Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 11


МҮНАЙМЕН МҰҢДАС, МҰНАЙШЫМЕН СЫРЛАС

"Азамат сені сақтадым, бір мрддәма керек деп..."

Махамбет

Қазакстан мұнайы... Мұны еске алғанда оның “кіндігін” кесіп, бір ғасырдан астам уақыт арнасын аршыған, абыройын асырған кәрі де киелі мекен - Атырау ойға оралады. Жер асты носібін игілік казанына толассыз кұйған мың сан мұнайшынын, олардың мұрагерлері мен бүгінгі ұрпағының шынайы бейнесі көз алдыңа келеді. Апыр-ау, талай зобалаң мен зорлыкты, киындык пен корлыкты бастан кеше жүріп, бірнеше жүздеген мұнай кен орнын ашқан сол жанкешті жандардың өзін ер, ісін ерлік демейтініміз калай деп терең толғанасың.

Шүкір, колымызда өткен мен кеткенді еске түсіретін, кешегі мен келешекті бағамдауға мүмкіндік беретін бірер қымбат жөдігер бар. Соның бірі және бірегейі - бүдан үш жыл бұрын үш тілде жарык көрген “Казахстан мұнай энциклопедиясы”.

Бүгін орайы келгендіктен және мұнайшылар қауымының он тілегін ескергендіктен, аталмыш энциклопедияның екінші кітабының 77-81-ші беттерінен орын алған Балғымбаевтар әулеті, соның ішінде еліміздің Бас мұнайшысы атанған Нұрлан Өтепұлы туралы аз-кем сыр ашуымыз артык шаруа болмайтын секілді.

Иә, Атырау каласында, Каспий теңізі көбесіндегі Кайыршактыда, Жайык жағасындағы Теңдік пен Томарлыда өсіп-ербіген Балғымбаевтарды ел-жұрттың “мұнайшы-ардагерлер” деп көптен танып-білетіні, сыйлап-кұрметтейтіні ақиқат нөрсе. Бұл өулетте мұнайшылыкты ең ілкі мұра тұтып, өткен ғасырдың 30-шы жылдарында қапысыз тавдап алған Балғымбай карт болса, бес ұлы - Қаракойшынын, Өтептің, Өтөлінің, Салтанат пен Макаштың, жиырмадан астам немересі мен елуден астам шөбересінін оның ізін куып, жеті жүз жылдан асып жығылатын еңбек өтілін мұнай өнеркөсібіне арнағаны, әлі де арнап келе жатқаны танғажайып құбылыс. Танғажайып кұбылыс болатыны - олардьщ арасынан өз мамандығы мен кәсібінің нағыз шебері атанып, шыңға көтерілген, енбегі еленген азаматтар шыккан.

Мөселен, өңгімемізді Атырау мұнай техникумының алғашқы түлектерінің бірі Балғымбаев Өтептен басталыкшы. Ол Фин және Үлы Отан соғысының от-жалынынан оралған бетте енбек жолын облыстык партия коМитетінде мұнай мәселелерімен айналысатын нүсқаушылықтан бастап, бөлім меңгерушісі, мұнайлы Макат және Жылыой аудандарында аудандык партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы, Атырау қалалык аткару комитетінін төрағасы, “Қазакстанмұнай” бірлестігі бастығыныың орыпбасары болды. Майлы киян Маңғыстауда Өзен мен Жетібай секілді алып кен орындарын игеруге тікелей катысты. Еңбек Қызыл Ту, “Кұрмет белгісі” ордендерімен марапатталды.

Балғымбаев Өтәлі де соғыс алапатынан аман- есен келіп, Атырау мұнай оңдеу зауытында, КСРО мұнай өнеркәсібі министрлігінің “ГипроКазнефть”- “КазНИПИнефть” институтында техник, аға техник, жобалардың бас инженері, “Ембімұнай” бірлестігі бастығының орынбасары кызметтерін аткарып, омырауына ІІ-дәрежелі Отан согысы, «Құрмет белгісі» ордендерін таккан ардагер.

Балғымбаев Салтанат шыккан биікті де осал дей алмаймыз. Атырау мұнай тхникумын, Мәскеу мұнай институтын үздік дипломмен бітірген. “Қазак КСР-ның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы”, Маңғыстауды игерушілердіңбірі. Кеңестік мамандар тобын басқарып, бес жыл Ауранстанда еңбек еткен ол сол елдін Тау-кен істері және мүнай-газ өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, 1981-1990-шы жылдары “Атыраумұпайгазгеология” өндірістік бірлестігінде бас директор болыи, зейнеткерлікке шықты.

Балғымбай карттың кенже ұлы Макаштың есімі республикаға кеңінен танымал. Ол-геология- минералогия ғылымының кандидаты, “Қазак КСР- ның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы”, Казахстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Теңіз кен орнын тұңғыш ашушы...

Айтыңызшы, осындай ілгері толкынның адастырмас айкын соқпағына кейінгі ұрпактың қызыкпауы мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Сондыктан біз жоғарыда Бас мұнайшы деп таныстырған Нұрлан Өтепұлынын Ата, Әке мен Аға кәсібін мансүк көріп, абырой аскарына өрлеуі заңды, ақылға сиымды-ақ нәрсе.

Оның мұнайшылык жолы Манғыстауда, Қарақия экспедициясында мотористін көмекшілігінен басталып, бұрғышынын көмекшісі, токарь мамандыктары бойынша жемісті жалғасын тапты. Ол сол кезде-ак кара жұмыстың киындыгы мен тауқыметінен қашкақтаған жоқ. Қайта одан ләззат алды, ізгілік іздеді. Шынығып, ширыкты. Алматы политехникалык институтынан жоғары білім алып келген бетте де лауазымды жұмысқа ұмтылмай, өндірістің барлык сатысынан өтіп шығуды, мол тәжірибе жинактауды максат тұтты. Оның “Маңғыстаумұнай” бірлестігі кәсіпшілігінде скважиналардың жерасты жабдыктарын жөндеу бригадасында оператор, мұнай өндіруші оператор, шебер, орталық диспетчерлік қызметте ауысым бастығы, аға инженер болуы осыны айғақтайды. Кейін “Ембімұнай” бірлестігіне карасты “Жайыкмұнай” мұнай өндіру баскармасына, “Актөбемұнай” бірлестігіне бас инженерлікке жогарылаған тұста карапайым еңбек майданындағы жетістіктерін ол табиғаты қатал өлкеде төгілген тер, талған білек күшінің өтеуі, ойға түйгендері мен көшлге токығандарының нәтижесі деп түсінді. Солай бола тұрса да бойына ата-баба дәстүрімен сіңіп, әке канымен, ана сүтімен дарыған абзал касиеттер оған бәрінен де кымбат, бәрінен де кадірлі еді. Әкесі Өтеп катарластары мен көзкөргендер есінде барлық кызметте де, барлык уакытта да адал, шыншыл, талапкер, шешімді, ойындағьтсын тіке айтатын, бауырмал және карапайым адам дөрежесінде сақталып қалды.

- Оның жүрегі ерлік пен ездікті, жаксылык пен жамандыкты, әділдік пен зұлымдықты, адалдык пен арамдықты, іскерлік пен олактықты ажырата білетін сезімтал жүрек-ті. Мен Нұрлан баламды көрген сайын өзіммен тағдырлас, дәмдес өрі сырлас болған, сыйлап- кадірлейтін дос-жарандарын қанатының астына алып жүретін әкесі Өтеппен дидарласкандай әсер аламын, - дейді жасы сексен бесті алқымдаған байыргы мұнайшы, Атырау каласының, Макат ауданыиын қурметті азаматы Қуаныш Құдабаев аксакал.

Ал, Нұрлан Өтепұлынын анасы Бәтен Сәрсенқызы жаратылысынан ұстаздыкка бейім, бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, “Төрт улыма әкелерінін асыл касиеттері канат бітірсе, куат сыйласа, абырой әперсе” деп төубе етіп, тілек тілеген жан.

Бәтен ана айтады:

- Тілегімнің зая кетпегеніне ризамын. Нұрланнан кейінгі Нұрбергенім де, бірі биыл елу жасында, бірі бұдан он жыл бұрын отыз сегіз жасында дүниеден озған Саламатым мен Әнуарбегім де еш жамандык көрсеткен жок. Иұрлан оларға шын мвнінде әрі әке, әрі аға, қамкоршы, өнеге мектебі бола білді.

Бұл да шындык.

Асылында, асылдың сынығын өз ортасы ғана танып қоймай, өзгелерде адаспай танитын сыңайлы. Түла бойына мұнай иісі мықтап сіңген, бітім- болмысын мұнай өнеркәсібінің тыныс-тіршілігі терең билеген Нұрлан Өтепұлының 1986 жылы Мәскеуге шақырылып, КСРО Мұнай-газ өңдеу бас баскармасында жауапты жүмыстар атқарғаны, одан соң 1992-1994 жылдары Америка Құрама Штаттарының Бостон қаласындағы Массачусетс университетіңде білім көтергені жөне Сан-Ратон қаласындағы “Шеврон” компаниясында таглымдамадан өткені соның бір дөлелі.

Нұрлан Өтепұлы осындай елден жырак алыс сапарының бәрінде де туған жері мен туған халкының камын, мүддесі мен мұратын кіршіксіз көшлінін нақ төрінде ұстады. Құлағы түрік жүрді. Бүйрегі бұрды. Қажетті жерде салиқалы сөзін, пайымды пікірін айтты. Алтынның үстінде отырып алакан жайған казақстандык мұнайшылардың өндірісте де, тұрмыста да бірте-бірте төмендеп бара жатқан мүшкіл халін сезіну мен көру оған кандай азап еді десенізші?!

Азап болмағанда ше! Тоқсаныншы жылдардың басында ТМД елдерін түгел камтыған экономикалык және қаржы дағдарысы мұнай-газ кешенін кұлдырауға екеліп соктырды. Жер-жерде шаруашылык байланыстары бұзылды. Көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қаржыландыру мүлдем токтап калды. Бұл оз кезегінде өндіру, тиісінше өңдеу көлемін күрт азайтты. Негізгі корларды жаңарту емес, ұстаудың езі киын түйінге айналды. Өйткені салага жүмсалатьш жылдық күрделі каржы көлемі бұрынғы жылдардағының 20-30 пайызына да жетпейтін деңгейде болды. Жалакы ала алмай сенделген мұнайшылар өзге салаға ауысып, озге өлкеге коныс аудара бастады.

Осының бәрі ес біліп, етек жинағаннан бері мұнаймен мұндас ортада өсіп, мүнайшылармен сырлас болған, әрі азамат, әрі мұнай менеджментінің барлык құпияларын білетін маман ретінде толысып, калыптасқан Нұрлан Өтепұлының қабырғасын кайыстырмады деген сөзді сол кезде де, кеше де ешкім айта койган жок. Бүгін де айта алмайды. Себебі ол шетте жүрсе де, іште жүрсе де тіні мыкты, тепкіні күшті тыгырыктан шығудын жолын, әдісін, айла- шарғысын іздеуден, зерттеуден, салыстырып, сараптаудан бір жалықпады. Өлбетте, бұндай тегеурінді талпыныстар мен кең көлемді ізденістер елде де толассыз жүріп жатты. 1991 жылдың шілдесінде “Қазақстаннефтегаз” үлттык корпорациясы, 1994 жылдың маусымында мұнай және газ өнеркәсібінің министрлігі, 1997 жылдын наурызында осы министрлік негізінде “Қазакойл” ұлттық мұнай компаниясы күрылды. Міне, “Осы министрлік пен ұлттык мұнай компаниясының тізгіні кімнің колында болу керек?” деген сұрактар туындағанда да таңдау тілі Нұрлан Өтепұлы Балғымбаевка бұрылды.

Оның осы лауазымда казіргі заманның тынысы мен кұрылымдык ерекшеліктеріне сай келетіндей күрделі, қомақты, каркынды жұмыс жүргізгенін мұнайшылар кауымы әркез жоғары бағалайды. Аса ірі жобаларды дамыту жағдайында ұлттық мұнай компаниясын кұру өзін-өзі актаған қадам болды. Компанияны кұру кыска мерзімде және орташа мерзімді жоспарлау, мақсатты өндірістік бағдарламалар жасау, шығындарды бақылау меп басқару жүйелерін жасауға мүмкіндік берумен бірге маркетипгтің тиімділігін арттырды, оған сеніп тапсырылған көсіпорындарда каржы жағдайын жаксартты, негізгі өндірістік корларды жанартуға жол ашты. Бұларға коса теңіз кайраңында барлау бұрғылауын уакытында бастау камтамасыз етілді, Қарашығанак кен орнында негізгі өндірістік куаттардың кұрылысы басталды, Теңіз жобасының перспективалық жоспары жаксарта түсу бағытында кайта каралды, Теңіз-Новороссийск экспорттык кұбыр кұрылысы толыктай аякталды (Нұрлан Өтепұлы оны “Өз өмірінің басты жетістігі” деп атаған). Шетелдік компаниялармен жасалған тиімді келісім-шарттар мен өзара шарттардың жемісі бұл күндері көңілге қуаныш шуағын кұяды. Теңіз кайраңындағы Қашаған мұнайының коры алдын-ала бағалау бойынша 7-10 млрд. деңгейінде болса, бұл жаналык Қазакстанды мұнай коры жағынан әлемнің аса ірі бесінші елінің катарына косса, зор мактаныш емес пе?

Қарашығанак кен орнынан өзара шарт кезеңінде 292 млн. тонна сүйык көмірсутек жөне 856 млрд. текше метр газ, “Тешзшевройл” бірлескен кәсіпорны Теңіз кен орнынан 2006 жылы 22 млн., 2010 жылы 32 млн. тонна мунай өндіру жоспарлап отырса, Дүниежүзілік банк Өзен кен орнынын бір блогын сауықтыруға 109 млн. доллар бөліп, ондағы жылдык өнім өндіру деңгейін айтарлыктай арттыруды көздесе, КТК арқылы 2006 жылы 48 млн., 2012 жылы 58 млн., 2015 жылы жобалык куатына сәйкес 67 млн. тонна мұнай жөнелтілетін, 2005 жылы онын “екінші өмірі” басталатын болса, елдің байлығы мен берекесінің, мерейі мен мәртебесінін өскен үстіне өсе түскені!

Елдін байлығын, мерейі мен мәртебесін осіретіндер, әрине Нұрлан Өтепұлы секілді ойы озык, киялы жүйрік жүздеген, мыңдаган аптал азаматтар...

Ал, аптал азаматтарға халықтың айтар алғысы, берер батасы, көрсетер кұрметі әркашан азаймаған. “Қазакойл” ҰМК президенті кызметінде жүрген кезде Нұрекеңнің коржыны бүл жөнінен де комакты болған. Мына бір хаттарға назар аударайыкшы:


Перейти на страницу: