Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 21


МҰРАГЕР БОЛУ - АРМАНЫ

Ayдандык комсомол конференциясы мінбесіне котерілгендер талай орамды ойды ортаға салып жатыр. Соның ішінде бұның жүрегіне ерекше жакын келгені Тілеудің сөзі болатын. Өркашан алдағы күннің камын ойлап жүретін еңбек ардагері бұл жолы да теренге бойлап, тебірене тіл катты. «Тепсе темір үзетін жастардың мал шаруашылығынан неге кашкактайтынын түсінбей- ак койдым. Мал бағу аркылы данкка боленген, мал бағу аркылы жан дүниесін байыткан адамдар аз ба ортамызда! Соныц екеуі - есімі елге белгілі Еңбек Ері Әбді Дүйсенбеков, жоғарғы үкімет органына - Қазак ССР Жоғарғы Советіне сайланған Кісенбай Асабаев кімнен кем?»

Міне, Ерғазыны елең еткізген де осы сөз. «Апырмай, - деді ол іштей толки күрсініп, - бүрғышылыққа бауыр баскан сонау бір кезде өз әкем Әбдінің мұрагері болудан неге бас тарта жаздадым екен? Үгіттеуші де аз болмап еді-ау. Әке меп шеше, совхоз бен аудап басшылары... Сондағы шалкаюдын ұяты қанша?».

Ергазының күрен тарткан жүзі бүрынғыдаи да кошкылданып кетті. Сірә, намыс найзагайы көніл кокжиегін айкүш-ұйкұш тілгілеп өтсе керек.

Бірак, «адасканнынайыбы жок, кайтып үйірін тапкан сон» деген емес пе? Түсінді. Түсінді де белсене кірісті. Мүны жан серігі - киындыкта да, куанышта да жанынан табылатын жары жаксы түсінді. Түсінді де от басы, ошак касы болып калмай, бір отаудың діңгегіне айналуға бел буды.

Содан бері бірнеше қыс, бірнеше жаз артта калды. Ал, Ерғазы Дүйсенбеков шыққан биік кайсы?

Қысқаша түйіндесек, ол шыккан биікті қомсынуға болмайды.

«Өткен бес жылда бағымындағы малдан ешбір шығын берген жок». Ал, ол бес жылда табиғат мінезі кырык түрленбеп пе еді. Жаз бойы ұйытки соккан күм боран, бір тамшы жаңбырды аңсау, тағысын- тагылар. Ерғазы соның бәрін жігермен, зердесіне кестедей токыла бастаған әкенің өнеге-тәрбиесімен женді. Ар-үят тезінен бет бүрған сәті және болған жок. Кім не айтпайды?! «Анау Дүйсенбековтің Ерғазысы әкесінің - Өбдінің атағымен күн көріп жүр» десе өлімнін нағыз өзі емес пе? Сондыктан ол белін бекем үстайды.

«Өткен бес жылда бағымындагы әр жүз аналыкка орта есеппен 151 козы ертті, әр койдан 4,4 килограмм жүн кырыкгы». Ал, ол бес жылда бүрынғы биігінен күлдырай құлап, жүзінен жүз ала алмай санын соккан шопандар, шаруашылыктар да мол еді. Ерғазы сонын бәрін жаска тән кажыр-қайратпен, алға ұмтылған арман-киялдын асау толкындарымен бағындырды. «Мен жеттім, мен оздым» деп кеуде соқкан кезі және байкалмады. Кімнің аузынакақпак қоясың?! «Өке даңқын малданған неменін кеудесіне нан пісейін депті» десе таудың шағылып, жігердің жасығаны емес пе? Сондыктан ол «ұлык болсаң кішік бол» деген аталы сөзге бас иеді.

«Еңбегіне карай өнбегі». Осынау табыс оны, онын семьясын үлкен абыройға бөледі. Ерғазының КПСС мүшелігіне өтуі, мал шаруашылығынын жас өркені ретінде алкалы жиындарға катысуы, ВЛКСМ Орталық Комитетінің «Бесжылдыктың жас гвардияшысы» кола белгісімен, облыстык, аудандык партия комитеттерінін, аудандык Совет аткару комитетінің, кәсінодақтардың аудандык Советіңің, аудандык комсомол комитетінің Ескерткіш Кызыл дипломымен наградталуы осынын айғағы.

Сонын бәрін былай қойғанда Ерғазы омырауына қадалмаған, бірақ оның жүрегіне куат беріп, жанына жылу кұятын екі үлкен награда бар. Бірі - тогызыншы бесжылдык корытындысымен ауданымызға берілген КПСС Орталык Комитетінің, СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС-тың, ВЛКСМ Орталык Комитетінін Ауыспалы Қызыл Туы, екіншісі - сүйікті совхозы «Коммунизм танынын» «Құрмет белгісі» орденімен наградталуы.

Ол ой орманын аралап кеткенде осынау екі бәйтерегінің, осынау екі тынысынын айдарынан үнемі баки күн сүйе бергенін калайды. Қалап кана коймайды, аямай тер төгеді. Өзгелерді соған үндейді. Соңына ілестіреді. Кей сәтте балалыкпен жіберіп алган оғаш кылығы - әке мүрагері болудан кашкактағаны есіне түсіп, күлімсірейді. Сол сәтінде озін-өзі жеңе білгеніне куанады.

Асылында ел ерімен, ер елімен ардакты ғой. Біз әке сокпағына түсіп, батыл кадам жасаган көкөрім жігітке - «Құрмет белгісі» орденді «Коммунизм таны» совхозының көмекші шопаны Дүйсенбеков Ерғазыға мол табыс тілейтіндігімізді еіикашан жасыра алмаймыз. Өйткені онын арманы - мурагер болу. Мұрагерлікке ұмтылу-бүгінгі мен болашакты жалғастыратын асыл касиет.

МЕРЕЙ

Әлия мен Рысбай анасын асыға күтуде екен. Балғын жүздері бал-бұл жанып, оның алдынан жарыса жүгірді.

- Апа, апа! Рысқали ағамнан хат келді.

- О, кұлыным, аман-есен жүр ме екен? Не депті?

-Бәрі жаксы депті. Жауынгерлік жаттығуға кетіпті. Сосын колы тимей хатты сиретіп алыпты.

- Тағы не айтыпты?

Алыста, сонау туыскан Венгрияда  жауынгерлік борышын өтеп жүрген Рыскалидан  бүрын хат кұрғатпай келетін. Осыған үйренген ана көңілі почта жөшігіне хат-хабар түспеген екі аптаны ұзата алсашы?! Міне, енді сол дегбірсіздіктің дауасы табылып, қуанышка бөленген Накан екі коңыр козысының бетінен сүйді.

Үйге енген бойда хатты кайта оқуға кірісті. Жасы он беске иек арткан Өлия шәй жабдығына кірісті.

«Апа, - депті Рыскали, - денін cay ма, анау аяк тамырларынын. ісініп ауыратыны мазалап жүрген жок па? Жұмыстарыңыз да киын: күні бойы аяк үстінде тұру кімге оңай тисін. Дегенмен өзің күт. Қызыл сиыр шайлык сүтке жарытып тұр ман. менің жағдайыма келетін болсаң, аманмын. Екі апта жауынгерлік жаттығуда болып, хат жаза алғадым. Оған кам жеме. Сол жаттығудан орал, ан сон командирім алғыс жариялады. Бұл - екінші алғысым»...

  • Хабарыңнан айналайын, сенің алғысың біздің де алғысымыз ғой. Аман бол, арлы, абыройлы бол, кулыным!

Накан сүйікті үлының сағыныш арқалаған хатын ерекше ынтызарлыкпен кеудесіне кысып біраз отырды да Өлия дайындаған дастархан шетіне жайғасты.

Иә, Накан аузынан ар, абырой дейтін сөздер, үйде де, түзде де жиі естіледі. Өйткені, бұл сөздер оның бойына ана сүтімен бірге дарыған-ды.

Ар мен абырой барлык нәрсенің бастауы, - деген анасы алғаш еңбекке араласкан күнІ. -Ар, абыройдан айырылған адамды тірі өлік санатына коса бер. Оған айналасындағылар жиіркене карайды. Ар, абырой жүзін кір шалмас үшін ерінбей еңбек етіп, аянбай тер төккен жөн. Өзінді де, өзгені де соған төрбиеле.

Наканның аудандык баспаханаға әріп теруші болып орналасканына табаны күректей жиырма екі жыл толыпты. Осынау жылдар өресінде ана өсиетіне ешбір қылау түсіп көрген жок десек асыра айткандык емес.

Ол туралы баспахана қарекетін о бастан бірдей бөлісіп келе жаткан өріптесі Тілепова Зарипа былай дейді: «Ширек ғасырға жуық советтік баспа саласында жұмыс жасау екінің бірінің қолынан келе бермейтін жөйт деп есептесек, Накан жүріп өткен жол шыдамдылык пен төзімділіктің жолы. Сонау жылдары таңды түнге, түнді таңға алмастыра жүріп газет шығаратынымыз, қазір аңыз-ертегі сиякты. Қол терме, колмен айналдыратын баспа машинасы, біздің ілкі көргеніміз, ілкі деймін-ау, алпысыншы жылдардың ортасына дейін көргеніміз, осы еді. Соның бөрін, жоғарыда аиттым ғой, Накан шыдамдылыкпен, төзімділікпен жеңді. Қазір де солай».

Ол туралы бір кездегі шөкірті Оңдаганова Түрсын да үнемібаки жылы лебіз айтады. «Мен Накан апамды еңбек табалдырығын аттағандардың нағыз камкоршысы, арка сүйері ретінде таныған болсам әлі де сол калпынан бір ауған жок. Лайык, Роза, Мәрзия секілді баспахана түлектері өздерінін ұстазы Наканның есімін, оның: «Инемен кудык казғандай осы бір шүқыма жүмыстан тез жеріп кетіп жүрмендер, мен тек табандыларды, ар мен абырой биігінен көріне білуге ұмтылатындарды ғана тәрбиелеймін», - дейтін сөзін осы күнге шейін ілтипатпен айтып жүреді».

Асылында, бір жақсының өнеге-шарапаты ондаған, жүздеген адамға дариды ғой. Нақан бүгінгідей саликалы кызметкер дәрежесіне жету жолында талай жаксының талай жаксы касиетін бойына кұныға сіңірген секілді. Оны жүріс-тұрысы да, сөйлеген сөзі де, тіпті карапайым келбеті де өйгілеп тұратындай.

- «Мен, - дейді ол, - жаксыдан үйреніп, жаманнан жирену аркылы өсіп, жетілдім. Газет редакторлары Жолмұханов Дініш, Артыгалиев Дәуіт, Текеев Тәжібай, Сайханов Ғилымғали, тағы басқалар өмірінен там-тұмдап, кейде кұшақ толтыра жинаған өнегем бір ғүмырға тапшылык етпейтіндей. Біздер - баспахананьщ, редакцияның кызметкерлері сонау 1954 жылдары есепші-кассир болып істеген уыздай аппак, тіпті тұрпаты мекеме кызметкерінен гөрі мектеп окушысына лайык Сатыбалдиев Меңдекеш бойынан көп нөрсе табатынбыз. Аса бауырмал, аса карапайым, аса сезімтал жаннык сонынан кім болғаны баршаға аян».

Накан шежіресі өз колымен шығарып келе жаткан «Ембінің» шежіресіндей мол әрі дөмді. Ал, еңбегі болса, газет тиражындай мәуелі, газет беделіндей биік.

Накан бейнесі бір жағынан ойдың, сол ойды жүзеге асырмай тыным таппайтын адамның бейпесін көзге елестетеді. Соңғы жылдары баспахана менгерушісі канша өзгерді?! Соның өрбірі басшы болғанына карамастан Нақанның мол тәжірибесіне, ұйымдастырушылык кабілетіне борышты екендіктерін іштей де, сырттай да катты сезінеді. Бүгінгі танда Наканды талай ойлар мазалап жүргені де акикат.Баспахананьщ жұпын үйі, денсаулыкка зиянды цехтарды колдан келгенше қайта жабдыктау, онда жұмыс жасайтындарға камқорлык жасау, кадр тұрақтандыру, тағысын-тағылар оны өндіріс жетекшісінен кем тебірентпейді.

Наканның тағдыр тәлкегінде жан серігінен ерте айырылып, үш сәбиді ержеткізуін, жай ержеткізіп коймай жұрт сүйсінетіндей етіп ержеткізуін де тек кана сүйініш ретінде кабылдау ләзім.

Шебер әріп теруші Мұканова Нақанның карапайым еңбегі осының бәрімен астасып келгенде үлкен мерей туғызатынына баспасөз кызметкерлері де, өзгелер де шексіз куанады.


Перейти на страницу: