Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 5


ЕМЕННIҢ БҰТАҒЫ

Иә, ер күн сайынғы тірлігімен ел алдында сан мәрте сыналады десек, оның тутас саналы ғұмырынан қымсына, кысыла есеп беріп, мындаған жүректің таразысына тартылар, сана сәулесінің сүзгісінен өтер тұсы мәртебелі мерейтойлары болса керек.

Осы тұрғыда талай даңқты ұл-қыздың алтын бесігі атанып, күнде түлеп, сағат сайын дүр сілкінетін Кең Жылыойдың тағы да бір жаркын шара кұшағында болуы және бұл жолғы кейіпкерлік кезектің еселі еңбегімен еңселі биікке, кісілік келбетімен асқар асуға көтерілген азаматқа, лауазымын қоса айтар болсақ, аудандык Мәслихат хатшысы Құлмұхан Төремұратұлына тиюі әбден заңды да жарасымды секілді. Оның кеше кім болғанын, кешеден бүгінге калай және кандай сокпакпен, кімдермен бірге жеткенін бір білсем, кіндік қанымыз киелі топырақка қатар тамғандыктан, мен жетік білермін, оны басқалар, барша жұрт білсе, несі артық, несі айып?!

Атамыз казак мүндайда да аскан дана, капысыз сұнғыла. Алдымен жігіттің ата тегін сұрайды, содан соң ғана аунаған күлдігіне, ата жұртына назар аударады. Осы түрғыда алыста калған ару жылдарды куалап, біраз шегініс жасасак, мандайымыз сірә да таска тие коймайды.

Құлмүханның арғы атасы Қалмырза Меккеге барьш, кажы атанған. Ал, әкесі Төремұрат аксакал, жас та болсақ көзіміз көре калды, окығаны аз болса да, көңілге токығаны мол, елге сыйлы, абыройлы жан- ды. Берік уәденің, пәтуалы сөздің, кастерлі кылықтың иесі еді. Марғаулыкты мінеп, бұрысты түзеп, дұрысты колдап отыратын. Жөн-жосыкты, жол-жоралғыны өзі каншалыкты кадір тұтса, езгеден де соны күтетін, тіпті талап ететін. Елжіресе шын елжірейтін. Жомарттығы ұстаса, кушағына бірді емес, көпті сыйғызатын. Шамырқанса шарт сынатынына да куәгерміз. Бірак, озбырлықтан ада-тұғын. Біреуге тізе батырып, біреуге көз алартпайтын, кек сақтап, кеудесін ластамайтын. Тасадан тас лактырып, бірліктің берекесін кетірмойтін.

Неге екенін кайдам, маған ол «арыстаннын аузында, Түрікменнін төрінде» нәсібе-байлык жатса, соны алуға батылы жететін жүректі, кия-құздағы емендей берік әрі еңселі адам болып көрінетін. Ол кісінің осы Құлмұхан дүниеге келген 1941 жылы ұжымшардын кара жал бурасы мен Кызыл маясын сонау Мәскеудегі көрмеге алып барғаны, көрме біткен тұста соғыс басталып кетіп, екі жануары да аман, өзі де есен, елге оралғанын ертегі дейсіз бе, ерлік дейсіз бе?! Айтпакшы, Төкең сол еңбегіне орай «Қазақстанның 15 жылдығы» орденімен марапатталған ғой.

Тіпті беріректе, картайған шағында, Қүлмұханы бар, Қабашы мен Бөгетбайы бар, өз айналасындағы ағайын-туыстың кара сирактарын ала жаздай жұмысқа жегіп, 150 мың тас бастырғанын, оны орта мектептің құрылысына бергенін кім үмыта алар? Сол мектептен бәріміз де түлеп ұштык. Әлі де жас ұрпактың алтын ұясы.

Міне, сондай еңселі еменнен майыспайтын, майысса да сынбайтын, бұл күндері өмірде жок, алайда артына жаксы атак, жарым ырыс калдырған Сағын, Меңсұлу, Айша, Сұлу секілді иір бүтактар өрбіді. Бірі-кұрсактыи кенжесі, Нұрыш ананың уызына жарып, жайсаң мінезінің шуағына, тал бесіктің жылуына бөленген Қүлмұхан...

Асылы, тектілік тегін кетпеген. Құлмүхан да жасынан пысық, еті тірі болып өсті. Орта мектепті бітірген бетте сол дәуірдің енді бір жиырма жылда коммунизмге беттестіретіп үранымен ауыл шаруашылығына жолдама алып, «Қазакстан» үжымшарына бақташылыкка барды. Бір жыл табандылыкпен еңбек етті, шаруаға икемділігін дәлелдеді.

Одан соң екі жыл Алматы каласындағы зооветеринарлық институтта, төрт жыл Ресейдің Кострома қаласындағы ауыл шаруашылығы институтында оқып, ғалым-зоотехник мамандығын алып шыкты.

Өміртану, енбектану дәуірі басталды. Төрт жыл туган ауылында ірі кара жоне кой фермаларын басқарып, кеңшар директорының орынбасарлығына дейін өсті. Бойында жігер, білегінде кайрат, көкірегінде ел-халыкка адал кызмет етсем дейтін арман-мүдденің жалынды пюғы бар екенін көрсетті.

Көп кешікпей сол кездің өскелен кадрды өшірмей, алға сүйрейтін жақсылык шарапаты Қүлмұханды да іздеп тапты. Ол Қараарна селолық Кеңесінің төрағалығына жоғарылатылды да, кейін осындай лауазымдағы жемісті жұмысын өрісі мен тынысы бір, Жем өзенінщ игілігін бірдей емген «Ембі» кеңшарындағы Калинин селолык Кеңесінде жалғастыруға жіберілді.

Қүлмұханның осылайша кірі жуылып, кіндігі кесілген ортадан ұзап шығуы шын мөнінде жаксылыктың жаксы жоралғысы еді. Бұны оның туган жердің перзенттігінен туған елдің перзенттігіне жолдама алғанын әйгілейтін сәтті кадам деп бағалауға да болатын.

Жана жерде жаңа төраға село тұрғындарының олеуметтік ахуалына баса көңіл бөлді. Ардагерлерді камқорлауды бірінші кезекті міндет санады. Жаңа салт-дәстүрлердің өркеп жаюына ұйыткы болды. Жастар тәрбиесіне жіті назар аударды. Шаруа жайдың тұтқасын ұстағандардын кемтік көрмеуін кадағалады. Өзінің ала қолдық пен ала пиғылдықты

сүймейтін, ойывдағысын түгел және түгендеп айтатын касиетін, ұрымтал тұста ұтырлы әрекетке барып, ұтымды ұйғарым жасай алатын кабілетін таныта білді.

Бүлардың кайтарымы оған бедел болып оралды да, аудандык партия комитеті 1978 жылы осыған орай шешімді ұйғарым жасады. Оның мойнына кеңшар партия комитетінің хатшылығы міндетін артып, екі жаңа мекенде - Қосшағыл («Косшағыл» кеншары) мен Аккиізтоғайда («Коммунизм таңы» кеншары) он жыл бойы катаң сыннан өткізді.

Әрине, оның жүрген жолының бөрі де тактайдай тегіс бола койған жоқ. Бір кезде атауы үлағатпен аталған, оған коса өзгелерге улгі етілген ұжымдарда көңіл көншітетіндей шаруа, көңіл өсіретіндей өркениет, көңіл тогайтатындай бірлік, өнеге, тарбие орнына олардын бір қайнауы ішінде жаткан шикі, сауатсыз сұлбасын ғана көру Қүлмұханды катты ойландырумен катар, кабырғасын кайыстыра күйзелтті де.

-Біздің казақ қанағатшыл халык кой. Жок болса қайғырмайды, бар болса асып-тасып кетпейді. Қоңыр төбел өмір кешуге бейім-ак. Сөйтіп уақытты оздыра береді. Мен Қосшағыл мен Аккиізтоғайда осы бір марғау тірлікке карсы «майдан» ашып, адамдардың ойына, пікіріне, санасына, жинақтап айтқанда бүкіл болмысына козғау салуға, өзгеріс енгізуге көп күш жұмсадым. Ол үшін өзім ұзак уакыт жұмыс істеген елді мекендердін тыныс-тіршілігін, адамдар ұстанған әдет-ғұрыптар мен қарым-катынастарды кайта бағамдап, ортак түйін жасадым, іс-әрекетімді де соған орай жаңаша жоспарладым. Оның баршасы іске асты десем, асығыс қорытынды болар. Біракөзімді де, өзгені де канағат сезіміне бөлеген тұстар күн санап, жыл санап көбейіп отырды,-дейді Құлекең өткенді еске түсіргеи кезде.

Иә, омір арпалысында бұкпантайлап емес, белін бекем буып, тіке жүрген, ак жүрген Құлмұкан бүл фәнидің ұшпағы мен кыспағын, мадағы мен масқарасын бірдей көрді. Айтқанын касакана кағыс қалдыратын кырсық мінездің, айтқанын жанын сала жадырай тыңдағанмен жүзеге асыруға кауқары жетпейтіи жасык мінездіц, ай, несін айтасың, талайымен кезікті. Өзін «жер астынан жік шыкты» коріп, өсектің лапылдаған өртіне лактырудың, оқыс қимылға шакырып, опық жегізудің оңтайлы сәтін күткен мысык тілеулестердің талайымен ұшырасты.

Бірде «Құлсарымұнайкұрылыс» тресіндегі біршама лауазымға ие Коваль деген келімсектін, өздері жасап жүрген үрлык-карлықтың ізін жасырудың қамы шығар, не Құлекеңнен кұтылудьщ бір амалы осы деп шолақ ойлады ма: «Әркім өз орнында жүруі керек кой» деп, мұның зоотехниктігін бетіне салқ етті. Ондай бопсалаудан қобалжитын Құлмүхан ба, «сендердің ел дәулетіне кол салып, бүгін не жеп, ертең не кусатындарыңды білу жене кору үшін де адам керек, оның зоотехниктік мамандығы болса, тіптен артыктык етпейді, сен соны білмеуші ме едің?» дегені. «Арты» лас сужүрек «көжекке» осыныңөзі жеткілікті, енді бұлтаруға да, бұлталактауға да мұрша бермейтін жауап-ты.

Ол шіркіннің тиісіп тұрған Құлмұхан әріптесініц бір кәсіптің шеңберінен өлдекашан шығып кеткенін, кез-келген пендемен, соның ішінде ел- жұртқа танымал акын, жазушымен де, ғарышкер, галыммен де, қогам кайраткерлерімен де тең сөйлесіп, терең сырласа алатын биікте екенін, оның әділдік кемесінің адамгершілік айдыньгнда өлдеқашан желкен көтергенін, оған әлдебір кездейсоқ дауылдың катер төндіре коюы киын шаруа болатынын қайдан білсін- ау...

Өлбетте, ондай сыңарезулер азшылык еді. Құлмұханды кайда, кандай іс басында жүрсе де іскерлігі, шешімділігі үшін қолдау көрсетушілер, соңына ерушілер, сөзіне қүлак асушылар көп еді.

Оны «Коммунизм таңы» кеңшарындағы директорлық, «Құлсарымұнайкұрылыс» тресіндегі орынбасарлык, Құлсары поселкесіндегі әкімдік қызметтері анық аңғартты.

Ол кеңшарда шашпашылдыкгың зарар-зардабы бөрінен де күшті деген тұжырым жасады. Мәселен, бір фермада бір кыста 7000 айырсаптын, ал екінші бір фермада 1272 колғаптың жұмсалуы мүмкін бе? Мүмкін емес. Шынайы зерттеп, бакылап Караганда жаңағы айырсаптың санын жеті мыңнан 182-ге, жаңағы колғаптың санын бір мың екі жүз жетпіс екіден 18О-ге дейін түсіруге болатынына көз жеткізді.

Теңіздің тамшыдан кұралатынын кім жокка шығара алады?! Аталған кеңшардын 1980-1988 жылдар арасындағы таза пайдасының ең үздік көрсеткіші 1986 жылы 705 мың сом болса, басшылык тізгіні Құлмұханның колына тиген 1989 жылы 1 миллион сомды кұрады. Кеңшардын есеп шотында 1988 жылы карабакыр да жок-ты. 1989 жылы оның мөлшері 714 мың сомға жетті. Шаруашылык жүргізудегі жаңалык өз алдына. Сол кезде казіргі замандағыдай кыркым пункттерінде жұмыс істеуге ниет білдірушілер үшін конкурс жариялау кімнін есіне келіп еді? Ешкімнін де...

Тағы бір мысал. 1993 жылдың 16 сөуіріндегі тасқын Құлсарының 1354 тұрғын үйін апатка ұшыратты. Міне, осындай киын сәтте поселке өкімі Бейнеу стансасының басында 17 күн кона жатып, жапа шеккендерге арнап 24 платформа ұлутас жөнелтті. Керек кезде табылған іскерлік, керек кезде жарк еткен төзім деген осы шығар...

Құлмүхан осындай ұкыптылык, арға шабу, намысты колдан бермеу үлгісін, тұтастай алғанда елге- жерге деген ыстык ыкылас-ниетін кейін ет комбинатындағы, мұнай базасындағы басшылык кызметтерінде тағы да жаркырата көрсетті. Оны 1999 жылдан бері аудандык Мәслихаттың хатшысы лауазымында одан өрі жалғастырып келеді.

Бөрін айтпай дөнін айтсак, билік тармағынын

бірі ретінде Мәслихаттың жөне оның депутаттарының беделі мен белсенділігінш артуы, сессияларда ең өзекті мәселелер бойынша өмірлік шешімдер, атап аиткаида, Қүлсары каласының 2001-2003 жылдарға арналған даму, көркейту-көріктендіру, сондай-ак ауданда су, жылу жүйелерінің, жаңа өлеуметтік объектілердің кұрылыстарын салу бағдарламасының бекітілуі — жаксы нышан, жаркын келешекке өріс ашу. Бұларға косымша ұмыт бола бастаған тұлгаларды халыктың жадына оралтып, мөңгілік өрісіне шығаруды, олардың есімдерін көшелерге, аландарға, мектептерге еншілеуді, ауданның экономикасына, әлеуметтік өміріне зор еңбек сінірген адамдарға «Ауданнын кұрметті азаматы» атағын беруді, т.б. көкейге жаксылык нүрын кұятын тәрбиелік жөне тарихи шара деу ләзім.

Дегенмен, осы істердің басы-касында жүрген жөне көш бастаушысы Құлмұхан Төремұратов аспаннан түскен адам емес. Жердің адамы. Жерден куат алған, өзімен үзеңгілестерден, әсіресе аға буыннан бойына өр мен нөр жинаган, сөйте жүріп, өз арманының, өз мақсатының мүсіншісі дәрежесіне жеткен, ұлағатты ұстаздары, ізетті ізбасарлары, сүттей үйыған отбасы, өзін сүйдіре және сүйе білетін адал жары, келешегі кемел үрпағы, болашағы зор немерелері бар бакытты жан. Егер біз Төремұрат аксакалды тірлігінде жақсыны да, жаманды да көп көрген, бірақ тамырын тереңге жайып, бекем орныккан карт еменге баласак, сол еменнің иір бұтағы - Құлмұхан да сол бағытты бетке ұстаған. Тек ак жолы ұзағынан болғай!

Ата-бабамыз: "Емен агаштың иілгені-сынғаны, ер жігіттің ұялғаны-өлгені" демеуші ме еді. Сондыктан да ол - кайсар әрі кайратты, биік әрі төзімді...

Күні бүгін оның бітім-болмысында әдемі мінез бар, өсу мен өрлеудің, өну мен дахмудың серпіні бар. Бұдан кырык екі жыл бұрын ол бір ғана ұжымшардын еңбек жолын енді бастаған бақташысы еді, қазір аудан басшысының бірі, кең Жылыойдың, егемен елдін ақберен азаматы.

Осы орайда акын Жаппар Өмірбековтың мына бір өлең шумағы ойға оралады:

Көріңдерші, адамзаттың көктемін, Жарылқаган жан сәулесі жеткенін. Жас түлектен отты дауыл тудырган, Өр емендей ер азамат өскенін!

Шындығы да сол!!!


Перейти на страницу: