Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 8


ЕКІНШІ СЫР

Хат! Жауынгердің ен жакын сырласы ғой бұл. Мүнда жаналық бар, өн-жыр бар. Сүйгеніцнін сағынышы, анаңның аңсауы да, дос-жолдасынның жүрек дүрсілі, туған жердің тыныс тіршілігі де осында ғой! Хаттар, хаттар! Тез жетіңдер. Жай жетпеңдер, қуаныш кұшактай жетіндер.

Осындай оймен Сайлау ұсынған хатты аштым.

«Мен баска кісіге тұрмыска шығайын деп жатырмын. Өзінді күтуге кұдіретім жетпеді, акыры жогарыдағыдай шешімге келдім. Өзіңнен келген хаттарды алып, ешбір хат жазбастан тым-тырыс жата бердім, хат жазуға бата алмадым. Әрі өзіме-өзім сенгім келмеді. Шынымен солай бола ма деп ойлаймын. Енді шын солай болған соң, ашығын айтып, бір жағына шығу керек болды. Екеуіміз кезінде бір-бірімізді сүйдік. Бірге өткізген күндеріміз жүрегімнің бір түкпірінде калар, ұмытылмас! Үрсушылар да, таң калушылар да бар. Саған кояр ешкандай кінәм жок, бәрі өзімнен, кайтейін. Ал, кош сау бол, кайда жүрсең де аман бол!

5 июнь 1968 жыл».

Бакытындай көріп, кадір тұтқан Жансұлуынан мұны есітем деп пе еді?! Жоқ. Ойына да алмады. Мөуелеп келе жаткан махаббатының шаттығы шоқтай жанып жүрді. Көңіліне кірбін кіргізбеді ешуақыт. Қысқа уакытта қырағы жауынгер атанды. Елгезектігімен, еңбексүйгіштігімен, тәртібімен көзге түсті. Өріптестері, командирлері сыйлады.

...Ол сенді. Мыктап сенді сүйгеніне. Қалай сенбес. Жауынгерлік өмірдің 235 күніндегі хаттар кос жүрек косылып, нөр алар, тынбай ағар мөлдір бұлак сиякты еді ғой.

Қарайықшы...

«...Үйге келген газеттерді көтеріп калганда сенің хатың түсе калды арасынан. Көзім жарк ете түсті, жалма-жан ашып окыдым. Асылым, мені сағындың ба? Мен сағындым өзінді. Жақсы түстер көріп жүрмін дейсің бе? Қандай түстер? Бөр-бөрін айтып жазшы, естігім келеді...

Сәлеммен Жаннаң».

«Асылым! Үш хатыңды да алдым. Сағыныш сезімі ме, куаныш па, әйтеуір көзімнен жас ыршып кетті. Менің айтатыным: мойыма, ауылдағы мені ойлап жүдеме, ойьща ештеңе алма. Екеуіміздің фотомызды ала кет деп едім гой, соған кара да мені көргендей бол.

...Апам менен сурап жатыр: хат келді ме, өзің жаздың ба деп. «Келді бірак жаза койған жокпын, жазам ғой», - деп едім, ұрсып жатыр...

Сәлеммен Жаннаң».

«...Каникул кезінде мені күттің бе келіп қалар деп. Айтар ауызға оңай болғанмен, кыс ішінде кетеріліп кету киын ғой. Қыс катты. Хатывды күтемін.

Жаннаң».

Алдапты, алдапты... Көзі ашык, көнілі ояу жанның мұнысы-дәрменсіздік. Өйткені, ол белін бекем буып, бақыты үшін күресе білмеді. Жалған кызыкпен сезімін сергелдеңге салды. Акылдаспады ешкіммен. Өзімшілдіктщ өкіндірерін ескермеді.

Текке кеткен жоқ, көкөрім махаббаттың күмбірлеп тұрған күйін, асқак өнін жоғалтты. Көңіл жөрмеңкесін бұзды. «Күтемін, бір жыл деген ертең- ак өтпей ме, келген соң уығы иінді, керегесі кен, жасауы мол ак отау тігеміз», - деген уөдесін жұтып, жүректі жаралады.

Өсте жүректі жаралаған жаман ғой.

Н.бөліміпесі.

ҚАБАЗИ КҮНДЕЛІГІНДЕГІ ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Қиялы ұшқыр, көңілі ояу Көпжасардың өз өміріне өзі жол ашып, аз жылда үзеңгілестерінің біразынан танымы мен талғамы, білімі мен білігі жағынан оқшау көзге түскені әбден ақикат. Дәл осыны басқадан бұрын айқын аңғарып, дөп баса байкаған оның курстасы Кұбашев Қабази болғанын 48 жылдан кейін білу кандай ғанибет десещзші?!

Қабекең 1964 жылдың сөуір айында өз күнделігіне мынадай жолдар түсіріпті:

“...Достар институт кабырғасында өткен бес жыл ішінде өзгерген, өскен. Ойлары да, бойлары да толыскан. Біреулері институтта бұрынғы болмыс-бітімдерінен ілгері кетіп, зиялы кауымнын бел ортасында өзіндік үн, өзіндік адамгершіліктерімен алға ұзаңқыраған. Олар емірден тез түйіп, окып-үйрене білген. Тек білім казынасынан құр сусындап қана коймай, сол алған білімдерін өмірге ыңғайлы пайдаланып, кажеттеріне жаратуда. Ондайлардың пікір- толғамдары ашык, айкын, Рухани өскендері де көрініп тұр. Айбосын, Жолдас, Түрсын, Көпжасар, Бекестерден осыны байкауға болады”.

Ия, сакайып қалмағанмен, есеюге бет түзеген қатар-кұрбыларына коса оларды өкшелеп өсіп келе жаткан бозбала біздер Көпжасардың тыныс- тіршілігінен көп нәрсені үйреніп, көп жәйтті ойға түйдік. Оның соңына түссе не тіл, не әдебиеттану, не тарих ғылымынан зерделі зерттеуші-ғалым болып шығатынына еш күмәніміз жок-ты. Әу бастан түйсігі мол-ды, оны ой-тілектің нәрі санайтын. Біраз жыл Совет көшесінің №195 үйінде жалдамалы пөтерде бірге жатқанда көз жеткізгендей, ол тұтастай тарихты тереңдеп, талдап, зейінге түйіп окитын. Тұтастай өдебиетті, соның ішінде поэзиялык шығармаларды сүйсініп, сүйіп, ой маржанын сүзіп окитын. Студенттің жұтаң стипендиясына тандап, талғап, сарыла іздеп, сатып алатын, кітапхана қорында бас көтермей танысатын рухани азығынын саны да, сапасы да соның көрінісі еді. Дегенмен, оның ойын бөрінен бұрын билеген, жүрегіне нұр сыйлаған, тамырына қан жүгірткен куат көзі - поэзия болып шықты ғой.


Перейти на страницу: