ызғұтгы мен Құдайберді жүретін болды. Қалада Тінібекпен ақылдасып отырып, төрт күннен қалмай, барды алып, кайта жетуге бұйрық болды.

Үлкендердің осындай кеңестерінде бала атаулыдан жалғыз Құдайберді ғана барды. Өзге балалар кейін есітті.

Әрқайсысы өз басына арналған байлауды өр түрлі қарсы алған. Оспанға Айғыз бен Ызғұтгы екеуі келіп отырып:

— Саған қалындык айттырдық’ — дегенде, ол басында ұкпай қалып, кайта сұрап:

— Қалыңдық деген не? Қатын ба? — деді.

Ызғұтгы бұған ұғындырып кеп, қалай көретінін сұрағанда, Оспан бөгелместен:

— Е, алам... әкел’ Маған қатын... керек! — деді.

Абай өзіне арналған хабарды үнсіз ғана аңырып тұрып тыңдады. Іші аса бір суық нәрсеге кактыккандай, тіксініп калды. Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдыңда қылмыс жасағалы тұрғандай сезініп еді. Абайға жаңа хабарды айтқан шешесі болатын. Үлжан баласының мына пішінін жақтырмады. Бірақ ішінен:

— Ұялғаны шығар, — деп байлаған.

' Абай бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді. Қалындык деген мұнда бар. Сол сияқты айттырған күйеу Тоғжанда да бар. Қайындамай, үйленбей калу мүмкін емес. Ата мен ананың өмірінде. Бармаймын деп айтарлық сылтауы жоқ. Бар жүрек, бар қиялы Тоғжан- мен туысып тұрса да, мынау тұсауға көнбеске шара жок. Осындай іші бір жақта, сырты бір күйде болған, аса бір қиын, енжао күйде Абай кайнына аттанды.

Өрде

Құдасының аулына Ұлжан отыз шакты кісімен келген. Алшынбай бұлар келер қарсаңға, кең сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен. Қазы- бектің өзінен тараған ауылдар, көрші туысқандары бар — барлығы кырык шамалы ауыл осы жерге сіресе қоныпты.

Қонақ келетін болғандыктан, бүл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты.

Дағды бойынша Үлжан бастаған үлкендер құданың аулына күйеу- лерден бір түстік бұрын келіп түсті. Үлжан қасына әйелден Қаликаны, күтуші келіншек Қатшаны алған еді. Еркектердің үлкені — қазіргі бас құда — Ызғұтгы. Содан басқа әлденеше ақсақал, әнші жігіттер, атшылар бар.

Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Мұның көпшілігі Ырғызбайдың жастары және күлдіргі Мырзахан, атшабар Жұмағұл. Жақын туысканнан Тәкежан бар. Осы топқа Абай өзі шақырып, Ербол- ды қосып алған. Жеті-сегіз күндік жол бойында Абай мен Ербол үнемі жүбы жазылмай, бірге болған.

Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. Келген жылқы, түйеден басқа, жыртыстың бүл-матасының өзі екі үлкен атанға артылып келіп еді. Оның ішінде келінге жасау тігілетін батсайы, мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған. Бірер сандық осы қымбаттарға толы болса, өзге теңдері құда-құдағилар сыбағасы. Шапан, камзол, көйлек, шаршы. Және толып жатқан ырымдар бойынша төленетін сый-сыяпат.

Қалыңмал басы Алшынбайдын өзіне арналған кесек күміс — бесік жамбы. Бұл ілу деп аталып еді.

Екі жақка да мәлім, ілу — киітке ораЯ-

Осыдан он жыл бұрын Алшынбай аулына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға киіт деп, Алшынбай аулы күміс тартқан. Ол күмістің аты —тайтұяк, мына бесік жамбыдан кіші еді. Тегінде, есептесіп келсе, әдет бойынша, ілу мен киіт құн жағынан қарайлас болатын. Бірак Құнанбай оны есегггсмей, Алшынбайға өз бергенінің дәл өзін жібермепті.

Құда, құдағи келген күні түнде-ақ барлык кең жазық сый құдалардың қандайлық мырзалықпен келгенін біліп калган. Сол түннің өзінде Алшынбайдын барды аямай, мырзалыққа мырзалық орай етіп көсілетіні мәлім болған. Құдағи мен күйеулерге арналып үш үлкен аппақ үй оңа- шарактігілген екен.

Сол үйлердің қонакасысы: қысырдың семіз тайынан, құнан қой, ту қойлардан, үйіткен марқадан басталды. Алшынбай Үлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құла тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан бата тілетті.

Абайлар Алшынбай аулыныңтұсына бір шакырымдай жер қалғанда иіріле токтасты. Енді тобының ішінен Тәкежан, Мырзахан сияқты жасы үлкенірек жолдастар бөлініп, хабар айта кетті. Абай мен Ербол және үш жігіт аттарынан түсіп, карсы алушы кыз-келіншектерді тосып калды.

Осыдан осылай толып жаткан күйеу дәстүрі басталатынын мойынға алып Абай Ерболға:

— Осы үйлену деген ата-анаға да, жастардың өзіне де қуаныш қой. Солай емес пе? Ал ендеше, сол қызығына жеткенше күйеу мен қалыңдықтың жолына ырым-жырым, әдет-дәстүр деп неше алуан құбыжықтар қоятыны несі? —деді. Ербол бұған күлді.

— Рас айтасың, құбыжық екені рас. Дәл осы қазір кім келеді? Қандай асау жеңгелер екен, не бұйырар екен деп, мен де үркектен тұрмын!

Күйеу қасында қалған жігіттердің бірі — Жұмағұл атшабар. Ол өзі әлдеқашан үйленген. Мұндай қиындықтың талайын көріп өткен. Абай мен Ербол жол көрген біреу керек деп, мұны ылғи басшы боп отыруға лайықтап, өз қастарында ұстайтын боп еді.

Жұмағұл ауыл жаққа карай түсіп:

— Әлі тұра тұр, басында үкің жоқ деп қиғылық салады! Тымағыңды көзіңе кимесең, жақтан да ұрады. Екеуіңбе! Ербол екеуіңталай кұқайды көресің. Не қыласың, тек ұсына бер!

Басқа үкі тағу — бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, кызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын.

Абайға ауылдан шығар жерде Зере, Айғыз сондай киімдерді әзірлетіп ұсынған-ды. Көрі әже әншейінде Абайдың дегеніне көне берсе де, бұл тұста ырық бермей, катты бұйрық еткен:

— Ата-бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәламайды. “Әкесі — күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?” деп бізді мінейді. Ки’ — деп, дәл аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу киімінің бәрін кигізді.

Абай сол күні өзінің өзгеше калпын бақсы-құшнаштай көрген. Өз ауылдарынан шығысымен, Үлжанға кеп:

— Япырау, мен күйеу болсам, Бошанға күйеумін, Тобыктыға, Та- рактыға күйеу емес ем ғой. Жолдағы елдің бәріне мен күйеу деп, жынды кісіше жар шақыратыным не? Рұқсат етіңіз, барар жерде киейін, әзірше өз киіміммен барам! — деген.

Үлжан мұны теріс көрсе де, көнген-ді. Сол Абай жаңағы бақсы мен салға ұқсататын күйеу киімін әлі кимеген. Үкілі тымақ, кызыл шапан қоржында. Жүмағұлдын жаңағы айтқаны сол. Арнаулы киімді киме- генге ол өзі ырза емес-ті.

Енді Абайдың сескенгенін әбден түсінген Жұмағұл тағы бір уақыт:

- “Құрсаулы жаудан қорықпаған жүрегім, қайынға барғанда жеңгелерден қорықты” деп Барақ айтқаны қайда? Корқарын қорқарсың! Бірақ, әйтеуір, түбі қайыр. Менің білетінім сол-ақ, — деп, Абайларды күлдіріп алды.

Ербол бұған бұрын айткан тілегін кайта айтып:

— Әйтеуір, кай жерде тәжім ету керек, кай уақытта тұру керек, кай уакытга тымақты көзден алып, кең отыруга болады, бәрін өзің айтып отыр’ — деп өтініп тұр.

Абай Ерболдың енді басқаша міндетке ауысканына қарап, ойланып калды. Бүгін Абаймен бірге күйеу өтетін тар есік, тас босағаның бәрін бұл да өткелі тұр. Соған бар ынтасымен кеткен. Тіпті, Абай ойламаған жайдың бәрін де Абай үшін бұл ойлайды. Мұнысы да достығы. Абайга бар ынтамен берілгені. Бірақ мынау Ербол мен анадағы Ербол кайда? Бұл казір екі кісі сияктанып барады. Сонда кайсысы ыстық? Қайсысы қымбат?

Дәл осы кешке шейін Абайға тандатса, анау Ербол, қызыл өгізіне мініп, тасқын судан Абай үшін өтіп келген Ербол аспанда түрғандай жоғары.

Осы жолға ере шыккдн күні Ербол Абайға аса бір өзгеше сәлем әкелді.

Тоғжан мұның Абай кайнына бірге баратынын есітіп отырып:

— Ай батқандай қылды да, адастырып кетті ғой! Бірак сонда да жолы болсын’ Жақсы қызық көрсін, сәлем айт’ — депті де, Ербол кете бергенде орамалымен көзін басып, жылап капты.

Осыны есіткелі Абай жол бойында бір сейіле алмады. Өзін бір бұйрық қуып, еріксіздік әкеле жаткандай көретін. Осындай күйлерде күйеулер тосып тұрғанда бір шақта сам жақтан күлкі естілді. Әйелдер күлкісі. Келесі секундта көп шолпының шылдыры да жетті. Күйеу алды- нан шыккан қыз-келіншек екен. Калың топ. Ақ жаулықты келіншектер, үкілі кәмшат бөрікті қыздар көрінді. Айнала жүгірген балалар да көп. Абайлар топталып тұр. Жақындай бергенде келіншектердің алдыңғы ката- рында, орта тұсында келе жаткан біреулері:

— Абай кайсы?

— Күйеу кайсы бұл!

— Бәрінің киімі бірдейі несі! Күйеуше неге киінбеген? — десіп, жақындап кеп, амандаса бастады.

Абай жаңағы үндерді есті генде, сескеніп, кысылып калды. Енді біраз бойын жинап, күліп:

— Қайсымызды ұйғарасыз, сонымыз Абай болсын! — деді. Келіншектер күлді де, Абайдың өзін дәл таныды. Бірак тани сала бір келіншек:

— Қой, шырағым! Тобықты тымағын аулында киерсің. Біздің аулы- мызда күйеу тымағымен жүр! — деп бұйрық берді.

Осы жайды күлкі етіп, қалжыңдай бастаған келіншек күйеу киімін іздеп, сұрау салды. Жүмағұл шыдамады. Атының қанжығасынан қоржынын шешіп алып:

— Бәсе, ки десем бір көнбейді. Ал, міне, үйретіп алыңдар! Бар киімі мына менің қанжығамда, — деп, келіншектерге берді.

Осы кезде келіншектерге еріп келген балалар, күйеу жігіттердің аттарына екіден, үштен мінгесіп ап, шаба-шаба жөнелісті. Абайдың

мінгені — ак жал, сары жорға ат. “Күйеу атымен күл тасы” дейтін әдет бойынша, енді ак жал аттың көзі ашылмайтыны мәлім.

— Өзі жорға ғой!

— Ойбай, ракат екен’ — деп, мінгесіп алған үш бала соқтырып, тай- палта жөнелген. Алшынбай аулына күйеулер мен барлык кыз-келіншек жаяулап келді.

Күйеуге арналған үй өзге үйлерден де ерекше, шатырлай аппакекен. Ішінде жүк, сандық көп емес. Кең болсын деп бос қойыпты. Бірақ үйдің керегелері көрінбейді. Уықтың қарына шейін жағалай тұтылған ылғи су жаңа жібек кілем. Ашық түсті бояулары да, үсақ шебер өрнектері де үйдің ішіне қызыл-жасыл көрік беріп тұр. Есіктен төрге шейін жайылған тақыр алаша, манат, мақпалмен оюлап сырған үлкен-үлкен сырмақтар. Соның үстінде кабат-кабат жаңа көрпе, кестелі жастықтар. Үлкен бұйымынан — оң жақта әдемі.сүйек төсек тұр. Он бес катардай жібек көмкерудің үстіне күс-төсек, үлкен ақ жастықтар, шағи көрпелер жиналыпты. Көкшіл- кызғылт өңі бар шілтері шымылдық биік төсектің жоғарғы жағын перделеп тұр.

Абай осы төсектің алдына кеп отырғанда, екі жағынан Ерболдар отырған жок. Балдыздар, кұрбы қыздар, қайын бикелер отырды.

Солардан жоғары таман Ербол, Жұмағүлдар орналасты. Олар да бірыңғай екшеліп қалмаған. Орталарына үлкен сырғалы, кәмшат бөрікті кекселеу қыздар араласып отырысқан екен.

Күйеулер осылайша орналаса бергенде, жаңағы бірге келген келіншектің үшеуі кіріп кеп:

— Шымылдық, шымылдық түсір! — десті.

Абай касындағы аққұба қыз атып тұрып, атлас шымылдықты су- сылдатып түсіріп жіберді. Сөйткенше, әлгі келіншектер есікті шалқасынан ашып:

— Кіріңіз, кіріңіздер! — деп, тыска дауыс берді де, күйеулер жакка қарап: — Ал, балалар! Үлкендер! Енелерің келеді! — деді.

Абай, Ербол, Жұмағұл және қастарындағы бар қыздар орындарынан лезде тұрысты.

Шымылдық түсірулі. Үй ішіне үш үлкен әйел кірді. Ортадағысы Абайдың үлкен енесі — Алшынбайдын әйелі, семіз, қара бәйбіше. Қасын- дағы орта жаста, ак сары әйел — Абайдың өз енесі. Түсіптің катыны.

— Ал, шешелер, көрімдік!

— Көрімдік, кәні!

— Болмаса, балаларыңды көрсетпейміз, беті ұялады! — деп, алғашқы келген келіншектер күлген бойларында, шымылдықтың шетін ұстады.

— Алыңдар! Көрімдік сендердікі! Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіндер, алыңдар! — деп, үлкен бәйбіше қолына шашуын алды. Сол сәтте атлас шымылдық шалқия ашылды. Күйеулер бұл кезде төмен иіліп, тәжім кып түр екен. Үлкен бәйбіше:

— Өмір-жасың ұзак болсын! Алдыңнан жарылғасын, карағым! — деп шашуын шашты. Лактырғаны бір табак өрік, мейіз, кәмпит.

Өздері осы ауылдың балалары болғандыктан иілмей, Абайларға күле карап тұрған қыздар шашуды теруге тап берісті. Күлісіп, таласып алып жатыр.

— Қадамың қүггы болсын! Қызығың ұзак болсын, карағым, Абай! — леп, Абайдың оз енесі де тілеуін айтты. Күйеулердін жауап айтуы шарт емес. Олар үндемей, сызылып қана түр.

Сол кезде екі ене жақындап кеп Абайдың бетінен сүйді де, коп бөгелмей шығып кетті.

Абай бұл кеште озінін озгеше халіне үйрене алмай, катты қысылумен болды. Ұзын тымақ та көзіне түсіп, терлетіп, мазасын кетіріп отыр.

Әсіресе, қиыны: келген мен кеткен де, есіктен карағандар да, жабы қтан сығалағандарда, мынау жағалай отырған кыз-келіншек те кайта- кайта Абайға карасып, көздерін алмайды.

— Күйеу көрікті ме екен?

— Баламызға сай ма екен?

— Қайтіп отыр екен? — деген, ылғи бір бөтен, кадалғыш көздер.

Жігітті жігіт емес, келін еткендей, елден ала бөтен киім киіндіріп қойып, көлденең тартып: “Міне, мынаны көріңдер!” деген сияқты.

Күйеулер үйі аз отырып шай ішкенше оншалык жазылып, жадыраса алмады. Жұмағұл, Ерболдар үй ішіне түгел жететін қалжың, әзіл айтпай, тек өзді-өз касындағы қыздармен ғана ақырын, сыпайы түрде тіл катысып отыр.

Абай бағана үйге кіргеннен бері, өзінін жоғарғы жағында отырған екі-үш сәнді, сұлу қыздардың пішініне көз салып, бір нәрсеге кайран болды. Бұл қыздардың пішіні соншалык аппақ, беттерініңұшыдадымы- рак ашық кызыл ренденіп тұр.

Абай бүл жақтың әдетін білмеуші еді. Қарқаралы маңындағы Бо- шанның ер жеткен қыздары беттеріне опа-далап жағатын.


Перейти на страницу: