Жажда жизни — Саухат Жумагуль – Страница 6
| Название: | Жажда жизни |
| Автор: | Саухат Жумагуль |
| Жанр: | Биографии и мемуары |
| Издательство: | |
| Год: | 2012 |
| ISBN: | 978-601-292-648-4 |
| Язык книги: | Русский, казахский |
| Скачать: |
Иранмен бірге Екібастұзда жұмыс бастаған азаматтардың көбі Астанаға онымен бірге қоныс аударды. Иран мамандарының қай-қайсысына да жағдай жасауға тырысып бақты. Иран Елубайұлы жұмысты жақсы жүргізіп, қызметкерге қатаң талап қою үшін оған барлық мүмкіндік жасалу керек дейтін ұстанымға берік жан еді. Өз жұмыскерлеріне солай жасады да. Екібастұздан келген қызметкерлеріне Учхоздан көп бөлмелі коттедж жалдап, ішін тұрмысқа ыңғайлы етіп жасап берді.
Иран геология бөлімін бір ізге салып қана қоймай, Астанада жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына да қызу араласты. Өзінің құрылыс бригадасын құрып, дәнекерлеуші, қалақшы, жүргізуші және тағы басқа мамандарды жинап, жұмыс көзін тауып беруге жәрдемдесті. Оларды құрылысқа қажетті құрал-жабдықтармен, тенхникалармен қамтамасыз етті. Бұның барлығы балдақпен басып, таяққа сүйеніп жүретін адам үшін ауыр екені белгілі. Бірақ Иран сол ауырлықтың бірде-бірін маңайына сездірген емес. Барлығын бір мақсаттың астына біріктіріп, жұмысқа жұмылдыра білетін. Бұлардың барлығы оңалту орталығының беделін көтеріп, мүгедектерге қайырымдылық жасау үшін ұйымдастырылған жұмыстар еді. Сонымен бірге ол мемлекеттік атқарушы билік орындарымен де тығыз қарым-қатынас орнатып, мүгедектердің қордаланған мәселелерін үлкен ауқымда қарастыруды қолға алды.
Осындай бастамалардың бірі Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған Мүгедектер проблемалары және мүгедектерді қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысына араласуы болатын. Иран Астанада жаңа салынып жатқан үйлер мен қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелердің барлығында мүге-дектерге ыңғайлы мүмкіндіктердің жасалуын қатты қадағалауына алуды көздеді. Әкімшіліктегі жауапты азаматтармен келісе жүріп,
мүгедектер құқын қорғауды бір сәт тоқтатпады. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «кедергісіз өмірдің» кілтін тауып, құлпын ашып, есігіне енгізу асыл мақсаттарының біріне айналды. Барлық тұрғыдан қолайлы жағдайдың жасалуын жалықпай айтуы арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан Мүгедектер мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі ашылған еді. Иран Елубайұлы кеңес мүшелері және төралқа шешімімен бірауыздан Мүгедектер мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің белсенді мүшесі болып қабылданды. Бұл Кеңесте ол өзін және басқа мүгедектерді мазалайтын көптеген мәселелердің басын ашып, қоғамдық талқыға сала білді.
Астанаға келе салысымен мүгедектердің проблемаларымен тікелей айналысқан Иран Елубайұлы көп нәтижелерге де қол жеткізе бастады. Ең бастысы, өзінің қайраткерлігі арқасында таныла бастады. Атқарушы билік орындары оның айтқан ұсыныстары мен салмақты пікірлерімен санасатындай дәрежеге жетті.
2000 жылдардың бас кезінде ел экономикасы сәл де болса көтеріліп, оңы мен солын түгендеп, қайырымды істерге қаржы бөлетін-дей жағдайға жетіп қалған болатын.
Иран енді мүгедектердің мәселелерін Қазақстан көлемінде ғана қарастырмай, шет елдердің де тәжірибелеріне сүйенуді жөн көрді. Осылайша 2002 жылы Еуропаның, Азияның дамыған елдерінде болып қайтуды көздейді. Ол жақтың жақсы жақтары мен тиімді жолдарын Қазақстанға енгізудің амалын іздестірді. Сөйтіп, Германия-да өткен Бүкілдүниежүзілік көрмеге қатысып қайтқан еді. Көрме мүгедектерге арналған құрал-жабдықтардың жиырма бірінші ғасырда қол жеткізген жаңа заманауи үлгілерін таныстыру және халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Қазақстандағы мүгедектер үшін қоғамдық орындардағы пандус пен бағдаршамдарда дыбыс беріп тұратын мүмкіндіктерге қол жеткізу мұң болып жүрсе, дамыған елдер бұл салада мүлдем алға кеткеніне көз жеткізді. Әлем өте жоғарғы деңгейде алға жылжып, көп мүмкіншіліктерге қол созыпты. Адам айтып жеткізе алмайтындай жаңа технологиялар пайда болған екен. Қазақстанда тірек-қозғалыс
мүшелері зақымдалған адамдарға мемлекет тарапынан берілетін арбалардың сиқы сын көтермейтіні белгілі. Оның өзі жағдайы жоқ, мемлекеттік жәрдемақыға қарап отырған мүгедектерге жеті жылда бір рет берілетін. Көптеген мүгедектер үкіметтен үміт күтпей, аға-йын-туыстарының көмегімен өз қаражаттарына шет елден сапалы арбалар алдыртатын.
Иран сол жолғы көрмеде зағиптарға арналған құралдар мен аппараттардың неше түрін көрді. Сондай-ақ, сөйлей алмайтын, есті-мейтін мүгедектерге арналған сан қилы аппараттардың бар екеніне куә болды. Әсіресе, жүріп-тұра алмайтындарға арналған замана-уи құрал-жабдықтар мен лифтілер, пандустардың түрлері, оның ішінде ең көп назар аударғаны мүгедектер арбасы болды. Талғамға сай жасалған арбалардың арасында германиялық «Майра» фирмасы әлемнің дамыған елдері қатысқан бұл көрмеде көпшіліктің көңілінен шығып, ең жоғары бағаға ие болды.
Иран осындай сапалы арбаларды өз елімізде өндіруді армандады. Осы ойын жүзеге асыру үшін арнайы жиын ұйымдастырып, «Майра» фирмасының өкілдерін отырысқа шақырды. Өзара пікір алысып, ой бөліскен соң германиялық фирманың қазақстандық бөлімшесін ашуды көздеген келісімдерге қол жеткізді.
Жаңа өндіріс орнын ашу, әрине, оңай шаруа емес. Бастапқыда «Майра» фирмасының арбаларын әкеліп отырған Иран біртіндеп сол өнімді өз елінде өндіруге көшу үшін біраз қайрат жұмсады. Өз идеясын жүзеге асыру үшін 2008 жылға дейін көптеген кездесулер, конфе-ренциялар өткізіп, келіссөздер жүргізуге тура келді...
Астанаға ауысқалы бері Иран құрылыс жұмыстарымен, оңалту орталығының медициналық саласын дамытумен, яғни МГАРП-01 аппаратын қолданысқа енгізумен, спорттық-жаттығу залын ашумен, өз мекемесінде геология бөлімін жұмыс істетумен, шет елдермен байланыс жасап, Германия, Жапония мемлекеттеріндегі жетістіктерді Қазақстанға енгізу мәселесімен айналысқан. Мұның сыртында министрліктер мен әкімдіктерде өтетін түрлі деңгейдегі жиындарға қатысып, елдегі мүгедектер мәселесін көтеріп, жағдайды оңтайландыру жолдарын баяндаудан жалықпады.
Алайда бұл проблеманы шенеуніктердің құлағына жеткізу, қоғамның ең әлсіз, қамқорсыз тобына биліктің назарын аудару оңай болмады. Қалыптасқан жағдайға қарап ұққаны — билікке ықпал етудің бірден-бір жолы — заң шығару органы — Парламент арқылы мәселе көтеру. Қордаланған проблеманы бастан-аяқ көрсететін ресми хат дайындап, депутаттардың аузымен айтқызу.
Әрине, бұл мәселені қайткен күнде де билікке жеткізу қажет. Өйтпейінше мәселе шешілмейді. Ал Қазақстан қоғамында мүгедектер-ге жағдай жасалып, олардың құқы қорғалмайтын болса, бұл елдің Азияның барысына айналары екіталай. Бір ғана Астананың өзінде бұл мәселе ескерілмеген. ХХІ ғасырдағы гүлденген әсем қалаға айналуды көздеген шаһарда әлемге аты мәшһүр, қала символына айналған «Бәйтерек» кешеніне кірер есіктің алдында да мүгедектерге арналған пандус жоқ. Сонда «Бәйтерек» жарымжан жандарға арналмаған ба?.. Жаңадан салынып жатқан басқа ғимараттар да солай. Тіпті әкімшілік, басқару органдарының ғимараттары да халықаралық стандарттарға сай келмейді. Ал қарапайым тұрғын үй кешендері тек қана аяқ-қолы бүтін, сау адамдарға арналған секілді.
Осының бәрін ойластыра келе Иран үні шықпай, төрт қабырғаға қамалып, шарасыз отырған мыңдаған адамның, мүгедек бейбақтардың мұңын жеткізу үшін үлкен қадамдарға баруға бел буды.
Сөйтіп, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа өтудің жолын қарастырды.
Жылы жүздесулер
Алдына биік мақсаттар қоя білетін Иран Елубайұлы 2004 жылы екінші рет Парламент Мәжілісіне депутаттыққа өту үшін «Асар» республикалық демократиялық партиясының атынан сайлауға түсті. Бұл жолы Павлодар облысы №54 сайлау округі бойынша кандидат болып тіркелді. Сайлауалды жұмыстарын бастап, Астанадан келіп, Екібастұз қаласында өзінің сайлаушыларының даусын жинау үшін жеке штабын құрды.
Қаланың баспасөз беттерінде Иран Елубайұлының өмірбаяны мен депутаттық жобалары, бағдарламалары жарияланып жатты. Кандидат ретінде Иран Елубайұлының сайлаушылармен кездесуі ұйымдастырылып отырды. Кездесулер негізінен ауыл-аймақта өтіп жатқан. №54 сайлау округіне Павлодар облысының Баянауыл, Екібастұз, Лебьяжі, Май аудандарының сайлаушылары енетін еді. Алғашқы кездесу Баянауыл ауданының Мәшһүр Жүсіп ауылында өтті. Әдетінше, Иран Елубайұлы алдымен ауыл маңында орналасқан Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барып, тәу етіп, дұға оқыды. Мәшһүр Жүсіптің немересі Зарауқа апамен бірге кесенеге зиярат еткен қонақтар мазарға таяу Мәшһүр Жүсіптің өзі тұрған үйдің жанындағы бұлақтан су ішіп, тілектерін айтты. Бұдан соң Баянауыл ауданының халқымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
Екібастұз қаласынан Баянауылға қарай шыққанда, Майқайыңнан асқанда кездесетін алғашқы ауыл Бірлік елді мекені болатын. Кандидаттың сенімді өкілдері қолдарына «Асар» партиясының сайлау бағдарламасын алып, кандидат туралы ақпараттар жазылған брошюраларды таратып жүр. Жиылған қауымға «Асар» партиясы мен Иран Елубайұлының сайлауға түскенде қорғайтын бағдарламалары таныстырылады. Одан кейін ортаға кандидаттың өзі шығады. Балдағына сүйеніп Иран ортаға шыққанда халық не дерін білмей, үрпиісіп қалады.
Иран Елубайұлы өзінің хал-жағдайы мен атқарған жұмыстары, болашақ жоспарлары жайлы айта бастағаннан-ақ үлкендердің іші жылып сала береді. Кеше ғана басқа партияның адамдары келіп, үгіт-насихат жүргізіп кеткен екен. Басқа мезгілде билік көзге ілмейтін ауыл халқы осындай сайлау кезінде бәріне де керек. Өзге партияның адамдары елді жинап алып, әкімдерді мақтап, ауылдың тұрмысы жақсаратынын айтып, бір-бірінің арқасынан қағысып тараған екен.
Иранмен сұхбаттасқан соң жергілікті халық бұл азамат сөзден гөрі істің адамы екенін түсінгендей болады. Оны «Жанат» телеарна-сы арқылы сыртынан білетінін айтып, ақсақалдары батасын беріп, тілектестік білдіреді.
Иранға сұрақ жаудырып, көңілге қонымды жауап алғаннан кейін разы болған көпшілік кезектесе келіп, Иранмен бірге суретке түсіп, тағдыры да, өмір жолы да, болмысы да ешкімге ұқсамайтын ерекше сүйкімді адаммен суретке түсіп жатады.
Осы көрініс қай ауылға барса да қайталанып жатты.
Алайда «Отан» партиясынан өзгені танымайтын атқарушы биліктің шолақ белсенділері Иранның жолын кес-кестеп бақты.
Баянауылдың аудан орталығынан кейін Егіндібұлақ елді мекеніне тоқталды. Ауылдың ақсақалы Зекебай Сұлтанбайұлының үйіне сәлем бере келгенде бір сәйкестікке тап болды. Қарияның кенже ұлы аяқ асты жол апатына ұшырап, қыршынынан қиылған екен. Үйге келіп амандасып, қайғылы қазаға көңіл айтқан жолаушыларға Зеке-бай ақсақал күрсіне жауап берді:
— Айналайын балалар! Хош келіпсіңдер! Мен — бұл дүниенің жалғандығына жаным жылап жатқан қариямын. Қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп, қанат қақтырдым. Енді, міне, көрерімнен көрім жақындаған шақта балапанымнан айырылып, бастағы бағым ұшып, қанатым қайырылып қалды. Өмірдің ізгілік ғылымы мен білімін меңгеріп отырсам да, аяқ асты болатын жол апатын болдырмаудың жолын таба алмай санам санға, ойым онға бөлініп, күні-түні бұл болған апатқа ешқандай жауап таба алмай далмын. — Осылай дей келе қария Иранға бұрылды. — Айналайын қарағым. Сен де жол апатының азабын тартқан екенсің. Жанның тірі қалғанына не жетсін? Тірі адам тіршілігін жасайды. Міне, енді тірліктің арқасында үлкен жерге жол бастап отыр екенсің. Сапарың сәтті болсын! Асу-ларды алып, шыған шыңдарды бағындыруыңа тілектеспін, — деді қария бата бергендей ықыласпен.
Ауылдың үлкенімен амандасып шыққанын естіген ел «Асар» партиясы атынан түсіп жатқан Иран Елубайұлын жылы қарсы алды. Оның жұмыс жоспарымен, сайлауалды бағдарламасымен таныс-қаннан кейін бірауыздан қолдайтынын айтып, шын ықылас білдірді.
Егіндібұлақтан соң Жаяу Мұса ауылы, Май, Лебьяжі аудандары, Шідерті, Төртүй, Солнечный, Сарықамыс, тағы басқа аудан орталықтары мен елді мекендер де ескерусіз қалмады.
Қазақ ауылдарындағы ақ тілектерге толы жылы жүздесулер Иран Елубайұлына қуат бітіріп, арқаландырып жіберген. Алайда кездесуден кейін елге оралғанында тағы бір соққыға тап болды. Иран Елу-байұлы кандидаттар тізімінен алынып тасталған екен. Ондағы себеп — Иран Омарбеков толтырған декларацияда «жекеменшікке кіретін мүліктерінің толық саны көрсетілмепті». Тиісті орындардың алға тартқан уәжі осы.
Шындығында ол жала болмаса да, шала еді. Өйткені Иран ешқандай да жеке мүлкін салықтан жалтарып, жасырып қалмаған. Бұ-рынырақта өз қарамағында болған «КамАЗ» автокөлігін Семейде тұратын жолдасына сатып, оны мемлекеттік тіркеуден шығармастан, сенімхат бойынша рәсімдеп бергені бар. Бақылау комиссиясы мұны әдейі жасырып қалғанға балап, салық комитетіне шағым түсіреді. Сөйтіп, ертеде жолдасына берген автокөлігі үшін Иран кандидаттар тізімінен алынып, кері қайтуға мәжбүр болады.
Алға жетелеген армандар
Сайлаудың дау-дамайы басылған соң бірден етек-жеңін жинаған Иран Астанадағы жұмысын жалғастырмақ болып, елордаға қайтып оралды. Депутат бола алмаса да, енді қарап жата беру жарамайды. Түпкі мақсаты мандат емес, мүгедектерге жағдай жасау болғандық-тан, ол өз бағыты бойынша жұмысын жалғастырды. Министрліктің және Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған Мүгедектер мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің басқосуларына қатысып, келелі мәселелер көтере білді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мүгедектер проблемаларына ел назарын аударып отыруға ұмтылды. Көрген жанды баурап алатын, жүзінен мейірім төгілген бұл азаматтың сөзіне жұрт елеңдемей қоймайды. Әйтсе де, «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» демекші, қу басымен барлық жерге жетіп, дүйім жұртқа үнін естірту мүмкін де емес. Сондықтан өзінің жеке телеарнасын ашып, болмаса отандық телеарналардың бірінен жеке бағдарлама шығару идеясын іске асыруға ден қойды.
Одан кейінгі тағы бір ойы — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан халыққа берілетін көмектің жай-жапсарын бақылап әрі мүгедектер құқының қорғалуын халыққа жария етіп отыратын мерзімді басылым шығару.
Мұның сыртында мүгедектер қоларбасын шығаратын зауыт ашсам деген мақсаты да бар. Зауыт құрылысы үшін алынып қойған жер енді игеріле бастауға тиіс.
Айтпақшы, бұдан бөлек «Жанат» мүгедектерді белсенді оңалту спорттық орталығы» жанынан қытай медицинасы негізінде емхана ашып, сырқаттарға қол ұшын беруді де ойластырып жүрген. Мұнда мүгедектерге елу пайыз жеңілдікпен қызмет көрсетілсе деп армандады. Алайда «Жанат» мүгедектерді белсенді оңалту спорттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болғандықтан, заң жүзінде оның қоғамдық жұмыстар мен мемлекеттік жұмыстарға араласуға мүмкіншілігі жоқ еді. Бұл да Иранның орындалмай кеткен көп мақсаттарының біріне айналып шыға келді.
Иранның Астанаға келгендегі ең үлкен мақсаты бүкіл респуб-ликадағы мүгедектердің құқын қорғап, басын біріктіру болатын. Сол мақсатпен ол Қазақстанның барлық облысында филиалдары бар үлкен бір қоғамдық бірлестік ашуды көздеген еді. Бұл мақсат жүзеге асты. Иран көзі тірісінде министрліктермен, әкімдіктермен, Парламент мүшелерімен ымыраласа отырып, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Осы ұйым арқылы барлық аймақтағы мүгедектер мәселесі орталықта түйінделіп, негізгі мәселелерді бірауыздан билікке жеткізіп отыру мұрат етілді.
Жұмылып жұмыс атқарса, алынбайтын асу жоқ. Оның үстіне «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» елдің жүрегі Астанада құрылып отыр.
Сонымен, осылай 2006 жылы Астана қаласында «Қазақстан мүге-дектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі шаңырақ көтерді. Бұл республикалық қоғамдық бірлестіктің құрамына 14 облыстың филиалы енді. Бұрыннан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқын қорғауға жан аямай атсалысып жүрген, Иран
сияқты жігері жасымаған, рухы биік азаматтар мүгедектер проблемаларын шешу үшін топтасып, белсенді жұмыс істей бастады.
Иран Елубайұлы «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» рес-публикалық қоғамдық бірлестігін құрғаннан кейін өзімен пікірі ортақ, тағдырлас бірқатар азаматтармен қызметтес болды. Өзімен Екібастұзда бірге істеген Георгий Михайлович Четвериков ұйымның Павлодар филиалының директоры болды. Сол секілді, өзі арбаға таңылып қалса да, қайсарлығы, қайраттылығы арқасында атырабына әйгілі болған Дүйсенғали Оспанов Қостанай өңіріндегі фи-лиалды басқарды.
Көкшетау қаласында Иран Елубайұлының сенімді серігі болған Василий Леонидович Шиманский Ақмола облысы бойынша конфедерация филиалының директоры болып тағайындалды. Ал Қарағанды қаласындағы облыстық филиалға Александр Михайлович Ивкин бекітілді. Мүгедектер құқын қорғауда заңнамалық жұмыстармен айналысып, өз өлкесі мен республика жұртшылығына белгілі болған, әйел адам болса да рухы бекем, жігері мығым Құралай Базарбайқызы Бәйменова Ақтөбедегі филиалды, арбамен жүрсе де ары биік, атқарған жұмыстарының арқасында алты алашқа танымал болған рухы биік азамат, алдына келген аурулар түгілі, сау адамның өзі қайраттанып қайтатын Әли Әбілдаұлы Аманбаев Алматы фи-лиалын басқарды.
Талдықорған облысы бойынша мүгедектер мәселесімен үздіксіз айналысып келе жатқан Роза Қадыш-Ахметқызы Ақжаркенова, Қызылорда облысы бойынша Доскен Қырымов, Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық филиалын Нұрлан Әшімұлы Са-ғадиев, Атырау облысындағы филиалды Күлбаршын Балқаш-қызы Нұржігітова, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен қаласындағы филиалды Мағиза Мүбәрәкқызы Мирвазетдинова, Тараз филиалын Руслан Қаныпбекұлы Төлегенов, Орал филиалын Жұмажан Қосжанұлы, Шымкент филиалын Расшебек Истыкулов басқарды.
Осындай қанатын кеңге жайған қоғамдық ұйым арқылы түкпір-түкпірдегі мүгедектердің аймақтық проблемалары да орталыққа жетіп отырды.
«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті болуға Иран Елубайұлы Омарбековке қолдау көрсетіп, бастама болған, ұсыныс білдірген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болатын. Бұл министрліктің аясында Иран Елубайұлы көп нәтижелерге қол жеткізді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атқарар жұмыстары да мүгедектермен бір бағытта жасалары айтпай-ақ белгілі. Әсіресе, бұл мемлекеттік органға министр болып Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев келгелі Мүгедектер конфедерациясының, оның президенті Иран Омарбековтің ісі алға басып, көп жетістіктерге қол жеткізді. Мұның да қисыны бар еді. Бердібек Сапарбаев — халықпен тығыз байланыста қызмет ететін ұлтжанды азамат. Ал халықтың тікелей өкілі болып табылатын Иран Елубайұлы — талғам таразысы биік, ойы ұшқыр, басына күн туса да, қара басын қалқалап жата алмайтын елжанды азамат. Осылайша екі азаматтың бойындағы қадір-қасиет үйлесім тауып, ойлары бір арнада түйісіп жатты. Иран Елубайұлының мүгедектердің мәселелері төңірегінде көтерген көптеген бастамаларын Бердібек Мәшбекұлы қолдап, көтермелеп, әрқашан мемлекет тарапынан қажетті қамқорлық көрсетіп отырды.
«Қазақстан мүгедектері конфедерациясы» аясында Иранның алға қойған мақсаты көп еді: «Асқақ рух» тележобасын іске қосу, «Жан» республикалық әлеуметтік журналын шығару, мүгедектер арбасын жасайтын шағын зауытты іске қосу, мүгедектерге оңтайландырып, арнайы шаршы метрі — 350, Америка долларына теңестіріп тоғыз қабатты үй салдыру, Қазақстан-Қытай дәстүрлі және дәстүрлі емес халықаралық медициналық орталық ашу, Қытай тәжірибесіне сүйеніп көзі көрмейтіндерге арналған массаж үйрететін оқу ор-нын ашу, Көкшетаудың «Бурабай» демалыс орнында мүгедектерге арнап санаторий-демалыс үйін салу және мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін Астана қаласының «Шанхай» сауда орталығы жағынан сауда үйі және базар тұрғызу, иісі мұсылман жұрты тәу ететін, имандылыққа ұйытатын Алланың жердегі үйі — мешіт тұрғызу, Қазақстан Республикасы Парламентіне депутат болу, Прези-
дент Әкімшілігі жанынан әлеуметтік мәселелер және мүгедектер құқын қорғайтын комитет құру, тағы басқа арман-мақсаты есіл ерге тыныштық бермеген.
Жатпай-тұрмай еңбек етудің арқасында елі үшін үлкен қажыр-қайрат таныта білген Иран діттеген мақсатының басым көпшілігіне қол жеткізді.
Мүгедектерге арналған сауда үйі мен базар, шипажай салдыру идеясы, бірақ, жүзеге аспады. Тағдырмен тайталасып, қиындыққа мойымай, күресумен келе жатқан Иран ердің жасы елуге толған соң кенет өмірден озды.
«Асқақ рух»
2007 жылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан «Асқақ рух» атты авторлық телебағдарлама эфирге шыға бастаған. Осы жобаны іске асыру үшін Иран кімдермен жолығып, қанша мекемелердің табалдырығын тоздырмады десеңізші.
Ақыры сол кездегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамбет Қабиденұлы Ертісбаевтың қабылдауында болғаннан кейін авторлық бағдарламаны телеарналардан көрсетуге рұқсат алған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Асқақ рух» телебағдарламасы мемлекеттік тапсырысқа енгізілді. Бағдарлама айына екі рет қазақ және орыс тілдерінде 20 минут уақытпен еліміздің бас телеарнасы «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрерменге жол тартып отырды. Бағдарламаны шығарудағы мақсат қоғамдық ортада мүгедектерге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру болатын. Сондай-ақ, кембағал жандардың қандай жағдайда да үміт отын сөндірмей, келешекке талпынып, елге аз да болса еңбегін сіңдіруге құлшын-дыру еді.
Елбасының ұстанған сындарлы саясатының басымдығы болып отырған — бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену мақсатына осындай асқақ рухтың арқасында ғана қол жеткізуге болады. Ел азамат-
тары рухы биік, мақсаткерлік қасиеттерді бойына жинағанда ғана ел еңселі болмақ.
Ресми деректер бойынша, елімізде 500 мыңнан астам адам мүгедек ретінде тіркелген екен. Азаматтар жынысы мен нәсіліне, тегі мен тамырына, ұлты мен ұлысына, денсаулық жағдайы мен әлеуметтік жағдайында қарамастан тең құқылы. Конституциялық құқы бойынша барлығы мемлекеттің азаматы ретінде бірдей. Алайда денсаулығы нашар, дене кемістігі бар азаматтар қоғамнан қашанда теперіш көріп жатады. Олардың денсаулығы жарамайды дегенді себеп қылып, көптеген кәсіпорындар мен мекемелер мүгедектерді жұмысқа алмайды. Сондай-ақ, қала ішінде қоғамдық көліктерде оларға арналған мүмкіндіктер жоқ. Өз бетінше жүріп-тұруға жағдайы келмеген жарымжанда бұдан кейін телміріп, әркімге жалынышты болудан басқа амал қалмайды. Бұл әділеттілік пе?
Телебағдарламада аяқ-қолы істемей, арбаға таңылса да, ерік-жігері мықты, рухы биік азаматтар елдің назарына ашық ұсынылды. Оның басты кейіпкері осынау істердің басы-қасында жүрген Иран Елубайұлының өзі болды.
Кейіннен Павлодар облысынан Владимир Каплич, Георгий Четвериков, Дана Малғаждарова сияқты өмірмен жекпе-жек күресіп, тағдыр салған қиындыққа жасымаған жасампаз адамдардың ғұмыр деректерінен де сырлы хабарлар беріліп отырды.
Бұдан бөлек Иран Елубайұлы «Қазақстан мүгедектері конфеде-рациясы» аясында «Мүгедектердің қоғамға бейімделуі және әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша жарымжан жандардың проблемаларына елдің назарын аудару үшін «Кедергісіз өмір» атты тележоба бойынша жарнамалық бейнероликтер дайындады. Бұл бейнероликтердің бірінде арбаға таңылған білімді азаматтың жүре алмағаны үшін жұмысқа қабылданбағаны бейнеленсе, келесіде мүгедек баладан дені сау баланың ата-анасы өз баласын бөлектеп, онымен араласуға тыйым салғаны суреттеледі. Осылайша заманның озық технологияларын меңгерсе де, адамдықты, саналылықты меңгере алмаған жарымжан қоғамның дертін көрермендерге нұқып тұрып көрсетіп отырудан басқа лаж қалмады. Бұл, әрине, сананы
түрткілеуге, кісінің бойынан ұятын, иманын оятуға себеп болып жатты.
Бұл бейнероликтер мен тележобаның ары қарай жалғасын тауып, өндіріске енуіне, әлеуметтік мәселелер мен мүгедектер проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиеваның да көмегі тиген еді.
«Асқақ рух» телебағдарламасының қазақша-орысша түсірілі-мін дайындауға журналист Баян Секербай мен Мира Сайдахмето-валар да үлкен үлес қосты. Әр облысты аралап, мүгедек адамдардың көңіл күйімен санаса сұхбат жүргізіп, оны қорытындылап, халыққа қапысыз ұсына білудің арқасында аталған жобаның өміршеңдігі арта түсті. Жеке тұлғаның өмір жолын мысалға ала отырып, күнделікті тұрмыс барысында кездесіп жататын мүгедектерге қатысты проблемаларды орнымен көтеру, тағдырымен қажымай күрескен жандарды басқаларға үлгі қылуды ту еткен жоба ке-йіннен басқа телеарналарда да жалғасын тапты. Қазір «Еларна», «Алматы» арналарында мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қатысты бағдарламалар көрсетілуде. «Асқақ рух» телебағдарламасы «Қазақстан» ұлттық арнасының басшылығы ауысуына байланысты және қаржылық себептерге байланысты тоқтатылды. Дегенмен, аталмыш бағдарламаның қоғамдық пікір алаңына айналғанын Иран Елубайұлының атына келіп түскен хаттар легінен айқын аңғаруға болады. Тележобаның тоқтауына наразы болып жазылған хаттар да ағыл-тегіл келіп жататын...