Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 18


ӨМІРДІҢ АСАУ АҒЫСТАРЫ

Біз әңгімені танысудан бастадык. Ол айтты: «мен тауды жарып, тасты бұздым» деп мұрнын әнтек шүйіретін, абың-күбіңғе үйірсек, өкпесін өзеуреген өлі желге толтырып, кеуде керген керенаудан, мактан сүйгіш манғаздардан іргемді аулақ салсам дейтін адаммын. Ағаң осынысынан бал татпаса адасып, алжасып, кағажу көрген, зиян шеккен жок әзірге. Енді қамшы сабындай келте өмірді өксітпей, өгейсітпей, кырықтың қыркасына шығып, біраз белестерді артка тастаған жай бар. Әйтеуір кисапсыз киындыктың желісін үзіп, өр ісін акыл таразысында безбендеп, адал еңбек үшін табанын таска тілдіріп, маңдайынан ащы тердің мөлдір моншақтарын үзілдірген кең пейілді перзенттермен менің иығым қатарлас тұрса, артымнан бала қаздай шулай ұшып, бал бұлактай сыщырлай күлген моп-момакан бес-алты коңыр қозым сүйкімділігін сақтап, көптің көңіліне куаныш конактатса, көптің көңіліне арман аялатса болғаны. Бұл тек өзіме болсын дегенім де емес, баршаға тілерім. Ал, сенбінің ұзак күні калай сырлассак та жетер, не айтсам көнілін көншиді: өндіріс жайлы ма, өзім жайлы ма, әлде енбектестерімнің ерлік ісін паш етсем бе?

Мен айттым: суыртпактай тартылған алғашкы лебізіңіз менін сыр аулаған мешкей коңілімді біраз тояттатып тастады. Мынаған келіселік: мен тыңдайын, сізде бүгіп қалар сыр болмасын.

Ол айтты: «жарайды інішек, сенін дегенің-ак болсын».

Жер басып жүргенде

ецбектен шығысып, енші алып, отау тігем, түтін түтетем дегеннін өзі күйреуік, боркемік күйбің болса керек. Айтшы кәне, кім бар? Иә, ешкім жоқ. Екі иығын жүлып жеп, әуелі біреудщ ожауындағьіға ортақтасатын пысықсымағыңның өзі еңбек алдында оң-солын танымаган шәкірттей. Ол айналаны шолуға шарасы жоқ, көңіл құсы қазандық басындағы мосыны тұғыр етіп, арманы жерошақтын көмекейіне кептеліп, күл құшқан, тілеуі тұл тілемсек; көзі болса да жарық дүниенщ дамылсыз алға жылжыған күйме-керуенін көрмейтін көр сокыр; кұлағы болса да тіршіліктін бойды шымырлатар әуезді әнімен, күмбезді күйін естімейтін тас керең; аяғы болса да түсауы кесілмеген, тобығы тойтандап, үрей құйыны тигенде ғана елпең етіп, етегіне сүрініп, уақыт деп не кылайын, ел мен ер карасына ілесе алмай жүрген мимырт жан; адам аты болса да адал тірлігі бар ата-ананың бүкіл жан дүниесінен, жұлын-жүйкесінен, қасиетті канынан, жүдырыктай жүрегінен бастау, нөр алған ак сүтін актамайтын жарылған жүмыртка.

Дүниедегі ең кымбаттылар

жан өкем, аяулы анам және асау ағысы, аялы арнасы бар мынау сүлу да сырбаз өмір матан осылай деген. Ардакты, адал бол деген, бұғанамды бекітіп, қанатымды қомдап, сонау көз жеткісіз кекжиектерге, күн шуағына, келелі келешекке ғашык кып үшырған...

Соғыс... Сұм соғыстың сұркай сипаты сұмдык сұсты еді ғой. Сен жиырма жетідемін деп пе едің?Сен дүниеге келгенде соғыс біздің куанышымызды ұрлап, күлкімізді мезгілсіз үзіп кеткен. Уысымыз бауырсак түгілі талқанға бірде толып, бірде толмайтын. Бірак ел басындағы ауыр күн, жесірлердің, жетімдердің зарлы даусы жүйкемізді жұкартқанмен жігерімізді қайрап, шындап жіберген. Біздің көбіміз ол кезде үрдіс өзгеріске ұшырағандай ерте есейдік. Менің өзім 1949 жылы Гурьевтің мұнай техникумын бітіріп шықканда жиырманың жалынан тартып едім; көп нөрсенің парқы мен нарқын сарапка салатындай дәрежеде едім. Сонан соң енбектің құтты табалдырығынан аттап, Отан кадесіне жарар қауқар көрсетуге бел будым. Мамандығым геолог-ты. Албырттығым ба, жастығым ба, талай түнде ұйкыдан безіп, кірпік ілмедім. Сондағы ойым: бұрғымыз жер кұрсағының кұтты мекен-жайына тап келіп, тылсым тыныштыкта тұнжыр жаткан інжу- маржандар — «кара алтындар» жер бетіне теуіп шыкса, айхай шіркін, тусыраған шөл далаға тіршілік келсе, кала орнаса, бак орнаса... Осындай жонына токым мен такым тимеген талаптың асау тұлпарларымен жалғыз мен емес талайлар алысулы екен. 1949-1951 жылдары казыналы Құлсарының, Қарсактың куба жовдарында ізіміз сайрап калды.

Еңбектің оныншы көктемі

маған зор куаныш сыйлады. Ол күнді ұмытуым мүмкін емес. Коммунист атандым. Сонда балаша куана отырып, мен мынаған серт еттім: коммунист деген асыл есім, оның ар-ожданы пөк, ол-жауынгер, ол- үлкенге жолдас, кішіге қамкор, ендеше киындыктан каймығу - корқактың ісі, менің орным-алғы шеп.

Иө, менің орным-алғы шеп. 1963 жыл. Прорва. Тың өлке. Алғашкылардың бірі болып осында келдім. Өмірбаянымның жаңа тараулары басталды. Осы жерде екі-үш жатакханадан басқа ештеңе жок- тын. Енді көрдін бе? Орта мектеп. Онда біліммен сусындап жүрген мыңнан астам бүлдіршін. Аурухана. Балалар комбинаты. Клуб. Кинотеатр. Асхана. Бәрі- бөрі осында. Тынымсыз бас шұлғыған 73 скважина болса екі мың екі жүз елу-екі мың екі жүз жетпіс метр тереңдіктен «кара алтын» өндіреді. Өткен он бір айда Отан қоймасына жоспардан тыс 33 мың 590 тонна өнім тапсырылды. Алаулап түрған газы анау. Бесжылдык белeci де артта калды. Алда-итебер колға, жасымас жігерге ғана бас иетін жаңа асулар, жаратылысы белек жаңа техникалар. Прорва кұрсактан жалғыз перзент емес-ті. Міне, 7 скважинасынан мұнайы кокке шапшып, Актобе аланы жатыр. Игерілмеген байлык канша?! Мүның бәрі- күдырет, шыи кұдырет! Мұның бөрі Жер-Ананың мырзалығы, абзал адамдардын ерлігі мен абыройы. Қүдырет пен ерліктін, абыройдың иесі - осы өлкені түлеткен өрендер, карапайым енбек адамдары. Олар- Мәдениет Есенбаева, Мұханбет Аккайыров, Зылиха Тәңірбергенова, Бисеналы Актөриев, Қауынбай Жүбанов, Тілеген Елешев және баскалары. Олар белін бекем буып, ел камын ойлайды. Көктем, жаз, кыс, күз. Маусымның төрт мезгіліндегі қиындык та, куаныш та солардың ыктиярында. Әр күнде еселі еңбек, әр күнде үлгілі оқу. Менің өзім де Москвадағы Бүкілодактык политехникалык институтта сырттай оқып, биылғы июль айында бітіріп шыктым.

Прорва кымбат, жүрегімізге сондай ыстық. Бәз біреулер суырыла соғар желінен, етек-жеңді кармаған күмынан жиренеді. Менің Мәншүгім осында дүниеге келген. Қазір екінші класта. Әслимам - бесіншіде, Аскарым - сегізіншіде, Разиям - тогызыниіы класта, екі бүлдіршін күндіз балалар бакшасында, онан соң үйде асыр салады. Прорва кымбат маған. Басқалар кызғаныш білдірер: ендеше Прорваның ауасы да, байлығы да, даңкы да барша жұртка ортак.

Ол сигаретін тұтатты

да құшырлана сорды. Төртпак жауырынын орындықка шірене тірен, кең тыныспен дем алды. Маған манадан әңгіме шертіп отырған бұл кісінің - Прорва инжеиерлік-диспетчерлік қызметінін бастығы Бағыт Қалиев жолдастың бүкіл болмысы ыстык тартып кетті. Гүжілдей шығатын карлығыңқы коңыр дауыс, дүрдиген калың ерін, қою біткен кас-кабак, колымды қысыңқырап жіберген ебдейсіздеу, жуан саусақ, карулы кол алғашкыда көзіме кораштау көрінген. Шын сырым бұл.

Әу баста келістік кой, ол ештеңені бүгіп калған жоқ. Мен бәрін тывдай бердім, тыңдай бердім.

* * *

Окушым, сырлы сөз болса, бізге қия көр, ал әңгімеміз ұнаса сіздерге мың рахмет. Әйтеуір менін «дертім» осы кейіпкердің барлық тыныс-тіршілігі, оны көзім көрді, кұлағым естіді, ақыры жүрегімді жаулап алды.

Міне, өмірдін асау ағыстары бізді осылайша табыстырды. Қазір ол менің жанымда, менің таңымда, менің канымда.


Перейти на страницу: