Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 13


КӨНІЛІ КӨЛ, КӨКІРЕГІ ҚАЗЫНА ҚАРТ

Асылында, әр адамның өзіндік тағдыры, өзіндік соқпағы болары анык. Сол тағдыр мен соқпакта көрген-білгені де, аскан-алғаны да әр адамның өз сыйы мен сыбағасы, бұйырған нәсібі мен кол жеткізген кадірі.

Міне, осы тұрғыда бүгін әрі тәтті, әрі катты өмірдің тағы бір биік белесіне шығып, «сексен де сегіз байлык, сегіз жарлылык» деп, каумалаған көпшіліктің, құшақ ашқан ағайын-туыстың ілтипатына тағзым еткен соғыс және еңбек ардагері Олжекеннін - Олжағали Сұлтанғалиұлының ашқүрсақ балалығын, жүдеу көңіл жастығын, өдемі қарттығын бірде өкінішпен, бірде сагынышпен еске түсіруі, көз алдына әкелуі әбден заңды.

Ал, ол жарык дүние есігін ашкан кезең заман өзегінен куаныштан гөрі ащы залыран көбірек төгілген шулыған кезең еді ғой. Әйтпесе шаңырағын енді-енді тіктеп, алты кыз, екі үлын асырау қамында теңіз көбесіндегі Бесарал меи Кеңаралда көпес Морозовтын малын бағып жүрген жарлы-жакыбай Сатыбалдынын Сұлтанғалиын кім өлтіруі мүмкін?! Өлбетте, Киселев секілді ел кезген есірік мінезді банды ғана. Оның көніліне Сұлтанғалидың орыс мұжыктарымен окта- текте шүйіркелесетіні жөніндегі «суык хабардын» күні ертең революционер, қызыл комиссар болып кететіндей күдік тудырғаны бұлтартпас шындык.

Сөйтіп, сегіз көгенкөз жетімдікке, аяулы ана Рабиға жесірлікке ұрыиды. Сүт кенже атанған Олжағали сонда, 1922 жылы небөрі бір жаста болатын. Қазір сегізден калған жалғыз тұяқ.

- Жетім өз кіндігін өзі кеседі. Әкесіз жетім жарты жетім, аналы жетім ерке жетім деген рас сөз екеп. Анамыз бізді қанаттыға какгырмай, тұмсыктыға шокыттырмай аман-есен өсірді. Ол толык денелі, ұзын бойлы адам еді. Балапандарын жігерлендірейін дей ме, әлде жасық боп өспесін дегені ме, әр кимылынан үнемі қажымас күш-қайратты, мыкты ерік-жігерді сездіріп жүретін. ТОЗ-ға, артельге, кейін Еркінқаладағы ұжымшарға мүше болды. «Қолымыздағы барымызды-бір түйе, бір сиырды ортак меншікке өткізіп жібергенде де жутағанымыз жоқ, енді сендер барда мен тіптен жұтамаймын» дейтін. Шынында да айтқаны айна-катесіз келді. Балык аулады, ау тоқыды. Үздік енбегімен көзге түсті. Өзін де, өзгені де ұятка калдырмай, Мәскеуде өткен ұжымшаршылар (колхозшылар) съезіне катысып оралды,- дейді Олжекең.

Иә, аналарының қуанышы мен еңбегіне лайык болуға асықкан балалар да жарыса ержетіп, жақсы оқыды. Зеректікке, аңғарымпаздыққа ұмтылды. Кішіпейілділіктерімен, ибалы мінездерімен көзге түсті. Сонда да жүрегі елжіреген Рабиға- ана: «Сендердін бәріңнен, көрерсіңдер де тұрарсыңдар, мына сап-сары Олжам озады» деп бәрін алға жетелейтін. Ана бұл ретте де жаңылыспаған екен. 1928 жылы Еркінкала мектебінің табалдырығын аттап, Ахмет Байтұрсыновтың араб алфавитіндегі әліппесімен сауат ашкан Олжағали бірінші сыныпты озаттар сапында аяктап шыкты.

- Үздік оқуыма орай маған 20 кило ұн берді. Сондағы анамның мерей-шаттығын әлі күнге дейін ұмытпаймын, - дейді Олжекен балалық көңілі өзіне бір сәтке кайтып оралғандай кейіпте.

Олжағалидың осылайша сәтті басталған білім сапары алты жылдан кейін орта мектебі бар Махамбет ауданының Сарайшық селосында, одан соң Гурьев педагогикалык училищесінде, 1940 жылы облыстык оку бөлімінің математика пәні мұғалімдерін даярлайтын курсында жалғасып, сол жылдың тамыз айында қаланын Орджоникидзе атындағы мектебінде ұстаздыкка ұласты.

Сөйтіп жүргенде ел-жүртты дүрліктірген Ұлы Отан соғысының өрті тұтанды. Ағасы майданға аттанып, бүкіл отбасының - анасының, жеңгесі мен қарындасының бас сүйері, демеу тұтары өзі болып калды. Бұл жас жігіт үшін әбден сыналар, капысыз ойланар шак еді. Аға басына туган күннін күні ертең оның басына да туары анык-ты. Сондыктан Олжагали жұмысын туған ауылына - Еркінкалага ауыстырып, туғаи-туыскандар ортасына жакындау кажет деген ұйғарымға келді. Оның үстіне ауылда өз потерлері міні кұрымастан әзір тұрган-ды. Ол Еркінкалаға коныс теуіп, 1942 жылдың каңтарына дейін 5-7 сыныптарда математика пөнінен сабак берді. 1942 жылдың 15 каңтарында Армия катарына шакырылды.

Әскери жол оны әуелі Орынбор облысының Бузулук стансасына, сәл кейін осы стансадан жиырма шакырым жердегі Александровск поселкесіне, Сталинград майданына жөнелтілгелі жаткан 200-ші атқыштар дивизиясының 650-ші артиллерия полкіне бастап өкелді.

Бірак, наурыз айында полк штабына жедел шақырылған опың колына Башкұрт автономиялы республикасының Белорецк каласына орналасқан екінші Ленинград артиллерия училищесіне жолдама тиіп, шілде айында аталған оку орнын лейтенант шенінде бітіріп шыкты. Сол бетте 17 артиллерия дивизиясына жіберіліп, взвод командирлігіне тағайындау алды.

Бүл соғыспен бетпе-бет келер сәттің алыс еместігін анык сездірген кезеңнің бірі болатын.

1942 жылдың желтоқсанында, бұдан дөл алпыс жыл бұрын, жиырма жасар офицер Челябі облысының Шұбаркөл селосында жасақталған полк күрамында Ленинград коршауын бұзып шығу ұрысына қатысты.

Сол үрейлі де қиын шайкаста азапты жаудан гөрі жерден көргені әлі есінде. Жұтпа жылымды, оның қакаған кыста да катпайтын окшау «мінезін» осында алғаш рет көрді. Сол батпакты керзі етікпен кеше жүріп, аса ауыр зеңбіректі бір позициядан екіншісіне ауыстыру, жолды аршу үшін орманды отап, бөренеден жол төсеу, карлы боранмен арпалыс ешкімге де оңай тиген жок. Дегенмен олар шыдап бакты, ерледі де. Мга стансасы ауданында коршауды тас-талкан етіп, бұзып шыкты. Соғыста мұндай ерлікті әділ бағалайды екен. Олжағали кызмет ететін полк тұтас кұрамында Москва түбіндегі Солнечногорск каласына демалысқа жіберіліп, бір ай соғыс техникаларын жөндеуге катыстырылды.

1943 жылдың маусымы. Тағы да шабуыл. Бүл жолы полк Воронеж майданы курамында Воронежді азат етіп, шілдеде Курск доғасындагы жанкешті шайкасты бастан өткерді. Олжағали Сұлтанғалиұлы осы ұрыстарда көрсеткен ерлігіне орай омырауына алғашкы майдандык паграданы - Қызыл Жұлдыз орденін такты. Партия мүшелігіне кабылданды.

Ілгерілеу одан әрі жалғасты. Күзде Воронеж майданы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетініц шешімімен бірінші Украин майданы болып аталып, Днепр өзенін кесіп әтті. Киевті, Житомирді, Винницаны, Львовты азат етті. Дублин асуы арқылы Карпат тауларынан өтуге қол жеткізді. Польша жеріне баса-көктей кіріп, Краков, Богуслав қалаларын неміс баскыншыларынан тазартты. Бірінші Украин майданының еыдігі нысанасы жаудын ұясы - Берлин болатын. Бірак, Берлиннін онтүстігіндегі 57 шақырымда Бас Қолбасшы женіс жолындағы соңғы жорықтың кезегін маршал Жуковтың әскерлеріне берді.

- Акыры Үлы Жеңістің арайлы таңы атты. Көп болып, ел болып қуандык. Бірак капитан шеніндегі маған елге оралу бақыты тек екі жылдан сон, 1947 жылы ғана бұйырды. Оған шейін 17 артиллерия дивизиясының кұрамында Праганы азат етуге қатыстык, толык тізе бүгуді мойындамаған адмирал Денницаның басқаруындағы оңтүстік әскерлер тобын өкшелей куып, Австрияға мацдай тіредік. Біз үшін екінші Жеңіс күні 17 мамыр болды. Жалын жастығым осылайша, бес жыл соғыс өртіне шарпылып, өте шыкты. Оныңөтеуі өлімді жеңген өмір, бүгінгі бейбіт заман, мынау I, II дәрежелі Отан согысы, екі бірдей Қызыл Жүлдыз ордені, жауынгерлік медальдар болғанын мактан етемін, еліммен, ұрпағыммен бірге өткізіп жаткан тірлігіме куанамын,-дейді қарт майдангер.

Осылай дейді де, әңгімесін жана арнага бүрып, есіле, елжірей сөйлеп кетеді. Соғыстан оралған жылы бакилық дүниеге аттанған анасын еске түсіреді. Оған деген перзенттік сезімін паш етіп, «әкеміздің ак арманын ак сүтімен жалғап еді, соны өтей алдым ба, жоқ па, білмеймін, өтемесем-өкініш, өтесем-қуаныш» деп терең күрсінеді. Өзінің жүрек төрінен өшпес орын алған, бірге окып, бірге ержеткен, саналы өмірін ұрпак төрбиесіне арнаған үлағатты ұстаз, саялы орда - отбасында елу төрт жыл сыйластық сезімін ту еткен жан жары маркұм Рахима туралы толғанып тебіренеді. Өмірдегі тәлімгерлері М.Исенов, А.Жаймұрзин, Әлсейітов, Ысмағұлов, Ф.Зікіринов, майдандастары Кинько, Андроненко, тұстастары Ө.Балғымбаев, А.Айбаров, түгелдей жоғары білім иеленіп, казір әр салада жемісті іске мұрындық болып жүрген төрт қызы, екі ұлы, немерелері мен шөберелері, жиендері жайында да айтары мол. Бәрі де орынды. Борі де сыйымды. Ол ортаның адамы болып өсті. Жастығын соғыс ұрлап, елге есейіп оралған Олжағали Султанғалиұлының бір кезде «ендігі еншім көреген басшыға, көргені жаксыға еріп, адал еңбек ету» деп түйін жасаганы да осыны әйгілейді. Сондай ізетті азаматтын арман-тілегін алыстан көріп-сезе калғандай, 1947 жылдың сәуірінде оны Гурьев облыстык партия комитеті өз аппаратына нұскаушылыкка шакырды. Мүнда, ту расы н айтсак, осының өзі сарабдал акыл-ой мен зейін-зердені талап ететін жауапты жумыс еді. Соғыстан күйзелген халықтыц мүддесі мен күйреген шаруашылык камының талай түйінді мәселелері токайласа түйісетін жер де осы облыстык штаб болатын. Соны айкын аңгарған Олжағали Сұлтанғалиұлы «кімнің қай жағынан шығамын» деп бүгежектемей, іске батыл кірісті. Жоғын іздеді, түсінбейтінін сұрады, білмегенін үйренді. Өзін бірер жылда байсалды кызметкер дәрежесінде танытып үлгерді.

Әлбетте, мүндай ерекше талпыныс канатына мінген адамды бір орында ұзак ұстамай, аксаган учаскеге жұмсап, әлде де шывдай түсу партия тұрмысында кашаннан белгілі әдіс. 1949 жылдын мамырында обком хатшысы А.Жаймұрзин дәл сол әдістің құрығын Олжағали Сұлтанғалиұлына карай сілтеп, облыстық кинофикация баскармасына бастык болуды ұсынды. Жастығын, есеп-кисапқа шоркактыгын алға тартып еді, күрық жібі мүлдем қыскара бастады. Ең сонғы нүктені бірінші хатшы С.Полымбетов койды. Шегінетін жер қалмады. Көнді, барды.

Сірә, бастпының қамкор сөзі көңіліне сенім ұялатқан шығар, не «сенімді актамасам азаматтығым кайда» деп намысқа шапкан шығар, ол келе сала ен өзекті мәселелерді қолға алды. Кадрлар катарын нығайтты, олардың білім көтеруіне колайлы жағдай жасады. Сөз жоқ, жаңа саланы мүлтіксіз баскару үшін өзіне де терең таным керек-ті. Сол себепті үзбей сұранып, Мөскеудегі үш айлық біліктілікті арттыру курсына жол тартты жөне осы бір колайлы сәтті пайдаланып, кинематография министрі И.Большаковтың кабылдауында болды. Мөн-жайға каныктырып, төрт автомашина, көлік сатып алуға, кинотеатрларды күрделі жөндеуге кажетті каражат бөлінуіне кол жеткізді. Келген бетте кино насихатына көңіл аударды. Осы шаралар игі нәтиже беріп, берекесі кеткен кинофикация шаруашылығынын беті бері карады.

Айта кетелік, обком да берген уәдесін орьшдады. 1950 жылдың желтохсанында оны аппаратха хайта шакырды. 1952 жылдың кыркүйегінде өткен халалык партия конференциясында бюро мүшелігіне және калалық партия комитетінің партиялых жүмыс бөліміне меңгерушілікке сайланса, 1958 жылдың хыркүйегінде Макат аудандых партия комитетінің екінші хатшылыгына тагайындалды. Өндірісі күрт өрлеген, Қарсак, Танатар, Оңтүстік Шығыс Махат секілді ірі кен орындары ашылған бұл ауданда ол талай жаркын істің жаршысы орі көшбастаушысы болды. Оқылған лекциялар, университеттердегі сабахтар еңбек өнімділігін арттыруға жол ашты. 1967 жылы Казахстан Компартиясы Орталых Комитеті шығарған «Живое слово - в массы» кітабындағы О.Сұлтанғалиұлының кең көлемді махаласына осы төжірибелер архау болды. Ал «Социалистік Казахстан» газетінде жарияланған материалдың аудандағы көрнекі үгіттін, соның ішінде хазак тіліндегі плакаттар мен стенділердің еңбек адамдарын баға жеткісіз өсерге бөлегенін жөне ездерінің соған куә болғандарын көнекөз харттар ұдайы еске түсіреді.

Дегенмен, жауалты іс басындағы адамньщжолы өркез тахтайдай тегіс бола бермейді. Ол Олжекеңнің басынан да өтті. 1961 жылы оның облыстых партия комитетінің Манғыстауға жүмыс ауыстыру талабынан бас тартып, аз-кем «таях жегені» - «онда өзі жұмыс тауып алсын» деген хатыгездік көзхарасха ұшырағаны бар. Алайда еңбек жолын ұстаздыхтан бастаған О.Сұлтанғалиұлы еш өкініш білдірмей, сол ескі кәсібіне кайтып оралды. Қаланың Абаи атындагы орта мектебіне директор, кейін ұстаздардың ұстазы - қалалық оку бөлімінін меңгерушісі болды.

Түсі игіден, сірә, кім түңілген. Өте кішіпейіл, байсалды, үлкенді де, кішіні де сыйлап, өз орнында кадір тұта білетін инабатты, салмакты, бет-пішіні келісті, отырыс-тұрысы орныкты Олжекевді партия органы көп кешікпей өз қатарына кайтарып, 1963 жылы қалалық партия комитетінің идеология бөлімі меңгеруішсінін, 1967 жылы облыстык партия комитеті үйымдастыру бөлімі меңгерушісі орынбасарының орынтағын ұсынды.

- Адамда жақсы қасиеттер болмаса оған бақ та, бақыт та конбайды емес пе? Қоғамға, нартияға кызмет етудің кыр-сырын үйрендік қой, - деді ол жакындағы бір өңгімелесуде жымия күліп.

Үйренгені де рас. Үйренбесе, үйлестірмесе ол обком бюросынын шешімімен облыстық аткару комитетінің енбек ресурстарын пайдалану бөліміне меңгерушілікке жіберіліп, табан аудармастан он бес жыл, зейнеткерлікке шыкканға дейін еңбек етпес еді. Қазір Олжекең ұстаған сол ескі тізгінді бірнеіпе ондаған штаттық қызметпен бірнеше баскарма кинала ұстап отыр... Мұны заманның кендігі дерсің бе, әлде кемшілігі дерсін бе?!

Осы орайда «Базарда мың сан адам бар, әркім сүйгеніне сәлем береді» деген қанатты сөз ойға оралады. Сол секілді өмір базарында ел-халкының бакыты үшін майданда от кешкен, бейбіт кезенде бел шеше кимылдап, тер төккен адал да карапайым, сыйлы да кұрметті адамнық бірі және бірегейі Олжекеңнің сексеніне кұтты болсын айтайык!

Қартайдым деп қайғырма,

Жас бала бар арпгыңда.

Жалгызбын деп қайгырма,

Жақсылар бар артыңда, -

деген халкымыздың асыл макалын сөзімізге түйін, пікірімізге тірек етсек, жарасымды болар-ау.


Перейти на страницу: