Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 11


III ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ КӨШПЕЛІЛЕР

§31. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мал шаруашылығының қалыптасуы. Сақ, савромат, мас- сагет тайпалары өмір сүрген кезең мал шаруашылығының жаңа түрі - жайылымдық немесе көшпелі мал шаруашылығы номадизмнің қалыптасуымен байланысты. Номадизм атауы «но­мад» — «көшпелі» сөзінен шыққан. Өздері отырықшы-егіншілік аймақтарда тұратын ежелгі авторлар бүл тайпаларға «егінші емес көшпелілер» деп біржақты баға береді. Ерте темір дәуірінде жайылымдық мал бағудың толық қалыптасуы далалық аймақта отырықшы қауымның ыдырауына әкелді. Отырықшы-егінші қауымдар ірі өзендердің аңғарындағы алқаптарда сақталып қалды. Егіншілік мал өсірушілер үшін шаруашылықтың қо­сымша түрі болды.

Жайылымдық мал бағуда бақташылар жер жағдайына байла­нысты балық аулау, қолөнер, кен өндіру кәсіпшілігімен де айна­лысты. Кәсіпшілік көбінесе тұз өндіру, кен ісі және әртүрлі ме­талл қоспасы бар кен өндіру мен өңдеу еді. Өткен параграфтарда сақтар мен массагет т.б. тайпа ақсүйектерінің қазынасы туралы айтқан едік. Табылған бұйымдар қолөнердің ерекше дамығанын, халықаралық сауда мен сауда жолдарының қалыптасқанын көрсетеді. Егіншілікті кәсіп еткен Орта Азия, Парсы елі және Үндістан мал өнімдері мен қолөнер бұйымдарына мұқтаж бол­ды. Мал өсірушілер астық өнімдерін, ақсүйектер сән-салтанат заттарын қажет етті.

Жайылымдық мал бағу (көшпелі мал шаруашылығы) ұзақ уақыт бойына қалыптасты. Бұл үрдіс қола дәуірінің соңында аяқталды.

Қола дәуірінің тайпалары жабайы аңдардың көктемде оңтүстіктен солтүстікке кетіп, күзде қайта оралатынын білді. Жануарлардың жеткілікті мөлшерде азық іздеуі мал шаруашылығы жаңа түрінің қалыптасуына түрткі болды.

Қытай, парсы, грек, рим халықтары үшін шаруашылықтың бүл түрі қарапайым әрі жұпыны көрінді. Мал өсірушілер ту­ралы олар «тек шөбі шүйгін, суы мол жерлерге малмен бірге көшіп-қонып жүреді» деген тұжырым жасады. Шын мәнінде, ол шаруашылықтың күрделі түрі еді.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында қыс гез өтеді. Қатты аяз бен қалың қар болмайды. Мұндай жағдайда төрт түлік мал жаздан қалған шөпті қар астынан тұяғымен аршып, тебіндеп жайыла алады. Олардың топтанып (үйір, табын, отар) жайыла­тыны да малшылар үшін қолайлы еді.

Жайылымдық бақташылықты реттеу не үшін қажет болды?

Көшпелілікті реттеу үрдісі. Қола дәуірінің бақташы, егінші, отырықшы қауымы үшін үлкен аймақтың қажеті болмады. Бүкіл шаруашылық өзен-көлдердің бойында өтті. Қыстыгүні малды қорада бағу үшін шөп шапты.

Б.з.б. VIII ғасырда сақ, савромат, массагет тайпаларында жайы­лымдық мал бағу толық қалыптасқан соң, олар кең-байтақ далалық аймақты өзара бөлісті. Бүкіл дала ру-тайпалардың шаруашылық аумағына бөлінді.

Жаңа қауымдардың малы көбейіп, ондаған мыңға жетті. Далалық жайылымда шөп жетіспеді. Күннің ысып кетуіне бай­ланысты далада көктемнің соңына қарай шөп қурап қалатын. Жаздың аптап ыстығында өртеніп те кететін. Ондаған, жүз- деген мал басын азықпен қамтамасыз ету үшін көшпелі мал шаруашылыгын реттеу қажет болды. Рулар мен қауымдар көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдарын бөлісуі керек еді.

Мал бағымы үш деңгейде реттелді.

Қалай ойлайсыңдар, мал багу үрдісін реттеу не себепті үш дең гейден түрды?

Ең жоғарғы деңгейде мал өсірушілердің ру-тайпа көсемдері жиналып, тайпалардың аумағын шаруашылық өрістерге бөлді. Олар жайылымдықтарды пайдалану тәртібін келісті. Қосымша қорда сақталатын жайылымды анықтады, тағы басқа мәселелерді шешті.

Келесі деңгейдегі реттеу ісін қауым мен қауымдық топтардың басшылары ақсақалдар атқарды. Олар көш бағытындағы өз қауымдарына бөлінген жайылымды тиімді пайдалануды ұйым­дастырды. Малшылар жайылымды бірінші болып иеленуге тырысты. Кім қолайлы жайылымға бұрын келсе, сол жердің уақытша иесі саналды.

Тайпа көсемі

Малды маусымдық жаю үрдісінің әсе­рінен көшпелілерде рулар мен қауым- дастарды біріктіретін орталықтандырыл- ған билік пайда болды.

«Билік» деген сөзді қалай тусінесіңдер? Орталықтандырылган билік дегеніміз не?

Бұған сақ, савромат ақсүйектерінің обалары айғақ бола алады. Жайылым­дықтар мен малды сақтау үшін әскери- саяси билік пен үйым құрылды. Олар көшпелілердің мемлекет қалыптасты- руына, үлан-байтақ жерді жаулап алып, отырықшы-егінші қауымнан басым түсуі­не мүмкіндік берді.

Қола дәуірінде барлық адамдар тең еді. Жер қауымның меншігі саналды. Мал өсірушілерде жекеменшік малға қатысты болды. Бүл қауым, бүкіл қоғамның жікке бөлінуін туғызды. Байлар және кедейлер пайда болды. Адамдар: көсем, абыз, жа­уынгер, қатардагы қауым мушесі болып топқа бөлінді. Алайда мал өсірушілерде бұл айырмашылық көп қайшылық тудырмады. Байлар мен кедейлер, көсемдер мен қатардағы қауым мүшелері өзара жауласпады.

  1. «Тебіндеу» сөзіне анықтама беріңдер.
  2. Оқулық мәтінін пайдаланып, темір дәуірі көшпелі тайпа- лардың көшіп-қонған жерін көрсетіңдер.
  3. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының ерек­шелігін атап өтіңдер.
  4. Неліктен отырықшы халыққа қарағанда көшпелілерде орта- лықтандырылған билік ерте пайда болды?
  5. Ерте темір дәуіріндегі мал өсірушілердің қоғамдық құрылы­сында қандай өзгерістер орын алды?

Жұп болып талқылаңдар.

Отырықшы-егінші халықтан шыққан авторлардың «дала тайпала­ры малмен бірге шөбі шүйгін, суы мол жерлерге көшіп-қонып жүреді» деген тұжырымымен келісесіңдер ме? Өз пікірлеріңді дөлелдеңдер.

Қосымша тапсырма

Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі жайылымдық мал бағуды сипаттаңдар.

Жазбаша тапсырмаға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпты ашуда маңызды ақпарат пен деректерді іріктеп алу.
  2. Тақырыпты жүйелі түрде баяндау (қорытынды жасау).
  3. Қосымша материалдарды пайдалану.
  4. Жұмыстың дербес орындалуы.

§32. ДАЛА ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қыс пен көктемгі көші-қөн. Қыста мал өсірушілер оңтүстікте өздерінің қысқы жайылымдарында тұрды. Мысалы, массагет- тер Үстіртте және Сырдарияның төменгі ағысынан Әмударияға, яғни ежелгі Хорезм шегарасына дейінгі алқапты; сақ-исседондар Сырдарияның төменгі ағысы мен Шу, Талас аралығын; савро- маттар Ырғыз, Жем өзендерінің төменгі бойын мекендеді.

Ру-тайпалар шағын қауымдарға бөлініп, бір-бірінен алшақ қоныстануға тырысты. Бұл аймақтарда қыстаған малға шөп көктемге дейін жетуі тиіс болды.

Көктем шығып, жер көктегенде малшылар қыстаудан көк­теуге көшеді. Көктеуде тайпа көсемдері жиылып, рулар мен қауымдардың жаз мерзімінде қай бағытпен көшетіндерін анық­тайтын. Мал өсірушілер «көш» деп аталған қауым құрды.

Малы аз болғандықтан кей отбасылар қауымдастыққа қо­сылмады. Олар орындарында қалып қойды немесе жаз бойы көктемгі жайылым маңында көшіп-қонып жүрді және қысқа шөп дайындады. Сондықтан сақ, савромат, массагет және басқа мал өсіруші тайпалар мен халықтарды толық «көшпелі» дей алмай­мыз. Жекелеген малшылар қолөнермен, балық аулау, кен өнді­ру, суармалы егіншілікпен айналысты.

Археологиялық қазба жұмыстарынан біз савроматтар жер жыртып, егіншілікпен айналысқанын және өз қыстауларының қасына тары еккенін білеміз. Тиграхауда сақтары мен мас- сагеттер Сырдария, Жетісудың өзендері бойында суармалы егіншілікпен шұғылданды.

Жазғы, күзгі көші-қон. Жазғы жайылымға бет алған мал­шылар шөлге, сортаң жерлерде немесе шөбі күйіп кеткен далада қалмас үшін алдын ала анықталған бағыт бойынша жүрді. Шөбі шүйгін, табиғи су көзі жеткілікті жайылымды іздеп табу басты

Жер жырту

міндет еді. Олар кез келген жайылымға емес, шөбі кемінде 10— 15 күнге жететін жерге тоқтап отырды. Малшылар жаз кезінде маусымдық көштің бағытымен ондаған жайылымды ауыстырып отыратын. Оларды картаға түсірсек, оңтүстіктен солтүстікке бағытталған жердің ұзын ендігі шығар еді.

Жыл сайын қауым қысқы жайылымына қайтып оралатын. Олар күзеуге жеткен кезде жазғы қауымдастық ыдырайды. Қыстық жайылымда тұрақты қоныстар — жеркепе, жартылай жеркепе мен тұрғын үйлер салынды. Үй салу үшін көбінесе балшық, күйдірілмеген кірпіш қолданылды. Тау ішіндегі мал өсірушілер үйді тастан қаласа, ағашты жердегі тайпалар бөре­неден салды.

Жаздыгүні үндіиран мал өсірушілері киіз үйде тұрды. Киіз үй — ағаш қаңқасы бар киізбен жабылған жиналмалы-құрастыр- малы баспана.

Қыз-келіншектер де ерлермен бірдей атқа мініп, садақ, жебе, ақинақпен қаруланды, малды жаудан қорғады.

Дала тайпаларында жайылымдық мал бағудың көптеген түрі қалыптасты.

Жайылымдық мал багудың түрін таңдау үшін әр аймақта қандай жагдайлар ескерілгенін ойлап көріңдер.

Савроматтар жазық далада мал өсірді. Жаздыгүні олар ұзақ қашықтықта жайылымның бойымен көшіп жүрді. Шаруашы­лықтың бұл түрі исседондарға да төн. Тиграхауда сақтары ма­лын тауда өсірді. Олар мұздықтардан бастау алатын өзендерден суарылатын оты мол жайылымға тау арасындағы қиын жолмен жететін.

Қыстау маңы

Үстірттегі массагеттердің дах т.б. рулары қыста да бір жайы- лымнан екінші жайылымға ауысып жүрді. Олар жайылымдарда адам мен мал су ішетін құдық қазды. Жаздыгүні массагет тай­палары Жем және Ырғыз бойына дейін көшті.

Мал бағу. Қолөнермен, егін шаруашылығымен айналысатын кедей қауым мүшелерінің де малы болды. Бірақ малдары аз еді, сондықтан олар үй маңындағы бақташылықпен айналысты. Олар қоймен бірге сиыр да ұстады. Ол үшін қысқа шөп дайын­дау қажет еді. Кедей мал өсірушілердің негізгі тамағы сүт пен сүт өнімдері болды.

Үндіиран тайпалары жылқы өсірді. Жылқының екі түрін: қазанат пен жабыны ажырата білуіміз керек. Жабы көбінесе еті үшін өсірілді, ал қазанат жауынгердің серігі болды. Қазанаттың құлынын ерекше күтімге алып, баптаған. Мал өсірушілер жылқының түқымын жақсартуға тырысып, іріктеп отырған.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Орталық Қазақстаннан табылған сүйектерге қарап жылқының екі түрі болғаны анықталды. Бірінші түрі - аласа бойлы, басы мен денесі ірі жылқылар. Екін­шісі - түрқы биік, жарау, мініс жылқылары. Жайылымдық мал бағуда жылқыға ерекше мән берілді.

Қалай ойлайсыңдар, неге?

Алайда түліктің негізгі түрі ет, жүн, сүт беретін қой көп өсірілді.

Жайылымдық мал шаруашылығында не себепті қой көп өсірілгені туралы ойланыңдар.

Қой тез көбейеді, азық талғамайды. Қазба жұмыстары сав- роматтарда қойдың тұмсықты келген ірі тұқымы болғанын айғақтайды. Ол қазақтың қазіргі құйрықты қойларына ұқсас кел­ген. Қоймен бірге Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық аудандарында түйе өсіру дамыды. Түйе мінуге және жүк артуға пайдаланылды. Одан жүн, ет, сүт алынды.

  1. Жылқыны қолға үйретудің әлемдік өркениетке қосқан үлесін анықтаңдар.
  2. Түліктің түрлерін атаңдар.
  3. Мал өсірушілердің шаруашылық көші-қон бағытын анық­таңдар.
  4. Неліктен сақ, савромат, массагеттер, басқа да мал өсіруші тайпаларды толық көшпелі деу қате пікір?
  5. Жайылымдық мал шаруашылығы көп білім мен тәжірибені талап ететін күрделі іс екенін дөлелдеңдер.

Жұп болып талқылаңдар.

Тұрақты тұрғын үйлер не себепті қысқы жайылым аумағында са­лынды?

Қосымша тапсырма

Венн диаграммасын қолданып қысқы-көктемгі, жазғы-күзгі көшіқон бағытын салыстырыңдар. Олардың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?


Перейти на страницу: