Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 14


«НЕ ШАРА ӨЛЕҢ ОТЫ СӨНІП ҚАЛСА?!»

немесе асыл аға рухымен сырласу

Кымбатты Қабекем! Сізге үстемдік көрсетіп, зорлык жасаған сұм ажалдың алдында дәрменсіздігімді мойындасам да өзім сенгенге көңілім сенбей сізге тағы бір сыр ашканды жөн көріп отырмын. Мүным аса бір ерлік болмаса да ездік емес шығар, бәлкім...

Сіз сонау мың тоғыз жүз алпысыншы жылы небәрі жиырма алтыдағы жалынды жігіт едіңіз. Ал мен бар болғаны он жетідегі бозбас бозбала едім. Ол кезде сіз бен менің ұшкыр киялымыз нені көксеп, асыл арманымыз нені аялауға асыкканын кайдам, біріміз білім беру, екіншіміз оқу камында институттың қүбақан үйінде кейде күн сайын, кейде күнара кездесіп тұратынбыз.

Сөзімде бір жұлым жалғандык жоқ, сол сәттен бастап сұлу мүсініңізге сүйсініп, әдемі әлпетіңізге көз тігумен күй кештім. Терең білімiңізге тамсанып, өсерлі әуепіңізге шөлім қанбай сусай беретін ғадет таптым. Жайсаң мінезіңіз бен тәтті кылығыңызға елтіп, еліктейтінім өз алдына, колтаңбамнын да сізге ұқсаганын жан тәніммеи калай бастадым.

Адам мен адамныц мәигілік түсінісуі де, мәнгілік табысуы да осындайдан бастау алатыи шығар. Кай киырда жүрсе де бір-бірін сағыну кабілетінің сілкіне оянып, канат жаяр тусы да осы шығар.

Содан бері Сізден оқыған жырым, сізден каныккан сырым каншама? Содан бері конілге түйген өнегсм, көкірекке ұялатқан үлгім каншама?! Жетегіңізге ерген мендей бозтайлақты Мецдекеш секілді бозжайнакқа, Дүйсенбай секілдіі акжайнакка асыға таныстырып, мәнгіге табыстырған касиетініздін езі неге тұрады десейші! Бұдан артык не бакыт бар еді?!

Сөйтіп, үшеуіңіз менің үш бәйтерегіме, мөртебесі мен мерейі, ырысы мен ыкыласы арылмайтын үш кайнар-казынама айналдыныздар. Еркелігім болса да ерсі кылығымның байкалмағанынан ба, үшеуіңіз мені өз інілеріңізден кем көрмей көңіл бесігінде тербедіңіздер.

Бірак, өзекті өртер өкініш те, қабырға қайыстырар кайғы да сол, біріңіз ерте, біріңіз кеш дегендей, ақыры үшеуініз де бақилық дүниенід қонагы болу үшін кайтпас сапарға аттанып кеттіңіздер. Енді іздесем іздерінді таппасым, үнілсем жүздерідді көрмесім шынымен-ақ шындыкка айналғаны ма, сонда?

Дегенмен жалгыз-ак көңілге медеу етерім бар. Олар рухани азықтарыңыз-сәуле шашкан жаркын жырларыңыз, ұрпактан ұрпакка жетер өшпес мұраларыңыз, көкірекке ұялаған ұзақ ғүмырлы үлағаттарыңыз. Оған да шүкіршілік.

Асыл ағам, Қабекем! Біздің үйдің кітапханасында сіз өз колынызбен сыйға тарткан талай кітап сактаулы. Соның бірі - «Жас дәурен» атты үжымдык жинак. 1963 жылдын 6 ақпанында маған еншіленген сол жинактың ішкі мұқабасындағы кызыл сиямеи-жүрек жылуымен жазылған екі шумак өлең көзіме оттай басылады. Оқимын да ойланамын. Жырмен өрнектелген сырыңыздың мән-мағынасын сезініп, соңы сәттілікке үласканына шексіз куанатын кезім де көп.

Онда былай дегенсіз:

«Қадірменді інім, Қаржаубай! Саған мына бір толғанысты арнаймын:

Уа, жүрек, көңілге күй жиясың ба?

Селдетіп жыр нөсерін қүясың ба?

Сүрлеуі жас дәуренніц болар ма екен,

Ылдидан басталган жол қия шыңга?

Не тара өлең оты сөніп қалса?!

Жыр лаулар шабыт деген көрікті алса,

Дос көңіл саулы інгендей келе берер,

Жыр аңсап мәңгі бақи сөніп қалса».

Иә, акыры жыр оты лаулады. Сізді ғылым сокпағы алға жетеледі. Сіз бүкіл саналы ғұмырыңызды аты да, мұрасы да көмескі тарта бастаған талай асыл сөзді абызды ыкылым заманның тұңғиығынан бүгінгі күннін төріне сүйреп шығарып, жаркырата көрсеттіңіз. Осының взі ізгілік, осының өзі игілік, асыра бағаласақ-ерлік!

Киелінін киесі, тәрбиелінің төлімі жұгатыны рас-ау деп шамалаймын. Сіздің өнер шамшырағына карай жөн сілтеп, колыма ұстаткан каламыңыздан азды-көпті дүние туды. Күні кеше, 24 наурызда соларымды ізгі тілегіммен бірге өзіңізге карай «ұшырып» едім. Кешігіппін. Сіз наурыздыц 23-і күні көз жумыпсыз.

Бул кабырға кайыстырар ауыр соккы. Алайда тағдырдың ісіне не амалым бар?

Бакұл бол, асыл аға!

Сіздің алғаусыз көңіліңіздің шуағы, жомарт жүрегіңіздің жылуы үшін мәңгі баки борыштымын. Рухыңызға шәкірттік, інілік ізетпен басымды иемін.


Перейти на страницу: