Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 20


ӘКЕНІ АҢСАУ

«...Есімсіз батырлар болган жоқ, өзінің есімі, өзінің бейнесі, езінің арманы мен үміті бар адамдар болды, сондықтан да олардың ең елеусіз дегендерінің өзінің керген азабы есімі тарихта қалатындардың көрген азабынан кем болған жоқ...»

Юлиус Фучик

Соғыс... Бұл-сұсты сөз. Сонғы соғыс ошағының ойрандалғанына отыз жылға жуык уақыт өтті ғой, бәрі бір сұсты. Сұсты болатыны - соғыс жарык дүниенің ең қымбатты жаны - ак адал адамдардың қанын судай шашады. Сұсты болатыны - соғыс даланы тітіретіп, қаланы киратады. Жайкалған жауқазын гүлдерді мезгілінен бүрын солдырады. Ана мен әке бауыр етінен айырылып аңырап калса, келіншек дәурендес қосағьшан көз жазып, көкірегін каре айырса, іні-қарындас жеделдесін жоқтап жерге караса-ол да сүм соғыстың сойканы. Жайбаракат жүрек әлі дс дір ете түседі. Жазыксыз жанар әлі де шыкка оранады. Батысқа көз тігіп, елегізіп жүргендер де баршылык. Бұған да кінәлі - соғыс...

Менін көкейімнен мына бір оқиға кетпейді. 1970 жылдын мамыры еді. Жүмыс бабында әскери комиссариатка барып, біраз уакыт соғыс кезінің документтері н актардым. Жазылуга тиісті материалыма кейіпкер іздедім. Ойымда баска да түйткілдер бар болатын. Ол - естуімше менің де бірнеше ағам майданнан оралмаған, мүмкін солар жөнінде дерекке кезігіп калармын.

Сонымен кейіпкерді тез-ак таптым. Ал туысқандарым жөніндегі тәтті киялым сағымдай бүлдырап, а лыска үзай берді. Сонда да күдер үзбей, көз майын тауыса түстім. Бір кезде Өмірбасв Қалдыораз деген есімге ұшырастым. Отан корғауға 36 жасында, 1942 жылы аттаныпты. 1022 атқыштар полкінде катардағы жауынгер болыпты. 1942 жылдын 18 октябрінде каза тауып, Орел облысы, Мценск ауданы, Сергеевна селосынын оңтүстік батысындагы орман ішіпе жерленіпті. Бары осы...

«Қалдыораз... Калдыораз... Бүл меніңүзеңгі жолдасым Қонаштың әкесі болар. Хабарласайын, корсетейін. Бәлкім ол әкесінің от ортасынан оралмағанын білгенмен, зиратының кайда екенінен бейхабар шығар».

Әскери комиссариаттағы жолдастарға жалынып-жалпайып жүріп, жаңағы документтер тігіндісін сүрап алдым. Тагы да шұкшия қарап, ертесіне редакцияға алып келдім.

- Қонаш, - дедім мен әрі қуана, әрі жаскана сөйлеп, - мына есімге көз салшы, сенің әкең емес пе? Оның кай майдан шебінде болғанын, кай жерде көз жұмып, қайда жерленгенінен хабарың бар ма еді?

- Иә, менің әкем! Онын майдангерлік тағдыры маган мәлім емес еді. Ол январьда кетсе, мен мартта дүниеге келіппін. 1943 жылы ажал тырнағына анам ілікті. Ізденістерім нәтижесіз аякталып жүрген...

Байкаймын, осы сәт жолдасымның жан- дүниесін үлкен толғаныс толқыны ұрып өтті. Дауысы діріл какты, көз ұясы мөлтілдеген жасқа толды, дидарында сағыныш иірімі пайда болды. Менің боркемік көңілім де босап кетті. Баскаға күшім жетпей, жанымдағы жан жолдасымды ойша жұбаттым.

«Берік бол, жігітім! Ол босқа өлген жоқ, қайсарлыкпен күресіп, кейінгі ұрпақтың ғүмыры мен бақытын, күлкісі мен шаттығын қоргаи өлді. Рас, арманы көп еді. Оған сенің інгәлаған, каз тұрған, мектепке барған, ер жеткен кезіңді көру де арман болатын. Ол немерелері - бүгінгі Оразалы мен Арманды сүйер күнді де сөзсіз ойша шолды. Соғысқа сан рет лағнет айтты. Қайталанбауын тіледі.

Сен жетім өстім деп тіпті де налыма. Жетім емессін. Балалар үйінде торбиеленгенінде де, кейінде де жстім деген жадау сөз етегіңнеп тартқан жоқ. Өйткені, жанында анаңның «қараборбайым, караторғайым» деген сөзін кайталап ұлы Отаның, еркелігіңе еміренер әкеңдей боп елін тұрды. Дегенмен, әкені аңсарын, әкені сағынарың, өкені жоктарың ақикат. Аялы алаканы бар өкеге кім жетер, достым!».

Қазір сонау елеусіз окиға тұтаткан аңсау мен сағыныш оты барынша лаулап, барынша шалкып тұр. Оттын ыстык лебі Сергеевна селосына, Подольск қаласына хатпен жетті. Оттың ыстык лебі «кызыл ізшілдердің» колына калам үстатты.

Әкені ансау, өке кадірі бізді де дүр сілкіндірді. Ал, сендерді ше, соғыс түтінін жұткан кұрбыларым, ксйінгі нөпір толкын - іні-қарындастарым?

ҚҰЛСАРЫДА ӘМУДІҢ АҚ АЙДЫНЫ

- Қүлсарыға Амударияның суы жетіпті дейді, естідің бе?

Көшеде көрген көз танысым күлімдей келіп қолымды алады да маған осылай деп сауал тастайды. «Естігенмін», - деймін де күлімдеймін. Күлімдеймін де:

- Несі бар, су келсе, ну келді, молшылык, тіршілік келді десейші, - деп иығынан қағамын.

Жүмыс бөлмеме келемін. Қасымдағы кара телефон қайта-кайта бебеу қағады. Құлақ түрсем біреулер:

- Не білгенің бар, Өмудін балдай суы таңдайға кашан татиды? - деп дегбірсізденеді.

Содан бері күбакан бөлмеге отырғың жок. Су сыбдыры кұлакка жетіп, сезіміңді кытыктап, әлдекайда шақырғандай. Шынында бұл не хабар?!

Бірінші сөз кезегін газ қүбыры аудандық басқармасының инженері Е.Қосановқа берелік.

- Жаңалық коңырауы дабыл каккан екен, енді білгенімізді жария етуден артык борыш бола коймас. Амудария суын біз көптен күтудеміз. Жалғыз біз емес, жалпы Жылыой жамағаты асыға күтулі еді. Ол түсінікті де. Үйткені өлкеміздің таңдайы кашаннан кебірсулі, олкеміздің табиғаты су дегенде үнемі баки тас сараң. Сонымен, Қонырат, Төлей, Қаракалпак, Бейнеу, Опорная үстімен өтетін су қүбырынын жалпы ұзындығы 600 километрге жуык. Қүбыр тұрбасының диаметрі 700 миллиметр. Су 10-20 атмосфералык кысымда айдалады. Бір ескертер жай - қазір кұбырды сынау, бақылау жұмыстары ғана жүріп жатыр. Сол себепті келіп жатканды өзірге Амударияның балдай суы демей, техникалык яки тазартылмаған су деп қарағап жон. Оны ауыз су ретінде пайдалану әлі де ерте. Болашакта, кұбыр түбегейлі іске косылғанда Амудария суы өндірістің, елді мекендердегі түрғындардың кажетін молынан өтейтін болады. Ал, ол күн тіпті де кашық емес.

Дәл осы жерде кұбыр бойымен жоғары өрлеп, опорная компрессор станциясының бастығы Ф.Ф.Волченконы телефонға шақырдық. Ол былай деді:

Қуаныш ортак болғай! Су түсымыздан 16- 18 атмосфералык кысыммен өтіп жатыр. Станциямызда су тапшылығы мол. Турбиналарды салкындататын суды әлі күнге дейін поезбен, автомашинамен тасып жүрміз. Құбырдың тез арада іске косылуын біз де асыға күтудеміз. Жасыратыны жоқ, судың алғашқы легін ендіріс кажетіне пайдалана бастадық.

Амудария суын осы өлкеде бірінші рет көріп, дәмін татқан кім екен?

Редакцияның фото тілшісі төніректегілерге тесіле карады. «Қаһарман» іздейді. Осы ойды бірден ұккан Ерсайын Қосанов:

Анау төбеден әрі ассаң Амудария суына кезігесің, ө деп шығысты сілтеді, ал оның қазіргі «кожасы» мына мастер Абзал Амантұрлин ағаң.

Біз тебе асып, Амудария суымен дидарласып кайттык. Ак кайнар жер астындағы кұбырдан буыркана шығып, айналаға бауырмалдықпен тарап жатыр. Енді тебіренбей көрші?!

Еңбеккер адам, жеріме тіршілік тамырын тарттың, саған мын рахмет! Аяулы акын Телеген, сезімді козғаған жыр калдырыпсың артыңа, саган да рахмет!

Өзен ең көзін көрген аталардың,

Арнаңнан арманыма от аламын.

Қүй, Әму, жас жаныма керемет күш,

Жағаңда бәлкім ақын атанармын.

Жағаңда жазда гүл боп ыргалайын,

Қысыңда айдыныңа сырганайын.

Бердактың сел жырындай саркыраған,

Көктемде келбетіңе бір карайын.

Өзен ең көзін көрген аталардың,

Жырламай сені калай жата алармын.

Бер маған, Әму-ата, қуатыңды,

Жағаңда бәлкім акын атанармын.


Перейти на страницу: