Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев
Название: | Ғибратты ғұмыр |
Автор: | Қ. Сұлтанғалиев |
Жанр: | Казахская проза |
Издательство: | «А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе |
Год: | 2003 |
ISBN: | 9965-691-36-3 |
Язык книги: | Казахский |
Страница - 3
ВЕРЕН ҒҮМЫРЛЫ БЕРЕГЕН
Береген Жексенұлы Жоламанов...
Бұл есім Атырау мен Мащыстау топырағын басқандардың бәріне болмағанмен біразына белгілі десек, ешкім дау айта коймас-ау... Оның биік бейнесі, берен ғұмыры өсіресе мұнайшылар қауым үшін тонның ішкі бауындай таныс.
Бір кездегі білістік пен сыйласгықтын әсері шығар, ол туралы ойлай бастасам, есіме Дж. Томпсон атты ғұламаның мына бір сөзі түседі: «Табиғат бізге үш түрлі кеңес береді. Алдымен қолымыздан ұстап алады да, «Шаман жеткенше күрес, ұмтылып бак» деп бір кояды. Енді бірде одан да жакынырак келіп: «Таңдана біл, куанышқа кенел, жаның жай тапсын» дейді. Тағы бірде «Ізден, зердеңе сал» деп сыбырлайды. Бізге бұл да түсінікті. Табиғат - ана акылы: дене, жүрек жоне ақыл деген үш бөліктен тұратын біздің бір болмысымызға бағытталған».
Осы бір орамды сөздің ойға оралуы заңды да. Өйткені Бекең, Береген Жексенұлы жаңағы табиғатана кеңесінің бәрін де жан-төнімен бұлжытпай орындауға тырыскан адам. Шамасы жеткенше күресті, ілгері тілекпен ұмтылып бакты. Өмір өзгерістеріне тандана білді, оны өз колымен жасауға тырысты. Қуанышка кенелуге асыкты, жанының жай табуын калады. Талмай ізденді, керек нәрсені зердесіне токыды.
Қыскасы, онын кыска ғүмырында мұрат тұтканы мен кол жеткізгендері соларды дәлелдейді.
Оған ерен еңбегіне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен «Қазакстан Республикасының еңбек сіңірген онеркәсіп кызметкері» атағы, республиканың Геология жене жер койнауын корғау Министрі, ведомствоаралық комиссия төрағасынын 1996 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен Кенбай мұнай-газ кея орнын ашқаны үшіи «Казахстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы» дипломы мен омырау белгісі, КСРО Геология министрлігінің алкасы мен геологиялык барлау жұмыстары жұмысшылары кәсіподағының Орталык Комитеті төралкасының 1990 жылғы 6 желтоксандағы шешімімен «Жер койнауын барлау ісінін үздігі» куәлігі мен омырау белгісі, геологиялык кызметтің кұрылуының 100 жылдығы кұрметіне КСРО Геология Министрлігінің «Жер қойнауын барлауға сіңірген енбегі үшін» медалі берілді. Сондай-ақ ол «Ерлік еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы кұрметіне», «Еңбек ардагері» медальдарына ие болды.
Иә, бөрін де басынан басталыкіпы.
Береген Жексенұлы 1941 жылдың 6 мамырында қазіргі Атырау қаласына карасты Балықшы өңірінде дүниеге келді. Осындағы М. Ломоносов атындағы орта мектепте оқып, оның сегіз сыныбын орыс тілінде үздік бітірген соң мұнай техникумына окуға түсті. 1961 жылдың тамызында еңбек жолын бұрғышынын көмекпгілігінен бастады. Кейін, 1967 жылы Мөскеудегі И.Губкин атындагы мұнай және газ институтын бітіріп, сол 1967 жылдан бастап 1974 жылға дейін Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясында аға инженер, бас инженер болып жұмыс жасады. 1974 жылдың наурызынан 1986 жылдың ақпанына дейін Каспий маны мүнай- газ барлау экспедициясында бас инженер, соңынан бастыгы болып еңбек етті. Үзак жыл Солтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясын, 1993 жылдан өмірінің соңына дейін «Кайнаркөз» ашык акционерлік коғамын баскарды.
Осылардың іпіінде Берегенге өзінің үлкен ұйымдастырушылык қабілетін жаркырата корсетуіне жол ашқан кәсіпорынның бірі және бірегейі Солтүстік Ембі мүнай-газ барлау экспедициясы болды. 1977 жылдың он сегізінші тамызында «Қазакмұнайгазбарлау» баскармасының бұйрығына сәйкес кұрылған бұл экспедицияға алғашында Жайық пен Жем кос өзендерінің аралығындағы аукымды аумақта терең жөне кұрылымдык - іздестіру - бұрғылау жұмыстары жүктелді. 1981 жылдың акпаны мен 1987 жылдың кантары аралығында кешенді құрылымдык бұрғылау және сейсмикалык барлау «дісімен болашағы бар кұрылымдарды терең бұрғылауға мейлінше сапалы түрде дайындау максатында экспедиция кұрамына Гурьев геофизикалык экспедициясының №32 жөне №41 сейсмикалык барлау партиясы берілді. Сөйтіп олар 1981-1984 жылдары тек кана келешегінен көп үміт күтілген объектілерді дайындаумен айналысты да, 1985 жылдан бастап терең барлау-бұрғылау ісін қайта қолға алды. Онын көлемі жыл өткен сайын өсіп отырды. Бұл 1977 жылдың 1 кыркүйегінен 1992 жылдың 1 сәуіріне дейіпгі кезеңде Көкжиде (қоры 485,205 мын тонна), Талдысай (коры 206,604 мың тонна), Қордасын (коры 198,662 мың тонна), Шығыс Сарыкұмак (коры 136 мың тонна), Солтүстік Қотыртас (коры 3,436 мың тонна), Жұбантам (коры 154 мың тонна), Қырыкмылтык (коры 6,0 млн тонна), Шығыс Молдабек (коры 27,507 мың тонна), Кемеркөл, Оңтүстік Қожа, Оңтүстік Таған (корлары 636 мың тонна), Шығыс Оңғар (коры 110 мын тонна) секілді жаңа мұнай-газ кен орындарының ашылуын тездетті. Бұлардың ішіндегі ең ірісі - шамалық коры 31 миллион тонна деп есептелетін Кенбай кен орны. Ол бүкіл Каспий бойындағы түз үсті кабаттарындағы ен мол байлык көзі. Сондықтан Кенбайды тұзүсті шөгінділеріне Береген арткан үміттің үкісі десек обден жарасымды. Береген оны айрықша мақтан тұтты. Өз перзентіндей аялады.
Бұл күндері оған осынау кен орнын ашканы үшін «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы» атағының берілуін іскер маманның ілгері тілегі мен ізгі ниетінің өтеуі десек те артык емес. Әттең, Береген ерен еңбегіне берілген биік те әділ бағаны, бұған коса Ел Президентінің Кенбайдың тұсауын кескенін көре алмай, елу төрт жасында, 1995 жылдың 13 кыркүйегінде көз жұмды. Өрине, бұл тағдырдың ісі. Әйтпесе тірі болса, алпыстың жалынан енді тартқан Бекеңнің талай кайнардың көзін ашарына ешкім шүбә келтірмес еді. Оның мүнай барлау ісіне арнаған 32 жылдык еңбек өтілі мен оның ажарын ашар сонау Үстірт-Бозашы ойпаңыиың Бейнеу ойысындағы Арыстанның, Каспий маңы ойысындағы Боранкөлдің, Жаңаталаптың, Забурынның, Имашевтын, Қырыкмылтыктың, Мартышидың, Орысказғанның, Батыс Прорваның, Сазанқұрактың, Солтүстік Жолдыбайдың ел игілігіне айналғанын кешегі мұнайшы да, бүгінгі мұнайшы да сөзсіз мойындайды.
Жалпы Береген жан-дүниесі жомарт адам еді. Жаксы ісін жария етуге ұдайы асығатын. Мақтану үшін емес, бірге куану үшін жұмыстанатын. Оған «Атырау» (бұрынғы «Коммунистік еңбек») газетінде жұмыс істеу бақыты тиген 70-80 жылдары өзіміз-ақ куә болдык. Мерзімді басылымдарда, ғылыми әдебиеттерде оның макалалары жиі жариялднатын. Соның бәрінде ол істің мән-жөйін құрғақ баяндамай, өзекті мөселені дөп басатын, батыл болжамдар жасайтын.
Оның ғылымға деген ынта-ыкыласы да айкын аңғарылатын. Береген Жексенұлының коян-қолтық әріптестері - белгілі мұнайшылар Ү.Қарабалинмен, Б.Ізмұхамбетовпен жөне М.Жәмекешевпен бірге Батыс Қазақстанның геологиялык жағдайында геологиялык- барлау ұңғыларында 190,5 диаметрлі шарошкалы қашау пайдалануды ұсынып, осыған орай зерттеу жұмыстарын қосөзен аралығындағы Жаңаталаптын пермотриастык шөгінділерінде жүргізуі, накты тұжырымдар мен ұсыныстар ұсынуы соған дәлел. Әлбетте, мұны оның ғылымдағы алғашқы ізденісі десек, кейін В.Н.Рукавицынмен, Г.Қайыровпен тізе коса отырып, тампонаждык ерітінді мен цемент тасы қасиеттеріне физикалык алавдардың әсері туралы зерттеулер жасап, терең мұнай және газ ұңғыларын цементтеу процесін реттеуге акустикалық және магниттік алаңдардың кешенді эсер етуінің жаңа технологиясын жасауға негіздеме беруіи гылым сокпағына біржола бет түзеуі деген жөн. Береген Жексенұлы 1977 жылы Атырау педагогикалык институтының философия және ғылыми коммунизм кафедрасына «Қазіргі ғылыми-техникалык прогресс жағдайындағы геология ғылымы» тақырыбында реферат дайындап, өзін осы салада толғакты ой-пікір жинақтаған маман-ғалым ретінде танытты.
Берегеннің тағы бір ерекше касиетін көз көрген үзеңгілес жолдастары бөле-жара әңгімелейді. Ол онын актығы, екінші сөзбен айтканда, кемшілікті мойындап, одан корытынды шығара білетіндігі; карапайым ецбеккердің камы үшін колдан келгеннің бәрін істеу әрекеті; достары арасында тәтті әзіл-оспакка, жеңіл калжынға, нәрлі назға шеберлігі.
Ардагер бұрғышы Актөриев Сапар оның «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестігінде 1986 жылдың 17 қаңгарында өткен партия-шаруашылык активінде сөз алып, Каспий маңы мұнай-газ барлау экспедициясының он бірінші бесжылдыктың корытындылаушы жылында негізгі көрсеткші-проходка жоспарының өткен жылдарға Караганда неліктен канағаттанарлыксыз күйде калғанын, апаттардьщ не себептен орын алғанын тәптіштеп, бірлестіктін бөлімдері мен кызметгері атына өткір сын айтқанын әлі күнге еске алады.
Береген батырлыктан да кенде емес еді,-дейді Сәкең. Республиканың геология жөне жер қойнауын корғау министрі Л.М.Трубниковта өткен кенесте (1992 жылдың 18 наурызы) Солтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының проблемаларын қалай жеткізгені біздің арамызда аңыз өңгімедей айтылатын. Ол былай деген ғой:
Я от имени геологов экспедиции, и думаю к этому присоединяются все геологи «ОГНГГ», прошу Лев Михайлович, как министра и народного депутата, решить следующие вопросы:
- решить дополнительные финансирование работ на 1992 г;
- впредь геологи должны сами заниматься разработкой открытых ими месторождений подземных залежей нефти и газа;
- заработная плата геологов-нефтяников должна соответствовать заработной плате своих коллег в нефтедобывающей отрасли.
Ол барлаушылар мекені Геолог пен Бірліктің тіршілігі үшін талай түнді ұйкысыз өткізді. Оны өз кенттері мен аудандык Кеңестеріне депутат етіп сайлаған Каменный мен Қулсарыньщ, Манғыстаудын, Балықшы мен Махамбеттің тұрғындары да ұмытпайды.
Бүгінде мунайлы Атыраудың байлығы мен игілігінің біраз бөлігі берен ғұмырлы Береген сыйлаған өндіріс опіактарынан тыныс алады. Солардың бірі - Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 кыркүйектегі №1205 қаулысымен Береген Жексенулы Жоламановтың есімі берілген Орысказған кен орны. Өмірде Берегеннің орны қандай берік болса, мұнайлы өлкеде алауы сөнбейтін Орысқазған мен кызуы кайтпайтын Кенбайдың шоктығы өлдеқайда аскак, әлдекайда биік болары сөзсіз...
ЖҮРЕК ЖАЗИРАСЫНДАҒЫ ЖЫР
Гурьев теріскейіндегі бұрынғы ку медиен, күлатүзге орнаган түбіт түтінді бойшаң мұржалар қойны казыналы, жоны жомарт өлкенің өскен өркенін паш етуге асыкқандай аспанға аскак қарайды. Сол мұржаларды қаумалай орналасып, күндіз-түні аласапыран кимыл кешкен алпамса агрегаттардың жер солкылдатқан қуатты гүрілі мен акылды аппараттардың сыбызғы үні еңбек симфониясын шеберлікпен шертіп тұр.
Бүл Қазакстан химиясы тұнғыштарының бірі - Октябрьдің 50 жылдығы атындағы завод.
Завод ішінде осы очерктің кейіпкері - №2 цех аппаратшысы, калалық партия комитеті бюросының. мүшесі, «Кұрмет белгісі» орденді Мария Жолдасова да бар...
Бірінші шегініс:
ӨТКЕНДІ ЕСКЕ АЛУ
«Бірден-бір нагыз сәндік — ол адамның қарым-қатынасының сәндігі.»
Сент-Экзюпери
- Міне, мынау бұдан он күн бұрын азаматтық борышын өтеуге аттанған Бауыржанымның алғашқы хаты.
Ол жиегі айшықты конвертті кеудесіне басып, үнсіз отырып калды. Бір минут, екі минут, үш минут... Ана жүзінде - сағыныш. Жүрек жазирасын шарлатан сағыныш жыры оның бойын елжіретіп бара жатканы айкын.
... 1962 жылдың февралы. Тосын ажал өмір белесінен бірге өтуге бел байлаған жан жары Рыскалиды оралмас сапарға алып кетті. Енді не істемек? Қолында оң-солын айырып болматан Қанатжан мен Гүлша, бір жаска жаңа толған Бауыржан, карттық табалдырығын аттаған аяулы анасы Жұмазия калды. Техникалык училищедегі окуы тағы косымша жүк.
Көңіл ортайып, дөмі енді-енді тілге үйіріле бастаған куаныш жүзінің қуқыл тартқаны да бұл. Ойға ой оралып, талай түн ұйкысыз өтті. Ол кезді Мария мөңгі ұмытар ма?
Бірақ... Бірде үйге училищенің бір топ оқушысының сау ете түскені. Олардың әрбір келуін үлкен демеу көретін Мария бұл жолы атка мінгендей тыңайып қалды. Тынаймағанда ше? Өзімен тел өсіп келе жаткан кұрбысы Бағытжан аталы сөз айтты.
- Жұбымызды жазбай оқуымызды бітірейік. Сосын анау іске қосылажақ химия заводына жолдама аламыз,-деді ұян мінезді Вася.
Жылжып айлар өтті. №13 техникалық училищенің тұңғыш түлектері окуларын ойдағыдай төмамдап, завод кұрылысына келді.
Жылжып жылдар өтті. Бір кездегі өрімдей жастар есейіп, өндірістің шынайы кожасына айналды. Иванова Валентина, Көшенбаева Нина, Мәмбеталиева Әсия және баскалары бұл күнде өндірісте үлкен беделге ие. Тамара Кривонос - өндіріс бастығы болса, Қонаршиева Бағытжан конструкторлык бюрода бөлім баскарады.
Иә, адамдардын карым-катынасы дегеніміз адамның адамды кажет етуінің төтенше кең, жан- жакты канағаттандырылуы екен-ау. Мария мен Рыскалидың тұнғышы Қанатжан бұл күнде өмір өріне самғай ұшып келді. Белді азамат. Ғалиямен отау тікті. Жас отауда ата-ананың ак тілеуі, күміс күлкілі Арман есімді ұл асыр caп жүр. Гүлша да бір шаңырақтың иесі. Бауыржан - Отан сакшысы.
Адамдар карым-катынасының кұдіретін сездірер тек осы ма? Жоқ. Заводта осындай кұдіретпен
химиктер өулеті калыптасуда. Жолдасовтар әулеті: Мария, Қанатжан, Ғалия, Марияньщ інісі Бекайбат осында енбек етеді. Күні кешеге дейін Бауыржан да осы сапта болды. Бәлкім ертен Марияның немересі Арман да осы коллектив мүіпесі атанар.
Келесі кезекте - Шагиевтар өулеті. Одан әрі - Кондохиндер. Міне, кұдірет!
Екінші шегініс: