Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 6


HAP МІНЕЗДІ HAPKECKEH

Дәл күні кешегі қасиетті жүмада, акпанның жетінші жүлдызында біз - әріптестері талант тарланбоздарының тағы бірін алпыс жасымен кұттықтап, кұшакка қысу бакытына ие болдык. Ол - Атырау баспасөзінде ширек ғасырдан астам уакыт жұмыс істеп, оның тарихына өзіне тән колтаңбамен жаңа беттер косқан қаламгер, Казахстан Журналистер Одағынын мүшесі Мақсот Елеусінов. Оның есімі калада да, далада да зейіпі зерек, көзі каракты мың сан окырманға етене таныс.

Махаң сөз бәйгесіне есейіп, пайымы түрақтап, парасаты толыскан, көзқарасы орнығып, көрген-білгені біршама өскен түста жүрдек каламмен, шалқар шабытпен қосылды.

«Неге есейіп қосылды?» деген көлденең сұрақ туындаса, дел он үш жылға шегініс жасап, оньщ сол кезең сүбесінде нендей сыннан өтіп, не тындырғанына қысқаша барлау жасауға тура келеді.

...1961 жыл. Елде жастарды мал шаруашылығына аттандыру науканының нағыз қызған шағы. Үраны айбынды, дабылы катты сол науканньщ «отына» орта мектепті бітірген Максот та шарпылды. Шарпылуына «жаңа саясатпен» бірге сонау ұжымдастыру сәтінен бері мал соңына ерген әкесі Төпесов Елеусін мен анасы Төпесова Қаленнің карттық шекарасына терең бойлауы да қосымша себеп болды. Шаруашылык басшыларының үміт етіп, ұйғаруынша олардың ізін енді өзге емес, баласы басуы керек.

Маусым айында баскалары секілді Теңіз (казіргі Құрманғазы) ауданында да дүбірлеген шопандар тойы өтті. Сол тойда Мақсоттың жүрек калауын:

Әкежан, бер батаңды, таягыңды, Үлыңа еңбек етер күн таянды. Сіз бастаган қастерлі ұлы еңбекті, Серт беремін етуге мен баянды, - деген жыр жолдарымен өрнектеп, күрбыларына үндеу тастауы нағыз патриоттык бастама ретінде көпшіліктің жадында калды.

...1964 жыл. Шопандык өмірдің үш жылы көзді ашып жүмғандай зыр етіп өте шықты. Максот белін жазып, «Қара шаруаның қазанында біраз қайнадым ғой, енді жоғары білім алуым керек» деп, окуға жинакталды. Бірак, кедергінің кайдан болады дерің бар ма?! Алдыпан әскери комиссариаттын үш жыл "адасып", колына тимеген тілдей шакырту кагазы шыкты. Сөйтіп оған кіреукелі көңілмен Армия қатарына аттануға тура келді...

Оның жанына басқадан гөрі әскери комиссар майор Гусевтің сөзі батты.

Үш жыл бойы әскери комиссариаттың он шакыртуына келмепсің. Сенің бұл қылығын-нағыз кашкынның, азаматтык міндетті орыядаудан жалтарушының кылығы, сені сотка беру кажет, - деп біраз зіркілдеген.

Ақталмаса тағылған айыпты мойындаганы. Сондықтан Максот та тілі жеткенше сөйлеп, өзінің актығын дәлелдеп бакты.

Жолдас майор, мен он шақыртудың бірде- біреуін алғаным жок. Менінше оларды біреу-міреу көпе-көрінеу жасырған. Мені шопандыктың камытынан босатқысы келмеген. Демек, менің кашкындығым жөніндегі тексеруді әуелі ұжымшарда бастап, фермада жалғастырғаныңыз жөн. Нансаңыз, мен де тап осы сәтте төлкұжат та жоқ. Мен кұмға сіңіп, белгісіз дүние өлеміне еніп кете жаздаған адаммын...

Комиссар сонда ғана райынан кайтты. Бірак, сүйектен өткен сөз бен ауылдағы жымысқы өрекеттің әсері көңіл ажарына кіреуке түсірмей коймады.

Уакыт өте оны да ұмытты.

..1967 жыл. Москва мен Калуга калалары маңында үш жыл өскери міндетін адал атқарган ол елге оралып, құрылыска жұмысқа орналасты.

Малшылар үшін үй, кора-қопсы тұрғызды. Қолы калт еткевде кітап жинактап, окуға әзірленді. Сөйтіл, 1968 жылы Алматыға маңдай тіреп, Киров атындағы мемлекеттік университеттің журналистика факультетіне емтихан тапсырды. Бәрінен сәтті өткен. Ағыліпын тілінен мықтап сүрінді. Мектепте ондай пәнді окымағанын күлаккағыс етіп, талай есікті ашып еді. Созін каперге алар ешкім табылмады. «Шешінген судан тайынбас» демей ме, «құлаған» Максот ауылға жөй кете калмай, Оку министрлігіне базына хат тастап кетті.

Ақыры, сол базынасы пайдаға асты. Келесі жылы ағылшыншасы жоқ емтихан сынынан Максот та, елден барғанТөлеген Берішбаев та, Бағытжан Нүрышев та, Бакыт Ескуатов та сүрінбей өтті. Максоттың министрлікке хат жазғанынан хабардар болғандар сол күні: «Сені бүгіннен бастап «Нар мінезді наркескен» деп атаймыз» деп, колын жабыла кысты.

1974 жылы ол университетті бітіріп шыкты. Тек бітірген жок, омырауына университеттің төсбелгісіне коса үкіметтің жоғары наградаларынын бірі - «Құрмет белгісі» орденін тағып оралды. Оған бұл орден 1972 жылы 23 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жазғы демалыс кезінде студенттік механикаландырылған отряд күрамында егін жинауға бірнеше жыл белсене катысканы үшін берілді.

Енбеккорлыктың үлгісі деген осы емес пе?!

Студент Мақсот Елеусіновтың бұл ереп табысы сол жылы еліміздің бас газеті - «Социалистік Қазакстанда» көркем очеркке, Қазақ радиосында арнайы хабарға аркау болды.

Еңбегі еленді деген осы емес пе?! Бастама көтеріп, үш жыл сусыма құмның арасында кой бағып, оныи басын түгел сақтағанда, мыңғыраған козы өргізгенде онын мандайынан сыйпап, аркасынан каққан біреу болып па еді? Болмаған еді... Бірақ, Мақсот кайда жүрсе де озін награда мен атак үшін емес, ар мен абырой үшін күресуші санады. Ол университеттен кейін Актөбе қаласына жолдамамен келіп, облыстық газетте, облыстык теледидарда екі жыл, Атырауға ауысып, облыстык газет редакциясының ауыл шаруашылығы бөлімінде әдеби кызметкер, жауапты хатшының орынбасары лауазымдарында жиырма екі жыл жұмыс істегенде де алдында биік максаты бар, оз парызын жете сезінетін кызметкер жене азамат дәрежесінде болды. Үзбей ізденіп, шеберлігін шыңдап отырды. Қаламын арам сияға батьрмады. Шындықтың бетіне тіке карады. Кемшілікт анғара білді және оны біреудің арына, шамына тимей, коюлатпай, боямасыз көрсетті.

Өзінін ірілі-ұсақты хабарлары мен көркем очерктеріне, суреттемелері мен репортаждарына Атыраудың Сакан Доулеткалиев, Мүсілім Нұрмүканов, Ғилаж Айткалиев, Таңат Жұмағалиев, Жөрдемғали Досқалиев сынды акиыктарын кейіпкер ете отырып, адами касиеттерді үздіксіз ұлғылады, ауыл шаруашылығының, соның ішінде мал шаруашылығының өзекті мәселелері туралы ой толғады, усыныс-пікірін ортаға салды.

Әрбір объектіден тын такырып тапты. Өрбір объектіде еңбек ететіндердің тағдырына терең үңіліп, олардың әрқайсысынан өзіне төлім, өзгеге өнеге боларлык ұнамды касиет іздеді. Іздегеніне кезікті де.

Мөселен, бірінші іссапарын Индер ауданынын «Передовик» колхозына арнаса, одан шопандар бригадасының, «Теніз», «Алғабас» арнаулы шаруашылыктары жұмыстарымен жете таныскан тұста мал бордакылаудың, Новинск аралдарын аралап қайтқан сон мал азығын дайындаудын, Қызылкоға, Теңіз ауданы шаруашылықтарына кайта кайта барғыштап, терең зерттеуі нәтижесінде мал тұкымын асылдандырудың бүгіні мен келешегі туралы тұщымды және назар аударарлык тұжырымдар жасады. Талай марте редакциянын дөңгелек столы жанында кездесу ұйымдастырып, казына қүлпын ашты.

Маха, мына бір материалың төуір шыккан екен. Шабытты немен шакырдың? - дейміз кейде өзілдей сөйлеп.

Ондайда ол жауап кайтаруға асыға коймайды. Сакылдап күліп алады да, стол тартпасынан не қалтасынан өбден сарғайған мөштегін іздейді.

Танқан соң кейде тұтас, кейде ортасынан белінген сигаретті қыстырып:

  1. Асыкпа, оның сырын казір айтамын, - дейді. Күлсалғышын оңтайлап, темекісін тұтатады. Содан кейін ғана былай дейді:
  2. Бос сұрак койып, боска уакыт алғанша шабыт шақыратынды көрсетіп, көзімді шарадай ашпайсыңдар ма?

Тағы бірде:

  1. Маха, осы сені шопандар ауылының иттері де таниды дейді, сол рас па? - деп сұраймыз.
  2. Рас, - дейді ол. - Тек оған «келіншектері де таниды» дегенді косып айтсавдар әбден үйлеседі.

Өзілдің емі өзіл. Махаң оны жаксы түсінеді. Сәті түскенде әдемі әзілге кезек береді, кажет жерде акыл-кеңесін де аямайды. Шолақ ойлап, шолак пішушілерге жаны кас. Солардың солакай өрекетінен іс насырға шапса, катты күйінеді.

Ана бір жылы ауыл шаруашылығында жекешелендіру процесі колға алынып, ауылдың көркі кашып, тынысы тарыла бастаған кезде біз газет бетінен Маханның «Бардан айырылу емес пе, бұл» деген жанайқайын естідік. Оның жүрегінің, болмысының бір бөлшегі ауылда екенін білдік.

Күні бүгін:

Ойпыр-ау, Президенттің ауылға бетбұрыс жасауға арнаған үш жылында ауыл біткен еңсесін тіктей алса, жаксы болар еді, - деуі де оның көзі көріп, көнілі конактаған ауылга шынайы жанашыр екенін айғактайды.

Осындай үлкен жүректі азамат тұрмыста да сезімтал, талғампаз, максаткер. Оның отыз беске келгенше бойдак жүруін баска бір төтенше жағдайға телімей, оның жоғарыдағы касиеттеріне байланыстырсак, кателеспегеніміз. Бірак кеш үйленген Максот көштен калған жок. Айжан екеуінің арасындагы таза сүйіспеншіліктің белгісіндей көздері мөлдіреген алты перзент - үш ұл, үш қыз дүниеге келді. Алтауының төртеуі - Ерболаты, Шынары, Шынболаты, Анары - жұмыста, Жанары мен Нұрболаты мектепте.

Бәрі де калпында өтіп жатқан. Өмірге еш өкпеміз жок-ты. Тек сошы жылдары аяк астынан тағдырдың екі катты сокқысыньщ есеңгіретіп кеткені болмаса, - дейді Махаң.

Иә, есенгірегені де шындык. 2001 жылдын мамырында небөрі елу жастағы зайыбы Айжан ауыр наукастан көз жүмды.

Ал, өзі болса, 1997 жылдың 29 шілдесінде жүрек талмасына ұшырап, уақытша белсенді жұмыс кабілетінен айырылып, шығармашылык кызметтен шеттеп калды. Со дан бері көз карашығында мұнар бар. Қан кысымы жиі ауытқиды. Осыларга сәйкес дәрігерлердің тәртібі де катаң, әзірге терең ойлау кызметіне араласпауды кажет көреді.

Дегенмен, Махаң мұңайса да мұкалмаған жан. Өзі күлай сүйген өмірдің өр мезетін мәнді, сөнді өткізуге күштар калыпта жүріп жатыр. Балаларын да бекемдік пен бірлікке баулып, тәрбиелеп, осы қарлығаштарымды катарларынан кем етпей осірсем, канаттарын катайтсам, биікке үшырсам дейді, кызыктарын ұзак уакыт көрсем дейді.

Бұл - тәтті армап, орындалатын арман.

Сүлу өмірдін сұлулығына сүйсініп, куанышына талай тойынған, сондай-ак таланына бұйырған тас тағдырдын талай таукыметін нардай көтерген нар мінезді наркескен Махана «арыма, алшан бас, абыроймен жеткен алпысыңның жан азығын жүзге жеткіз!» деген тілек айтамыз.


Перейти на страницу: