Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 12


§33. МАЛ ӨСІРУШІ ТАЙПАЛАРДЫҢ ҚОЛӨНЕРІ МЕН САУДАСЫ

Қолөнер. Сақ, массагет тайпаларында металды өндіру, қорыту ғана емес, оны өңдеу мен құюда да зор шеберлікке қол жеткізді. Олар қоладан қазандар, құрбандық ыдыстарын, қанжар, най­за, жебе ұштары сияқты қару-жарақ түрлерін, ауыздық, жүген т.б. ат әбзелдерін, нағыз өнер туындылары саналатын алуан түрлі әшекей, зергерлік бұйымдар жасады. Олардың аң стиліндегі алтынмен құйылып, зерленген бұйымдары әлі күнге таңғалдырумен келеді.

Жетісудың Іле аңғары мен Ыстықкөл маңынан қазандар мен құрбандық заттары көптеп табылды. Қазанның бүйірі шығыңқы, тұтқалары ілгек тәрізді, кейбі-реуінің шеті жануар бейнесімен өрнектелген. Құрбандық ыдыстар дөңгелек үстел тәрізді, жиегі шығыңқы табақтар түрінде болды. Оларды діни жоралғыларда пайдаланған. Құрбандық ыдыстарын ру-тайпалар маусымдық жайылымдарда өздерімен бірге алып жүрді, діни дәстүрлерді орындады.

Алматы жерінде табылған құрбандық табағы сирек кездесетін жәдігер. Конус тәрізді тұғырда, шетіне 15 бұқа мүсіні бейнеленген дөңгелек табақ орнатылған. Табақта атқа мінген садақшы қырын қарап бұқаларды көздеп түр, қасына білте салатын түтік орнатылған.

Тағы бір тамаша жәдігер — «жетісулық құрбандық ыдыс». Ол төртбұрышты кел­ген, ұстайтын құлақшалар орнатылған. Табақ жануардың сирағы тәрізді төрт тұғырға қойылған. Үстелдің шетіне қа­натты жыртқыштардың мүсіндері бар. Савроматтар да осы тәрізді жануар сира­ғы бейнеленген құрбандық табақтарын пайдаланған.

Тасмолалықтардың қолданбалы өнерінде жолбарыстың ал­тын, таутекенің қола мүсіндері кездеседі. Қола айнаға бедерленіп салынған қабан мен бұланның мүсіндері, бұратылып жатқан қабан түріндегі сүйек пен мүйізден жасалған тоғалар табылды. Сақтарда «зоологиялық шытырман» стиліндегі көп мүсінді көрі­ністер шыға бастады.

Кейінгі дәуірде тасмолалықтардың материалдық мәдениетін­де өзгеріс пайда болды. Үшқырлы ұңғымалы садақ жебелерінің ұшы жасалды, темір кеңірек қолданыла бастады.

Зергерлердің ғажайып бұйымдары Есік обасынан табылды. Ой­дағы бұйымдар ақсүйек сақтардың киімі мен әшекейі, қару-жарағы туралы толық ақпарат береді.

Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасаған бейнелер мен әше­кей бұйымдарды алтынмен аптау ісі, түйіршіктеу мен зерлеу әдістері кең тарады.

Сақтарда ағаш өңдеудің дамығанын ыдыстар, аңдардың мү­сіндері мен әртүрлі ілгектер айғақтайды. Сонымен қатар ілгек, тоға, түйме сияқты заттар жасайтын сүйек өңдеу де дамыды.

Айырбас

Мал өсірушілерде зергерлік өне­рі ерекше жетілді. Шеберлер құю ісі­мен, алтын қалыпқа түсірумен таныс болды. Олар әшекейлерді, киімді сән­дейтін бұйымдарды, ат әбзелдерін, тұрмыстық заттарды нақыштап таң- ғаларлықтай етіп жасады. Бұлар — алқалар, әртүрлі сырғалар, алтынмен өрнектелген тоғалы белдіктер мен киімге тігілетін оқалар.

Зергерлер түрлі түсті асыл тастардан моншақ жасады.

Айырбас пен сауданың шығуы. Орталық Азияның далалық аймақтарында мал өсіруші тайпалар үстемдік құрса, Зеравшан, Тарым, Сырдария мен Әмудария өзендерінің бойында егіншілік мәдениеті гүлденді. Мал өсіруші мен егінші қауымның арасында еңбек өнімін айырбастау дамыды.

Шығыс пен батысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстыр­ған халықаралық сауда қалыптаса бастады.

Б.з.б. I ғасырдың ортасында сән-салтанат бұйымдары мен қолөнер заттарын мал өсірушілер тұратын жерге жеткізетін дала жолы іске қосылды. Жол Қытайдың қолөнері дамыған, Хуанхе өзені бойынан басталды. Алтайдың шығыс, солтүстік сілемдерін, Қазақстан далаларын, Қара теңіз жағалауын басып өтіп, гректер мен этрускілер жеріне дейін жетті.

Геродоттың сипаттауынша, дала жолы Қара теңіз жағалауы­нан Донға өтіп, савроматтар жері арқылы Оралға бағыт алды. Одан әрі Алтайға, Ертіс бойындағы аргиппейлер еліне, Монғо­лия мен Қытайға жетті.

Бұл жолдың көп бөлігі Қазақстан арқылы өтті. Ол арқылы үндіиран мал өсірушілеріне Қытай жібегі мен Иран кілемдері жеткізілді. Олардың қалдықтары Алтайдағы Пазырық обалары­нан табылды.

Б.з.б. II ғасырдан бастап Үлы Жібек жолының негізгі бағыт­тары қалыптасты. Орталық Азияның мал өсіруші және егінші халықтары тауар мен мәдениет жетістіктері өзара алмасып отырды.

  1. Темір дәуірі тұрғындарында қолөнердің қандай түрлері дамы­ды?
  2. «Аң стилін» сипаттаңдар.
  3. Тасмолалықтардың қолданбалы өнеріне не төн?
  4. Кейінгі кезеңде тасмолалықтардың материалдық мәдениетінде қандай өзгерістер орын алды?

 Жұп болып талқылаңдар.

Өзіндік жумыс

Сыныптастарыңа 5 сұрақ өзірлеңдер (өр карточкаға 1 сұрақтан, сырт жағында жауабы болсын).

Карточкаларды басқа топпен алмастырыңдар.

Топ 4 адамнан турады.

  1. Топ басшысы берілген сұрақтарды оқиды. Топ мүшелері планшет­ке жауабын жазады да дайын болғанын білдіріп, бас бармағын көр­сетеді.
  2. Топ басшысы белгі берген кезде бәрі жауапты жинайды. Түсініксіз сұрақтар талқыланады.

Қосымша тапсырма

Үндіиран зергерлері туралы қосымша ақпарат тауып, 5 минуттық мультимедиалық слайдты таныстырылым әзірлеңдер.

Мультимедиалық таныстырылымеа қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпқа сәйкестігі;
  2. Көркем безендірілуі;
  3. Мәтіннің нақтылығы;
  4. Түрлі деректермен жұмыс жасау білігі.

Рәсімделуі:

  1. Таныстырылым үйлесімді, эстетикалық талапқа сай, безенді­рілуі мазмұнына сәйкес келуі керек.
  2. Таныстырылымның бейнеленуі тартымды, қызықты әрі мәтін­нен ауытқымауы тиіс.
  3. Мәтін жеңіл оқылатын және слайдтар соған сәйкес келуі керек.
  4. Тізім, кесте, диаграмма мен сызбалар таныстырылымда ретімен орналастырылғаны жөн.

Таныстырылымды қоргау:

  1. Таныстырылым материалын мүмкіндігінше толық меңгеру.
  2. Анық және түсінікті етіп жеткізе білу.
  3. Аудиториямен еркін қарым-қатынас орнату (қызықтыра білу, сұраққа сауатты жауап беру).

Регламент сақтау.

§34-35. ДАЛА ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ДІНИ ТҮСІНІКТЕРІ

Дала тайпаларының қоғамы. Жазба деректерде дала тайпа­ларының қоғамдық құрылысы жайлы мәлімет аз кездеседі.

Рим тарихшысы Квинт Курций Руф дала тайпаларының көктен түскен сиқырлы сыйы туралы аңызды айтады. Аңыз бо­йынша, соқа мен қамыт егіншілерге, найза мен садақ жауын­герлерге, тостаған абыздарға арналған.

Бұған сүйенсек, қоғамда адамдардың үш тобы болған: жау­ынгерлер (жауынгерлерді «ратайштар» — «арбада тұрғандар» деп атаған). Абыздардың танымал белгілері тостаған мен ерек­ше баскиім. Қатардагы қауым мцшелері, «сегізаяқтылар», яғни соқаға жегетін қос өгізі барлар. Әрбір қоғамдық топтың өз түсі болған. Жауынгерлердікі қызыл, абыздардыкі ақ, негізгі қауым мүшелерінікі сары және көк түс.

Жауынгерлер мен билеушілердің белгісі жебе мен садақ бол­ды. Билеуші садағын мұрагеріне қалдырды. Билеуші, ең алды­мен, әскерді басқарды, садақ атуды, басқа соғыс қаруларын ше­бер игерді.

Көсем көктемде алғашқы соқа салу жұмысын жүргізді. Ол дәс­түр бойынша көсем бақташының тәрбиеленушісі саналды, бұл билеу­шінің халықпен байланысын көрсетті.

Көсем құдайдың қалаулысы, аспан мен жердің арасындағы дәнекер есептелінді. Халықтың әл-ауқаты көсемнің күші мен рухани қуатына байланысты еді. Ол бүкіл халықтың жиынтық үлгісі еді, яғни қоғамдағы билікті білдірді. Ал билік мемлекеттің белгісі саналды.

Археологиялық деректер сақ, савромат қоғамдарының топқа бөлінгенін көрсетеді. Ол жерлеу обалары көлемінің өртүрлігінен байқалады. Бесшатыр қорымында алып обалар көсемдерге, ор­таша обалар жауынгерлерге, ұсақ обалар қатардағы қауым мүшелеріне тұрғызылған. Үйғарақ қорымының ортасында садақ, жебе, әскери айбалтасымен жерленген көсемдер мен ақсүйек жауынгерлердің үлкен обалары орналасқан. Оның шығысында құрбандық ыдыстарымен бірге жерленген абыздардың, батыс бөлігінде қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері табылды.

Савроматтардың қоғамдық құрылысында әйелдің рөлі жоға­ры болғанын барлық ежелгі тарихшылар атап көрсетеді. Шын мәнінде, савромат әйелдері жерлеу орнының ер адамдардың қа­бірінен көп айырмашылығы жоқ. Археологтер олардың қабір­лерінен ерлердің қару жиынтығы мен ат әбзелдерін тапқан. Сав­ромат жерлеу орнының б.з.б. IV ғасырына жататын қабірінен әйелдің сүйегі кездескен. Қабірден басқа жақтан әкелінген ыдыс- аяқ пен әшекейлер және найза, қылыш, қола, темір ұштары бар жебе салынған қорамсақ табылған. «Амазонкамен» бірге әбзел­дерімен ат та көмілген.

Діни түсініктер, мифология. Савромат, сақ тайпалары басқа халықтар сияқты табиғат күштеріне күнге, жерге, найзағайға табынған. Олардың түсінігінше, мейірімді және зұлым құдайлар фантастикалық аң, құс, мысалы, қанатты пырақ, самұрық ат түрінде болады. Мифология мен фольклорда бұл бейнелердің кең таралуы Еуразия даласындағы өнерде ерекше «аң стилін» ту­дырды.

Сақ аңыздарында жылқы күн және отпен байланыстырылды. Әлемді жаратушы бас құдай Митра төрт ат жеккен күймемен жүрген. Есік обасынан табылған билеушінің баскиімінде қанат­ты пырақтар бейнеленген. Күн бейнелі қанатты пырақ басқа халықтардың аңыздарында да кездеседі.

Жыртқыш бүркіт бейнесі де Күн құдайының символы есеп­телген. Дала тұрғындары Күнді төрт ат немесе төрт қыран алып ұшатын бір дөңгелекті күйме түрінде елестеткен.

Дала тайпаларында әлемнің құрылымы жайлы да түсінік қалыптасқан. Ғарыш туралы түсінігі Күн, Күн-күйменің қозға­лысымен үндеседі.

Көшпелілер қоршаған ортаны үш дүниенің: төменгі - жер- асты, орта — жерүсті және жоғарғы - көктің қабысуы ретінде қабылдаған. Дүниенің төрт — оң, сол, алдыңғы және артқы жағы болады деп есептеген.

Сақтардың ғарыш туралы түсінігінің мысалы Есік обасынан табылған сақ көсемінің баскиімі болып табылады. Баскиімнің алдыңғы жағына бүкіл ғарыштың бейнесі ретінде күн - қанатты аттар мен төрт алтын жебе салынған. Бүл күннің өз жолында айналып шығатын үш әлем мен дүниенің төрт бүрышындағы билігінің ерекше белгісі саналады. Сақтар алдыңғы жақ деп дүниенің шығыс бөлігін, артқы жақ ретінде батысты есеп­теді. Баскиімнің жалпы мағынасы құдайдың көсемге бүкіл мифологиялық ғарыштағы билікті тапсыруын білдіреді. Көсем дүниенің кіндігі ретінде қабылданып, оның киіміндегі символ­дар сақтардың қоршаған орта туралы түсінігін көрсетті.

Жалпы алғанда, «аңстилі» үндіиран тайпаларының дүниетанымы ежелгі мал өсірушілердің ерекше белгісі ретінде қалыптасты.

Жауынгер тайпалардың діни түсінігі әскери мазмұны басым идеологиялық тұжырымдама түрінде сипатталады. Онда көсем мен әскербасылары ұлықталған. Алтын киімі мен тәжіне қара­сақ, Есік обасынан табылған көсем Күн құдайына теңестірілген. «Алтын киімді адамның» баскиіміндегі ою-өрнектің де өзіндік мәні бар. «Алтын таулар» мен «ағаштар» билеушіге бағынышты әлемді сипаттайды.

Сақтардың түсінігінше көсем де күн тәрізді әлемнің ортасын­да тұрып айналасын түгелдей бақылай алады. Сонымен бірге «Алтын киімді адам» — өзіне бағынышты дүниені қорғаушы жауынгер және абыз саналды. Сырт киіміндегі алтын қаптыр­малар құстың қауырсынын еске салады. Қауырсындар кейінгі дәуірлердегі рухтар мен құдаймен тілдесе алатын бақсылардың қауырсындарына ұқсас келген.

Баскиімдегі ешкі мүйізді, арқасында ал­тын жебелер «өсіп тұрған» қанатты алтын қос пырақтың мәні зор. Бұл мифологиялық бейнелер: құс аспанды, жылқы жерді, ешкі жер астын, қанатты жебелер дүниенің төрт бүрышын білдіреді. Бұл жылқылар ғарыш­тың символы ғана емес, ол көсем билігінің, қоғамдық құрылыстың мінсіздігін де бейне- лейді.

Жетісу сақтарында қасиетті орындар — от ғибадатханалары болды. Онда ғұрыптың заттар: құрбандық ыдыс орналасқан. Ғұрып­тың бұйымдар табылған жерде мінажат орны жатты. Жетісулық үлкен құрбандық ыдыс, сондай орыннан табылған. Бұндай ғиба­датханалар Тянь-Шань таулары баурайында, жазғы жайылымда, ірі обалық қорымдар жанында орналасқан. Тау баурайында ата-баба аруағы үшін мерекелер өткізіліп, рәсімдер жасалған.

  1. Квинт Курций Руфтың аңызын пайдалана отырып, сақ тайпа- ларының немен айналысқанын анықтаңдар. Қоғам қандай негізгі топтарға бөлінді?
  2. Көсемнің көктемде бірінші болып соқа салуы нені білдіреді?
  3. «Алтын киімді адамның» баскиімін қарап шығыңдар. Вас- киімнің қүрамдас бөліктері нені бейнеледі?
  4. Дала тұрғындарының діни түсініктері мен мифологиясын си­паттаңдар.

Жұп болып талқылаңдар.

Сақ, савромат, массагеттер қоғамында әйелдердің құқықтары ер­лермен бірдей болғанын, мемлекет белгілері байқалғанын қандай де­ректер көрсетеді?

Қосымша тапсырма

Үндіиран тайпаларының дүниетанымын сипаттаңдар. Үндіиран- дықтардың идеологиялық тұжырымдамасы қандай болды?

Жазбаша тапсырмага қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпты ашуда маңызды ақпарат пен деректерді іріктеп алу.
  2. Тақырыпты жүйелі түрде баяндау (қорытынды жасау).
  3. Қосымша материалдарды пайдалану.

Жұмыстың дербес орындалуы.


Перейти на страницу: