Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 16


АЗАМАТ

Сол жылы кикар киындық пен кылыш жүзді кайсарлык бетпе-бет келіп, шарт та шұрт белдесе кетіп еді-ау. Сонда ұрдажық мінез көрсетпей, шексіз кажыр- қайрат таныткан Сактап Әбілдиев мерейіне ауыл азаматтарынын мейірлене кол сокканы әлі есте.

...Төтенше шақырылған мәжіліс ұзакка созылған жок.

- Көктемнің тым ерте қапылдыра келгенін өздерің сезіп отырсыздар, - деді катысушыларға ойлы көз тастаған совхоз директоры. - Сондықтан пакты іс- әрекетке көшкеніміз жөн. «Техника көктем жумысына әзір ме?» Міне, осы сауалға ең алдымен совхоздын бас инженері жөне орталык жөндеу мастерскойының меңгерушісі жауап берсін.

Инженер мен меңгеруші тосын сұрак етектерінен тартқандай орындарынан сылбыр көтерілді.

Бундай кимылдың жай-жапсарын жыға танитын директор дереу сөз тізгінін өз колына алды.

- Өзегі жок долбар сөз, тұрлауы жок шикі шешім ешкімді де канағаттандырмайды. Түптеп келгенде оның малға азык болмасы да белгілі. Ендігі максат - дала жұмысына кажетті техника мен кұрал-сайманды тез арада дайын ету. Ол үшін ең үздік жөндеушілерден жедел топ кұрып, жұмыстың нақты график бойынша жүруін бакылаудан өзге жол жок. Егер сіздер қарсылык білдірмесеңіздер кұрылғалы тұрған жедел топка коммунист Әбілдиев Сактапты жетекші еткен жөн.

Мәжіліске қатысушылар директор ұсынысын бірауыздан кабылдады. Олай болатын себебі де бар. Сактап туған ауылы үшін қаршадайынан жан сала кимылдап, зейнет пен бейнет дәмін тел емген жаи. Оған косымша, еңбек бөсекесінде дара шаппай, үзеңгі жолдас пен кейінгі толкын кам-қарекетін катар таразылайтын, ойына оралган сырды ортаға салуға асығатын, бүгінге ертеңгі, ертеңге арғы күнніңөлшемімен карайтын касиеті тары бар. Осының бәрі жинақтала келе білікті де еңбек сүйгіш слесарьдың, коммунистік еңбек екшндісінің, цехтык бастауыш партия ұйымы секретары орынбасарының бейнесін-толыкканды, когамшыл Сактаптың бейнесін көзге елестетеді.

Сенім жүгінін ауыр екенін сезіне білген Сактап жауапты іске үлкен жігермен беріле кірісті. Екі-үш күнде жер жыртуға кажетті техниканы сапка қойды да, екінші кезекте су айдайтын моторларды колға алды. Сөйтіп бір жұмадан соң өлгі моторлар Жем өзені жағасынан ірге тепті. Осы бір сөтті асыға күткен арнаулы бригада Молхат алкабын еңбек күйіне бөлеп, қарбалас іске кірісіп-ак кетті.

Мұның өзі кеуде кернер куаныш туғызғанымен Сактап көнілінде бір түйткіл сыр бар екенін сезімтал жандар бірден байкағандай еді. Сол сыр тиегі совхоз коммунистерінің үлкен бір бас косуында шебер ағытылды.

- Орынсыз науканшылдыктың абырой әпермейтіні осы отырған бәрімізге аян, - деді ол, жиналыста. - Біз мына жайларға неге назар аудармаймыз: орталык техника жондеу мастерскойында социалистік жарыс пәрменсіз ұйымдастырылған; өзге еңбек коллективтерінде өлдекашан кең өріс алған ұстаздар козғалысы бізде мүлдем ұмыт қалып отыр; жүмысшыға камқорлық, еңбек эстетикасы жайлы мөселе қозғау - кезек күттірмейтін істін бірі.

Сактаптан кейін сөз алған Байқоңыров Қуандык оның айткан пікірлерін қолдап, қоғамдык үйымдар ролін көтеру жөнінде накты ұсыныс берді.

Осылайша қоғамдык малдың багалы жемшөбі - көк балаусаны мол өндіру жолындагы күрес көпке ортак іске айналып, оның алғы шебінде жүрген Сактап пен оның әріптестері еңбек майданының кажымас жауынгерлері болып іпыға келді.

Осы кез совхоз өкімшілігі мен партия комитеті жөндеу мастерскойында тәрбие жұмысын осал деп танып, сол осал буынның бүғанасын бекіту Сактап секілді жігерлі жандар қолынан келеді деген берік тоқтамға жүгінген сот болатын.

Партия комитетінің секретари оны жылы жүзбен карей алды да, іс барысын сүрай бастады. Ал Сактап болса өзінің турашыл мінезіне басып, партия жиналысынан кейін аз-кем козғалыс ныпнаны сезілгенмен, мастерской тыныс-тіршілігінің түбегейлі өзгеріске ұшырамағанын ешбір бүкпесіз ортаға жайып салды.

- Жаксы коллективен калыптасуы - киын процесс, Сактап, - деді секретарь. - Оны калыптастыру деген бірдің емес, ондаган адамның коян-колтык кызмет жасауы, ортақ тіл табуы. Қуандык айткандай, бүл процеске коғамдык ұйымдардың да елеулі үлес косуы кажет. Біз әрі ойлап, бері ойлап, сені сол коллективтін бір жетекшілігіне - кәсіподак ұйымын баскаруға жүмсағалы отырмыз. Қарсы болмассың, көмектесеміз.

Партком секретары сөзін аяктай келіп, оны тек осы максатпен шакыртқанын айтты.

Сактап тартыншактаған жок.

- Сенімдеріңізді актауға тырысамын, - деді ол сәл- пәл ойланып алған соң.

Жөндеу мастерскойы цехтык кәсіподак ұйымы председательдігіне сайланған Сактап жұмысты жөндеушілерге жан-жакты камкорлык жасаудан бастады. Слесарьларға жүмыс киімі неге мезгілінде берілмей жүр? Қиын цехтарда істейтіндер жағдайына неге ерекше көціл бөлінбейді? Осьт секілді сан-сапат сауалдар тізбегін колға алып, совхоз өкімшілігіне барган ол көңілді оралды.

Камкорлык мәселесін бір арнаға салған Сактап енді жөндеушілер, шоферлер, тракторшылар арасында социалистік жарыс ұйымдастыруға ден койды. Совхозда жүзге тарта шофер, жүзден аса тракторшы, екі жөндеу орнында отыз-кырык слесарь бар. Осыншама адамды еңбек бөсекесіне косып, коғамдык еңбекке серпінді қозғау салу кажет. Ол жарыс мәселесіне осылайша мән берді.

... Сактап партия жиналысынан көңілді оралды. Оның сыры мынада: өткен шаруашылык жылын автогараж коллективі 20 мың сом таза пайдамен аяктап, жүздеген тонна бензин үнемдеді. Трактор мастерскойындағы табыс та аз көрінбейді. Жарыссөзге катыскан коммунистер осы жетістіктерде, шын мөнінде тәрбие мектебіне айналған кәсіподак ұйымының да үлкен үлесі барлығын көрсетіп, онын жетекшісі атына жылы лебіздер білдірді.

* * *

Ол сонау бала шағында соғыс зардабын сезініп, әке орнын басамын деп ойлаған жоқ-ты.

1943 жылдын көктемі өте жай шыкқанына қарамастан жаңбырлы боп басталды. Соғыс дегенщіз дүрілдеп тұр. Ауылдың бас көтерер азаматтары майданда - от пен октьщ, өмір мен өлімнід ортасында. Әбділда балаларынын ересегі Сактап он бес жаста-тын. Отан коррауға аттанған әке орнын басып, колхоздың сан-салалы жұмысына кызу кірісіп кетті. Анасы Шүңкәрге колқанат болып, бір үйлі жанды асыраушы азамат атанды. Өгіз сүйреткен сокамен жер жыртты. Түннін бір уағына дейін шығыр аидады. Қырманда астык тазалайтын, күзетке тұратын, шалғымен шөп шабатын сәттері де аз емес-ті. Бірак карын орталығын, үйкы шалалығын желеу етіп жүмыстан бас тарткан күні жок.

Акыры соғыс аякталды. Өкесі Өбділда, ауылдың бір топ азаматы майданнан оралды.

Көңіл тоғайып, еңсе көтеріле бастаған сәтте есейіп, ержеткен Сактал Отан алдындағы борышын өтеп оралды. Келген бойда Жылыой машина жөндеу станциясына автослесарь боп орналасты. Осылайша екі жыл канат катайткан ол өзі туып өскен ортаға - «Коммунизм таңы» совхозына келіп мамандығын шындай түсті. Содан бергі он тоғыз жыл із-түссіз өткенге ұқсамайды. Коммунистік партия катарына кабылданды. Көсеміміз В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы мерекесі карсаңында «Ерлік еңбегі үшін» медалімен наградталды. Семья кұрды. Бұл күндері ол бакыт кұшып, жүздеріне күлкі үйірген он шакты балаға әке.

Сактап есімі жананың жанашыры ретінде де көптен танымал. Бір ғана мысал. Ол енгізген жаңашылдык ұсыныс - кішкене рельсті арбаға орнатылған станокка гильза отырғызуы нәтижесінде өр моторды нормадағы 54 сағат орнына 20 сагатта жөндеп бітіру мүмкін болды.

... Кербез таң рауандап атып келеді. Ауыл өлі тыныштық құшағында. Ерте оянган Сактап асын асыға ішті де мотоцикліне от алдырды. Оньщ ойында сан килы жоспар, сан килы максат бары күмәнсіз. Ел камын ойлайтын азаматтың онысыз өмір кешуі тіптен мүмкін емес. Иө, тіптен мүмкін емес.


Перейти на страницу: