Жажда жизни — Саухат Жумагуль – Страница 7
| Название: | Жажда жизни |
| Автор: | Саухат Жумагуль |
| Жанр: | Биографии и мемуары |
| Издательство: | |
| Год: | 2012 |
| ISBN: | 978-601-292-648-4 |
| Язык книги: | Русский, казахский |
| Скачать: |
«Жан» журналы
Иран Елубайұлы мүгедектер проблемасын халық пен биліктің назарына баспасөз арқылы көтеру мақсатымен жасаған еңбектерінің бірі — республикалық әлеуметтік «Жан» журналын ұйымдастыруы. Журналдың жеке меншік иесі — «Қазақстан мүгедектер кон-федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Иран «Жан» журналының бірінші санында берген сұхбатында басылым жайлы былайша ой қорытады: «Журналда мүгедек адамдар туралы көп ақпарат беріледі, бірақ ол көпшілік оқырманға арналған. Бұнда жастар, орта жастағы адамдар, зейнеткерлер өздеріне қажетті және қызықты көп мәліметтер ала алады.
Журналдың идеясына келетін болсақ... үкіметтік емес ұйымдар елдің әлеуметтік-экономиялық, қоғамдық-саяси бағытта дамуына, сол тұрғыдағы мемлекеттік секторлардың жұмыстарына көмектесуі қажет. Мүгедектердің қоғамға тезірек бейімделуіне қол жеткізу үшін оларды ортақ жұмысқа тарта білу қажет. Мәселен, мүмкіндігі шектеу-лі адамдар тең құқылы азаматтар бола тұра, неге қоғамнан қалыспай, барлығына атсалыспайды? Осындай жағдайларды халыққа, мемлекеттік қызметшілерге де дұрыс жеткізуіміз керек. Бұны тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ғана жасай аламыз. Осыларды ескере келе әлеуметтік журналды шығару идеясын іске асырдық.
Маған «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті ретінде түрлі аймақтардағы мүгедектерден көптеген хаттар келіп түседі. Олардың көбі жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау мен көмек таба алмағандықтан менен жәрдем сұрайды. Біз елор-дада орналасқандықтан салалық ведомстволардың жанында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Парламентпен біріге отырып, оларға көмектесуге атсалысамыз. Бірақ біздің қоғамда жедел жәрдем беруді қажет ететін, күнде жаңарып жатқан ақпарат ағымынан мақұрым, өмірлерін жақсы жаққа өзгертуден қол үзген мүгедек азаматтар өте көп. Мен енді «Жан» журналы арқылы оларға барлық қажетті ақпараттар жетеді деп үміттенемін. Басылым беттерінде әлеуметтік салаға және мүгедектер туралы заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың барлығын айтып, жазып отыратын боламыз. Оқыс оқиғаға ұшырып, мүгедектер қатарына қосылған жандарға ендігі өмірдің өзіндік жарқын қырлары туралы айтып, үміт отын сөндірмеу үшін рух береміз. Меніңше, ең бастысы, журналда сырқат пен дене жарақатымен ауырса да мойымай, қайраткерлік танытып, жетістікке жеткендерді сөз етіп, тілшілеріміз дайындайтын «Адамдарға адамдар жайлы» атты тұрақты айдар
жарыққа шығады. Ерлік пен ерік-жігердің бұл мысалдары өмірден баз кешіп, төрт қабырғаға қамалып қалған жандардың жігерін жанып, өзіндік ұстанымдары мен көзқарастарын өзгертетініне толықтай сенімдімін».
Әлеуметтік журнал шығару идеясын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев шын ықыласымен қолдағанын айтуымыз қажет. Жобаны талқылаған кезде ол журналдың мүгедек азаматтардың барлығына жетуі керек екен-дігіне баса назар аударатынын білдірді. Әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын адамдар да басылымды уақытында алуы қажеттігіне ерекше көңіл бөлді.
Журналдың барлық сандарында Иран Елубайұлы өзінің жеке пікірлері мен жоба-жоспарларын қамтыған мақалалары мен сұхбат-тарын жариялап отырды.
Журнал екі айда бір рет қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрады. Көптеген қызықты материалдар мен әлеуметтік сала бойынша мемлекет тарапынан атқарылып жатқан және келешектің жоба-жос-парлары қамтылып, халықтың рухын көтеретін дүниелер жарияланады. «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті Иран Елубайұлының және сол ұжымның атқарып жатқан жұмыстары мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің жан-жақтан келіп түскен ақпараттары үнемі жұрт назарына ұсынылып отырады.
Оқырмандар бұл журналдан цирк трюктерін жасап, ауыр жарақат алса да мойымаған, спорттың арқасында қайтадан қатарға қосылған белгілі тұлға Валентин Дикульдің жетістіктері мен атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар болады. Сондай-ақ, Америка Құрама Штаттарының айтулы Президенті, өмірінің біразын мүгедектер арбасында өткізсе де мемлекеттік істер жолында жасымай, халық үшін қызмет еткен әлемге танымал тұлға Франклин Рузвельттің алған асулары мен шыққан шыңдары баяндалған мақалаларды жылы қабылдады. «Әлем боксының атасы» атанған Мұхаммед Әли, қазақтың әнші-сазгер, сал-сері, батыр-балуан ұлы, қолының саусағы шолақ болғандықтан Балуан Шолақ атанған біртуар перзенті туралы
және мүгедек болса да өмірмен күресе білген асыл адамдар жайлы ойлы да өміршең материалдар жиі-жиі жарияланатын.
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деп кезінде алаштың арысы Міржақып Дулатов айтқандай, баспасөздің арқасында бұл салаға қатысты қыруар шаруаны елдің және биліктің назарына жеткізуге болатынын Иран Омарбеков қапысыз аңдады.
Журналдың шығуына қолдау көрсеткен — Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл ведомстволардың тапсырысы аясында мемлекеттік бағдарламалар мен заң жобаларына енгізілген өзгерту, толықтырулар мүгедектер назарына дер кезінде жеткізіліп тұрды.
Журналдың «Жан» деп аталуының өзінде үлкен мағына жатыр. Өмірге келген адам баласына Алланың берген ең үлкен сыйлығы — оның жаны. Жаратушының берген осы бір мұғжизасы барда өмір де жалғасын тауып, тәннің кемістігі жанның жарасы болса да, тірліктің жібі үзілмейді. Адам баласы пайдаланатын материалдық игіліктердің барлығы адамға ғана тән жан дүниесінің қатарында қашан болсын адыра қалары белгілі. Жан дүниесі бай адам адамгершіліктің асыл қасиеттерін бойына тұтастай сіңіре алады. Жан дүниесі бай адам өмірдің қиындықтары мен жоқшылығына, асқан-тасқан дәулеті мен тоқшылығына төтеп беріп, кісіге тән биік парасаттылықпен жауап қата алады. Адамзат баласына арналған пәлсапалық, имандылық, тәрбиелік, тағы да басқа ғылым мен білімнің негізгі ұстанымы адамның жан дүниесінің кеңдігі мен байлығын дәріптеуге арналады. Заттық дүниенің барлығы о дүниеге барғанда Жаратушының алдында еш дәрменсіз болып қалады да, жаны Жаратқанның алдында қайта тіріліп, сынаққа түсіп, фәниде жасаған істеріне жауап береді. Жанның тазалығы пендені екі дүниеде бірдей рахатқа бөлейтіні белгілі. Осы түсінік-пайымдарды өзек еткен, жарымжан адамдардың жаралы жандарына жол іздеген журнал да «Жан» болып аталды.
Бұл өмірге әрбір адам бақытты ғұмыр кешу үшін келеді. «Құс ұшу үшін, адам бақыт үшін жаралған» дейді халық даналығы. Ал баянды бақытқа ие болу үшін адам баласы өмірде кездесетін ауырт-
палықтармен күресе білуі керек. Онсыз бақыттың жемісін жеу мүмкін емес. Адамның өмірдегі қол жеткен жетістіктері көктен түсіп, басыңа қона бермейді. Ұлы данышпан Абайдың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақыл сөзі ғасырлар көшінен өтіп, әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Сондықтан журналда адам жанының негізгі тәрбиешісі, шырағын өшірмей, лаулата түсетін еңбек атты қасиетті құбылысқа бүтін елді шақыру көзделді. Мүгедекпін деп мұқалмай, ерінбей еңбек етіп, отбасына, өзіне, маңайына жанының нұрын шашуды үгіттеді.
«Жан» журналы Қазақстандағы барлық мүгедек жандарды бі-ріктіруші күшке айналды. Өздерінің көкейлерінде жүрген ойларын айтатын, білмегендерін үйренетін, толғандыратын мәселелері бойынша сұрақ қойып, қажетті лайықты жауабын алатын пікірталас алаңына айналуды көздеді және сол мақсатқа жетті де.
Қазіргідей нарық заманында қандай да бір басылымның таралуы мен сатылуы толғамды мәселе екені анық. Журнал жарық көрген соң сатылымға шығуы мен әрбір мүгедек жанның қолына жетуі біраз қиындықтар тудырды. Әр облыстың әлеуметтік мәселелер және еңбекпен қамтамасыз ету бөлімдері мен басқармаларына мүгедектер үшін жазылу ұйымдастырып, көмек көрсетулерін сұраған хаттар жолдағанымен, мардымды жауап, нақты қолдау болмады. Оның үс-тіне Иран Елубайұлы сұрануды табиғатына жат санайтын жан еді. Сондықтан журналды әрбір кембағал адамдарға жеткізудің басқа жолдарын қарастырды.
Дегенмен, Қазақстанда 500 мыңнан астам мүгедек болса, 5 мың таралыммен шығатын журнал солардың 1 пайызына жетсе жарап жатыр еді. Сол бағытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, үкіметтен қаржы бөлінсе әлеуметтік жүкті көтеретін журналға ұлан-асыр жәрдем болатын. Журнал мемлекеттік тендер бойынша алғашында Мәдениет және ақпарт министрлігінің қаржыландыруымен шықты.
Бұл журнал тек мүгедектер мәселесімен айналысып қоймай, әлеуметтік саланың барлық түйткілдерін қамти үн қатқаны мәлім. Осыны биліктегі лауазымды тұлғалар, қайраткер азаматтар түсініп, жәрдем
жасайды деп үміттенеміз. Иран Омарбековтей асыл адамның бірінші топтағы мүгедек болса да қажыр-қайратын жұмсап, маңдай терін төге жүріп ашқан «Жан» журналының жабылып қалуы кімді болса да бейжай қалдырмайтыны даусыз.
Мүгедектер арбасын шығаратын шағын зауыт
2008 жыл Иран Омарбековтің алдына қойған көптеген мақсаттары іске асып, өз нәтижесін берген жемісті жыл болды. Алдымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі жанынан Қытай халықтық, дәстүрлі емес медицинасы орталығы өз емделушілеріне есігін айқара ашты. Бұл медициналық орталықтың ашылуына сол кездегі Денсаулық сақтау министрі А. Дерновой және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевтар қатысты.
«Асқақ рух» тележобасы «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсе-тілімдерін бастап, сәтімен жүріп жатты.
«Жан» республикалық әлеуметтік журналы оқырмандарымен қа-уышты.
«Қазақстан» ұлттық арнасынан, «Хабар» телеарнасынан Мәдениет және ақпарт министрлігінің тапсырысы бойынша «Кедергісіз өмір» әлеуметтік бейнероликтері халыққа көрсетіліп, республика жұртшылығының назарын мүмкіндігі шектеулі адамдарға аудара білді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған Мүгедектерді қоғамға бейімдеу және олардың мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі мүшесі ретінде Иран Елубайұлы жарымжан жандардың проблемаларына қатысты қыруар жұмыстарға ұйытқы болды. Астана қаласының Орталық циркіне және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайға мүгедектер еркін кіріп-шығу үшін арнайы лифтілер орнату ісі қолға алынды.
- 3 желтоқсан — Бүкілдүниежүзлік мүгедектер күні. Осы күнге орай Астана қаласы әкімінің қолдауымен елорданың бас ғимараты
Конгресс-Холлда елімізде тұңғыш рет «Шексіз мүмкіндіктер» рес-публикалық акциясы өткізілді. Шара барысында республиканың әр аймағынан қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын мүгедектер жиналып, атқарған еңбектеріне сай марапатталды. Оларға қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен, қолдауымен ауқымды концерт ұйымдастырылды. Акция жыл сайын Астана қаласында әкімдіктің қолдауымен дәстүрлі түрде өтікізілетін болып бекітілді. Бұл да Иран Елубайұлының қажырлы еңбегінің нәтижесі екеніне ешкім дау айта алмайды.
Бұл жылы Германияның мүгедектер арбасын шығаратын «Майра» фирмасымен келісімшарт жасасып, Қазақстанда шағын зауыт ашу мақсаты орындалды. Бұл мәселені Иран Елубайұлы 2002 жылдан бері күтіп жүрген. Немістік сападағы қазақ арбасын жасап, жерлестерін өз өнімімен қуанту көп жылдардан бері жасалған қажырлы жұмыстардың айқын жемісі еді.
Бұндай игі бастаманы мыңдаған отандастармыз қуанышпен қарсы алып, тағат таппай күткен. Оның бір пайдасы — мүгедектерге жұмыс орындары ашылып, кембағал жандар құрылғыларды өз қолдармен жасайды.
Жоғарыда айтқанымыздай, республика бойынша 500 мыңнан астам мүгедек бар. Оларға мемлекет тарапынан тегін берілетін мүге-дектер арбасының сапасы өте төмен. Бұл өзекті мәселенің шешімі — осы шағын зауыттың ашылып, іске қосылуында.
Иран Елубайұлы 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба шығаратын зауытты ашу жұмысымен айналысып келген болатын. Қазақстанда шағын зауыт салу үшін «Майра» фирмасының жетекшілерімен келіссөз жүргізіп, олардың толықтай келісіміне ие болды. Тікелей өзінің қаражатына шағын зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін жасады.
Мүгедектер әлеуметтік көмек ретінде берілетін арбалардың ұзаққа шыдамайтын жарамсыздығын, құнына татымайтынын айтып жүргендері белгілі. Ұстаса таяғы, жүрсе аяғы қылатын арбалардың қаншалықты қажет екенін күнделікті қолданатын адамдардан артық ешкім түсінбесі анық. Олардың шын зарына құлақ түретін лауазым
иелері кемде-кем. Ал осы істің басы-қасында болып қана қоймай, сапалы өнімді өз елімізде шығарып, оның тұтастай қолдану ережелерін үйретіп, сервистік қызметтерін жасауға болатынын дәлелдеген қайраткер Иран Омарбековтің еңбегі орасан зор.
Германияның «Майра» фирмасының қойған негізгі талабы — Қазақстанда шағын зауыт ашуға алғашқы инвестиция құю үшін Қазақстан үкіметі 5 мың мүгедектер арбасын сатып алуға міндетті. Осы арқылы Қазақстанға мүгедектер арбасының қажеттілігі айқындалады. «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» рес-публикалық қоғамдық бірлестігі мұншама арбаны сатып алып, мүге-дектерге тегін таратуға, әрине, шамасы жетпейді. Ал үкімет бағасы төмен, сапасы нашар арбаларды сатып алып, мүгедектерге таратумен шектеліп келеді. Өйткені бұл — заң бойынша баға өлшеміне қатысты жүргізілетін тендерлік сатып алу саясатының көрінісі. Сондықтан «Майра» фирмасының талаптары жауапсыз қалып, мүгедектер арбасын алу үшін қаржы бөлінбей келеді.
Сөз соңы
Иран Елубайұлы Омарбеков — болмысы қаншалықты өзгеше болса, өмір жолы да соншалықты күрделі, тауқыметті тағдыр сынағынан өткен жан.
Орда бұзар отыздан асқан шағында жол апатына ұшырады. Әлі жана түсем, талай асуды ала түсем деп тұрғанында қоғамның ең қамқорсыз, қорғансыз тобы — мүгедектер қатарына қосылды.
Жиырма жыл өмірі тіршілік үшін күресумен, тағдырмен тайталасумен өтті. Әйтсе де, мен мүгедекпін деп қол қусырып қарап жатпады. Өзі кемтар болып, балдаққа сүйеніп қалса да, өзгелерге сүйеніш бола білді.
Ол бір көргеннен айналасын баурап алатын көркем кісі болатын. Ішкі мәдениеті, ақыл-парасаты өн бойынан шуақ болып төгіліп тұрушы еді.
Иранмен сөйлескен адамның бойына қайрат бітпеуі мүмкін емес. Өйткені ол — Жер шарына жарық берген Күн секілді соншалықты
нұрлы, жүзі мейірім шашқан, кемел болмыс иесі. Ең бастысы, өмірге іңкәр болатын. Өмір сүруді тірлік ету, айналаға қолғабыс ету деп ұғатын.
Иран Елубайұлы cол бір жылы дәрігерлер «Енді өмір сүрмейді» деп ауруханадан шығаруды ұйғарғаннан кейін де жиырма жылдай өмір сүрді. Өмірі күреске, талпынысқа толы болды.
2010 жылы, елу бір жасқа қараған шағында тағы да сол бойына жабысқан індеттен арылу үшін Германияға ота жасатуға барыпты. Алайда ота сәтті өткенімен, жиырма жыл төзген ауыртпалыққа жүрек бір минут та шыдас таныта алмады. Сөйтіп, әп-сәтте бойын жалын кернеген толағай тұлғалы азамат жүрегі тоқтап, дүниеден озды...
Иранның 3 желтоқсан — Дүниежүзілік мүгедектер күні туғаны қандай сәйкестік болса, оның жалындаған жас шағында жол апатына ұшырап, мүгедек болып қалуы да сондай жазмыштан. Иә, Жаратушы ие осы күйге түсіру арқылы Ирандай есіл ерді барлық мүмкіндігі шектеулі жарымжандардың қамқоршысы, қорғаны болуды бұйырған секілді.
Расында ол қиналған қамқорсыздардың ақ қанатты періштесі секілді еді. Билік орындарына мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын жеткізіп отырды. Тағдыры жазып, кемтар болып қалғандарға сол кейіппен де өзіне сай орта тауып, бақытты өмір сүруге болатынын көрсетті. Қоғамға мүгедек жандардың да сау адамнан артық пайда әкеле алатынын, аяқ сынса да, рух сынбайтынын дәлелдеді.
Бүгінгі күні Иран Елубайұлының бастаған игі істерін отбасы жалғастырып отыр.
Осыншалық ауыртпалық пен қиындыққа толы өмірде ауыр азаптың өзін мысқылдай күліп қарсы алып, қайрат таныта білген қайсар ер — аңызға айналар тұлға. Мұндай біртуар болмыс иесі өмірден кетсе де, көңілден кетпейді.
Жұмагүл САУХАТ
АҚ ЖҮРЕКТІ АБЗАЛ ЖАН
Тарбағатай таулары — ақындар мен батырлардың мекені. Ақсуаттың атағы ықылым заманнан бері саңлақтарымен тарих сахнасында танымал. Сонау елу жыл бұрын Ақсуат аудан орталығындағы Сейіт ақсақалдың үйінде нәресте дүниеге келіп, есімін Елтай қойған болатын. Елінің ертеңіне жаны ашитын азамат болып өссін деген ата-баба жолымен ырымдап койған ат баланың бойына дарып, адам жанының арашашысы болып қалыптасуына жол сілтегендей. Тарбағатай таулары сілемдерінін бірі — Қызылтас жайлауы жас балаға кемел кеңдік пен жайдары жаздай жұмсақ сезім сыйлағандай, әлі күнге дейін жанына жақын, көңіліне ыстық сағыныш ұялатып тұрады.
Елтай Ақсуаттың орта білім беретін қазақ мектебіне оқуға барады. Балалық шақтың бақытты кезеңі мектептегі білім алған, сабаққа барып, достарымен асыр салып ойнаған, күлген, жүрген уақыттар кімге болсын әрқашан ыстық екені белгілі. Елтай сегізінші сыныпта окып жүргенде құлағы ауырып, ауруханаға түседі. Бұрындары ауруды еш қаперіне алмаған бала жанына батқан сәтте сырқатқа арашашы іздейді. Сол кезде ауруының жазылуына себепкер болған аурухана дәрігерлерінің біліктілігіне сүйсінген жас бала ержеткенде құлақ-мұрын ауруларын емдейтін лор-дәрігер болуды мақсат етіп, ақ халат киген ақ жүректі адам болуды арман тұтады. Сол арманның құшағында дәрігерлік оқуға түсу үшін дайындалады. Мектеп бітірген сон кеңестік дәуір кезінде ең бір беделді жоғары оқу орны болып танылған Семей медициналық институтына құжаттарын тапсырып, жолы болған бозбала емтихандардан сүрінбей, окуға түсіп, студент атанады.
Елтай 1986 жылы жас мамандарға зәру, жан-жақтан талай жастар ағылып кеп жатқан әрі өндіріс орталығы болып қалыптаса бастаған Екібастұз каласына жол тартады. Жаңадан ғана жұмысын бастап
жатқан Екібастұз қалалық орталық ауруханасына хирург болып орналасқан жас маманға кішкене кешіктіріп барып пәтердің кілтін табыстайды.
— Әдетте басқа сала қызметкерлеріне қарағанда бюджеттік мекеме кызметкерлерінің, олардың бірі дәрігерлердің әлеуметтік проблемалары кешігіп шешілетіні белгілі ғой. 1986 жылдан Екібастұзда дәрігер болып кызмет істейтін едім. Екі балам бар. Содан пайдалануға берілген үйден маған тиесілі пәтердің кілті қолыма кешігіп тиді. Пәтерімнің кілтін алған соң куанып, бала-шағамды көшіріп алып келмек болып, кілтті келгенше тастап кетейін деп көрші пәтердің есігін қақтым. Міне, тамаша! Есікті Ақсуатта көрші тұрған, менен бірер жас кіші болғанмен, құлын-тайдай тебісіп, бірге ойнап өскен Жанаттың ашпасы бар ма? Есіктің арғы жағынан гүжілдеген ер адамның даусы шықты. Ол Жанаттың жолдасы Иран болып шықты. Келешегіміз кемел достыққа ұласқан мен Иранмен осылай таныстым.
Қажымалы мың жолдас
Жаныңда жолдас жоқпен тең.
Жанын қиған бір жолдас Қоралы-қосын көшпен тен, —
деп халық тегін айтпаса керек. Елтай айтқандай, бұл екі үйдің бір-бірімен етене араласып, біріне келген қонақ екінші үйдің қонағы болып, «сенікі-менікі» дегенді білмей тұрып жатқан екі отбасы көрші хақысының ғана емес, нағыз достықтың сынға түсетін кезі алда екенін білген жоқ.
Міне, осылайша Елтай Батхолдин Екібастұзда жолдас-жора, таныс-тамыр тауып, солардың ортасында өзінің ақжарқын пейілі арқасында беделін арттыра түседі.
Елтай — өз жұмысына берілген, қақ-соқпен ісі жоқ, таңдаған жолымен ғана жүретін жігіт. Бірақ та достыққа адал, жолдасы үшін бәріне даяр азамат. Оның жүрегіне өте жақын достар тобы қалыптасты. Тоқыраулы тоқсаныншы жылдары нарықтың алғашқы бетінде ет тірлігіне сенген азаматтар істерін алға бастырып, үйіріп әкете білді.
Соның бірі жан жолдасы Иран Омарбеков болатын. Замандастары, қатарластары жетпегенге жетіп, жолында жүк қалдырғысы келмеді. Сол ойлағаны болып, өндірістік негізде кооператив ашып, Екібастұз өңірін дүрілдетті. Үнемі «Шешіледі, алты секунд керек» дейтін. Содан Иран жолдастары, өзін білетін таныстары арасында «Алты секунд» атанып кеткен-ді. Асығып жүріп кез келген мәселені шешіп тастап үйренген Иран Алматыдан қайтып келе жатып жол апатына ұшырады.
— Сол апаттан бір күн бұрын Иранның әкесі Елубаймен кездес-кенімде, ол кісі «Иран отбасымен Қарағандыға кетіп еді. Heгe екенін қайдам, кешігіп жатқаны» деп қобалжыған-ды. Ал мен Иранның отбасымен Қарағанды емес, Алматыға кеткенін білетінмін. Бірақ оны айтып тіс жарған жоқпын. Сонда деймін, әкенің жүрегі бірдеңені сезген-ау. Қайтар жолында жары Жанат, екі ұлы бар, жанұясымен жол апатына килігеді. «Жақсылық жар басында, жамандық жастық астында» демей ме халық? Алла сақтап, бәрі де аман қалды. Бірақ досым Иранның мойын омыртқасы зақымданып, ауыр жарақат алғаны қиынға соқты. Иран арбаға таңылып, тағдыр тәлкегіне мойынсұнып отырып қалмағанмен, басынан осынау ауыр жолды өткізер ме еді, өткізбес пе еді, кім білсін?.. Адам бір терінің ішінде солады да, толады да. Бұл сынақты да көру керек болған шығар.
Қарағандыдағы ауруханада ауыр жағдайда жатқан Иранға екі өкпесін қолына алып жеткендердің бірі Елтай болатын. Елтайға реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Иранның жағдайы аса ауыр екенін, тіпті «Ұзаққа бара қоймас» дегендей сөз айтып, түңілдіргенмен, өзі хирург-травматолог Елтай жақсылықтан үміттенеді.
— Қарағандылық дәрігерлерден қайран болмай, күдер үздіретін-дей сөз айтқан соң, Иранды Екібастұзға алып барудың қамы ойласты-рылды. Ол кездегі жағдайдың қандай екенін білесіз. Өзі шешпейтін проблема жоқ деп санайтын Иран досым төсекке таңылып жатып та сол мінезін жоғалтқан жоқ. Қарағандыда жатып телефон арқылы өзін алып кетуге байланысты мәселені шешті. Содан мен келісілген күні машинаны алып, Қарағандыға келдім. Халатымды киіп, палатаға кіріп келгенімде... төсегі бос. Жүрегім зу ете түсті. Адамға алдымен жаман ой келеді емес пе?.. Аллаға шүкір, Иран ұшақпен Семей ұшып
кетіпті. Кейін Семейден Екібастұзға алып келдік. Ем-домын, масса-жын, әйтеуір Иранды аяғынан тұрғызады-ау дегеннің бәрін жасаймыз. Мұндайда, әсіресе, су астындағы массаждың пайдасы көп. Содан кейін жұмыстан келемін де, бассейнге апарамын. Көтеріп алып бассейнге тастай салғанымда қолын тырбаңдатып, жан ұшыра судың бетіне қалқып шығады. Сонда намысын жани түскім келе ме, білмеймін, «Ә-ә-ә, әлі өмір сүргің келеді, көрдің бе?» деп қоямын. Одан кейін көп қабатты үйден жер үйге қоныс аударғанда да күн сайын жұмыстан келген соң үйге алып келемін. Олардың үйі салқындау болып кездесті, ал біздің үй жылы. Суға түсіремін. Екеуміз шахмат ойнаймыз. Қыс емес пе, шанаға салып үйіне алып келемін. Күн суық. Тоңып қалмасын деп шананы жүгіріп сүйретемін. Шанадан түсіп қалып айқайлап та жатады. Аяғынан тұруы үшін не істелмеді дейсіз. Емшілерге де көрінді. Моңғол-тибет медицинасының докторы Сугар Цэдэн Ху біздің жаққа келіп, сол кісінің емін қабылдады. Иранның балдаққа сүйеніп жүруіне бірден-бір себеп болған осы Сугар Цэдэн Ху екеніне толық сенімдімін, — дейді Елтай еске алып.
Шынымен, достың досқа деген жақсылығын, адалдығын айқайлап айту керек емес те шығар. Бәріне өмірдің өзі төреші. Бүгіндері елуге келсе де: «Елтай, балдағымды әперіп жіберші, тонымды кигізші», — деп баладай жұмсаса, онысы — досына деген Иранның еркелігі. Еркелік көрінгенге көрсетіле бермейді және ол еркелікті әркім көтермейді. Бұл — екінің бірінің қолы жете бермейтін, жеткен күннің өзінде қолыңда ұстап тұра алмайтын бақыт, бүгінгіше айтқанда, байлық. Басқа байлық мұндай байлықтың қасында адыра қалсын...
Елтайдың адал жүрегінің арқасында өмірінде адал достар көп кездесті. Қазіргі күні Екібастұз қаласындағы энергетика саласының белді маманы Марат Жаназаров, өзінің әріптесі, бас дәрігер, досы, сырласы Марат Бекпаевтар отбасыларымен араласып-құраласып, қиындыктары мен қуаныштарын бірге бөліседі.
Екібастұз қалалық орталық аурухананың хирургия бөлімінде істеп жүрген жас маманға кеңестік кезеңде белден басып қалыптасып қалған, билікті бергісі келмейтін ұлт өкілдері кесірін келтіргісі
келді. Бұған да қайыспаған Елтай ездікке берілмей, ерлікке тән біліктілігін арттыра түсіп, травмотология бөліміне ауысып, қызметін жалғастыра түсті. Жарақат алып, жаны шығардай жан ұшырған сырқаттардың сырын біліп үйренген елгезек азамат көптеген адамдардың батасын да алды.
1998 жылдан бастап жоғары санатты дәрігер дәрежесіне ие. Жоғары санатты дәрігерлік дәрежесін 2000 жылы, кейіннен 2008 жылы тағы да қорғап, қарқынды жұмысын жалғастыруда. 2002 жылдан бері балалар хирургиясы бөлімін басқарады.
Балаларға операция жасау — медицина саласының ең бір ауыр саласы. Себебі бұнда істеу үшін медицинаның қай саласынан болмасын толыққанды хабардар болуың қажет-ақ. Елтай Батхолдин осы еңбегін абыройлы атқарып отырғаны — неше жылдан бері жасап келе жатқан жұмыстарының тәжірибесі мен біліктілігінің жоғарылығы арқасында екендігін жасырмайды. Екібастұз қаласының қолы жеңіл, шипасы қонымды бірегей балалар хирургі. Заманауи тех-нологияларды меңгере отырып, хирургия, травмотология салаларын жетік білетін Елтай эндовидеохирургия да жасайды.
Рәзиға ӘШЕЕВА, Бағдат ДҮЙСЕНОВ