Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 4


§8. ПАЛЕОЛИТ АДАМДАРЫНЫҢ КӘСІБІ

Дайын өнімді тұтыну. Алғашқы адамдардың ежелгі кәсібі дайын өнімді тұтыну - терімшілік еді. Олар табиғи өнімді дайын күйінде пайдаланды. Жабайы жануарлар мен құстарды ұстады, өзен-көлдерден балық аулады, жеуге жарайтын өсімдіктерді жинады. Алғашқы кәсіпшіліктің бұл түрі азық-түлік қорын жасау үшін жерінің көлемді болуын, адамдар ұжымының мүм- кіндігінше алшақ қоныстануын талап етті. Сондықтан палеолит тұрақтары оқшау орналасқан.

Алғашқы қауымдық аңшылық. Ежелгі адамдар табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, азығын аң аулаумен тапты.

Ежелгі адамдардың алғашқы кәсіптері: тас шапқымен өсімдік тамырын қазу; тас кескішпен аң сою

Қалай ойлайсыңдар, неліктен?

Аңшылықтың терімшіліктен ерекшелігі - ол барлық мау­сымда жүзеге асырылатын әрі адамның көбірек азық табуына мүмкіндік берді. Аңшылар аң үйіріне жақын келіп, күтпеген жерден қоршап алатын.

Адамдар тобырдан алғашқы қауымдық қоғамға өткенде аңшылықтың ұйымдасқан әдісі пайда болды. Питекантроптар қауымы тұрағында әйелдер мен балалар аңшылардың олжалы оралуын күтіп отырды. Олардың өмірі аңшылықтың сәтті өтуіне байланысты еді.

Ашық орындарда аңшылықтың ежелгі түрі - дала шөптері мен орманның бір бөлігін өртеу тәсілі қолданылды. Отқа күйіп өлген жануарлар мен құстардың, ірі жәндіктердің қалдықтарын жинап, тамақ ретінде пайдаланған.

 Аңшылықтың бүл түрі қоршаган ортага қалай әсер етті?

Өртеу біртіндеп сирей бастады себебі уақыт өткен сайын өсімдік­тер кайта шығып үлгермеді, өрттен кейінгі бұл жерлерден тіршілік иелері қаша бастады. Жер қаңырап, су көздері құрғап қалды. Ежелгі адамдар алғаш рет әлемде табиғат пен адам арасында тепе-теңдікті сақтаудың қажеттігін түсінді.

Алғашында ірі жануарлар мен шөпқоректілерді қаумалап аулайтын. Әрине, жекелеген аңшылық түрі де шыға бастады. Алайда мыңдаған адамды тамақтандыру үшін өте көп азықты қажет етті. Алғашқы қауымдық қоғамның тұрғындары күні бойы тек тамақ дайындаумен немесе оларды өндіру үшін қару әзірлеумен айналысты. Аңмен бірге балық аулады, жеуге жарамды өсімдіктер жинады.

Аңшылық әдістері. Мұз басу дәуіріне дейін ұсақ жануарлар қаумалап ауланса, мұз дәуірінде үлкен аңдар да ауланды. Қауымдастық мүшелерін азықтандыру үшін аңшылар аң ау­лаудың қаумалап цстау әдісін пайдаланды. Осылайша, көп адамды тамақтандыруға мүмкіндік беретін және айтарлықтай ұзақ уақытқа жететін бұғы, аю, жабайы бұқа т.б. аулана бас­талды.

Жазық жерлерде қаумалап аулау үшін апан-шұңқырлар қазылды. Осы мақсатпен жануарлардың маусымдық қозғалысы кезінде жүретін жерлеріне алдын ала терең орлар қазылып, табиғи сай-жыралар да пайдаланылды. Аңшылардан қашқан үйір шұңқырға құлап, қорыққаннан бір-бірін таптап тастайтын. Бұл әдіс қауымдағы көп адамды тамақпен ұзақ уақыт қамтамасыз етті. Суық күндері етті сақтау қиындық тудырмайтын. Ал жылы кезде ет пен теріні сақтау қиын болды да, тірлікке қауымның барлық мүшесі түгелдей дерлік кірісетін. Көп мөлшердегі етті сақтау оңай емес еді. Ет тұздалды, күнге қақталып, кептірілді.

Мұз дәуірінде тундрадағы арктикалық аймақтарды мекенде- ген алғашқы қауымдық қоғамдар бизон, солтүстік бұғысы т.б. аңдардың маусымдық өріс жолында орналасты. Қауым кез келген уақытта жиналып, жаңа аңшылық орындарына қоныс аударып отыратын.

Неандертальдықтар отпен және басқа да аңшылық құрал­дардың көмегімен жекелеген аңдарды үйірінен бөліп, алдын ала

Қаумалап аң аулау
Жаралы бизон. Альтамир үңгіріндегі сурет (Испания)

дайындалған апанға немесе сай-жыраға қүлататын. Мертіккен аңды жабылып жүріп үрып өлтіретін. Оның еті үлкен олжа еді, барлық қауым мүшелеріне біразға жетіп, аңшылықтан кейін демалуға мүмкіндік беретін. Мамонттың терісі мен қабырғасы жиналмалы үй-күрке дайындау үшін пайдаланылса, майы үйді жарық ету, жылыту үшін қолданылды.

  1. Аңшылықтың ең көне түрін атаңдар.
  2. Палеолитте азықпен қамтамасыз етудің негізгі түрі неліктен аңшылық болды?
  3. Палеолит адамдары қандай кәсіппен айналысты?

 Жұп болып талқылаңдар.

«Палеолит кезеңіндегі аңшылық» тақырыбын талқылау барысын­да кесте толтырыңдар.

Аңшылық түріАңшылық әдісінің сипаттамасыАртықшылығыКемшілігі
    
    

Қосымша тапсырма

Интернет қоры мен әдеби деректерді пайдалана отырып, «Палео­лит дәуірінің кәсібі» тақырыбында ауызша хабарлама дайындаңдар.

Ауызша хабарламаға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың өзектілігін ашып көрсету.
  2. Қойылған мақсат пен міндетті айқындау.
  3. Зерттеу жұмысының ерекшелігіне тоқталу.
  4. Негізгі түйіндерді тұжырымдау.
  5. Ауызша хабарламаға берілетін уақыт - 7 минут.

Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:

  1. Мазмүндылық, ойдың нақтылығы;
  2. Баяндаудың дөлелділігі, сенімділігі;
  3. Сөйлеудің мәнерлілігі.

Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдты таныстырылым дайындауға болады. Таныстырылым слайдтарын мәтінмен толтырмаған, түсті фонда ірі әріптерді қолданбаған жөн екені туралы кеңес береміз.

§9. МЕЗОЛИТ. ОРТА ТАС ДӘУІРІ (б.з.б. 12—5 мыңжылдықтар)*

Ауа райының өзгеруі. Кейінгі палеолит пен мезолит кезеңі­нің басында ауа райы өзгеріп, мұз еріді. Қазақстан аумағында өзен, көл, батпақ көбейіп, қылқанжапырақты өсімдіктер қаулап шықты. Палеолит пен жаңа тас дәуірі аралығындағы кезең - ме золитте адамның қазіргі заманғы келбеті толықтай қалыптасты. Олар басым биологиялық түрге айналды. Мұздықтар еріп, солтүстікке қарай қозғалды, олармен бірге мамонт, салқын ауа райын бейімделген адамдар да жылжыды. Қиыр солтүстікке адамдардың мезолит дәуірінде келгені, олардың палеоазият, монғолоид өңдес болғаны анықталды.

Бұл кезеңде адамдар шымыр, ширақ болды. Олар бір орын нан екінші орынға жиі ауысып отырды. Мезолитте адамдар тұрақты тұрғын үйді сирек тұрғызды және үлкен аумақта үнемі дерлік көшіп-қонып жүрді. Сондықтан олардың тұрақтарын­да айтарлықтай мәдени қабат қалыптасып үлгермеді. Архео логиялық зерттеулерде бұл дәуірдің тұрақтары аз анықталған.

Мезолит дәуіріндегі шаруашылық. Мезолит дәуірінің тағы бір ерекшелігі - жануарлардың кейбір түрлері көбейді. Мысалы, қоян, бүғы, қасқыр және т.б. Бүл аңдарды жекелеген аңшылар аулады. Жүйрік аңдарды аулау үшін қару-жарақтың жаңа түрі — садақ пен жебе пайда болды.

* Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, мезолит б.з.б. 10-7 мыңжылдық­тар аралығын қамтиды.

Балық аулау

Халық саны көбейіп, аңшылық жерлердің жетіспеуіне бай­ланысты ежелгі адамдардың бір бөлігі мезолит дәуірінде сол­түстік аймақтарды мекендей бастады. Олар Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын қоныстанды. Тамақ табудың бас­ты көзі балық аулаумен айналысты. Еріген мұздықтар өзен- көлдердің деңгейін көтерді. Соның нәтижесінде адамдар қайық, ау, сүйектен жасалған сүңгіні ойлап тапты.

Балық аулау арқылы бір мезгілде жеткілікті мөлшерде көп тамақ табуға болатын еді. Сонымен қатар адамдар жағалаудағы құстарды да ұстап, жұмыртқаларын жинады, қамыс арасындағы аңдарды, яғни жолбарыс пен қабан, құндыз т.б. аулады.

Мезолит дәуірінде балық аулау неліктен кәсіптің негізгі түрі болганын түсіндіріңдер.

Тұрақтар өзен-көлдердің жағалауына орналасты. Есіл өзенінің алқабынан едені терең қазылмаган, қабырғасы бөренелерден тұрғызылған, аумағы 40-60 м2 келетін тікбұрышты құрылыстар табылды. Сондай-ақ балықшылар күркесінің іздері де анықталып отыр.

Мезолитте еңбек құралдарын жасау техникасында түбегейлі өзгерістер орнықты.

Кейінгі мезолит дәуірінде адамдар микролит — ұзындығы 1-2 сантиметрлік ұсақ тас құрал жасауды үйренді. Микролит тас тілігінен немесе жаңқадан дайындалды. Екі шеті, кейде бір

қыры мен ұшы өткір етіп жасалған микролит жебенің, ұшы, пышақтың жүзі ретінде пайдаланылды.

Адамдар құрал жасауда өзегі сүйек не ағаштан дайындалған қурамалы техника әдісін қолдана бастады. Үсақ өткір тастар (микролит) ағаштың ұзына бойына тілінген саңылауына бекітілді.

Ағаш не сүйектің жарық өзегіне өткір жүзді үсақ тастарды (микролит) орнатып, пышақ жасалды. Ағаш сапқа үшкір тас­тарды тарамыспен байлау арқылы жебе мен найза жасады. Аң терісі мен сүйекті өңдейтін қырғыш, кескіш, түрлі пышақ пен тескіш құралдар, ине, жебе, найза ұштары кеңінен қолданыла бастады.

Мезолит тайпаларының қоғамдық ұйымы. Шаруашылық пен қоғамдық ұйым өзара байланысты дамиды. Мезолит кезеңін­де қаумалап аң аулау әдісі қажетсіз болып қалды. Бұрынғы ірі аңдардың орнына ұсақ аңдар ауланды.

Малды қолға үйрету

Жоғарыда атап өткеніміздей, жаңа кәсіп түрінің пайда болуына байланысты үлкен палеолит қауымы ұсақ қауымдастықтарға бөлінді. Әр қауымдастық өз шаруа­шылығын жеке жүргізгенмен, өзара бірлігі сақталды. Үлкен қауымдас­тықтың ыдырауынан әлемдегі ха­лық саны артты. Өмір сүру жағ­дайы жақсарды, адамның ой-өрісі жетіліп, биологиялық тұрғыда дамыды.

Мезолиттің соңғы кезінде адам­дар жабайы аңдарды қолға үйретіп, жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдікке алмастыра бастады. Қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, ит қолға үйретілді. Адамдар өзен жағалауына бидай мен күріштің ежелгі тұқымдарын өсіре бастады.

Жоларалық анықтамадық. Егін шаруашылығының ошақтары Месопотамия мен Кіші Азия аумағында б.з.б. X мыңжылдықта қалыптасты. Осы жерлерде ғана бидай мен басқа да дәнді дақылдар өсірілді. Неолит дәуірінде егіншілік одан әрі дамыды.

  1. Мезолит дәуірінің хронологиялық мерзімін анықтаңдар.
  2. Археологиялық зерттеулерде мезолит дәуірінің тұрақтары аз болды. Оның себебі неде деп ойлайсыңдар?
  3. Не себепті мезолит тұрғындарының негізгі кәсібі балың аулау еді?
  4. Мезолит кезеңінде тас өңдеу техникасында қандай өзгерістер болды?
  5. «Мезолит дәуірінің ерекшеліктері» кестесін толтырыңдар.
Табиғи жағдайы 
Адамдардың биологиялық түрі 
Түрақтар мен тұрғын үйлер 
Тас өңдеу техникасы 
Еңбек құралдары 
Қауымдастық түрі 
Кәсібі 
Жетістігі 

Жұп болып талқылаңдар.

Мезолит дәуіріндегі адамдардың өмірінде қандай өзгерістер болды?

Қосымша тапсырма

«Жабайы жануарларды қолға үйрету тарихы» тақырыбында ауыз­ша хабарлама дайындаңдар.

Ауызша хабарламаға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың өзектілігін ашып көрсету.
  2. Қойылған мақсат-міндеттерді айқындау.
  3. Зерттеу ерекшелігіне тоқталу.
  4. Негізгі түйіндерді тұжырымдау.

Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:

  1. Мазмүндылық, ойдың нақтылығы;
  2. Баяндаудың далелділігі, сенімділігі;
  3. Сөйлеудің мәнерлілігі.

Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдты таныстырылым дайындауға болады.


Перейти на страницу: