Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 23


СӨНВЕЙТІН ЖАЛЫН

Темір жол тұйығындағы төрт белдікті жабык вагон есігі айкара ашылған. Аяктарына байпак, үстеріне сырма фуфайка-шалбар киген бес-алты жігіт коңыркайлана кырауыткан ұсак тұзды үңги түсіп, сыкай толтырылған кенеп қапшыктарды сыртка карай ыткытып жатыр. Қимылдарына Караганда бұлары ертеңге, тіпті бір сагат кейінге калдыруга болмайтындай кауырт жұмыс. Толассыз жұмыс дене ысытканмен вагон ішіндегі ызғарды кайдан ыгыстырып шығарсын. Өрі десеңіз далада жібектей жұмсак кар таңнан бері жапалактап жауып тұр. Сол қардың шалғайына жабыскан шымыр аяз әсері ме, жігіттер демалысынан пайда болған іркіс ауа буға айналып, желді күні жатаган мұржадан шалдуарлана шыккан селдір түтіндей бұрк-бұрк етеді.

Өндірістік цех бастығы Тұякбаев Максот: «танысқаныңызға тіпті де өкінбейсіз» - деп жөн сілтеп жібергенде іздеген адамымның мынау қызғылт вагон ішінде екенін айқын сезіп тұрмын. Бірақ, цех бастығының өз коллективтеріндегі жігіттер мен кыз- келіншектердің әрбіріне жүрекжарды сөз арнағаны соншама, арасында бөле-жара атаған Кенжиев Уәлиді алпамса жігіттер ішінен ажыратып алудың өзі капелімде киындап кеткендей.

Тосылып калган сол сәл-пөл ыңғайсыз күйден тығыншыктай жігіт ағасы күткарып алды.

- Жаңа Мөкең сіздің танысуыңызды калаған Уәли анау жігіт, - деді ол вагон есігіне такау тұрған үзын бойлыға карай иегін көтеріп.

...Уөкең үзак жыл балык консерві комбинаты аталып, кейінгі жылдары өндірістік бірлестіктің бас көсіпорны деген жаңа есім алган бұл кәрі шаңырақка 1955 жылдын июлінде жүмысшы боп кірген еді. Содан бергі жиырма бес жылдык өмірі өзіне ыстык ұядай көрінетін өндірістік цехпен тығыз байланыста. Сонда Уөли мен осы цехты «біріктіріп» койған не нерсе, не кұдірет?!

Бұл сауалдың жауабы Кенжиев Уәлимен сонғы жиырма бес жылдың жазы мен кысын, көктемі мен күзін бірдей өткізіп келе жаткан еңбектес жолдастарының ыстық лебізінен табылғандай.

Сәрсенбаева Салиха: - Комбинатка Уөлимен катар жұмысқа кіргенмін. Содан бері ыстык-суыкты бірге көріп келеміз. Алғашкы күннен-ак ол табандылығымен, тындырымдылыгымен көзге түсті. Соның аркасында абыройға да ие. Казахстан сайлау округінен аудандык Совет депутаттығына сайланды. Жалпы, Уөлисіз коллективті, коллективсіз Уөлиді көзге елестету киын секілді.

Сауранбаева Үміт: - Осында біздер өз ісімізді беріле сүйгендіктен жүрміз. Уәлидің бір орында тапжылмастан жұмыс істеуі ең алдымен осы себепті шығар. Уөлидің жолдасы Маржан осы кәсіпорыннын консерві цехында жұмысшы. Алты жеткіншегі бар екеуінін. Үлкені Рахила биыл сегізінші класты бітіреді. Мүмкін, ол да ата-ана ізін куып, осында келер.

Қисыметов Қадыр: - Мен Уәлиді енбеккорлығы үшін, үлкенге іні, кішіге аға бола білетін адамгершілігі үшін кадірлеймін. Өндірістік цехтың межесі былтырғыдан әлдекайда биік. «Өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыру негізінде, балык-шикізат кабылдау жоспарын мезгілінен бұрын - СССР Конституциясыпың үшінші жылдығына орындап шығып, жоспардан тыс 600 центнер балык кабылдаймыз* деген социалистік міндеттеме жолдары сол биік меженің саликалы міндеттерін айкындайды деп ойлаймын. Міндеттеме каншама биік, жоспар қаншама тығыз болғанымен Уәли сынды жұмысшылар гвардиясының сыр беріп, киындыққа тізе бүкпесі айкын.

Иә, өзін әрдайым өз кәсіпорнының кожасындай сезінетін Уәлидің катардагы жұмысшы ретінде, депутат ретінде жүз ойланып, мың толғанып, бүл күндері көп шаруа тындыруға ынталы болуы сыйымды көрінеді. Егер ол толғаныстарын өз көсіпорны көлемінде бейнелесек:

  • кіші механизация көмегі аркылы кол күшімен аткарылатын жұмыс көлемінің барынша кыскара түсуіне ықпал жасау;
  • халықтық бакылаушы, жолдастык соттың мүшесі ретінде енбек тәртібінің нығаюына, кадрлардың тұрактауына белсенді үлес косу...

Егер ол толғаныстарын сайлаушылар аманаттары аясында алсак:

  1. Жұмыскер поселкесіндегі монша жұмысын ретке келтіру;
  2. Жұмыскер-Ракуша аралығына асфальт жол салу;
  3. Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті камкорлықка алып, мектеп айналасын шарбақпен коршау.

Жакында ғана Бауман сайлау округіндегі кездесуде Л.И.Брежнев осындай адамдар туралы тамаша сөздер айтты емес пе?! «Зор еңбекшілдік пен тәртіп, өзіне төртіп коя білу және кіршіксіз адалдык - міне, оның ізгі абыройының негіздері осылар. Осы абыройды бүкіл өмір бойы сактап және бүкіл өмірінмен көрсетіп отыру керек».

Бірлестіктің бүкілодактык еңбек сайысында үздік шығып, жеңіп алган алкызыл туы көзге арыстың сөнбейтін жалынып елестетеді. Наныныз, ол - Уәли мен Маржан, Салиха мен Үміт, Қадір мен Алла секілді мың сан адамдардың жүрек үшқынынан лауларан және мәңгі сөнбейтін жалын!

КАЧАЛКАЛАР БАС ШҰЛҒЫП ТҰР

Таң тамаша боп атты. Батыстан баяу жел есті. Аспанды тегіс торлаған бұлыңғыр бұлт аз-кем мырзалық, аз-кем киқарлык танытты. Зәру жаңбыр зөредей тамшымен сіркірей жауды да лезде сайын даланың тағы киігіндей дүркірей кашып, із-түзсіз жоғалып кетті. Шаң басып жербеттенген шөп атаулы калды шөліркеп. Ала жаздай нөсерді аңсаған дала калады доңбекшіп.

Алайда, осының өзі бір рахат сезім пернесін басып өткендей. Лып еткен коңыр салкын көкірек көрігін кең ашып жіберді.

Жолдасқали да дүр сілкінгендей. Өндіріс алаңына бүгін әдеттегіден ерте келді. Бас шұлғыған качалкалар орманына ерекше сүйіспенпіілікпен көз тікті. Ойына өп-өдемі теңеулер оралды. «Өз алаңындағы 64 скважина бір әулеттің алпыс төрт ұланы іспетті. Алпыс төрт түрлі мінез, алпыс төрт түрлі тағдыр. Ал, бүкіл инженерлік кызметте бұлардың саны үш жүз кырыкка иек артады. Ендеше, мұнайшылардын мойнында ұлан мен ұрпак қамын үйде де, түзде де ұмытпай, катар ойлап жүретін ата-ананын міндеті бар екен-ау».

Шынында солай. Сонау сор колтығындағы торт жүз он бесті ал. Тоннын ішкі бауындай. Тынымсыз тер төгеді. Отан қоймасына күніне үш тонна «кара алтын» кұяды. Торт жүз отызға, торт жүз жиырма сегізге коз сал. Көңілің өседі. Олардың тәулікте жеті тонна жарым мұнай беруін өзінше мырзалык, тек кана мырзалык деп бағалайсын!

Онашада ой жетегіне ерген ол тағы бір жәйтті еске түсірді.

- №2 учаске мастері Жолдаскали Сариев жаксы үгіттлі, жаксы саяси хабаршы ретінде назарға ілікті. Оған партия тобын баскаруды жүктесек кайтеді?

- Орынды әңгіме. Жас жігіт. Қоғамдык жұмыс тізгінін колына алып ширыға түссін!

- Әрине, алғашкыда бәрі киын. Ізденсін, окысын. Адам жанына терең үнілсін. Ал, біз колдан келген көмегімізді аямаспыз. Солай емес пе?

Көп пікірі осылайша токайласканда тартыншактау жөн бе? Эрине, жөн емес. Оны канаттандырған, карапайым жұмысшыдан операторлыкка, операторлыктан мастерлікке жогарылаткан осы орта. «Жай басар саулык жабағысын да ауырлайды» дегендей, пендешілік пиғылмен күн өткізіп, түйе үстінен сирақ үйітетін «шолак белсенділік» мұның колы емес. Әрі коммунист алғы шейте жүруге, өзгелерге үлгі көрсетуге тиісті. Жаспын дегенмен жасара бермейсің. Өзі де біразға ұстаз болды. Оның омір сокпағындағы әрбір адымын берісі учаскедегі өріптестері, әрісі технологиялык кызмет коллективі бағып-бакылап отыр ғой. - Жігіт жібек мінезді ме, жігіт жігерлі ме, жігіт іскер ме, жігіт сыйлы ма, жігіт білімді ме - әр кеудедегі жүрек-компас бұл күндері осыны бағдарлайды.

- Сәлем, аға!

Жолдасқали жалт карап еді, вахтаға келген Рысты екен.

-Сәламат па?

Көңілділікті бота көзінің ұзын кірпіктеріне конактаткан орта бойлы, кара торы қыз езу тартып, бас изеді де мәдени будкіге еніп кетті. Мүнан сон алшаң басып алпысты алкымдаған Серікбаев Демеген және Қоңыров Орак келіп жетті.

- Кеше, - деді Жолдасқали мұнайшыларға көз тастап, - біраз іс тындырылды. Сәрсенбаев Ізім мен мына Орекең №432, 523 скважиналардың моторын ауыстырды. Ал, Жайсаңбаев Бораш пен Құттыбаева Гүлжан №227 скважинаның жарылған өзегіне сына қағып, мұнай ысырабына жол бермеді. Дәл осы сәтте 227-нің «аяқ алысы» көңіл көншітпей түр. Керекті бөлшектер мен кұрал-жабдықтарды алып, соған барыңыздар.

Тапсырма алған үшеу көп кешікпей еністегі скважина маңында болды.

- Траверстің подшипнигі кеткен, - деді «диагноз» коюдың шебері Демекең, - кәне, Рысты, моторды токтатып, тормозға кой.

Құрыш қолдар коз ілеспес кимылдар жасап, бекіткіш тетіктерді өп-сәтте босатып тастады. Кажалған подшипниктер үядан сау ете түсті де кұм үстіне өзінше өрнек салып домалай жөнелді.

- Демекен дүрыс айтты. Мынау траверстін әлжуаз бала иығындағы иінағаштай кисалаңдап кетуінде үлкен мән бар екен. Бұны да көңілге токып алу керек. Бұндай акылшы ағалар қашанғы қасымызда жүрер дейсің.

Рысты тағы да зеректік танытып, ойлы сөз айтты.

- Дұрыс, карағым. Кәне, әуп де, әуп дегеніңнін өзі біраз демеу.

Сағат тілі кесімді жиырма минут мәресіне жеткенде траверс ауытырылып болды.

- Орак, моторды іске кос!

СКН-2 качалкасы баяу ырғалып, кұлашты үш жүз елу метрлік терендікке сермеп, өз әуеніне кайта басты.

Мастер мардымды іске мадиықтанғандай. Оператордың әрбіріне жылы жүзбен жымия қарап, риза көңілін үнсіз үғындырды. Содан соң жедеғабыл тапсырма беріп, мәдени будкіге бет алды.

Ердің айнасы еңбегі ғой, шіркін! Жаңағы жаркын жандардьгң келбеті әлі де көз алдында. Демегн, Орақ, Рысты. Үшеуі үш үрпактьщ өкілі. Мәселен, кияк мұртты, кыран көзді Демеген картка мастер нені болса да сеніп тапсырады. Өйткені, ол жиырма алты жыл оператор болып, үлкен өмір мектебінен өткен майталман. Ол талай рет куанды. Бірак, асып-тасығян жок. Ол талай рет өкінді. Бірак, егіліп-езілген жок. Барды капағат тұтып, болаттай беки түсті.

- Сүйінші, Демеке, сүйінші! - деді өткен жылы осы Жолдаскали. - Еңбек Қызыл ту орденімен наградталыпсыз!

Оның куанышына ортактаскан жалғыз Жолдаскали емес еді. Қолын қысып күттықтаушылар легі біразға дейіп толас таппай қойды. Демекең сол кезде бұрынғыдан да кунакы күйге еніп, жасара түсті. Әлі де сол серпін. Тек кепкіні кейінге ысырған жазык майдайдан әзілкой, алып кашпа өжімдер түрак іздегендей ме, калай?

Ал, карлығаштың канат кағысымен өмір сапарына шыққан жиырма бес жасар Рысты Есенқұлованың өмірбаяны тым карапайым. Ол 1964 жылы Лермонтов атындағы орта мектепті бітірді. Өндіріске келіп, операторлықты меңгерді. Өткен жылы КПСС мүшелігіне кандидаттыкка өтті. Бар болғаны осы. Бірак, жаналыкка жаны үйір, кабілетті кыз жүртшылыктың назарына тез ілікті. Облыстық Советтің депутаттығына сайланды.

Қазір косшағылдык тұрғындар поселке өміріндегі үш ірі өзгерісті осы кағілез кыз есіміне телиді. Бұл қандай жаңалыктар? Біріншісі - жүз алпыска тақау үйге газ плитасы кондырылды. «Көгілдір отын» мұржалардан бұрқырай шығатын кір- кожалақты кейін серпіп, мұнайшылар колын ұзарта түсті. Екіншісі - Құлсары мен Қосшағыл арасына айдындай жаркыраған асфальт жол төселді. Шоферлер басы-көзін бүркеп салатын бұркак шаннан іргені аулак салып, уақытпен жарыска түсті. Үшіншісі- ауадай кажет болған кітап дүкені есігін айкара ашты. Білім бұлағынан сусындауға асыккан калың окырман керегін өз ортасынан тауып, аудан орталығына сабылмайтын болды.

Әрине, күрыштай берік коллективтің табысты таскындатуы осындай абзал жандардың арқасы ғой. Бұлар болмаса №2 учаскенін он алты адамдык коллективі, оның тоғыз мүшесі коммунистік еңбек коллективі, коммунистік еңбек екпіндісі атағын иемденбес еді. Бұларсыз скважиналарды пайдалану коэффициенты 0,98-ге, скважиналардын жөндеуаралық мерзімін жүз күнге жеткізу, жарыска түскен №4 учаске коллективінен үздік алға шығу мүмкін болмас еді. Ізім Серсенбаев, Кемелхан Оңайбаев сынды операторлар үйрене, іздене жүріп монтерлікті меңгерді. Бұл да жетістік.

Шағын колле ктивтің қазіргі үлкен жеңісі — СССР-дың күрылғанына 50 жыл толу мерекесі кұрметіне кабылдаған социалистік міндеттемені асыра орындап, Отан коймасына жоспардан тыс алпыс үш тонна «кара алтын» күюы, тағы да жоспардан тыс он бес тонна мұнай өндіруге серт беруі.

Жігерлі жетекші Жолдаскали Сариевтщ, онын ұйымшыл коллективінің бүгінгі беталысы, бүгінгі тынысы кезекті еңбек жеңісін де көп кашыкка жібере қоймас...

Тамаша боп аткан таң тамаша түске ауысты. Батыстан ескен баяу жел көтеріле солыктап, бұлыңғыр бұлтты ыкка карай бытырата қуды. Өзгеріссіз калган тек кана качалкалар. Олар әр тұстан анық естілген сыбызғы әндерін сазды да саликалы күй арнасына косып, үздіксіз бас шұлғып тұр...


Перейти на страницу: