Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 17


ЖҮРЕКТІ ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙДЫ

Бұдан дел жиырма алты күн бұрын естіген бір оқиғаның естен кетпей, көкірекке ұялап қалганын кайтерсің! Бірак, онын да себебі бар екен ғой. Мен ойда жокта жайсаң жандардың адамгершілігі жайлы жылы лебіз естідім. Таңкалдым. Сүйсіндім. Акыры куандым да.

* * *

Айы-күні жетуге аз-ақ қалған Алтынша кешкі шейден кейін сұлык түсті. Тұла бойын дәрменсіздік билеп, үрей ұйкы-тұйкысын шығарды. Омырткасына кыдырма күпі түсіп, белін үзіп барады. Жиі-жиі талыксиды. Бір белгісіз нәрсе жерге еріксіз шөкелетіп, төменге, тылсымға жұлки тартады. Жанардан кұлаған мөлдір моншактар бетті жуа түседі. «Шыбын жаны көзіне көріндің» дел осы сәт болар. Толғак па, баска ма? Соңына бес-алты бүлдіршін еріткен ана бұрын-соңды мұндайды көріп білмеген. Мезгілсіз бебеуді естіп, үрпиіскен үйелмелі- сүйелмелілер де каздай тізіліп, ана касында жүр. Аяушылык сезіммен өксіп-өксіп, күрсініп кояды. «Бір шарасын алсаңшы» дегендей папасының аяғына оратылып, тірсектейді. Бала емес үлкен де абдырайды екен бундайда. Алаңсыз отырған Тәжен де алғашқыда не істерін білмей кармана берді. Бір-бірлеп балаларын жүбатты. Киналып, малшына терлеген жүбайына басу айтты. Сонан соң... Сонан соң ғана жедел жәрдем шакыру керектігін еске алып, үйден асыға басып шығып кетті. Тағатты тауысып, үрлана жылжыған уакыт сагат тілімен ілгері секірді...

...Қиын сәтте Тәжен түйыкка тірелген жок. Жүрегі жылы жандар кол ұшын созып, оның иығына түскен ауыртпалыкты бірдей бөліп әкетті. Әуелі көмекке кезекші дөрігер Жаксылық Әсемғалиев жетті. Кейін оның сапына өріптесі Күләш Досмұханбетова косылды. Қос хирургтің сонғы шешімі мынау болды: перзент жарык дүниені көре алмайды, енді ана өмірін корғау үшін шүғыл операция және белгілі мөлшерде қан керек...

* * *

Түрғыаба тыныш қалпында. Мектеп телефоны безек какты. Үзілісте отырған Дүйсенбай телефон трубкасына құлак тосты.

Денсаулық калай? Бір адамға жөрдем керек. Тіке айтканда кан жетіспейді.

Дауысты анык танымаған Дүйсенбай аң-таң калды. Ойыны ма, шыны ма? Бұрын денесіне ине сұктырмаған, енді оның жүрегін, бүкіл жан дүниесін шырк айналып тұрған каннан біреу енші сұрағалы тұр.

ОЙ машакаты ұзакка созылған жоқ. Мұғалімдер бөлмесіне селолық Совет председателі Тәжен Балықбаев кіріп келді.

Алтыншаның катты кысылып, аудандык ауруханаға жөнелтілгенін естіп үлгерген Дүйсенбай жаңағы бір келте әңгіменің мәнін енді түсінді.

Тартынуға уақыт тар. Артында - адам тагдыры. Ойнакши бастаған жүрек баскаша соқты. Өрине, ер жігіттің қасында өркашан жол серігі, жан кияр досы болған. Дүйсенбай Максотты еріте кетуді жөн көрді. Бұлар жалғыз-жарым емес екен, балалар бақшасының тәрбиешісі Мәруся Шаргабаева да «төуекел кайыгына мініп» аудан астанасына аттанды.

Операция столы. Үстеріне аппақ киім киген, көңілдері де сондай таза Дүйсенбай мен Максот каны үлкен кадеге жарады. Хирургтер куанышында шек жоқ.

Балықбаевтар семьясына Сіздердің қандай катыстарың бар еді?!

Бұл сұрақты берседе Жақсылык тым ынғайсызданып калды. Өйткені Өуезов атындағы мектептің кластан және мектептен тыс төрбие жұмысын үйымдастырушысы, мектеп партия ұйымының секретарь!, жергілікті «Сөйлеп тұрған - Тұрғызба» радио хабарының редакторы, аудандык Совет аткару комитеті ұйымдастыру бөлімінін штаттан тыс нүскаушысы, «Социалистік Қазакстан», «Ембі» газеттерінін штаттан тыс тілшісі, тәжірибелі насихатшы Дүйсенбай Хасанов және оның өріптесі мұғалім Максот Медетов адамгершілік пен достыктын туын өрдайым биік көтеретін жандар еді...

Тәжен бетіне қан жүгіріп, оңала бастаған Алтыншаға бір сырдың бетін ашуда. Оған хирургтердін шеберлілігі, ауыл шоферінің елгезектігі, жанашырлығы, сонан соң екі жігіттің - Дүйсенбай мен Мақсоттың ерлікке тән ерен ісі өзек болуда.

Мен Жаңа жылда жеті перзент анасы Алтыншаға, көңілдері тартылмас теңіздей донорларға, өмір арашашыларына зор бакыт тілеймін.


Перейти на страницу: