Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 9


ӨЗІМІЗ КУӘ БОЛТАН ӨРІМ-ӨЛЕҢ

Алматы жоғарғы партия мектебінде оқып жүрген кезім еді. Бір күні, дөлірек айтсам, 1978 жылдың 3 наурызында колыма ел жадтан жолданатын хаттардан сәл қомактырақ хат келіл түсті. Иесі-Көпжасар. Ғажап, жаңалык! Хат ішінде тағы бір “Хат”. Ол оның ссылай деп аталатын тұнғыш жыр жинағы. 1977 жылдын аяғында “Жалын” баспасынан төрт мың дана таралыммен басылып шыгыпты: 54 бет, 59 өлең. Өркайсысы Көпжасардын өзін көргендей, көзін көргендей эсер береді. Ыстық әсермен әлденеше рет сүйсініп оқып шықтым. Жатыркайтын жаты жок, өзіміз куэ болған жанарлы жауһар жырлар. Мынаусы боріміз жаттап өскен "Анама хаты”. Онда Көпжасар былай дейтін:

Саралар балгын бала қылыгыңды Анашым, еске ал бір сәт құлыныңды. Өзіңдей жан сырымды сезінді де, Өзіңдей жүрегімді кім ұғынды?!

Отырмын бүгін тагы мен жыр етіп, Жаныңды жүрмеші тек сан жүдетіп. Ақ бейнең елестеген көз алдымда, Бойымды бара жатыр елжіретіп.

Кетті үлып сагыныштың құсы деген, Есіңе ал, бүгін тағы тусіне енем.

Бірақ сен күмілжіп жәй баяу гана, Көзіңді сүртпе жаулық үшыменен.

Сезініп аппақ сезім жүрек күшін, Қулының сагынышын сыр етті шын. Анашым, үлым деші, осынау сөз, Сагынган жүрегімді дip еткізсін.

Бұл - баршаға ортақ сыр. Анасын аңсамайтын, анасын сағынбайтын кім бар дейсің бұл жарык дүниеде... Ал, мынау “Ауылы”. Ауылды аңсап келген ол:

Тагат тауып мрндайда турақтар кім, Жеңгеме де, желге де сыр ақтардым. Қыраттардың трйыгьс-тосырқауы, Сагынганы-сылдыры булақтардъщ.

Қайран ауыл, көп әлде кем келермін, Қай жумақты өзіңе теңгерермін.

Қаймақ татып кеткен бе ащы әзілі, Ошаган тіл, ойнақы жеңгелердің, - дейді.

Осы жолдарды оки отырып, мен сонау алпысыншы жылдың алғашкы бес белесін ойға оралттым. Актөбе өлкесіндегі теміржол бекетіне сұғына орналасқан шағын Қалмаккырған ауылын, сонда сөлемдесу үшін әдейі атбасын бүрып барған Конжасардын әкесі Оспағамбет карт пен аяулы анасын, ағасы Мыңжасар мен жеңгесін елжірей еске түсірдім. Осы сезімнің күші әлі күнге кайткан жок. Асылы, жауһар жырдың тілекті тілекпен, жүректі жүрекпен косар күдыреті болары акиқат шығар деймін... Әрі-бергі сапар сайын мен Қалмаккырғанды көзден таса, көңілден тыс қалдырған емеспін. Өйткені бүл жерде Көпжасардай адал дос, акжарқын азаматты мөлдір дүниеге өкелген абзал ата-ананың рухы бар...

Жыр кұдірстіпе байланысты тагы бір аяулы сезімді Көпжасардың “Сыймай жүрсің” деген өлең жолдары ашса керек.

Кездескен қапияда гүлдеп, жанбай,

Жалганда жалғыз өзің жан сәулем ең.

Сырыңа бірде қанып, бірде қанбай,

Өтейін өмірден бүл аңсауменен.

Болсам да жастық сырын коп үқпаған,

Мың тәубе сені өмірден тапканыма.

Кей мезгіл шуагыңды төгіп маған,

Кей мезгіл усітесің ақпаныңа.

Өзіңді біле тұра биіктетіп,

Өзіңді біле тұра қимаймысың,

Кеудеме үп-үлкен боп сыйып кетіп,

Кеудеме құп-қуйттай боп сыймай журсің.

Осынау жыр институтта оқып жүрген Нармонданактын (Комсомолдың) кішкентай “елігі” Елемесова Мерияға арналған-ды. 1963 жылдын 7 желтоксанында Атырау каласының Пугачев көшесіндегі №64 үйге орналаскан студенттер жатакханасында біз Мәрияның он тоғыз жасын тойлап өткенбіз. Ол Мөрияның Көпжасар жүрегіне шын көиілмен, ақ ниетпен шуак төккен, Көпжасардың махаббат мұхитын жырмен тербеген тамаша кезен еді...


Перейти на страницу: