Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Название: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Издательство: | Атамура |
Год: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 5
§10. НЕОЛИТ. ЖАҢА ТАС ДӘУІРІ (б.з.б. 5—3 мыңжылдықтар)*
Дәуір сипаттамасы. Неолит дәуіріндегі Қазақстан аумағының климаттық-табиғи жағдайы қазіргіге ұқсас келді. Мезолит кезеңінің табиғаты батпақты аралдар, орман, өзен-көл түрінде Арал төңірегінде, сондай-ақ Көкшетау, Есіл, Алакөл аудандарында ғана сақталды.
Бұл дәуірде еліміздің аумагында палеоазиялық тайпалар мекен еткен еді. Мезолит дәуірінде қалыптасқан бұл тайпалардың бет пішіні монголоид өңдес болды. Олар балық пен су құстарын, өзен-көл жағалауын мекендеген аңдар аулап, жеуге жарайтын өсімдіктер мен тамырларды, құстардың жұмыртқаларын жинады.
Неолиттен бастап барлық әлем тайпаларының материалдық мәдениеті тек дәуір сипаты бойынша ғана емес, аумақтың өзіндік белгілеріне байланысты ерекшелене бастады. Сол аумаққа ғанатән еңбек құралдары мен түрмыстық бұйымдар қолданылды. Неолит тайпалары жекелеген аймақтардың климаттық-табиғи ерекшеліктеріне бейімделді.
Археологиялық мәдениеттер. Қазақстан аумағында неолит- тің үш археологиялық мәдениеті жақсы зерттелінген. Олар: Кел- теминар, Атбасар және Жебелі.
Келтеминарлықтар ежелгі Арал ойпатының жазиралы аймақтарында өмір сүрген. Келтеминар қоныстары Арал өңірінің
* Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, неолит б.з.б. 6-4 мыңжылдықтар ара- лыгыи қамтиды.
аумағында жақсы зерттелген. Олардың ежелгі тұрақтары Әмудария өзенінің жағалауында сақталған. Бұл тұрақтар келте минарлықтар ішінде ошағы бар үлкен тікбұрышты үйлерде тұрғанын дәлелдейді. Табылған сүйектер, керамика қалдықтары мен микролиттерге қарап, олардың негізгі кәсібі балықшылық пен терімшілік болғанын, су құстарын, жабайы аңдарды аула ғанын білеміз. Кейін ежелгі Арал ойпатын теңіз суы басты. Кел теминарлықтар біртіндеп солтүстік-батысқа, қазіргі Батыс Қазақстан аумағына жылжыды. Олар өзен-көлдерден балық аулады, аңшылықпен де айналысты.
Батыс Қазақстан жерінде соңғы Келтеминар мәдениетіне жататын екі ескерткіш — Ақжайық ауданының Солянка және Тасқала ауданындағы Бауыржан-аяқ тұрақтары табылған. Олар өзен жағалауында шағын қоныс түрінде орналасқан. Бұл тұрақтардан балық аулау кәсібіне қатысты көптеген құралдар мен бұйымдар табылды.
Солтүстік Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары Атбасар археологиялық мәдениетін анықтады. Атбасар археологиялық мәдениетінің Есіл маңындағы тұрақтары табылып, зерттелді.
Неолиттік Жебелі мәдениеті Үстіртте орналасқан. Жебе- ліліктер қой мен ешкіні қолға үйреткен. Олар күрке тәріздес маусымдық тұрғын үйлерді паналаған. Сонымен қатар үңгір- лердегі, мысалы, Жебелі немесе Дам-Дам-Чашма II тұрақтары табылды.
Бұл археологиялық мәдениеттер үндіиран тайпаларының Орталық Азияға жаппай көшуінің алдында өмір сүрген.
Неолит төңкерісі. Неолит кезеңі «неолит төңкерісі» құбылысы ретінде сипатталады. Бұл кезеңде жер бетін мекендеген
адамдар алтын, күміс, мыс, қалайы, қола сияқты түсті металдар қорытты. Егіншілік пен бақташылық дамып, аңшылық кәсібін ығыстыра бастады. Сонымен, неолиттің басты ерекшелігі — өндіруші шаруашылық қалыптасты. «Қыш құмыралар заманы» аталатын неолиттің үлкен жаңалығы - адамдардың қыш ыдыс жасауды меңгере бастауы еді.
Дайын өнімді тцтыну мен өндіруші шаруашылықтың айырмашылығы неде?
Бұл үрдіс ежелгі халықтар: Еуропадағы арийлер, Үндістанда ғы дравидтер, Қиыр Шығыстағы алтай-маньчжур тайпалары арасында тез дамыды.
Жоларалық анықтамадық. ІІеолитте қалыптасқан өндіруші шаруашылық: мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер түрлері «неолит төңкерісі» деп аталады.
Неліктен өндіруші шаруашылық «неолит төңкерісі» деп аталады?
Қазақстан аумағында бақташылық пен жартылай егін шаруашылығы қалыптаса бастады. Орталық Қазақстандағы Атба- сар мәдениетінен археологтер жабайы аңдарды, көбінесе жылқыны қолға үйреткен іздерді тапты. Бұл мәдениет адамдарының қымызды кеңінен пайдаланғаны анықталды. Үстірттегі Жебелі мәдениетінде көбінесе ешкіні қолға үйреткен. Неолит дәуірінде құнарлы топырақты өзен-көл алқаптарында кешенді отырықшы-егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптасты.
- Неолит дәуірінің хронологиялық мерзімін атаңдар.
- «Неолит төңкерісі» тіркесіне анықтама беріңдер.
- Неолит дәуіріндегі адамдардың өмірі қалай өзгерді?
- Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің басты мәдениеттеріне сипаттама беріңдер. Оларды картадан көрсетіңдер.
- Неолит дәуірін кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды. Неліктен?
- Кестені толтырыңдар.
Неолит дәуірінің ерекшеліктері
Сұрақтар | Неолит |
Адамның биологиялық түрі | |
Адамның физикалық түрі | |
Археологиялық мәдениет | |
Шаруашылық түрі | |
Кәсібі | |
Жетістіктері |
Жүп болып талқылаңдар.
Қай шаруашылық тиімді: тұтынушылық па, өндірушілік пе? Иеліктен? Өндіруші шаруашылық қалай дамыды?
Қосымша тапсырма
«Қазақстандағы неолит төңкерісі: себептері, мәні мен нәтижесі» тақырыбына баяндама дайындаңдар.
Баяндаманы қалай дайындау керек:
- Негізгі ой мен үғымды анықтау.
- Әр ұғымның мазмұнын қысқаша жазу (тезис).
- Әр тезиске дәлелдер, деректер, дәйексөз бен нақты тұжырым келтіру.
- Талдап, қорытынды жасау. Баяндаманың құрылымын нақтылап алу (сөйлем қызықты деректен басталуы керек).
Баяндамага қойылатын талаптар:
- Тақырыпқа сай болуы мен оның терең ашылуы.
- Жоспар желісін құру (мәтінді бөліктерге бөлу: басы, азат жолдары).
- Мәтіннің стилистикалық тұрғыдан сауатты рөсімделуі.
- Сілтемелер мен дәйексөздердің жүйелі түрде келтірілуі.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің талапқа сай берілуі.
§11. НЕОЛИТ АДАМДАРЫ ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Халықтың қалыптасу аумақтары. Неолит кезеңінде ежелгі халықтар қалыптасты. Олар ортақ мәдениеті мен тілі негізінде тайпалық одақтарға бірікті. Қазіргі уақытта ежелгі халықтардың Еуразия қүрлығында қалыптасқаны анықталды.
Үндістан түбегінің оңтүстігі мен Цейлон аралында ежелгі дравидтер өркениеті пайда болды. Олар егіншілікпен айналысты, баспана тұрғызып, алғашқы қалаларын салды. Бұл өркениеттер біздің еліміздің тарихында ешқандай рөл атқармады. Дегенмен Орталық Азияда өмір сүрген жейтундықтар дравидтердің солтүстігіндегі мәдениетіне ұқсас болды.
Еуропаның орталығы мен Скандинавия түбегінің оңтүстігінде үндіеуропалықтардың ежелгі өркениеті құрылды. Олар өздерін «арийлер» деп атады.
Қиыр Шығыста, қазіргі Қытайдың солтүстік-шығысында, алтай-манъчжур халықтарының ежелгі өркениеті қалыптасты.
Олардан Азия халықтарының: түрік, қазақ, қытай, тұңғыс, кәріс және т.б. арғы ата-бабалары шықты.
Ежелгі халықтардың шаруашылығы. Басқа тайпаларға қарағанда бұл халықтарда егіншілік, бақташылық ерте дамыды, яғни неолит тоңкерісі өтті. Олар алғашқылардың қатарында үй жануарларын: қой, ешкі, жылқы мен итті қолға үйретті. Кейін мал шаруашылығымен айналысты. Бұдан басқа бидай мен тары, ал Қиыр Шығыста күріш егуді үйренді. Неолиттің соңында Азия халықтарының арғы ата-бабалары алғаш рет металл қорытуды меңгеріп, қару дайындады. Мыс пен қалайы, алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасады.
Дәруменге бай дәнді дақыл өсіру арқылы адамдар кең-байтақ кеңістіктен үнемі тамақ іздеу қажеттігінен босады. Дәнді дақылдар күн суытқанға дейін өсірілді, жиналған қор жыл бойына жетті.
Ежелгі адамдардың тайпалық бірлестіктері: арийлер, дравид- тер, алтай-маньчжурлар бүл жетістікті отырықшы-егіншілікті мал шаруашылығымен кешенді түрде ұштастырды.
Арийлер, дравидтер. алтай-маньчжур тайпалық бірлестікте рінің кешенді отырықшы-егіншілік пен мал шаруашылыгын қалып тастыра алуына не себеп болды? Бцган көзқарасың қалай?
Әр қауымның өз шеберлері болды. Қауым мүшелері жазғы уақытта мыс және басқа кен өндіретін жерлерге кетті. Мал бақты, жер суаратын арық-атыз қазды.
Өмір сүру жағдайының жақсаруына байланысты тайпадағы адам саны күрт өсті. Сол себепті олар жаңа жерлерге қоныстана бастады.
Жаңа аумақты меңгеру. Неолит дәуіріне дейін Еуразия құрлығында адам саны аз еді. Аңшылық, терімшілік, балық аулау адам санының тез өсуіне әсер ете алмады. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар жиі ашықты. Ерлер аңшылықта, ал әйелдер ауыр тұрмыстан жиі қайтыс болатын.
Өндіруші шаруашылықтың туындауы адам өмірін қалай өз гертті?
Б.з.б. 5 мыңжылдықта үндіеуропалық тайпалар саны өсе түсті. Бүл тайпалар ежелгі цндіиран халықтарын құрады. Олар екі топқа бөлініп, шығысқа қарай бағыт алды. Тайпаның бір бөлігі Қара теңіз бен Каспий теңізінің солтүстігінен, екіншісі оңтүстігінен айнала көшті.
Үндіиран тайпаларының оңтүстік тобы Кіші Азиядан бастап Солтүстік Үндістанның барлық аумағына қоныстанды. Солтүстік тобы қазіргі Румыния жерінен Алтай таулары мен Тарым ойпатына дейінгі кең-байтақ далалық аймақты иемденді. Осылайша, б.з.б. 4—2 мыңжылдыққа дейін үндіиран тайпалары біртіндеп, шаруашылық тұрғысынан қазіргі Қазақстан аумағын толықтай меңгерді. Үндіиран тайпалары өзен-көлдердің сағаларын жайлады. Олардың бірқатары өзге тұрғындармен жиі араласып тұрса, шағын бөлігі бұрынғы дәстүрлерін сақтап қалды.
Бұл уақытта Қиыр Шығыстағы алтай-маньчжур тайпалары да екі топқа бөлінді. Тайпаның бір тобы Тынық мұхит жағалауын игере бастады. Екінші тобы - болашақ түркі-монғол- угор тайпаларын құрушылар ақырындап Батысқа қарай қозғалды. Олар б.з.б. 4-2 мыңжылдықтар аралығында Оңтүстік Сібір, Ішкі Азия, сондай-ақ Сібір тайгасының оңтүстік жиегіне орналасты. Б.з.б. 2 мыңжылдықта, қола дәуірі кезеңінде үнді- ирандықтар мен түркі-монғол тайпалары бір-бірімен Алтай- Шығыс Түркістан (Шыңжаң) торабында ұшырасты. Екі мәдениеттің кездесуі бейбіт түрде өтті. Б.з.б. 2 мыңжылдыққа дейін бұл шегара өзгеріссіз қалды.
- Жер бетінде ежелгі халықтардың қалыптасуы қашан жүзеге асты?
- Картадан ежелгі халықтардың, орналасу қоныстарын көрсетіңдер.
- Неолит кезеңіндегі халықтың белсенді көшіп-қонуын немен түсіндіруге болады?
- Неолит дәуірінде жаңа аумақтар қалай игерілді?
- Үндіиран тайпалары Қазақстан жеріне қашан қоныстанды?
Жұп болып талқылаңдар.
Егіншілік пен мал шаруашылығының аңшылық пен терімшіліктен артықшылығы неде?
Косымша тапсырма
Кешенді отырықшы-егіншілік пен мал шаруашылығы және оның ерекшеліктерін сипаттап жазыңдар.
Жазбаша тапсырмаға қойылатын талаптар:
- Тақырыпты ашуда маңызды ақпарат пен деректерді іріктеп алу.
- Тақырыпты жүйелі түрде баяндау (қорытынды мен тұжырымдар жасау).
- Қосымша материалдарды пайдалану.
- Жұмыстың дербес орындалуы.