Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Название: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Издательство: | Атамура |
Год: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 6
§12-13. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЭНЕОЛИТ
Дәуір сипаттамасы. Металл өңдеу мен оның кең таралуы адамзат тарихын түбегейлі өзгертті. Адам баласы, ең алдымен, мысты өндіріп, игерген.
Мыс құралдардың кемшілігі мен артықшылығы неде?
Мыс құралдар мен әшекейлердің пайда болуы тайпалар ара- сындағы өзара алмасуды тездетті. Мыс кен орындары барлық жерге бірдей таралмады. Мыс - жеңіл еритін, жұмсақ металл, сондықтан адамдар тұрмыста тас құралдарды негізінен микро- литтерді пайдаланды. Энеолит (лат. аепеиs — мыс, грекше litos - тас), мыс-тас — тастан қолаға ауысқан дәуірдің атауын білдіреді. Энеолит пен қола кезеңін тарихта «Ерте металл дәуірі» деп те атайды. Еуразияның далалық аймағында мыс-тас дәуірі бір мыңдай жылды қамтиды. Біздің аумаққа үндіиран тайпаларының келуімен байланыстырылады.
Еңбек және аңшылық құралдарын дайындаудың негізгі материалдары тас пен ағаш және сүйек болып қала берді.
Неге мыс еңбек қуралдарын жасауда суйек пен ағаш, тасты толықтай ауыстыра алмады?
Энеолит дәуірі ондіруші шаруашылықтың кең таралуымен, сондай ақ қос дөңгелекті арбаны ойлап табумен сипатталады. Қос дөңгелекті арбаға бірден төрт атқа дейін жегілген. Айдаушы арбада тұрып, жылқыларды басқарды.
Адамдар мысты алғашында таза ірі кесек түрінде тапты. Мыс кесегін тас ретінде қабылдады. Мыстың таза кесегі сындыруға келмеді, керісінше, соққан кезде түрі өзгерді. Оны қыздырып соғу әдісімен қажетті пішінге келтірді. Қола алу үшін мысты басқа металмен қосып ерітуді адамдар ол кезде әлі білмейтін еді.
Энеолитте мыстың аз таралуы металдың жұмсақтығына ғана емес, таза құйма кесегінің жетіспеуіне байланысты еді. Мыс кені көп ауданда ол тасты ығыстыра бастады. Жұмсақтығына қарамастан, мыс дегенмен де тастан артық еді.
Археолог-ғалымдар ең ежелгі мыс құралдарды Алдыңғы Азия ның егіншілікпен айналысқан тұрақтарынан тапты. Б.з.б. 3 мың- жылдықтың соңынан бастап мыс пен қола құралдары Қазақстан аумағына кең таралып, тас құралдарды толық ығыстырып шығарды.
Тайпалардың қоныс аударуы. Қазақстан аумағына жаңа тай палар біртіндеп қоныс аудара бастады. Б.з.б. 4 мыңжылдықта үндіиран тайпалары Солтүстік Балқаннан Орал өзеніне дейінгі далалы аймаққа таралып қоныстанды.
Далалық аймақтарды меңгерген тайпалар энеолит дәуірінде Қазақстанның батыс өңіріне де жетті. Еділ өзенінің шығысын қоныстана бастаған тайпалар бұл дәуірдің екі: самарлық және коне шүңқырлы мәдениетін құрды. Бұл мәдениеттер өзара өте ұқсас келді және Еділ мен Жем өзендері аралығында орналасты.
Самарлық мәдениет тайпаларының қоныстары мен қабірлері табылған. Қайтыс болған адамдарын олар қабір қуысына жерлеген. Бір қабірде бір адамнан үш адамға дейін жерленгені анықталды. Қабірлерден жылқы сүйектерінің қалдықтары да шыққан, яғни марқұмдарды жерлегенде жанына тамақ қойған. Адамды бұл өмірде киген киімімен көміп, жанына тұтынған заттарын салған. Қарулары - шақпақтас пен сүйектен жасалынған қанжарлар мен пышақтар жерленген адамның (тіпті жас баланың да) қолы тұсына немесе бас жағына қойылған. Мұндай қабірлерден, сондай-ақ шақпақтастан және сүйектен жасалған найза мен жебе ұштары да кездеседі. Самарлық мәдениет өкілдері қабірдің үстіне шағын төмпешік тұрғызған. Бұл қорғанның алғашқы үлгісі болатын.
Самарлықтар сазбалшықтан жасалған жалпақ түпті ыдыстарды кең қолданған. Ыдыстар геометриялық өрнектермен безендірілді Әшекей ретінде түрлі сызықтар, ирек жолақ немесе ойық салынды. Әйелдер ыдыстарды күйдірмес бүрын, оларға қарапайым өрнек салып әшекейлеген. Олар бұтақпен және тырнағымен жырып (тырнақ өрнегі) немесе тарақты ыдыс қабырғасына батырып (тарақ өрнегі) із салған.
Өрнектің мәні ыдысқа жоғарыдан қарағанда анық байқалды: бұл көбіне күнді дәріптеуді білдірді. Ыдыстың мойны Күнді, ирек сызықтары Күн шапағын бейнелейтін еді.
Археологтер Қазақстан аумағынан ғажайып Ботай мәдениетін тапты. Ескерткіш өзіндік сипаты жағынан үндіирандықтардың ескерткішінен ерекшеленеді. Ботай тұрағы біршама жақсы зерттелген. Ол әлемдік деңгейдегі құнды тарихи жәдігер.
Бұл тұрақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай ауылында орналасқан. Тұрақтан жекелеген тұрғын үйлердің 160- қа жуық қалдықтары табылған. Үйлер көшенің екі жағына орналасқан. Тұрғын үйлер негізінен жертөле түрінде салынып, қабырғаларының жартысы жер астына тұрғызылған.
Тұрақтан тас пен сүйектен, сазбалшықтан жасалған заттар: тас пышақ, қанжар, найза мен жебенің ұштары табылды. Бұдан басқа тас кетпен, балға, балта, қырғыш және сүйек біз бен ине ұшырасқан.
Ботай тұрғындары қайтыс болған адамдарын қонысқа жақын жердегі ескі қорымға жерлеген. Қабірді айналдыра жылқының бас сүйектерін қойған. Олар жылқы қайтқан адамға о дүниеде қызмет етеді деп сенген.
Жылқысының саны жағынан ботайлықтар Еуразия дала сындағы ең бай тұрғындар саналды. Негізгі тұрақтардан мыңдаған жылқының қалдықтары табылды. Бүл жылқыны әлемде алғаш қолға үйреткен ботайлықтар деген тұжырым жасауға толық мүмкіндік береді.
- Эиеолит дәуіріне анықтама беріңдер.
- Ботай мәдениетін сипаттаңдар. Оның ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
- Үндіиран тайпаларының көші-коны туралы не білесіңдер? Қазақстан аумағында қандай мәдениет таралған?
- Кестені толтырыңдар.
Энеолит дәуірінің мәдениеті
Мәдениет атауы | Хронологиялық ауқымы | Таралу аймағы | Ерекшеліктері |
Жұп болып талқылаңдар.
Неолит дәуірінің энеолиттен ерекшелігі неде? Энеолит дәуірінде адамдардың өмірінде қандай өзгерістер орын алды?
Косымша тапсырма
«Ботай мәдениетi» тақырыбында ауызша хабарлама дайындаңдар.
Зерттеу тақырыбы бойынша ауызша хабарлама 5 минут.
Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:
- Мазмүндылық, ойдың нақтылығы;
- Баяндаудың дәлелділігі, сенімділігі;
- Сөйлеудің мәнерлілігі.
Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдты таныстырылым дайындау қарастырылады.
§14-15. ҚОЛА ДӘУІРІ (б.з.б. 2—1 мыңжылдықтар)*
Дәуір сипаттамасы. Археологтер қола дәуірін ерте, орта, кейінгі деп үш кезеңге бөледі.
Мыс, алтын мен күміс, қалайыны өңдеуді үйренген адамдар олардан сапалы қоспалар алу үшін тәжірибе жүргізе бастады. Адамға күнделікті пайдаланатын пышақ пен соқа, балта қажет болды.
Қола дәуіріне дейін адамдар қандай еңбек қүралдарын пайдалан ганын естеріңе тусіріңдер.
* Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қола дәуірі 3-1 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
Қола алу тәсілі, яғни металл қорыту ойлап табылды. Мысқа қалайыны қосу арқылы сапалы берік металл өндіріле бастады. Мыс пен қалайының қосындысы «қола» деп аталды.
Сонымен, қола дегеніміз - ...?
Мыс және басқа түсті металдармен салыстырғанда қоланың бірнеше артықшылығы бар. Қола мықтылығымен, төменгі температурада балқуымен, әдемі алтын тәріздес түсімен ерекшелен- ді. Қола еңбек құрал-жабдықтары мен соғыс қаруларын дайындайтын негізгі шикізатқа айналды.
Түсті металға бай Қазақстан жері ежелгі металлургия ошақтарының пайда болуына әсер етті. Тайпалар мал шаруашылығы мен егіншілік кәсібіне көшуді толық аяқтады. Шаруашылықтың бүл түрі ғасырлар бойы табиғи-климаттық өзгеріске сай жетілдіре түсті.
Б.з.б. 2-1 мыңжылдықта құрлықтағы ауа райы өзгеріске ұшырады. Озен-көлдердің деңгейі төмендеп жауын-шашын азайды. 2 мың- жылдықтың соңында бірқатар өзен-көлдер тартылып, қуаңшылық күшейді.
Қазақстандагы ауа райы өзгеруінің қандай салдары болды?
Қола дәуірінде Қазақстанда біртіндеп көшпелі немесе жайылымдық мал іиаруашылыгы орныға бастады. Батыс және Орталық Қазақстан тұрғындарында құдық қазу әдісі шықты. Арий тайпа- лары бүл кезеңде Қазақстан аумағына толықтай орнықты.
Андрон мәдениеті. Қола дәуірінде Қазақстанның батыстан басқа аумағын андрондық мәдени-тарихи қауымдастық тайпала- ры қоныстанды.
Қазақстандагы қола дәуірі мәдениеті неліктен «андрондық» деп аталады?
Мәдениеттің атауы Батыс Сібірдегі Андронов селосының атына байланысты қойылды.
Жоларалық анықтамадық. Андрондықтар еуропеоид өңдес келген. Академик В.П. Алексеев андрондықтардың бет-бейнесіне мынадай анықтама береді: «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, келбетті адамдар болған».
Андрондық тайпалар Қазақстан жерінде өзіндік айшықты мәдениет қалдырды. Олардың қоныстары өзен- көл жағалауындағы кең алқапты шабындықтарда орналасты. Терең орлар және дуалдармен қоршалған қоныстары бірнеше үйден түрды. Үйлері жартылай жертөле сияқты салынды. Андрондықтарда қоладан жасалған еңбек құралдары — найза мен жебе ұштары, пышақ пен балта, білезік, айна, моншақ т.б. зергерлік бұйымдар кеңінен таралды.
Андрондықтар өзіндік жерлеу салты мен қыштан жасалған ыдыстарының алуандығымен ерекшеленді.
Жерлеу салты мен қыштан жасалған ыдыстардың ерекшелігі неліктен андрондық мәдениеттің басты белгісі болып саналады? Өз ойларыңды айтыңдар.
Қайтыс болған тайпаластарын андрондықтар өртеген немесе қабір шұңқырына бір бүйірімен қойған. Қабір шұңқырының қабырғасы тас плиталармен немесе ағаш бөренелермен бекітілген.
Мәйітті тікбұрышты ақымға жатқызған. Жерленген адамның бас жағына андрондықтардың үғымынша о дүниеде де қажет деген сеніммен, ішіне тағам салынған ыдыстар қалдырған.
Ыдыстардың бүйірі шығыңқы, түбі тегіс келген. Андрон құмыралары тарақ жүзді, үзік сызықты үшбұрышты және геометриялық өрнектермен безендірілген. Андрон тайпалары әртүрлі зергерлік бұйымдар — сырға, салпыншақ әшекей, алқа, моншақ, шиыршықталған білезіктер жасаған. Бұл қолөнер туындылары Андрон мәдениеті деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.
Үй маңылық бақташылық пен жер жыртуға негізделген егіншілік-отырықшы тұрмыс-салтының орнығуы мен металлур- гияның дамуына әкелді. Алайда далалық аймақтың орталық өңірін қоныстанған кейбір андрондық тайпалар б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңы мен 1 мыңжылдықтың басында ауа райының өзгеруіне байланысты шаруашылықтарын қайта құрды. Мал бағумен айналысқан адамдар саны егіншілік кәсібімен шұғылданушылардан көбейе түсті. Біртіндеп шаруашылықтың жаңа түрі — жайылымдық бақташылық ор-ныга бастады. Бұл өзгерістер Орталық Қазақстанда Бегазы-Дәндібай мәдениетінің қалыптасуына әсер етті.
Қима мәдениеті. Аталмыш мәдениет Батыс Қазақстан аумағында орналасты. Андрондықтар секілді қима мәдениеті тұрғындары да кешенді егіншілік-бақташылық кәсібімен айналысты. Өзен-көлдердің алқаптарында қоныстанды.
Археологтер қима мәдениетінің металл бұйымдары мен ұсталық құралдарын тапты.
Бұл мәдениеттің жерлеу дәстүріне тән өзіндік ерекшелігі — қабір шұңқыры қима ағаштармен бекітілуі еді. Осыдан мәдениет атауы шықты. Кейіннен анықталғанындай, олар көбінесе өлген адамды таяздау қазылған, қарапайым қабір шұңқырына жерлеген. Мәйітті бүктетілген қалыпта, басын солтүстікке қарата жатқызған. Жанына ирек сызықпен өрнектелген қыш ыдыстар қойған. Түбі тегіс, геометриялық өрнек салынған ыдыстар қолдан жасалған. Қола құралдар, қарулар мен әшекейлер арнайы қалыптарда дайындалған. Қазбалардан балта мен пышақтар, қанжар, найза ұштары, орақ, қазан, сондай-ақ асыл металмен көмкерілген әшекейлер табылған.
Қималықтар қабірдің үстіне шағын оба тұрғызған. Олар андрондықтар сияқты кешенді егіншілік-бақташылық шаруашылығымен айналысқан. Бір отырықшы қауымдастықта малшылар мен егіншілер қатар өмір сүрген.
Қима мәдениеті тайпаларының қоныстары өзен-көл жағалауына орналасты. Кейінгі кезеңде бұл мәдениеттің тұрғындары өз қоныстарын сыртқы жаулардан қорғау үшін айналасына орқазып, дуалмен қоршаған. Тұрғын үйлер жартылай жеркепе түрінде орманды жерлерде бөренелерден тұрғызылған.
Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Бүл андрон мәдениетінен сақ тайпаларының мәдениетіне көшу кезеңі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті Орталық Қазақстан аумағында орналасты.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде жылқы тек күш көлігі ғана емес, сонымен қатар мініс көлігі ретінде де қолданыла бастады. Адамдар бұл кезеңде біртіндеп атқа салт мінуді меңгеріп алды. Бұны Степняк, Айдабол, Тастыбұлақтағы түрақтар мен қоныстардан табылған айыл, жүген, тартпа сияқты жәдігерлер растайды. Жылқыны көші-қон құралы есебінде пайдалану кең- байтақ дала мен тау бөктерін мал жайылымдығы ретінде игеруге мүмкіндік берді. Орталық Қазақстан даласында жабайы түйе қолға үйретіле бастады. Мұның айқын дәлелі ретінде Екінші Ақсу-Аюлы обаларынан қазба жұмыстары кезінде ботаның және Алексеев қонысынан түйенің сүйектері табылды.
- Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне сипаттама беріңдер.
- Қола дәуірінің хронологиялық мерзімін анықтаңдар.
- «Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеті» кестесін толтырыңдар.
Мәдениет атауы | Таралу аумағы | Мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері |
4. Қола дәуірі мәдениетінің таралу аумағын сұлбалы картадан белгілеңдер.
Жұп болып талқылаңдар.
Қола дәуірінде қандай жаңалықтар болды? Қола дәуірінде адам өмірінің сапасы қалай өзгерді?
Қосымша тапсырма
Сурет бойынша Андрон қонысына сипаттама беріңдер.