Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 24


КЛАВДИЯ НЕМЕСЕ СӘУКЕЛЕ АШҚАН СЫР

Клава! Клавдия Ксенофонтовна!

Осы бір тілге оралымды, үяң да әдемі есімнің Атырау мүнай өндеу зауыты баскармасының әсем ғимаратында күн сайын сан рет қайталанатынына ешкім күмән келтіре коймайды. Өйткені, зауытта дайындалатын сан-сапат күжаттар легінін машинамен жазу бюросын айналып өтетіні кемде-кем. Борі бірдей арнасынан асқан өзен суындай, әп дегеннен сонда кұйылады. Барша жүрт «машбюро» деп атап кеткен шағын бөлменің табалдырығын басшының да, қосшынын да мың сан қайтара тоздыра аттауы сондыктан.

Көп қатынайтындардың көш басьшдағылардын бірі біз - аудармашылармыз. Бұлдап, оспеттеп апаратынымыз да, алып кайтатынымыз да - кағаз.

Өткен жылдың сондай алас-капас күндерінің бірінде «машбюроның» кіреберісіндегі сервант-шкаф үстінде каздай тізілген бес сөукелеге көзім түсе кетті.

Тосын оқига! Толкып кеткенім сондай:

- Мәссаған, мыналар кімдікі, - деппін.

- Біздікі, - дейді төрде отырған Клава.

- Дайындаған кім?

- Мен.

- Не үіпін, кім үшін?

- Үзатылатын кыздар бар, олардың қасына еретін курбылары бар...

- Жаксы ырым екен.

- Әрине...

Клава күлімдеп, әріптесі Гүлзадаға иек қакты. Емеуріні түсінікті. Кеңсеге карасты кызметкерлердін келін түсіріп, кыз ұзатпағандарына бірнеше жыл...

Сұрай-сұрай келгенде, бұл сөукелелерді Клавдиянын акын Махамбеттің, батыр Махамбеттің 200 жылдык мерейтойы кұрметіне зауытта үйымдастырылған «Намыс алдаспаны - Махамбет» байкауына әзірлегені белгілі болды. Ғажап ұмтылыс! Ғажаптығы мынада: олар - алдағы сынакка өзіміздің каракөзіміздің қолымен емес, қазактың салты мен дөстүріне, әні мен жырына өлердей ынтазар, жаны сулу Клавдия ханымның ойы мен талантынан туған төл туындылар, кымбат мүліктер. Әдемілігін айтсаншы?! Алтын-күміс, меруерт-маржан болмағанымен, қазір колда бар түрлі-түсті моншактармен өрнектеліп, зерлі жіппен барынша әшекейленіпті. Тысына камка, дүрия, торғын маталар тавдалыпты. Мандай тұсы - жарқыраган ою-өрнек...

Сонымен көз алдымыздағы бес сәукеле казактың ұлттык колөнерінің тамаша үлгісі, көне заман тарихымен астаса дамын, біте кайнаса өсіп келе жатқан бай қазынаның көзі. Басканы кайдам, Клавдияның шебер колы мен ұшкыр киялынан туған мүліктер мені қатты тебірентті.

Мұндайда сөзден сөз, сұрактан сұрак туары сөзсіз. Соған сәйкес, бір орайы келгенде Клавдиядан аз-кем «емтихан» алу кажетті шаруаның біріне айналды.

- Қазактың үлттык киімдерінен, соның ішінде касиетті бас киімдерінен кайсыларын білесің? - деймін мен.

- Шаланды, камзолды, күпіні, күртені, тонды, шекпенді, мәсіні, саптама етікті, ал бас киімдерден - айырқалпакты, бөрікті, телпекті, малакайды...

- Айыркалпак туралы айтшы...

- Ол ерлердің киізден тігілетін жеңіл бас киімі. Жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі.

- Бөрік ше?

- Оны бағалы аң терісінен немесе жас төлдін елтірісінеп тігеді. Терінін түріне қараЙ бөріктін аталуы да әралуан. Құндыз бөрік, сусар бөрік, елтірі бөрік...

- Жаулык дегенді естуің бар шығар?

- Өлбетте. Жаулық - әйелдердіц бас киімі. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді. Жаулыкты кимешектің сыртынан тартады. Қазір әжейлер болмаса, жастар оны пайдалана коймайды.

Осылайша Клава бұл «сынактан да» сүрінбей, мүдірмей өтті.

Қалайша сүрініп, қалайша мүдірсін-ау! Туып өскен, есейіп-ержеткен жері Махамбет ауданынын Сорочинко елді мекені. Әкесі Ксенофонт Александрович те, анасы Анастасия да бар ғүмырын осында өткізіп, жұмысты да сонда жасап, алғашкысы 1982 жылы, соңғысы 1987 жылы өмірден озды. Клавдия олардың отбасында дүниеге келген Ольга, Татьяна, Мария, Надежда, Валентина есімді алты кыздың бесіншісі. Үш ұл ерте қайтыс болған. Ольганың күйеуі казак ~ Иманов Фазыл, Махамбет ауданына танымал адам. Сегіз балалы. Күйеу балалары мен келіндері түгелдей казак ұлтынан.

Аталмыш алты кыздың алтауы да өнерлі: казакша ән айтады, «коржындары» қазактың макал- мәтелдеріне әбден толы.

Солардың ішінен, өзіміз күнде көріп, ісіне риза, талабына тәнті болып жүрген Клаванын орны белек. Ол зауытта тұракты жұмыс істейтін казак тілін оқып- үйрену курсына үзбестен екі жыл катынасты. Бұл - білгенін нықтап, ұкпағанын ұғынуға мүмкіндік жасады. Сөздік корын нығайтты. Өр сөздің мән- мағынасын терең түсінуді, сөйлем кұрап, ойын жаза білуді өзінің алдына биік максат етіп койды. Әріптестерімен казакша тілдесті. Сөйте жүріп зауытта, кала мен облыс көлемінде ұйымдастырылған талай байкау мен конкурска катынасып, женімпаз атанды, өз ұжымының жыртысын жьгртты.

1998 жылы Атырау каласындағы Ғылым үйінде өткен «Тілге күрмет - елге күрмет» конкурсы өлі есінде. Ол «Халык бірлігі және ұлттық тарих жылына» арналған-ды. Клавдия сонда «Мүхит асып, Атырау университетінде үстаздық қызмет аткарып жүрген түсі кара екі шетелдіктен кем түссем, казак жерінде өмірге келіп, топырағын басуым айып емес не?» деп ерекіпе жүрексінген. Нәтижесінде олардан да, басқалардан да ок бойы озык кетті. Содан беріде де намысты колдан берген күні жок.

Қазір Клавдия бүрынғы шәкірттік шекарасынан үзап, ұстаздыкка кадам баскан сыңайлы. Кішкентай жиені, мектептің V сыныбында окитын Роман казак тілі пәнінен киналып, көмекті кажетсінсе, тура Клава әжесіне жүгініп, телефон шалады. Өйткені, ол бәрін орын-орнына қойып беретін үлкен жүректі, ізгі тілекті әжесін ұстазынан бір де кем кормейді.

Клаваны білетіндер оны зауыттағы халықтык хордың белсенді мүшесі, жеке әннің әрін, той- томалактың сенін келтіруші әнші жене сауыккойшы деп бағалайды. Әр казактың көкейін кернейтін «Ана туралы жыр», «Құстар қайтып барады», «Ак бантик», «Анашым», «Меніңелім», «Тойжыры», «Өз баланнан артык бала бар ма, ана», «Айттым сөлем Қаламкас» Клаваның орындауында ерекше әуезді, ерекше аскак естіледі...

Айтпакшы, Клаванын әкесі ¥лы Отан соғысына катысып, майдан даласында орыс тілі мен соғыс техникасының қыр-сырынан мүлдем бейхабар отандастары - казакстандықтар үшін аудармашылык кызмет аткарған.

Клава сол аяулы әкесінің ізін куған ізбасар, өз Отанын тілі мен ділін, діні мен салт-дәстүрін кадірлеуші, жанашыр, насихатшы Атырау мұнай оңдеу зауыты баскармасының «машбюросын» машинканың «әніне», компьютердің тылсым тіршілігіне бөлегеніне биыл табаны күректей жиырма жеті жыл. Жолдасы Геннадий Котельников те осы зауытта, шаруашылык-әкімшілік цехының слесарь- сантехнигі. Абыройлы. Зайыбына өмірде де, өнерде де сүйеу. Наталья есімді кыздары зауыт бухгалтериясынын негізгі күрал-жабдыктар бөлімін баскарады. Анастасиясы Алматыда, зан университетінің екінші курсында окып жүр.

Адамдарды ұлтына, түрі мен түсіне бөлмей, кұшағын айкара ашкан Клавдия Ксенофонтовна Ишимова ханымға исі қазактын әруағы, ел-жұрты, бүкіл зауыттыктар риза...

ҚАЙНАҒАН ҚҰРЫШ

1966 жылдың көктемі еді. Елдің жаналығы еңбектен туады. Кәрі Атырау емірене толғатып, дүниеге тағы бір алып перзент әкелді. Онын есімі Октябрьдін 50 жылдығы атындағы Гурьев химия заводы болатын. Одактағы үштің бірі. Республикамыздагы бірдің бірегейі. Химия өнеркөсібінің басты корегі - полиэтилен мен полипропилен енді осында шығарыла бастады.

Жақсы іс жария болмай тұрған ба? Кептер канатты жедел хабар лезде шартарапты шарлай жөнелді. Отан астанасында ел коммунистердің үлкен форумы - ХХПІ съезд өтіп жатқан. Жалынды енбек рапорты сол съезд президиумына да жетті. Содан Казахстан полиәтиленінін басты көрігі - Гурьев үлкен де үрдіс өмірдін ыстык каны тулаған кіндігіне айналды. Қырмызы кызгалдак каптаған қырдың жолы, cap даланы таспадай тілген теміржол, талай өлке аспанын көктей өткен әуе жолы, - бәрі-бәрі осында сағыныш аркалап, күні-түні токтаусыз көшті дерсің. Санаулы күнде кәрі қалаға тілі баска, тілегі бір, жүзі баска, жүрегі бір жүздеген адам ат басын тіреп, 1553 адамдык коллективтің негізі каланды.

Сол лекте көрші облыс - Оралдың Бөрлі ауданынан кұстай ұшып жеткен Темірғалиев Нариман да бар-ды.

...Тельман колхозындағы күбақан үйдін төрі қонакка толы. Дастархан карбаласынан колы сәл калт еткенде Маржан ана ұлына сынай, сүйіспеншілігін тоге көз тастап, актарыла сөйлейді.

-Құлыным, Нариманым! Жолың болғай! Завод дегенің, естуімше, темір-терсегі де, адамы да көп жер дейді. Сақ болғайсын. Қолға алғаныңды түсініп, біліп істе. Ауылдың аты ауыл ғой. Жыл жарым кой бактың. Курс бітіріп, тракторшы-комбайншы болдың. Үш жылдай клуб меңгердің. Соның бөрінде тырнақтап жинаған абыройын айрандай төгілсе, мына жұртқа мен не бетіммен қараймын. Оның үстіне әкеңе, сонау соғыс салған зардап жанын кинап жатканда, берген сертім бар еді. Сені, мынау артына ерген іні- карындастарыңды адам катарына қосармын деп едім. Ол жүгім аз да болса жеңілдегелі тұр, шырағым. Саған Гурьевтегі ағаң (Хакимов Мұхамбетті айтады. С.Қ.) кол ұшын созып отыр ғой. Сенімін акта. Әкеңнің дастарханына күрдастарын, кұрбыларын, ағайын- туысты шакырып отытрғаным — осы тілекті жеткізейін дегенім, кұлыным!

Жүрт кеуілдесіп кетті.

- Ау, Маржан, - деді олардың бірі, - Нариман

деген үлкен азамат болған жок па?! Жасы болса жиырманың бесеу-алтауынан асты. Осында өмір таныды. Білімі, ынтасы ешкімнен кем емес. Оны Казіргідей тепсе темір үзетін, кажет десек тасты бүзып, тау копаратын кайратты шағында аяншактык жасап, темір-терсегі, каупі коп жер деп солкылдактык танытқанынның не жөні бар. Барсын, жолы болсып!

Екінші біреу:

- Онда өзі сиякты жастар да бар шығар. Агалык, әкелік ақылын айтар азаматтар да аз болмас. Қорыкпа, Маржан, завод коллективі дегенің нагыз жұмысшынын ұясы, құйылған күрыштыц үясы. Көрерсін әлі-ак, Нариманың кош бастап, орден де алар, келін түсіріп, немере сүйгізер. Сөйтіп тойымыз тойга үласып, таркамай да жатар, - деп арканы кеңге салып, Нариманды өз үлындай кұшактап, мандайынан емірене сүйді.

Содан бергі он жеті кыс, он жеті жа.зды Нариман осы заводта, оның №2 цехында өткерді, кырыктың қыркасына шыкты. Ауылдагы дастархан басында сәуегей карт айткандай, болаттай балқып, кұрыштай күйылған коллектив шынында да осында екен. Нариман да, оның жолдастары да он жеті жыл белесінде осы ұяның мерейін өсіруден бірде-бір рет кейін шегініп көрген жоқ. Қайта олар өр күнді өз ұясына еңбек жеңісімен конақтатуға тырысып бақты, әр жылдың өз жемісімен қымбатты бола түсуіне жан- тәндерімен беріле кірісті.

Соның нөтижесі емес пе, завод ілкі жүмыс істеген 1966 жылы 1313 мың сомньщ өнімі өткізілсе, 1980 жылы ол 33600 мыңға жетті. Сегізінші бесжылдык түсында оның ассортименті тура алпыска иек артты. Осында алынған аса жоғары молекулярлы полиэтилен ушін СССР Халык шаруашылығы жетістіктерінін Бүкілодактык көрмесінін күміс медалі мен диломы берілді. Осы полиэтиленді алу технологиясына кейбір дамыған капиталистік елдердщ назар аударып, зейін коюы да тегіннен-тегін болмас. Завод бұл күндері Одак көлемінде 30-дан астам ғылыми-зертеу жене жобалау-конструкторлык мекемелерімен тығыз байланыс жасайды...

Иә, Отанға полиэтилен мен полипропиленді неғұрлым мол беруді армандаған Наримандардын жұлдызы оңынан туып келеді. Оның өндірістегі үзеңгі жолдастары Жолдасова Мэрия Таңбайкызы, Чернов Борис Иванович, Ротнов Владимир Кирилович, Көшембаева Нина Георгиевна, Сладков Яков Павлович, Құбашев Қазим, Ильясов Жоламан, тағы баска ондаган аппаратшылар мен аға аппаратшылар тұтас технологияны, реактор атаулыны, мындаған кондырғы тетіктерін, ол отандық, немесе шетелдік болсын, берік тізгіндегендер.

- Шіркін, біздін завод, оның бір күрделі буыны - біздіц цех соңғы он жыл төңірегінде нағыз кадрлар ұстаханасына айналды емес пе?! Колесниковты алыңыз. №2 цех бастыгынан бас инженерлікке, завод директорлығына дейін өсті. Қазір министрлік аппаратында жауапты кызметкер. Шишлов еңбек жолын карапайым аппаратшылыктан бастаған. Бұл күнде завод директорының орынбасары. Толстов бір кезде бөлімше бастығы еді, енді бас инженер. Аға аппаратшы Ломоносовқа цех баскару сенімі білдірілді. Коллективім деп мақтанғанда мен осыны ескеремін. Ал саналы жүмысшыга бүгінгі танда тек өз заводыньщ кожайыны болу жеткілікті ме? Өрине, жок. Ол өзін елдін өкілімін десе, осылайша қоғам алдындағы борышын адал сезініп отырса, нәрлі бұлактың көзі атылганы, - дейді Нариман.

Қожайын болу емей немене, Нариман ортасындағы жігіттер мен кыздар жұмыста да, тұрмыста да жиі-жиі бас қосып, өз омірлерінін проблемаларын өрқапіан өздері шешіп жатады. Бұл- дағды. Бүл-өнеге.

Күні кеше Нариман Орал қаласына барып қайтты. Бұл жолы ол аға аппаратшы, өндіріс озаты емес, өндірістің нағыз жанашыры болып, жабдыктаушы ретінде сапарға шыкты да, сондағы базадан завод керек-жарағын мол камтуға жатпай- түрмай жүмыстанды. Солай істеуі дұрыс та. Өйткені жақсы, сапалы жабдыктаусыз ырғақты жұмысты камтамасыз етер күн жоқ, тіпті сағат та жоқ.

Сондыктан Нариман және оның жолдастары: «Жігітке мешкей деген жаксы ат емес» дегендей, бірнеше ай мемлекет алдында бережақ бола жүріп, кейін қапылыспен жоспар орындау ешкім үшін абырой болмаса керек. Сондықтан шикізат молшылығы біздің көкейімізден кетпейді. Ал өндіріс технологиясындағы баска нәрсені өзіміз де шешіп, реттей аламыз», - дейді.

Шыны да сол. Сонау 1967-1968 жылдары бір сменада 50-60 адам жұмыс істейтін. Себебі тәжірибе аз болатын. Күрделі технологияны меңгеруге екінін бірінің кабілеті жете бермейтін. Жасыратын не бар, технологиялык жабдықтардын өзі де төрт аяғын тең басып тұрмайтын. Насостардан, араластырғыштардан бензин ағатын. Осыны реттеу бір емес, бірнеше адамға міндет еді. Казір ше? Казір тәжірибе молайды. Бір сменадағы адамнынсаны орта есеппен 18-20 кісі. Бір адам бірнеше мамандыкты меңгерген.

Бұл күпдері №2 цехта жаца шетелдік реактор кондырылып жатыр. Жаңа реактор бұрынғы үш реактордың орпын басып, электр энергиясынан, бензиннен кыруар үнем коры жасалмакшы. Ен бастысы - сапа жақсарады. Осы жұмыстың баскару пультінде де Нариман жүр. Өйткені ол, сонау бір кезде анасы аманат еткендей, колға алғанды түсініп, біліп істейді.

Істі білу, шеберлікті жетілдіру дегеннен шығады, заводта болғанда бізге Нариман жайында әзіл-шыны аралас мына бір мөлтек әңгімені естуге тура келгені бар.

- Нариман ба, ол Кондохинді (цех бастығы) ғана ауыстырмаған болар, ал баскасын көзді жұмып түрып-ак ауыстыра береді.

Нариманның енбек өмірбаяны да, сірә, бұл сөзді жокка шығара коймас. Ол бір иехта үлкен енбек мектебінен өтті ғой: аға аппаратшы, мастер-технолог, смена бастығы, бөлімше бастығы. Ана бір жылы эстакадада бір жылдай учаске бастығы болып, ащы ішектей шүбатылған түрба жүйелерінің артык, кажетсіз дегендеріне «аяусыз операция» жасағаны тағы бар.

Қалай болғанда да, ер - ел мактанышы. Еліне елеулі болған ерден елінің аяры жок. Нариман - 1960 жылдан бері коммунист. Калалык Совет депутаты. Завод партия бюросынын, заводтағы ұстаздар советінін мүшесі. Жеті жыл калалык партия комитетінін мүшесі, цех партия үйымының секретары, цех кәсіподак комитетінін председателі болтан жылдар да онын өміріне із тастамай кеткен жок. Ол саяси кемелденді, рухани өсті. Ол екі жыл катарынан «Заводтың үздік рационализаторы» атанып, өндіріске бірнеше мың сомдык экономикалык тиімділігі бар үсыныстар енгізді.

...Заводта болып, Нариманмеп, оның коллективімеп танысканыма бүгін бесінші күн. Сол кездесуден бері бойын берік ұстап, ойын нактылай айткан Нариман Темірғалиев - Ецбек Қызыл Ту орденінің кавалері, есімі республиканың Алтын Құрмет кітабына жазылған азамат тұтас коллективімен, семьясымен өмір аскарына самгап бара жаткандай әсердемін. Қандай ғажап!

Бірак, еңбекпен кайнап, еңбекпен қүйылган күрыштың кұдіретінен туар талай гажап алда секілді. Өйткені үлкен химиясыз тиімді экономиканың болуы екіталай...


Перейти на страницу: