Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 10


МАХАББАТТАН ӨМІР ТУАДЫ

Ықылым заманда тірлік кешкен әдеби тілдің көрнекті өкілі, атақты акын, алтынордалык Р.Хорезми ссылай деген екен. Үлылар кайдан жаңылыссын-ау...

1964 жылдың 26 кыркүйегінде Көпжасар мен Мәрияның үйлену тойы өтті. Сол кезде көптін қолына түсе бермейтін Уәлиханов көшесіндегі №2 Мұнайшылар асханасының “түндігін” куаныш “дауылы” таңғы төрт жарымға шейін капысыз желпіді. Зал толы конактар бірде актарылған ак тілекке, бірде әуезді ән-күйге елтіп, жарыса, желпіне биге араласып, таң-тамаша күй кешті.

Оның үстіне шөкірттерінщ бакытты сәтін көріп, шексіз қуанышына ортақтасуға келген институт ұстаздары Жақыпбеков Мұкаш, Қазыбаев Сабыр, Бөкиев Жиенбай кандай назарда болса, Көпжасардай акын інісінін шашбауын көтеру үшін арнайы келіл, өлең-сөздің шұрайлысынан шашу шашкан белгілі акын-жазушылар Аманшин Берқайыр, Сланов Ғабдол көптің кұрметіне бөленіп, той шоктыгын тым биікке көтеріп әкетті. Ғабдол ағаның сол тойдағы сөзі, нансаңыздар, менің қүлағымда әлі күнге дейін жаңғырығып түрғандай. Дөңгелек көзөйнегі жарыққа шағылыса жаркылдаған ұзын бойлы, тым жүдеулеу көрінген жанның кеудесінде соншама төтті тілек, соншама сұңғыла сөз жатқанына озге жұрт ерекше таңғалысты.

- Бүгін Актөбе мен Ак Жайык екі жастың бақыты үшін бас косты. Актөбе халык өлеңінде:

Ақтөбенің басына шыгып алып,

Қарадым төңірекке көзім салып.

Дүние алақанда шалқып жатыр,

Отырмын жаратқанға қайран қалып, -

деп жырланады. Одан Ак Жайыктын да еш кемдігі жоқ. Бүл жерді мекендеген ел “Еділ үшін егескен” ел. “Жайык үшін жандаскан” ел. “Тептер үшін тебіскен” ел. “Қигаш үшін кырылған” ел. Қырылса да кайтпаған, ак найзасын саптаған, кейінгі үрпақтарына батырлық ереже-салтын сактаган ел. Соның бәріне куо Ак Жайык. Ак Жайықтың салмақты толкындары шежірелер сырын шертеді. Оріде Қазтугандай карт бабалар жоктап алған Ак Жайык, беріде Махамбет, Мүраттардың мүңы мен жыры да болған Ак Жайык! Осы тағдыры бір, еншісі бөлек екі елдің арасына туыстық, достықтың алтын көпірін салып жаткан мынау кос жапыракка - Көпжасар мен Мврияга мүңсыз ғұмырдария тілеймін,-деді ол.

Сол Ғабең тілеген ғұмырдария махаббаттан өмір туатынын бұлтарыссыз дәлелдеді. Жас отау алғашында Нұрлан, Ерланмен, кейін олардың отауларынан өрбіген немерелермен толыкты. Сырттай баршасына сүйсінеміз, тілеулеспіз.

Айтпақшы, тілеулестер тағдырының ойда- жокта, бірнеше жылдардан кейін, дәл бір жоспарлап қойғандай, тоғыса кететіні де қызык.

Біздің жоғарыда еске түсірген Совет көшесіндегі жалдамалы пәтерде, ол кезде жас жазушы, казіргі танымал қаламгер Мұхамбеткалиев Кажығалимен танысып, шағын дастархан басында ереміз жеткенше әдебиет, оның данкты өкілдері туралы әңгіме-дүкен құрғанымыз бар. Ол сол кезде атакты Сырым батыр туралы роман жазбакшы болып жүр екен. Апырай, күдайдын көзі түзу екен. Әдебиеттің осынау екі жас “кекжалы” кейін мыңжылдык куда болысты. Көпжасардың Нурланы Қажығалидың Дариғасымен тағдыр косты, өмірге өмір жалгасты, кызыкка кызык ұласты. Бәрі де орынды. Тек мен еске түсіріп, естелік айтып отырған мезгілде жиырма екіден жиырма үшке қадам баскан Көпжасардың аяғына күні ертең алпыстың “қакпаны” түсетіні болмаса. Алайда, тірлік болған соң бұған да өкпелей алмайсың. Уакыт заңы кім-кімді де есейтпей қоймайды. Тек алдагы күндер жақсылыкка толы болсын-дағы. Тілегіміз сол!


Перейти на страницу: