Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 19


ЖАҚСЫЛАРДЫҢ КЕУДЕСІ АЛТЫН САНДЫҚ

Игі өнеге киын ерлік жасауды жеңілдете түседі, деген неміс акыны Гете. Сол айткандай-ак, кой өсірудің аса үздік шамшырағы Дүйсенбеков Өбді төлім алган игі өнегенің кайнар көзі кайда жатыр деген сауал мені көптен мазалаушы еді. Оған жауапты Өбекеңнің өзі тауып бергенде катты куанғанымды кайткен күнде де жасыра алар емеспін.

Ол 1973 жылдың жазы болатын. Ауданымызға енбек бәсекесіне түсіп жүрген Қызылкоғадан бір топ өкіл сау ете калды. Осалы жоқ, жұмысы жағынан да, абырой-даңқы жағынан да кілең дөкей: көз ашқалы шаруашылықпен айналысып келе жатқан аудан басшысы, совхоз директоры, партия комитетінің секретары, шопан, редактор, тағысын-тағылар. Танысу-білісу, көру-көрісу басталып кетті.

Екі-үш күн өткен сон олар «Коммунизм таңы» совхозын бетке алды. Сөті түсуді қойсайшы, сол топка мен де ілестім.

Міне, «Газ-69» дар тобы тактайдай тегіс жолмен заулап-ак келеді. Біз мінген «сары» шанға қакалмайыи дегендей сол топтыц соңын ала жуйткиді. Сапарласым, Қызылкоға аудандык «Коммунизм туы» газетінің редакторы Нүрқасымов Ізни журналистік казымырлығына салынып, әр нәрсені сұрай түседі. Соның бәрінде Өбді өмірі, Әбді тәжірибесі дегенді көбірек біле түсу ыңғайы бар. Қызу әңгіменің сиқыры аз болсын ба, жолға арналған бірер сагаттың калай откенін байқамай да калыппыз. Бака төбеге автомашиналар керуенішң иек асқаны сол-ды, алдағы еңістен шеңберлей тігілген елу шамалы киіз үй жарқ ете түсті. Киіз үй болғанда кандай! Тосын көрушіні бірден танкалдырады.

  1. Мәссаған, мынау не? - деді Ізекең ілгері үмтыла қарап.
  2. Бұл Қазбек жайлауы. №1 ферманың жазғы орталығы. Былайша айтқанда, Әбді ауылының какпасы, - дедім мен.
  3. Ғажап екен, - деді ол, - каншалықты сәнді!

Ауыз жинағанша тоқтай қалдық. Қонақтар түсіп жатыр. Оларға карай күшағын жайып, жез мұртын ширатып Әбекең келеді. Онсызда кысық коз ғой, куанған соң не жорык, мүлдем жұмылып кеткен. Күнге шағылыскан Алтын Жұлдызы жарқ-жұрқ. Орден, медальдары сыңғыр-сыңғыр. Қатарында өз ізбасары - Келбатыр Толесінов, қатарында саяси басшысы - Есенкелді Нұршаев.

- Қалыбай Жұмағалиев дейтін бала сенбісің, - деді Әбді ұзын бойлы, балуан денелі жігіттің қолын ҚЫСЫП.

- Аманбысың, Қалыбай? Кара домалақтар көбейіп жатыр ма? - деді Келбатыр.

Кейін білдім, бұл Әбекеңнің Қалыбаймен бірінші кездесуі екея. Келбатыр оның құрдасы болып шыкты. Екеуі Алматыдағы алкалы жиындарда талай кездесіпті. Дәмдес болыпты. Актарыла сырласыпты...

Кеңсе ішіндегі әңгіме үзакка созылған жок. Аудан басшысы Обутай Беклиев кыскаша соз сөйлеп, шаруашылық барысымен таныстырды. Тап осы жсрде Әбді Дүйсенбековтің озат тәжірибе мектебі жұмыс жасайтынын айтты.

Бұдан соң әркім өзіне керекті адамымен қолтықтасып кетті. Менің бакылап жүргенім Әбді мен Калыбай.

- Қалыбай, - деді біздің сары шал бір сұрақтан кейін бір сұракты өрбітіп, - сен осы СЖК-ны көп  колданатын шығарсың? Қозыны кашан айырдыңдар? Сендерде койды түпекке шығарып жаю дәстүрі калыптаскан ба? Мынау менің ізбасарым деп атайтындарың кімдер? Біздің аудан ұнап жатыр ма?

Екі «мыктының» кездесуі тегін аякталмасын ілкіде-ак сезіп, білгенмін. Енді сол «шайкастың» кыза түскенін бар жаныммен тілеп тұрмын.

Жалпы Өбекең тек кана өзімс болсын дейтін кісі емес кой. Әрдайым аңқылдап, әрдайым актарылып жүргені. Бүгш де сол. Өзі білгенді айтып, өзі білмегенді суыртпактап тарткысы келеді.

Ымырт үйіріле жайлау төріндегі аға шопан Кісенбай Асабаев үйінде конактар кұрметіне үлкен дастархан жайылды. Мұнда да ешкім Әбекеңе демалыс бере койған жок. Сұрай берді, сүрай берді.

Ізни ағамыз дастарханнан өлдекашан шегініп кеткен. Қойын кітапшасын суырып алып, бас көтермей жазып жатыр.

  1. Әбеке, - деді бір кезде Қалыбай, - ертең коян етіпен куырдак жегісі келген кісі бүгін түнде аңға шығар болар дегендей, сіздің бойыңыздағы жаксы қасиеттердің күні ертең бізге азык болары сөзсіз. Көп кездесе бермейміз, сондыктан өзіңіз тәлім-тербие алган өнеге жөнінде әлі де сөз қозғай түскеніңізді калар едік.
  2. Оның дүрыс, шырағым. Сары мұрт тағы да ширатылды.
  3. Мен тәлім-тәрбие алған өнегенің бастауы әкем Дүйсенбекте жатыр. Мені мал бағуға баулыған сол кісі. Оның бәрін баяндасам ұзак сонар әңгіме. Тек бастамасын, бір үзік сырын айтайын.

1959 жыл. Осы совхоздың жумысшылары Бекбауов Рзабек, Арыштанов Иван бар, бөріміз кой бағуға тілек білдірдік. Басқаны кайдам, мен әкем не істейді, әкем калай істейді, соны зердеме токи бердім. Көктемде Қойкын-Қарашүңгілді жанамалай өтіп Сарыкаска жайлауына көштік. Сонда әкемнін шақырып алып:

Балам, осы көшті өзің бастайсың. Қанша жүрерінді, жол-жөнекей кайда конарыңды өзің шеш, - дегені әлі есімде.

Үлкен сыннын басталғанын білдім. Өзімше сүрінбеудің камын ойластырып, алдыңғы түйе бүйдасынан жетелей жөнелдім. Бір көштік жерге ұзадык-ау дегенде токтап, түнеп шыктық. Әкемде үн жоқ. Ертесіне тағы көштік. Кешегі дагдымды тағы кайталадым.

Бұдан әріге шыдамы жетпеді ме, әлде дер кезінде ұктырғанды жөн көрді ме, үшінші күні өкем жинактаған пікірін жария етті.

Балам, - деді ол, - шаруа ойлаған кісі кепи- кон жайын жаксы білуі керек. Екі-үш күннен бері көптеген жұртты басып өттің. Соларға кезіккенде ойланып көрдің бе? Өй, білмеймін. Осыпдай көктемде ойпанға кім конушы еді?! Малың түні бойы тыпыршып шыкты, жатпай шыкты. Неге? Өйткені бауырын ызғар қарыды. Сондыктан бұдан былай күн кызуы өткен беткейге қонғаның дұрыс.

Жаз айында қонысың төбенің басы болсын. Шыбын-шіркей аз мазалайды, жан-жағыңның бәрі көрінеді. Күзде ыкка кон, көңге кон. Борасын келмейтін жағыңды ашыкка салып отыр. Осының бәрі көп нәрсені шешеді.

Содан бері әке акылын бұлжытпай орындауға тырысып келемін. Әрине, мені канаттандырған тек кана әке онегесі емес, халык өнегесі, жылдар бойы калыптаскан мол тәжірибе. Қалыбай, сен жассың. Шығар асуың алда. Сондыктан кеудесі алтын сандык дерлік көнекөз қарттардың лебізіне кұлак сала жүргейсін.

Әбекеңді каумалаған жұрт жүзінен ризалық сезім нұры алаулайды. «Игі өнеге киын ерлік жасауды жеңілдете түседі». Обдінін әкеден, халыктан алған өнегесі оны киын ерлік жасауға итермеледі, оган киын ерлік жасатты, оған киын ерлік жасатып келеді.

Мен қазір соған әрі таңғалып, әрі риза болып отырмын.


Перейти на страницу: