Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 15


НҰРЛЫ САПАР

Оны шырт үйкы, жылы тосектен «Мұнай аға, кәсіпорын басшылары Сізден ертерек келуді өтінген» деген майда дауыс жұлып алды. Қараса аяк жағында жакында ғана слесарьға көмекші боп кірген ұяң сары жігіт тұр.

  1. Жайшылық па? - деді ол бейуакыт шакыртудың мән-жайын түсініңкіремей.
  2. Жай, аға. Естуімше тыңға баратындарды жинақтап жатыр. Бірден қызыл бұрышка келерсіз.
  3. Қазір барамын.

Мүнай жылдамырақ киініп, үйден шыкты. Кеше алые рейстен шаршаикырап оралып еді. Содан ба, назары бірден ауа райына ауды. Күннің бүгін де берекет алар сынайы бар. Таң бозармай жатып бетке ыстык леп соғады. Қоңыр күздің сесі жоқ. Барлык жерде осылай ма екен, әлде... Есіне былтыр осы уакытта Орал облысының Теректі ауданында өткізген күндері оралды. Тың астығын жинауға барған. Сонда ауылда үнемі майсақтанып, жіпсіп жүретін тұл бойларының тан алдында, көп кешікпей талма түсте- ак тоңази бастағаны әлі есінде. Биыл кай жердің дәм-тұзы тартып тұр екен?

Ол осындай ой үстінде өзінің кеңсеге калай жеткенін байқамай да калды. Қызыл бүрыш іші толған адам. Төрде кәсіпорынның бар әкімшілігі.

Міне, ер тұлғалы, нагыз тыңға лайык адам келді, - деді олардың бірі өзілдей күліп.

Мәжіліс тез де жинакы өтті. Кәсіпорынның 50 шофері Қостанай облысына аттанатын болды. Өзірлік камына екі күн уақыт берілді.

-Өзге туындайтын сұрактарыңыз, өңгімелесетін, шешетін шаруаларыныз болса кез-келген уакытта маған, не бас инженер Мамбетов Қалдашка, колонна мен пайдалану бөлімінің бастыктары Лұқпанов Оралбайға, Мүқашев Тұрарбекке жолыға беріңіздер, - деді көсіпорын директоры Мұханбетов Ығылман.

Енді бөгеліп тұратын уакыт жок. Мұнай өз бойына біткен байсалдылыкпен не істеу керектігін болжап алды да, ice кірісті. Автомашина мен тіркемені тексеруден өткізді.

Мүнай жұмыстан оралған бетте анасына мән-жайды мәлім етті.

- Келін, деді ол, хабарға канығып алған соң, - мына Мұнайжан жол жүргелі отыр ғой, терістіктің кысы ерте түседі. Кыс түспесе де күзі салкын болар. Күртешесі мен кеудешесін, жылы шұлығын салуды ұмытпа.

- Жарайды, шеше.

Еңбек пен бакытты күлкі нұрынан шуак алған Қостанай жерінің енбекшілері бұларды кұшак жая қарсы алды.

  1. Құтты конак конса, кой егіз табады. Диканның колымен мәпеленген астык алкабы еңбегімізді жомарттыкпен кайтарғалы тұр, - деді Орджоникидзе ауданының өкілі. - Сіздерді Тельман жөне Некрасов атындағы совхоздарға бөлдік. Отыз жігіттің «КамАЗ-ы» өзір тұр. Егін орағы біткен сон елге мініп кететіндері де сол КамАЗ.
  2. Бітер істің басына, жаксы келер касына, - деді тельмандык өкіл. - Қош келдіңіздер!

Абыр-сабыр кимыл. Жан-жактан көмекке келген автомашиналар, комбайндар мен адамдар. Маң далада ине шаншар бос жер жок. Сабағы салбыраған сары бидай. Тельман атындағы совхозда да сол. Төкпей-шашпай жинап алсаң, ел ырысы болуға мен даярмын дегендей бас шұлғиды.

Мұнай мұны көргенде шын-ақ толкыды. Атырау жері көз алдынан өтті, ол да түлеп, гүлдеп, жасарып келе жаткандай.

Мұнай осылайша ой теңізіне сүңги отыра, бір- бірінен шалғай жаткан кос өлкеден туыстык тапқандай болды. Ол рухани туыстык. Оларда да, бізде де ел қадірлейтін, бір максат, бір тілекті адамдар бар. Астыкты тың өлкенің өрлері Көмшат, Михаил, Жансұлтан, Жәмшит... болса, мүнайлы өлкенін ерлері Маржан, Лүкпан, Зинел, Ескендір...

Ерлер есімін еске алғанда Мұнайдың өз өміріне барлау жасайтын әдеті. Қырыктын кыркасына шыккан жасында талай соқпактан өтті. 1952 жыл еді. Сегіз жылдык мектепті бітірген бойда талап кылып, осы Қүлсары автотранспорт кәсіпорнынын табалдырығынан аттады. Онда бұл кәсіпорын емес, автобаза аталатын. Машинасы да көп болмайтын. Автослесарь деген атакпен бес жыл еңбек етті. Машина кұрылысына, осіресе оның моторына ден койып, «шебер бала» атанганы да осы тус.

Бір күні автобаза директоры: - «Шебер бала», енді саган шофер болу лайык секілді. Оган калай карайсын, - деді озілдей күліп.

Өзінің арман еткені де осы емес пе?! Құп алды. Содан бері табан аударған күні болған жок. Үнемі жол үстінде келеді. Абыройсыз емес. «Енбектегі ерлігі үшін» медалімен, талай рет грамотамен наградталды. Жергілікті Советтердің өткен сайлауында облыстык Совет депутаты болып сайлапды. Былтыр Орал өніріне барып, 836 тонна астык тасыды. Сол еңбегіне орай оған бағалы сыйлык берілді.

Енді, міне, Қостанай топырағына аяк тіреп түр.

Астык шайқасы мұнда да кызу өтті. Тек астык үшін десе аздык етер еді. Биылғы күз соңры ширек ғасыр ішіндегі ен киын күздердін бірі болып, егін жинау сәтін күткендей кара жанбырды толассыз төкті-ай келіп. Бірак, каймыккан жан кездеспеді. Диқан-баба да, комбайншы да, кыскасы баршасы тас түйіндей бекін, бұрын болып көрмеген кайсарлык үлгісін көрсетті. Сол кайсар жандар енбегінің жемісі ғой: Қостанай облысы республика облыстарының көшіи бастап, мемлекетке 229 миллион пүт астык тапсырды. Алып арнапың бір бұлағы - Мұнай және оның жолдастары еңбек еткен Тельман совхозы Отан коймасына міндеттемедегі 2 миллион орнына 2,5 миллион тоннадан астам астык құйды. Қостанай өлкесі ерлік өлкесіне айналды.

Жүмашев Мұнай, онын Байжанов Қабыланбек, Қодаров Тыншым, Есіркепов Орынбасар секілді әріптестері мұндай ерлікке татыр еңбекті көргенде қанаттанбай тұра алмады. Қырманнан элеваторға 34 мьщ тоннадай астык тасыды. Совхоз әкімшілігі бұған катты риза болып, Ескерткіш Қызыл Ту, Қүрмет грамоталарын ұсынды.

* * *

Қазакстан баршага қымбат Үлы Октябрь тойы қарсаңында өз Отанын тағы куантты. Қазір бүкіл ел куаныш кұшағында. Соның бірі мөртебе-мерейі миллиард биігіне самғаған Мұнай шаңырағында. Егер еліміздің атакты механизаторы А.В.Гиталов сөзімен айтсак: «Нан - біздіц жеріміздің, адам қолының ен кымбатты жемісі. Ол біздің кайғымыз бен куанышымыз, біздің үйқысыз түндеріміз, біздің ұдайы ойымызда жүретін камкорлығымыз».

Ендеше нан мерекесін тудырған диқан-баба мен нан молшылығы үшін нұрлы сапар жасағандардың мерейі қүтты болсын!


Перейти на страницу: