Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 12


ҚҮРМЕТТІ НҰРЛАН ӨТЕПҰЛЫ!

Петропавл қаласындағы саңырау мен нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат Сізге жөне Сіз арқылы “Қазакойл” ҮМК-на шын жүректен алғыс айтады.

Сіздің каржылай көмегініз арқылы біз республикада бірінші болып өнжеусіз есту кабілетінің дамуына мүмкіндік беретін 52 орындык сымсыз дыбыс күшейткіш аппаратураның 5 жинакталымын сатып алдык. Сіздің қаржыңызға мектеп-интернат төрбиеленушісі тұлдыр жетім Омаров Рустам үшін пәтер сатып алу - нағыз игілікті, баға жеткісіз, адами қылық.

Мектеп-интернат директоры

Н.Скатова”

Күні бүгін менің баламның аман калуына “Қазакойл” ҮМК президенті Нұрлан Балғымбаевтың және тете-президенті Қайрат Сатыпалдының тікелей катысканын сеніммен айта аламын. 29 наурызда Абылайханға Қырғыздың кардиология жене терапия ұлттық орталығында операция жасалды. Профессор Сейітхан Жошыбаевтың басшылығымен жүрек кұлакшасы мен кан жолын ауыстыру операциясы сәтті аякталды және екі аптадан кейін Абылайхан өздігінен жүре алатын болды!

Құрметпен, Жібек Байзақова”

* * *

Сізге біздің киындықтарымызды боліскеніңіз жөне аз камтамасыз етілген жанұяларға жаңа жылдык ойын-сауык откізуге сыйлыктар алуға көмектескенініз үшін шын жүректен алғыс айтамыз... Көп рахмет.

«Жалғызбасты аналар ассоциациясы”

коғамдык бірлестігінің директоры

Л.И.Ишмұхамедова”

* * *

Бәлкім, бұл келтірілген деректер аса маңызды бола қоймас. Бірак, Нұрлан Өтепұлының тікелей басшылыгымен соңғы бірер жылда аткарылған іс пен жалғаскан дәстүрлер жайындағы акпараттар ешкімді бей-жай қалдырмайтынына біз кепілдік бере аламыз. Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығы карсаңында ұлттык компания еңбек үжымдарының спорттың 16 түрінен бірінші спартакиадасын өткізді. Қазакстан мұнай өнеркөсібінің 100 жылдығы қарсанында казак, орыс, ағылшын тілінде жарык көргеи екі томдык мүнай энциклопедиясы, мұнайшы әулеттері, т.б. жайындағы кітаптар топтамасы әр шанырактың кымбат қазынасына айналды. Осының бәрі оның кұндылықтарды кадірлей білетін, дүниетанымы биік, өзі үнемі уағыздап, колдап жүрген салауатты өмір салтын орныктыруға деген берік көзкарасы бар адам екенін көрсетсе керек. Мына бір мысал да кызыкты: Атыраудың теніз жағасындагы әбден тозығы жеткен, экологиялық апатты аймакта орналаскан Қаратон кентінің тұрғындары соңғы үш-төрт жылда үдере көшіп, Жаңа Қаратон деп аталатын жаңа мекенге коныс аударды. Жаңа десең жаңа: акшаңқан үйлер, түп-түзу көшелер, сонғы үлгідегі мектеп... «Осы жана Қаратонға Нұрлан баламнын сінірген еңбегі зор. Маған билік берсе, оның есімін көшеге беріп, ең көрнекті жеріне бюстін орнатар едім»,-дейді немересін жетектеп мектепке беттеген бір кария өткен бір жолығысуда. Ниеті кұлап, көңілі ауған жанға карсы дау, тосын уәж айту кашанда киын. «Үсынысыңыз дұрыс, аксакал, оны Үкіметтің атына жазып жібергеніңіз жөн»,-дедік біз...

Айтпакшы, ел мен халыкка шын ыкыласпен камкоршы болу касиетін Нұрлан Өтепұлы Премьер- Министрдің тәжін киген екі жылда талай мәрте жаркырата көрсетіп еді-ау. Бірак, онын бұрынғы Үкіметтен калган бітеу жараларды касымай-ак, миллиардтаған жалакы, миллиардтаған зейнетақы берешегін тезірек өтеу үшін, отандык өндірісті жандандыру, отандық кәсіпкерлерге басымдык беру үшін, мүлдем тұралап, токтап калған 800-ден астам өндіріс орнын «ояту» үшін, жанашыры жок Жаңатас пен көштен калган Қаратаудың жұмыссыз әрі жалакысыз, Аркалықтыц, Курчатовтың, Шахтинскінің, Кентаудың жылусыз калған жүмысшылары мен түрғындарыпа көмек көрсету үшін түн ұйкысын төрт бөлгенін біреу білсе, біреу білмес. Өзінен бастап үкімет мүшелерінің түгелдей инемен күдык қазғандай «кара жұмыспен» айналысканын, накты шаруаларды шешкенін, ел ішінде көбірек болып, асқынган ахуалды жергілікті жерде барынша жедел жаксартуга көп күш жүмсағанын, облыстарды жиі аралап, кез-келген киын проблеманы сөзбүйдал ыкка салмай, нақты шешуге дағдыланғанын, ереуіл шілермен, аштык жариялаушылармен, жол бөгеушілермен бетпе-бет кездесіп, тіл табысуға кол жеткізе білгендерін біреу бағалар, біреу бағаламас.

Әйтеуір «сөзге саран» Үкіметтің акырында «жанкештілер үкіметі» (Қажыгелдин өз үкіметіне осыпдай аныктама берген-«Правительство хамикадзе») емес, «халыкка жүзін бұрған үкімет» атанғаны акиқат. Сол Үкіметті абыройлы баскарып, абыройлы тапсырған, карапайым мұнайшының Бас мұнайшы, Бас мұнайшының Бас министр бола алатынын істе дөлелдеген кесек мінезді, тура сөзді, жомарт жүректі Нұрлан Өтепұлы бұл күндері бак түгендейтін, так түгендейтін тайталастан кашык, сүргін саясаттан аулак карапайым еңбеккер. Елдің тыныштығын, шаңырактың берекесін ойлаған, жалпы біткенді жаксылыкка бастап, жалкы біткенді жаскамай, жетегіне алған кемел кәсіпкер, мұнайшы кәсіпкер. Сондыктан оныц атына жиі айтылатын «мұнаймен мұндас, мұнайшымен сырлас азамат» деген мәні анық, бояуы қанық пөтуалі сөздің күші мен маңызы уакыт өткен сайын арта түспесе, кемімек емес...

* * *

Бір кездескенде Нұрекеңнің «казіргі еліміздін ішкі-сырткы саясаты туралы не айтасыз» деп сурағанымыз бар-ды. Сонда ол: «Менің ешкандай партиямен, саяси қозғалыспен қатысым жоқ. Менің саясатым - мунай!» деп әңгімені келте кайырып еді.

Мұнаймен мұңдас, мұнайшымен сырлас азаматтың осы бір сөзінен де мұнайдьщ салмағын сезгендей, куатын көргендей, сылдырлап аккан дыбысын естігендей сезімге бөленген едік...


Перейти на страницу: