Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 4


БОЛАШАҚ КАМЫ БҮГІННЕН

«Мен ойлау үшін және тебіреніп сезіну ушін... өмір сүргім келеді.»

А.С.Пушкин

Еңбекке араласқан жиырма жылға жуык уакытта Марияның коллектив камынан кол үзген бір сөті жок. Үнемі ізденіс, үнемі ой үстінде жүреді. Ізденіс болмаса жаналық атаулы жоғалар еді, жаналык жоғалса токыраудың басталғаны-дағы.

Соңғы екі жыл қанша өкініш әкелді. Өнім шығару жоспары мандымай-ак койды. Сапа көрсеткіші төмендеп кетті.

Бұл заводпен өзінің еңбек өмірбаянын катар бастаған Марияны, коғамдык ұйымдарды, әкімшілікті ойлантпай қалған жоқ. Сөйтіп баршаның ойы бір арнаға құйылганда кінәраттардың да ұшығы көріне бастады.

Мария сиякты тәжірибелі цехтык партия ұйымы жетекшілері бұл орайда ілкі қадамды коллективтің өр мүшесімен әңгімелесуден бастады. Сменаны тапсыра caп, қоғамдық істі қолға алды. Үйді, шаршал-шалдығуды да ұмыткан кездері бар. Дегенмен ізгі ниетті ісі өз жемісін көрсетті. Әрбір өңгіме адам өмірінін, сонымен бірге өндірістін жаңа қалтарыстарын ашты. Январь айында цехта ашык партия жиналысы шакырылды. Мәселенін қойылысы коммунистерді ашық пікір алысуға бірден-ак шакырғандай-ды. «Әрбір тонна полиэтилен сапасын арттырудағы коммунистердің ролі кандай болуы керек?». Дәл осындай күн тәртібіндегі жиналыс кейін завод коммунистерін де ойлантып-толғантты.

Марияның, бүкіл заводтыктарды ойлантып отырған мәселелердің мемлекеттік сипатқа ие болып жатқаны қаншама?!

Мәселен, завод біраз шикізатты арнаулы шартпен Уфа, Куйбышев калаларынан алдырады. Өкініштісі сол, шикізат болмаған соң заводта жұмыс ырғағы бұзылады. Ырғақсыз жұмыс - сапасыз жұмыс. Отын-энергияның рөсуаға үшырауы. Адамдар ынтасының томен түсуі. Немесе мына бір мәселе де ерекше маңызды секілді. Заводта еңбек етушілердің орташа жасы шамамен 25-28-де. Жас адамның рухани өсуі үшін не кажет? Жаксы клуб, сүйкімді жатакхана, барынша жақсы жабдыкталған спорт залы, би алаңы керек. Ал химиктер сарайының «сақалды» құрылыстар сапына кіріп, козғалмай койғанына биыл бірнеше жыл. Демек, клуб құрылысын тездету керек.

Біздің Мариямен соңғы кездесуіміз смена алмасар сәтке дөл келді. Мария жұмыс аякталды деп үйге асыға қоймады. Кол сумкасын ашып, бірнеше парақтык баяндаманы окуға кірісті. Ол калалык партия комитеті бюросьтның мүшесі ретінде бүгін химия заводы, бір кезде өзі түлеп ұшкан №13 техникалык училище, одан соң каланың 4-5 күрылыс ұйымы коммунистеріне есеп бермекші.

Ойлау үшін жөне толғанып-сезіну үшін өмір сүріп жүрген абзал коммуниске коғамдык кызметте сәт сапар тілеу бізді үлкен куаныш сезіміне бөледі.

Үшінші шегініс:

БІР БАҚЫТЫ БАР ОНЫҢ

«Өмірде шубәсіз бір-ақ бақыт бар: ол өзгелер үшін өміріңді арнау.»

Л.Н.Толстой

Үйдегі алғашкы жүздесу кезінде біз Марияға: «Бауыржанның хатын окып шығуға рұксат бермес пе екенсіз?»-деген сауал койғанбыз.

- Окыңыз, оқыныз, мынау бірінші хаты, ал мынау-екіншісі, - деді ол.

«Қандағаштан сәлем! - деп бастапты хатын Бауыржан. Саламатсың ба, қадірлі мама? Жолға шыкқанымызға бір төуліктен асты. Өн шырқаймыз, көңіл көтереміз. Әскери бөлімшеге жеткен бойда толық етіп хат жазармын. Сен әшнөрсені уайымдама, екі жыл екі күндей болмай тез-ак өтіп кетеді, тек маған сен де, күте біл...»

Осы бір хат жолдарын абзал ана бірнеше кайталап оқыған шығар. Бір кезде ана көкірегінде осынау сөбилерді азаматтыққа киналтпай жеткізсем деген аяулы арман ұялап жатқан-ды. Енді сол бір асу аскары көз алдында тұрранда Мария көкірегінде екінші бір аяулы сезім шоғы түтанды. Ол-жұдырыктай жүрегі соғып тұрганда өмірінің ең кымбатын, ең кызығын туған елім мен жеріме арнасам деген аяулы сезім шоғы.

Үйдегі, өндірістегі кездесу, оның жолдастарымен әңгімелесуден кейінгі ой қорытындысынан мен мынаны ұктым: Мария- еңбеккер, Мария-ана, Мария-кайраткер жүрегінің жазирасында жыр жолдары айкын өрнектеліп жатыр. Оның сағыныш, махаббат, бакыт жыры екені тіптен шүбөсіз.

ҮСТАЗДЫ ДА АБЗАЛ AHA ДЕРСІҢ...

Өткен жылы Макат ауданының Байшонас поселкесіндегі әйгілі мунайшы Балғаным Доспаева атындағы орта мектептің 1973 жылғы түлектері мектеп бітіргендерінін жиырма бес жылдығын атап өткен-ді. Сол салтанатта еліміздің әр шалғайынан келіп, жамыраса бас косқандардың ұстаздары мен бір-біріне деген салкар сағынышын көрудің жүрек тебірентерлік оқиғаға айналғаны өлі есте.

Кездесудін өн бойына есімі жиі жөне ілтипатпен аталған ұстаздардың бірі Рәбиға Сұлтанкызы Жалғаспаева болғаны да ұмытыла койған жоқ.

Оның шәкірттеріне асығып, ерте жол жүремін деп көрі канатын комдап, елпілдеп, елжіреп отырғанында жалғыз ұлы Бауыржан кенеттен көз жұмып, бар куанышының жел қуған бұлттай ыдырағанын да сонда естідік. Бұл катал тағдыр кімді неге көндірмеген десейші?!

Содан біраз бұрын менің Рәбиға өжейге ойда-жокта ұшырасып, біршама сырласканым барды. Бұрын-соады таньгп-білмесе де жатырқаған жоқ.

- Ә, Жылыой топырағынанмын де. Ол бір койнында байлык тұнған құтты мекен ғой. ¥лы Отан соғысының дауылы ел басына кайғы бұлтын үйірген 1941-1945 жылдары мен де Жылыойда, Күлсарының Абай атындағы орта мектебінде ұстаздыкеттім. Оған дейін, атап айтканда 1938 жылы облыстык оку бөлімі жанындағы біржылдық мұғалімдік курста оқып, оны бітірген соң Балықшы мектебінде математикадан сабақ берген болатынмын. 1946 жылы Атырауға ауыстым да, 1963 жылға дейін кала мектептерінде жұмыс істедім. Бұл тұста тәжірибемнің молайғанын сезгенмен білім толықтыруымнын кажеттігі айкын- ды. Сол себепті екі жылды сарп етіп, Актөбе қаласындағы кыздар институтында окуыма тура келді. Ал 1963 жылдан 1974 жылға дейін ұстаздыкты Байшонаста жалғап, кұрметті демалыска шыктым. Бар өмір жолым осы.

Обалдары нешік, шәкіртгерімнін ешкайсысына да өкпем жоқ. Алыстағылары айында-жылында, жакын маңдағылары ат қүрғатпай келіп, хал- куатымды сұрап шығады.

Бір кезде белгілі ғалым, геолог-барлаушы Таумұш аға Жұмағалиевтың туған қарындасы, медицина ғылымының кандидаты Сараны окытып едім. Жақында сол Сараның жүбайы Ниетқалиев Жұбатқан келіп, көрісіп кетті. Сараның сәлемін жеткізді. Осы калада Мұрат Сәрсенов, Сабанбай Жөкиев, Сания Жасакбаева, Боран Дүйсенов, Қалман Наурызбекұлы, Секербай Байманов, т.б. шәкірттерімнің абыройын естігенде мерейленіп каламын.

Рәбиға өже әңгіме үстінде әзілдей отырып кәрілік белгілері туралы кызғылыкты әнгіме өрбітті. Олар: ұмытшақтык, жаңылғыштык, дүниекорлык, сәби сиякты өкпелегіштік, бауырмалдык, сөзшендік (үлкейгенде адамның күші тілінде қалатын көрінеді), үйге отырғысы келмейді екен, яғни кыдыруға әуестік, қорқақтық, сүріншектік... Өзі жиырма шақты еді, қалғанын ұмытыппын.

Солай, шырағым. Біз жүрген ортада қиындық та, куаныш та көп болды. Соның бәрін мен өз өмірбаянымның кұрамдас бөлігі санаймын. Екі жағымнан күш, акыл-ойымнан сәуле кетпей түрғанда зейінді зердеге бойымдағы бар асылды еншілеп кетсем деймін. Өйткені мен - Үстазбын, мен - Анамын. Екеуі де ұлы тұлға...

Иө, абзал жан, үлағатты тәрбиеішнің бүл уәжіне кұлак коясың. Құлак коя отырып, оның тұстастары мен шәкірттерінің ісі, күрметі мен кылығы аркылы өзінін кыска өмірбаянын өлшеусіз байытып, тұтас бір шежірсге, тағылым оқулығына айналдыра білетіні кандай карапайымдылык, кандай көрегенділік еді деп таңданасың, таңдай кағасың. Ол үлкен жүректі, ілгері тілекті адамның ғана колынан келер шаруа болғандықтан солай істеуге мәжбүрсің.

Өттең, сол үлкен жүрек, ілгері тілек иесі

біздің өңгімемізден кейін бір жыл өткен соң, 80-ге қараған шағында фанилік дүниеден бакилык дүниеге өтті. Артында басты байлығы қалды. Ол оның өр жылдарда алған орден-медальдары, атак- грамоталары емес, ол Үстаз-Ананың шөкірттері, акылы мен кеңесі, білімі мен білігі, нұрлы бейнесі десем кателеспесім анық.


Перейти на страницу: