Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 7


ТАҒАСЫ ТАЙМАҒАН ТАҒДЫР

...Соғыс зобаланы кімге оңай тиген. Талайды кыршынынан киды. Талайды мүгедектер катарына қосты. Талайды сүйіктісінен айырып, жүздерін ащы жасқа жуғызған да, талайды ес білмейтін жаста өкесіз калдырған да соғыс.

Сол соғыс ойранының опығын ерте жегеннің бірі Қабази Құбашұлы. Ол, аманшылык болса, күні ертең кұдай бұйыртқан, тағдыр сыйлаған алпыстың аскарына шығады.

Өкесі Құбаш Дәуітүлы казіргі Кұрманғазы ауданының бұрынғы «Забурын» ұжымшары сиыр бакташылыгынан 1942 жылдың 14 наурызында майданға аттанғанында ол жарық дүниені көргеніне небөрі төрт-ак күн толған, ана сүтінің уызына жари коймаған бейкүнә сәби еді. Жүттың жеті ағайындығы да рас шығар, содан бір жыл өтер-өтпесте, кырық үштін тотызыншы ақпанында көрі шаңырақтың есігін сонау Петрозаводскіден келген «Қара кағаз» какты да, анасы Жаннат Сейіткызының басына қайғы бұлтын аяк асты үйіріп әкелді, Осылайша жесірлік көгені оның, жетімдік кұрығы кішкентай Қабазимен коса апалары Ғибадат пен Сағираның мойнына түсті. Көп кешікпей Сағира сүзекке шалдығып, жауказын шағында көз жұмды. Неткен каталдык десеңізші!

Енді кай жерді, кімді паналаса әке түяғы аман калады? Оның тандауын жаны жасыса да кайратка мінген Жаннат ананың өзі жасады. Жасады да, 1945 жыл Жамбыл ауылдык Кеңесіне көшіп келді. Келген бетте сол Кеңестің кеңсесіне үй сыпырушы болып орналасып, сол кеңсенің бір бөлмесін пана тұтты. Балаларын аялады, білім алып, көз ашуына кал- кадерінше мүмкіндік туғызды.

- Кенсеге жапсарлас үйде кітапхана болатын. Мектептен келе сала сонда барып, кітап өлеміне берілу мен үшін кұштарлыкка айналды. Он үш жасымда атакты әскери ұшкыш, екі жылда үш марте батыр атанған Иван Кожедубтың «Отаныма қызмет етемін» атты кітабын зор ынтамен, «тірі жүргенде менің өкем де ерлік жасар еді-ау» деген өдемі киялмен окып шыкканмын. Қазір сол шығарманың мазмұны түгелдей зейін-зердемде токылып калды дей алмаймын, бірак оның «Алдымда өмірдің даңғыл жолы сайрап жатыр» деп аякталатыны есімде, - дейді Қабази Құбашұлы балалығын еске түсіріп.

Иө, оған ол тұста тұтастай кітап оку бакыты тие койған жок. Үжымшардын тірлігіне араласып, шөп шапты, шөмеле салды. Мұндагы ойы кам көңіл анаға қолканат болу, колтығынан демеу еді. Ол сөйте жүріп, үш жыл интернат жатақханасының тірлігін көріп, екі пәннен «төрттік» бағасы болғандықтан күміс медаль ала алмаса да, қатар-кұрбыларының көші басында Мыңтөбедегі Карл Маркс атындағы орта мектепті ойдағыдай бітіріп шықты.Содан сон, Иван Кожедуб айткандай, сайрап жаткан өмір жолымен Чапаев атындағы кеншарға келіп, бір жыл жумысшы, ага шопанның көмекшісі болды. Енбектің дәмін татты, өзін-өзі жоғары білім алуға әзірледі. Еңбегі еш кетпеді.

1959 жылы Атырау мемлекеттік педагогикалық институтының тұңғыш ашылган тарих-филология факультетіне окуға түсті. Бұны мақсаткер ұлды алға бастаған жаңа өмірдің жарқын жаңалығы, ак жол тілегеп ананыц ақталған ак тілеуі десек, әбден жарасымды болар...

Қабекең уакыт жойған жоқ. Білім мұхитына жасқанбастан қойып кетті де, еркін жүзе жөнелді.

Оган Қабекеңнен бір жыл кейін, 1960 жылы аталмыш институттың аталмыш факультетін таңдап, студент атанған өзіміз-ак куәгерміз.

Шіркін-ай, ол бір кез нағыз таланттардың көзі  ашылған тұс еді. Институттын кабыргасынан

Қазданбай, Күзембай, Зұлхарнай, Дүйсенбай, Марат, Жалғас, Көпжасар, Сайком, Аманкос, Аманкелді есімді ауыздық шайнаған арынды ақын-әдебиетшілер шыкты. Күні ертең ғалым болайын деп тұрған Амангелді, Қадіржан, Тұрсын, Айбосын секілді таланттар танылды. Қабекең осы екі топтың бел ортасынан табылып, терең білім-білігімен, кір шалмаған абырой-беделімен, соны ой-пікірімен жаркырай көріпді. Институтта өтетін барша шарага жастық жігермен белсене араласты.

1963 жыл еді-ау. Біз Қабази Құбашұлы мен Тұрсын Біләлұлын Қырғызстанның Фрунзе (казіргі Бішкек) каласында өтетін Казахстан және Орта Азия республикалары жоғары оку орындары студенттерінің ғылыми конференциясына шығарып салып, дипломмен оралған сәттерінде куана карсы алдык.

1964 жыл еді-ау. Біз Қабази Құбашұлының екі бірдей куанышына-институтты уздік дипломмен бітіргеніне жөне аспирантураға жолдама алғанына куә болып, құшағымызға қыстык, табысына сүйсіндік.

Өкінішке орай, ол аспирантураға бара алмады. Оған баска емес, шалғайдагы Нарын құмының как ортасында Атырауға карай алаңдай көз тіккен, жалғыздық мойытып, кәрілікке бет алған апасының жағдайы эсер етті. Сөйтіп ол Қызылкоға ауданындагы Сағыз кәсіптік-техникалық училищесі директорынын мәдени-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлығына жолдама алды. Анасын көшіріп әкеліп, алансыз жұмыска кірісті. Үйірмелер ашты. Талапкерлерді өдебиетке баулыды. Тәрбиелік максатта кештер, айтыстар ұйымдастырды. Ауыл тіршілігіне де араласты.

1965 жылдың қазан айында Қызылкоға аудандық комсомол конференциясы өткен. Қабази Құбашұлы сол конференцияға делегат болып катысып, сөз сөйледі. Көзге түсу үшін емес, өзі еңбек ететін училищенін, жалпы ауыл жастарының өміріне катысты көкейге түйген оЙ-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салуды максат етті. Бірак, ол сол күні-ак назарға ілікті. Аудандык партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Өтешкали Есмағамбетовтың ұсынысымен аудандык комсомол комитеті бюросының кұрамына енді. Бір кызығы конференция жүмысына қатыскан облыстык комсомол комитетінің бірінші хатшысы Мәдина Ғабдісәлімкызы да жәй кетпей, ойына түйін түйе аттаныпты. Көп кешікпей ол Қабази Құбашұлын өз карауына жұмыска шакырды.

Міне, тағдырдың ешкім алдын-ала болжап болмайтын күпия күбылыс екеніне, адамның болашак өмірінің калай калыптасарын кейде бір сөттің немесе санаулы сағаттардың шешетініне осының өзі мысал бола алса керек.

Бұл, бүгін ойлап отырсак, онын мемлекеттік кызметтегі алгашқы кадамы екен. Жігері тасыған жас жігіт жаңағы облыстык комсомол комитетінде үш жыл нұскаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Іске мығымдығын танытты.

Қабекеңнің таңдауға түсуі комсомолдык жұмыстан кейін де талай рет кайталанды. Ол 1969 жылы облыстык аткару комитетінің референттігіне шакырылса, кейін 1970-1973 жылдары Балыкшы аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, 1973- 1974 жылдары калалык партия комитетінде нұскаушы, 1974-1981 жылдары облыстык партия комитетінің ұйымдастыру-партиялык жүмыстары бөлімінің нұскаушысы, кейіннен тоғыз жыл бойы онын сектор мецгерушісі, 1991-1994 жылдары халык депутаттары облыстык Кеңесінің аға референті, бас маманы, облыстык Өкімшіліктін бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлык жөне кадрлармен жұмыс бөлімі меңгерушісініи орынбасары кызметтерін аткарды. 1994 жылдың казан айынан бері Атырау облыстык Мәслихаты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

Оның комсомол ұйымынан басталған сәулелі сокпағы бүгінгі таңда, артык-кем жок, отыз алты жылға иек арткан. Осы отыз алты жылда Қабази Құбашұлы еңбек еткен санаулы ұжымға біраз бастык келді, біраз бастық кетті. Ал, өзгермей калатын адам біреу-ак. Ол-Қабекен. Неге? Менінше, бул орайда басымырак айтылатын сан алуан накты далел бар. Ол әркез өз уакытынан оза кимылдады; өруакыт кең аукымда іс-әрекет жасады; басқалардан көп жіәне жаксы жұмыс істеді; жумыстан рахат тапты, жұмыспен жаңалық ашты; шексіз енбеккорлык пен еңбексүйгіштіктің, ынта мен төртіптің тірі үлгісі болды. Өз білгенін өзгеден кызғанбады, кайта журегі кең, өнегесі өрісті жан дәрежесіне көтерілді. Қабази Қубашұлының бұл ерекпіе касиеттерін оның сүйікті төлімгерлері, бүгінгі ардагерлер: Өбілқайыр Кенжебаев, Есен Тасқынбаев, Тынышбай Оразов, Құмар Темірташев,

Қохман Жарылгасов, Қапес Құрманғалиев жокка шығармайды, мактан етеді.

Қабекең де өз кезегінде «бұл ағаларымнан көп нөрсені үйрендім, көп нөрсені зердеге тоқыдым. Сұлтан Өжікенұлымен істес болу, Казахстан Компартиясы Орталық Комитетінің инспекторы Имаш Қанапияновпен елге келгенде кездесіп, іссапарға шығу, әңгімесін тыңдау мені рахат сезімге бөлейтін. Мен бұлардын енегелі өмірін бір-бір мектеп, бір-бір окылып, зерттеліп бітпеген оқулық санаймын», - дейді.

Көрдіңіз бе, шынайы сыйластық адамдар өмірін нұрландыра түсетін, ғажайып қасиет. Ал, махаббат күші тіптен кұдіретті. Бұл орайда Қабекеңмен отыз алты жыл қолтыктасып, тату-тәтті ғұмыр кешкен Шолпанның өз косағының адами касиеттерін биіктетуге қосқан үлкен үлесін баса айтуымыз қажет. Екеуінің өмір жалғасы-кыз-күйеу Ағайша-Наурызғалидың, ұл-келін Мұхтар- Гүлмираның, Ерлан-Альмираның, кызы Айнагүлдің, әзірге бойдак ұл Нұрланның ізеттік аясындагы ізгі тірлігі, жиендер Нұрболат, Абзал, Азаттың, немерелер Ділдә, Жантөре, Ақтотының тәтті қылыктары ерекше одемі әрі әсерлі.

Біздер-облыстык Кеңестегі әріптестері осыдан он жыл бұрын досқа ынтык, жүмыска ғашык Қабекеңді елу жаска толуымен кұттыктап, «...Атқарған қызметтер мен лауазымдардың кай-кайсысында да Сен іскер де ыждағатты, сыйлы да сыпайы, мұкият та жауапты, тұтастай алғанда жұмыска шынайы берілген адам екенінді көрсете білдің. Осы кезеңде сені асып-тасуды білмейтін табандылар мен ала жіп аттамайтын адалдар көшбастаушыларының бірі және бірегейі деп бағалағанымыз да рас, әлі де бағалаймыз. Елудің бекетінен жүздің ордасына бет алған былайғы өмір сапарында саған сырына да, сынына да сызат түспеген бұрынгы калпыңда қалуды, адамгершілік асқарына өрлей бермесең төмендемеуді калар едік. Жанұяң шуаққа толып, жапырағың жайыла түссін!» деп тілек косканбыз.

Енді Қабекең алпыста. Тіпті өзгермеген. Мойылдай кара шаш. Үяң мінез. Әсем күлкі...

Сондыктан алпыс жыл тағасы таймаған, багы азаймаған азаматка, күрделі тағдыр иесіне бұрын айтқан тілегімізді қайталаймыз!

Жасай бер, Қабеке!

ХАТ НЕ ДЕЙДІ, ҚЫЗ НЕ ДЕЙДІ?

Біз күнде кездесеміз. Бізде сыр да мол, жыр да көп. Міне, Сайлау келді.

- Оу, жүзің сынык қой. Не болды? - дедім.

Оның дауысы катты шықты. Көзі де жарқ ете қалды.

- Айтшы, тұрлаусыздың кұны не?..

Ол маған калың кара дәптер мен бір хатты ұстата салды...

БІРІНШІ СЫР

Тілі әдемі, сыры тұнык күнделік мені баурап әкетті. Құныға окыдым. Оқыған сайын жакұттай жарқылдаған сезім моншактары өзіне төнті етіп, бір- бірін шексіз сүйген екі жастың бейнесі де көз алдымда биіктеп, оқшаулана берді. Жігіт - Мұканғалиев Сайлау да, кыз - Насырова Жансұлу. Арман куған екеуі 1963 жылы Гурьев мемлекеттік педагогтык институтына келіп түсті.

Бір куні екі жүрек тіл катты. Махаббаттың жырын шертті. Өмір сапарында бірге болуға серт те берілді. Сөйтіп, Сайлау мен Жансұлу шынтак түйістіре отырып, ұстаздарынын ұлағатты сөзін ұйып тыңдады. Зерделеріне токығандарын дөптерге тізді. Білдік, толдык деп тоқмейілсінбеді. Шарк ұра ізденді. «Барынша көп адамды бакытты ету - басты максат», -десті екеуі. Жұптарын жазбады. Еңбек семестрі кол бұлғағанда да білектерін сыбанып, іске кірісті. Әсіресе, «кара алтынды» койнына тығып, сан ғасыр маңғаз жаткан Маңғыстаудағы күндер бір тамаша дәурен болған. Онда Сайлау мен Жансұлу достарымен бірге еңселі үйлер тұрғызды.

Кейде екеуі кыр асып, ұзак қыдырды. Майда жел маңдайларын өбіп, шаштарын сипады. Олар кып- кызыл боп батып бара жатқан күнге де телміре қарады. Ойга шомды. Кыскасы, жүрек тынбай жырлады.

«...Жансұлу екеуіңнің ұштаскан көніл- армандарыңа ешбір кылау түспесін. Бакытты болыңдар»,-деп куанышын жасыра алмаған Қадырбайдай достары осы бір кадірлі жүптың өр кадамына кол соғып, игі тілектерін айтты.

Уакыт шіркінде токтау болған ба? Төрт жыл өтті де кетті. Жиырма бес кыз бен жігіт колдарына дипломдарын алды. Қимастыкпен коштасып, әрбірі өр жакка жол тартты.

Сайлау болса Ембі аудандык пионер үйіне

директор, Жансүлу болса Индер ауданының Гребенщиковадағы сегізжылдық мектебіне мұғалім болып орналасты. Енді шалғайдағы екеуі бір- біріне сағыныш арқалаған хаттар жолдады.

...Кейін Сайлау әскер катарына шакырылды. Ол алыс жолға аттанарда Жаннамен (Жансұлуды осылай деп атауды сүйетін) жүздесейін, анасына сәлемдесейін, ойымды білдірейін деген екі максатты көңіліне түйіп жолға шыкты.

Индерге кештете жетті. Ешкайда аялдамастан Жансұлудың үйіне беттеді. Алдынан Максат пен Бағытжан жүгіре шыкты. «Мамам бүгін сізбен телефон арқылы сөйлеспекші еді, байланыс болмады»,-деп жаналықтарын баяндады. Ал Нәсіп екі беті алаулап: «Облыстан тандап алған жездеміз келіп калыпты ғой»,- деп наздана күлді. Сайлау куаныш құшағына енді. Ертесіне Қамаш анага бар шындыкты актарып салды. Ана жактырмады. Гребенщиковадағы Жансүлуын шакырды. Дастарханын кең жайды. Көрші-көлемдер төрге шыкты. Егіз косаққа ана батасын берді сол күні.

Ана әркашан ана ғой. Ол осы бір оқиғамен жанын  жасартты. Салиқалы сөзі бар, сабырлы жігітке мейірімін төкті. Сайлауды оскерге аттандырып салу үшін Гурьевке де келді. Содан соң-ак демалыстарда келіп-кетіп жүрген Жансұлуы табалдырықтан аттар- аттамастан: «Сайлаудан хат алдың ба, хат жаздың ба?»-деп сұрайтынды шығарды.


Перейти на страницу: