Меню Закрыть

Жажда жизни — Саухат Жумагуль – Страница 8

Название:Жажда жизни
Автор:Саухат Жумагуль
Жанр:Биографии и мемуары
Издательство:
Год:2012
ISBN:978-601-292-648-4
Язык книги:Русский, казахский
Скачать:

АЛҒАНЫҢ ЖАҚСЫ БОЛСА, ДҮНИЕНІҢ ШЫРАҒЫ

Астанада «Жанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүге-дектерді белсенді оңалту орталығы және онымен қоса қытай клиникасының тұсаукесер рәсімі өткен-ді. Иран Омарбековтің елімізде бұрын-соңды болмаған орталықты ашуға тәуекел етуін ерлікке баласа да артық болмас дей тұра, «Жанат» атандыруы тегін болмас дегендей ойға қалғаным бар-ды. Содан да болар, Иранмен кездесіп, әңгімелескенімде алдымен көңілдегі сұрақты қойған едім.

  • —    Жанат — менің жұбайым. Халықта «Ер жігіттің аты жақсы болса — бір бақыт, алған жары жақсы болса — мың бақыт» деген керемет бір сөз бар. Мен сондай бақытты жігітпін, — деген Иранның сөзінен кейін Жанатпен жүздесіп, танысуға қызы-ғушылығым арта түскен-ді.

Жанатты көрген бетте жатсынбай, ежелгі танысымдай шүйіркелесіп кеттім. Ашық мінезді, ақжарқын келіншек. Аузына сөз салудың қажеті жоқ.

Халықта «Ер жігіттің аты жақсы болса — бір бақыт, алған жары жақсы болса — мың бақыт» деген керемет бір сөз бар. Мен сондай бақытты жігітпін.

  • —    Мен зиялылар отбасын-да туып-өстім. Шешем Гүлсім — мұғалім, оқу-ағарту ісінің үздігі. Сіңлілерім Ләззат нен Перизат шешеміздің жолын қуған мұгалім болса, бұл — мамандыққа деген құрмет. Шешеміз биыл жетпіске толды, шәкірттері өте көп. Әкем Әнуарбектің мамандығы — механик. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» дегендей, біздер бүгін қандай да бір жетістікке жетіп, мерейіміз өссе, оның бәрі — отбасы тәрбиесінің жемісі, — деп бастады әнгімесін Жанат.

Жанаттың жүрекжарды сырын тыңдап қана қоймай, оны көз алдымнан өткізгендеймін. Иә, жасынан ер мінезді өжет ол құрбыларына ұқсай да қоймайтын. Сонысы болар, әкенің мамандығына көңілі ауып, ағасы Талғаттың соңынан қалмай жүріп, қандай да бір техниканың бұрандасын бұрап, шұқылағанды қалайтын. Жанып тұрған өжет қыз мектептегі көш бастаушылардың бірі болып, «Артекке» де барды. Мектептің қоғамдық жұмыстарын ұршықша айналдырған Жанат математика, физика бойынша Санкт-Петербургтің физика-техникалық институтымен байланыс жасап, онда сырттай оқыды. Мектеп бітірген соң Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түссем деп жүрген ол Алматыға бармай, іргедегі Семейдің педагогикалық институ-тына түсті. Үнемі өз құрбыларынан оза шығып, өзінің мақсатына жетпей қоймайтын, бала кезінен неге болса да жауапкершілікпен қарайтын Жанаттың өз таңдауын бұлайша өзгертуі жайдан-жай емес-ті. Қыз болып қылтиып көрмеген ол Иранды кездестірген соң бір-ақ күнде бойжетіп шыға келді. Иә, он алты жасында Иранды кездестіріп, жүрегіне шоқ түсті. Жанат сол бір балауса кезін еске ала:

— Әкемнің қызметі ауысып, Ақсуаттан Шарға қоныс аударған едік. Сонымен, Иранмен үш үйден кейін көрші болдық. Мен Иранды алғаш көргенде-ақ ішкі жан дүниемде бір өзгеріс болғанын, өзімнің бойжете бастағанымды түйсініп қалдым. Мектепті бітірген соң да, Иранды қимағандықтан алысқа ұзап кете алмай, Семейден аспадым. Әлі күнге дейін Иранның әзілдей «Сені маған табыстырып, қосқан — бір Алла, содан соң папаң, егер де папаңнын қызметі ауыспаса, кездесер ме едік, кездеспес пе едік?» дейтіні бар. Екеуміздің таныс-қанымызға, міне, биыл отыз жыл болады. Отыз жыл аз ба, көп пе, мәселе онда емес. Адам қанша жыл өмір сүргенімен емес, артында қандай із қалдырғанымен, не істеп, не тындырғанымен бағаланатын болса, бұл өмірдің Иран екеумізге сыйлаған жақсылығы аз емес. Ең бастысы, біздің қос қанатымыз — Талант пен Ержанды берді. Азамат үшін әке болу, әйел үшін ана болу бақытына ие болсақ, осының өзі аз ба?! Сондықтан да қашанда басымызға түскен қиындықтардан гөрі алдымен жақсылықтарды айтқым келеді.

Жанат 1983 жылы Семейдің педагогикалық институтын бітірген соң, курстық жұмысын одан әрі жалғастырып, кандидаттық еңбек жазып, ғылыммен айналысқысы келгенімен, Иранның бірде: «Әйелге физиканың, ғылымның қажеті бар ма?» — деген сөзінен кейін мектеп мұғалімі болсам да көштен, қатарымнан қалмаспын деген ойға қалды. Тағы да тәрбиенің ықпалынан шығып кете алмады. «Жақсы әйел — теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас» деп алдымен отба-сын, Иранды, кішкентай Талантын ойлады. Екібастұзға көшіп келген соң сол кездегі белгілі тау-кен техникумында сабақ берді.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ел өмірінде, экономикасында дағдарыс, үлкен қиындықтар болғанмен, Иран сол қиындықты жеңе білді. Жұмысы жүріп, жарлыға қарасып, талай жерде көмегі тиіп жатты. Өмір сол ырғақпен кете берер ме еді, кім білсін, 1991 жылы Алматыдан келе жатқанда отбасы жол-көлік апатына тап болмағанда. Жол-көлік апатынан мойын омыртқасы зақымданған Иран төсекке таңылып, үлкен сынақ басқа түсті.

— Жол апатынан кейін екеуміз Қарағандының екі ауруханасында жаттық. Қайғының бар азабы Иранның басына түсті. «Қайғы деген жылан бар өзекті шағып өртейтін, қайрат деген қыран бар өлімге күш бермейтін» дегеннің қандай екенін мен сол кезде түсіндім. Түсінгенде Иранды қолдап, киындықтан алып шығуым керек екенін білдім. Алланың рақымымен бәріміз де аман қалғанымызға тәубе дей тұра, Иранның жанына медеу болсам деп күн сайын оған хат жазамын. Иранның өзі хат жаза алмайды. Сонда «Сен уайымдама. Бәрі де жақсы болады. Сен тым асықпа. Мұның бәрі уақытша қиындық, сынақ. Әлі-ақ бір күндей болмайды, орныңнан тұрып кетесің» деймін. Балалардың да атынан хат жазып, олардың қолдарын салып, сәлем жолдаймын. Әйтеуір, күн сайын жақсы хабар жіберіп, жанын жадыратып, бойына күш бергім келеді. Мойын омыртқаның зақымдануы дегенді естігеніңіз бар ма? Аяқ-қолы салданып, тек сөйлеп қана жатады. Жол апатынан бұрын да, тағдыр ма, білмеймін, өміріміз кез-десулер мен қоштасулармен жалғасып жатқандай, бір-бірімізден алшақта болатын күндеріміз көп болатын да, бірі-бірімізді көріп,

кездесуге ұмтылатын едік. Бір-бірімізбен бірге болатын күн осылай туды. Қарағандылық дәрігерлер екі айдан соң Иранды «Алып кетіңдер, адам болмайды» дегенді айтты. Ауырлықты көтеру нардың ісі екені белгілі. Ендігі жерде нардың жүгі иығыма түссе, сол жүкті көтеруге тиіс екенімді жақсы білдім. Жақсы болсаң, жақының да көп болады екен. Иранның өзі кезінде басына қиындық, іс түскендерге көмектесіп, ешқашан көмек сұраған адамдардың меселін кайта-рып, жолда қалдырған емес қой. Сол жақсылығын көргендердің бәрі қолдарынан келген көмегін аяған жоқ. Соның ішінде біздің рухымызды көтерген — олардың моральдық қолдауы. Келеді, әңгімелеседі. Мен де оның қалай деп әйел болып ескертіп, қытымырлық жасаған емеспін. Иран үйге шыққан соң Семей өңіріне белгілі сынықшы, емші Рысбек ағаны алып шешем жетті. Рысбек аға Иранды қарап, көрген соң «Мен сенің мойын омыртқаңды орнына саламын. Содан кейін саған тек қана күтім керек. Біртіндеп тәуір боласың» деп, маған «Балам, саған шыдамдылық қажет» дегенді айтты. Рысбек ағаның айтқанын істеп, Иранды күту үшін жұмысты да қойдым. Бірақ мен Иранды күту үшін жұмысты тастадым деген жоқпын, — дейді тағы да Жанат.

Иранның қайырымдылығын білетіндер осы бір марғасқа жігіт төсекке танылып қалды-ау демей, бұрынғыша көмек сұрап келіп жатты. Бұған Жанат та таңғалмады, солай болуға тиіс дегендей, келгендерді жылы қабылдап, кезіндегі қайырымдылық дәстүрін сақтап, жалғастыруға күш салды. Сонда Жанат «Иранның орнынан тұруы үшін өмірге деген құштарлығын көтеріп, өзінің басқа біреуге керек екендігін сезінуі қажет. Керексіздігін, әлсіздігін сезіну адамды өмірден түңілдіреді» деп ойлады. Содан есіктері кімге болсын ашық болды. Көмек сұрап келгендерге, өздеріне қиын болса да, көмектесті. Түркияға оқуға кетіп бара жатқан жетім баланы қолдап жіберді. Өзінің біреуге жәрдемі тиетінін, көмектесе алатынын сезінген сайын Иранның қайраты күш алып, өзі үшін ғана емес, өзгелер үшін де өмір сүргісі келді. Төсектен тұрып кететініне сенді.

Сол қиын сәттерде біреулердің «жанашырлық» көрсетіп: «Сен небәрі отыз жастасың, ертеңгі күніңді неге ойламайсың? Аллаға

шүкір, екі ұлың бар, соларды ойла, жас өміріңді өксітіп алма», — деген сөздеріне Жанат тіпті де құлақ аспай: «Әлі көрерсіңдер Иранның аяғынан тұрып кеткенін. Әлемнің талай жерінде болып, саяхатшы да болып кетеміз», — дейтін. Мынандай да жағдай болған-ды. Иранды aуpyханадан үйге әкелгенде жақын дәрігер жолдастарының бірі жаны қалмай іздеп жүріп, мүгедектердің арбасын тауып әкелгенді. Жанат бірақ табыла қоймайтын қат арба табылды деп қуанудың орнына: «Арбаны алып кетіңдер. Қажеті жоқ. Иран өз аяғымен жүреді», — деп, «Қазір қажет болмаса, кейін керек болады. Керек тастың ауырлығы жоқ. Балконда тұрсын», — дегенге де болмай, арбаны қайтарып жіберген-ді. Сонда Алла аузына салды ма, кім білсін, әйтеуір, сол арбаның керегі болған жоқ. Иран екі аяғынан нық жүріп кетпегенмен, балдаққа сүйеніп тұруға жарады. Сол бір адам айтса нанғысыз сынақтан өтуге Иран екеуінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, махаббаты, өмірге деген құштарлық, жақсыға деген сенім ғана емес, осылардың үлкен бір серігі — төзімділік, шыдамдылық көмектеске-нін Жанат та, Иран да әр кез естеріне алады.

Иран тұруға жараған соң Жанат қол үзіп қалған жұмысқа оралып, жабылғалы тұрған аймаққа белгілі педучилищені сақтап қалуға кірісіп, жаңа бір қиындықта өзін сынақтан өткізді. Содан, не керек, училище негізінде қыздар педагогикалық институтының бөлімшесін ашуға қол жеткізді. Және жоғары білімге оралуы ғылымға қайта оралуына себеп болды. «Уақытты асықтырмайын, түбінде бәрі орнына келеді, орындалмайтын арман болмайды» дейтін іштей. Шынымен солай болды. Қырыққа жуық ғылыми материалдары жарық көрді, оның ішінде әлемдік деңгейдегі еңбектері бар. Аймақта ақпараттық технологияларды қолдануға, педагогикалық мамандарды даярлауға көп көмегі тиді. Жанат Әнуарбекқызы — бүгін физика-математика ғылымының кандидаты, доцент. Арман орындалды. Жанаттың өзі:

  • —    Егер де адам арманына жетуге соншалықты құштар болса, ол оған жетпей қоймайды, — дей отырып, әңгімені Иран, балалары Талант пен Ержанға бұра берді. Туыстары мен әке-шешесі, енесі мен ата-

сы, бауырлары Талғат пен Қайрат, сіңлілері Ләззат пен Перизат туралы да жылы лебізін білдіріп қояды.

«Алтын жетпес нарқы бар, жақсы туған адамдар бар болса, Жанат, сен сондайсың» деген сөзді көзінше айтпадым. Өйткені жақсылар басқаның да, өзінің де қадірін біледі...

Рәзиға ӘШЕЕВА

ЖАНЫ АСЫЛ АЗАМАТ ЕДІ

Астана қаласы әкімдігінің «Астана» атты журналының бас редакторы қызметінде жүрген кезім болатын. Бөлмеге қос балдаққа сүйенген, жүзіне мейірім үйірілген жігіт кіріп, өзін: «Иран Омарбе-ков», — деп таныстырды. «Сізді сыртыңыздан өте жақсы білемін. Қолыңыздан келген көмегіңізді аямайтындығыңызға сенемін. Сондықтан да өзімсінген пейілмен келіп тұрмын...» — деп сөзін жалғастырды...

Содан бері арада 4-5 жыл зулап өте шықты. Осы мерзім ішінде Иран Елубайұлымен бірлесе отырып талай жобалардың жоспарын жасап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған игі шаралармен қайырымдылық акцияларын жүзеге асырдық.

Иран Елубайұлымен бірге жүрген күндерде мені қатты таң-дандырған дүние — оның күш-қуатының шексіздігі. Шаршап-шал-дығуды білмейтін, өзінің мөлдір қара «Джип» машинасына ешкімнің көмегінсіз жеңіл мініп, жеңіл түсіп, сырттай қарап тұрған адамдардың өзін таңғалдыратын.

Иран Омарбековтің жоспарлы жұмыстарына қатысты мәселелерді шешу мақсатымен талай рет министрлердің, әкімдердің, басқа да қолында билігі бар адамдардың алдында болдық. Сол кездерде Иранның министрмен де, әкіммен де тең дәрежеде сөйлесе алатын білімділігі, зерделілігі, ақылды да байсалды мінезі мені үлкен ризашылық сезімге бөлейтін. Соны сезген кездесуде болған адамдар да оны кішіпейілділікпен қабылдап, құрметпен шығарып салатын.

Таңертеңгі сағат 9-дан бір минут кешікпей жұмыс орнына келіп, түннің бір уағына дейін тапжылмай отырып, қағаз жұмыстарымен айналысатын. Демалуға асықпайтын. Есесіне жоспарлап қойған

жұмыстарын тез орындап тастауға асығатын. Сірә, Алла тағала алдағы жақсылықты да, жамандықты да сездіреді деген сөздің шындығы бар сияқты. «Не нәрсені болмасын аман жүрген кезімізде шұғыл орындап тастағанға не жетсін», — деген сөзді соңғы кезде жиі қайталаушы еді. Кімге болса да жылу шашып тұратын жұдырықтай жүрегі бір сұмдықтың боларын сезді ме екен деп ойлаймын мен бүгін.

Иран Елубайұлының арманы көп еді. Өйткені арман таусылған күні өмірдің тоқтайтындығын ол бар жанымен түсінген сияқты. Сондықтан да болар, оның ең үлкен арманы балдақсыз жүру болатын. 50 жылдық мерейтойын өткізер алдында Германияда операция жасатып, торқалы тойында қонақтармен бірге балдақтың да, адамның да көмегінсіз би билеуді армандап, жоспарлаған болатын. Алла тағала мерейтойын көріп кетсін деген шығар. Жоспарын аяқ астында өзгертіп, операцияға тойдан кейін баруға бел буған еді.

Мерейтой үстінде ерекше көңілді болды. Жанына келгендердің әрқайсысын бауырына басып, құшырлана сүйіп, ілтипат көрсетуден бір танған жоқ. Өзіне арнап айтылған мақтау сөздерді қымсына қабылдап тұрғандығы айқын сезіліп тұрды.

Адамдардың пенделігі сол, біреудің жақсылығын, рухани, адами қасиеттерін тірі кезінде айтып нұрын тасытудың орнына дәмі таусылып, бақилық болған кезде білдіріп жатады. Ал Иранның бақыты — барлық ізгі құрметті, барлық игі ниеттерді, барлық жылы лебіздер мен шынайы сезімдерді тірісінде көріп, естіп кетті. Алғаны алғыс, көргені айналасында топтасқан өзіндей адамдардың ыстық сезімі болды. Ойы озық, мінезі қайсар, ісі шымыр АЗАМАТ ойламаған жерде опат болды. Тосын оқиға Иран Елубайұлын танитын адамдарды теңселтіп жіберді. Амал не? Алланың жазғанына көнбес-ке ешкімнің де шарасы жоқ. Біз де Ирандай асыл, ардақты, абзал азаматпен қимай қоштастық. Аллаға да жақсы адам керек дегенге еріксіз сендік.

Жұмагүл САУХАТ,

«Әдебиет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

ӨМІРГЕ АСЫҚ ЕР ЕДІ

«Дүниенің басы — сайран, түбі — ойран» деген екен Доспамбет жырау. Жігіттің сойы Иран Омарбеков қайтыс болыпты деген суық сөзді естігенде ет жүрегіміз дір етті. «Ажал айтып келмейді» деген, әйтсе де... Өмірге құштар, өмір үшін арпалыса білген Иран ағамыз ұзақ жасайтын тәрізді көрінетін. Өзекті өкініш өртегенімен, пешенесіне жазылған тағдыры басқаша екен...

Тағдыр демекші, ет пен сүйектен жаратылған әр пенденің өз тағдыр-талайы бар емес пе, сол тағдыр-талайы Иранды талай тезіне салып, сынады. Ез болса, бордай үгілер еді, ер болған соң мүжілмеді, қиын сәтте қырандай түлеп, ізін қияға салды.

Көп балалы отбасында ол жас күнінен алғыр, төзімді, жігерлі, на-мысшыл болып өсті. Орда бұзар отыз жастан енді асқан шағында төсекке таңылу — қияметтің қияметі. Осындай сын сағатта Иран өмірден түңілген жоқ, жақсылықтан күдерін үзбеді. Сүйікті жары Жанат қасында әлпештеп тірек болса, әлі ержете қоймаған екі ұлдың болашағына алаңдау әке бойына күш-қайрат құйды.

  • —    Иранмен 1986 жылы таныстым. Жаңа пәтер алып, соны көруге барғанмын. Ертеңінде көшіп келетін болған соң кілтті көршіге қалдыруды ұйғардым. Есікті ашқан адамға қарасам, Жанат екен. Ақсуатта бір көшеде тұрғанбыз. Осылайша Иранмен танысып, жолдас болып кеттім. Дос десе жанын үзіп беретін мәрт жігіт еді. Қайраттылығына тәнтімін. Сонау жылдары қозғалуға дәрмені болмай, төсекте жатқанында бизнеспен телефон арқылы шұғылданды. Қоғам өзгеріп, алмағайып күн туғанда, он екі мүшесі сау адамдар абдырап қалғанда Иран мойымай, ілкімділік көрсетіп, замана көшіне ілесіп,

өмірдегі өз ағысын таба білді, — деп сүйсініп еске алады марқұмды жолдасы Елтай Батхолдин.

Емделіп, балдақпен жүре бастағанда ол алдына биік мақсаттар қоя білді. Кәсіпкерлігінің көкжиегін кеңейтіп, тағдыр тауқыметін тартқан адамдарға қол ұшын беру мақсатында «Жанат» атты мүгедек-терді өмірге бейімдеу орталығын» құрды. Осы орталықтың шеберханасында қаншама мүгедек адам екі қолға бір жұмыс тауып, несібесін терді. Ол түрлі спорттық-мәдени шараларды ұйымдастырып, жарымжан жандардың өздерін қоғамға қажет сезінуіне жағдай туғызды. Ең бастысы, өзінің жеке басы үлгісімен жұртты қанаттандырды. Қасиетті Хадисте «Адамның жақсысы — өзгелерге пайдасы тиетіні» деген сөз бар. Иран Омарбеков осындай өзгелерге пайдасы тиген азамат еді. Ал мұндай шарапатты істер жүрегіне иман ұялаған адамдарға ғана тән. Әулие Мәшһүр Жүсіп ауылында мешіт салдыруы да сол имандылықтан туындаған сауапты іс болатын.

Иран ағамыз осыдан бірнеше жыл бұрын Астанаға қоныс аударды. Алдына ұшан-теңіз мақсат қойған қажыр-қайраты мол адамға Екібастұз тарлық еткендей еді. Өйткені ол жаратылысынан алысқа самғайтын қыран болатын. Елордамыз жақтан Ирандай қарымды азаматтың қадау-қадау істерді тындырып жатқанынан хабардар болып тұрдық. Естіген сайын «Бәрекелді, Алла разы болсын!» деп желпініп қалушы едік. Енді, міне, арыстай азаматты қара жер суық қойны-на алды. Иран ағамыз өмір сүріп қалуға асығып жүруші еді, бәлкім, өлімінің де асығып жетерін сезді ме екен?! Қабырғамыз қайыса отыра «Бақұл бол, бауырым, жаның жаннатта шалқығай» деп тілейміз Жаратушыдан. Артында қалған ақыреттік жары Жанат Әнуарбек-қызы мен қос ұлына «Бекем болыңыздар, асыл азаматтың жер үс-тіндегі ендігі ізі сіздердің қарекеттеріңізбен өлшенеді» демекпіз.

Жассерік ЖӘЛЕЛҰЛЫ,

Екібастұз қаласы

Светлой памяти Ирана Омарбекова посвящается...

ДЕНЕГ НЕ ПРОШУ, ДАЙТЕ РАБОТУ

Деньги нужны всем, желательно побольше и сразу. Иран Омарбеков — генеральный директор спортивно-оздоровительного центра активной реабилитации инвалидов — считает, что ходить с протянутой рукой не нужно. Деньги можно и нужно заработать, и не только для себя, но и для других, которые в них очень нуждаются.

Мы беседовали с руководителем центра «Жанат» в его офисе. Хотя помещение бывшего детского сада назвать офисом можно весьма условно. С одной стороны — стоянка для машин, парикмахерская, ателье. Кругом какие-то мастерские. Мужчины ходят в спецодежде, с инструментами. Непривычно и то, что генеральный директор сам инвалид.

Он делился планами, рассказывал о возможностях, а мой взгляд непроизвольно задерживался на костылях, которые аккуратно стояли около кресла.

Прочувствовать состояние инвалида, наверное, может только тот, кто еще недавно сам был здоровым и жил обычной жизнью.

— У меня два высших образования, — рассказывает Иран Елю-баевич, — работал начальником участка на стройке, потом в «Эки-бастузугле» маркшейдером. Вместе с друзьями был среди первых, кто открывал кооператив. Не торговый, не посреднический, которых нынче пруд пруди, а объединял специалистов-изыскателей. К председателю исполкома Г. Могилевцеву на прием пять раз ходил. Все доказывал, что откроем кооператив и не будем приглашать изыскателей из других городов, институтов. Такие перспективы открывались, только бы успеть все сделать. Как сейчас говорят: торопился жить.

Может быть, слишком спешил и что-то не замечал вокруг. Или у него было другое предназначение на этой земле. Может быть, как раз он должен помогать людям, в которых никто, кроме них самих, не верит.

После автомобильной катастрофы Иран Омарбеков остался жив, хотя травма была такой, после которой редко выживают — сломан шейный позвонок.

— Помните, в боевиках показывают, как голову резко набок раз — и все, — говорит Иран. — В машине со мной был сын. Наверное, он меня спас. Помню, что откуда-то издалека слышал его крик: «Папа!» Он был у меня в подсознании, звал меня, и я не мог уйти.

Потом Омарбеков долго лечился, к врачам его носили друзья на руках. Но поверил в себя после встречи со старым восточным целителем. То ли знатока тибетской медицины заинтересовал случай, то ли он увидел нечто, неведомое всем остальным. Потом целитель специально приезжал в наш город из Бурятии. После тех сеансов Иран Омарбеков стал ходить на костылях. И опять появилось желание жить.

Нужно было искать себе дело. Кто-то из друзей посоветовал открыть реабилитационный центр для инвалидов Павлодара и Экиба-стуза. Один из депутатов «пробил» эту идею в столице.

Но на спортивно-оздоровительный центр необходимы средства. Одним инвалидам нужны медицинские «светила», другим — деньги для поездки на соревнования, третьим — работа, да и просто общение. На праздники здесь собирается до сорока человек. Чай, поздравления, подарки, на Новый год — Дед Мороз со Снегурочкой. А главное — жизнь можно сделать комфортной и интересной. К примеру, секретаря взяли на работу. Молодая, симпатичная девушка, а передвигается на коляске. Сначала ей бумаги домой возили, сейчас думают на машине привозить на работу.

Еще одна идея: для некоторых инвалидов организовать надомную работу. Женщины могли бы что-то шить. Но опять нужны средства, чтобы купить машинки и прочее.

— У нас много толковых специалистов по ремонту различных устройств, оборудования, строительным работам, — делится Иран Омарбеков. — Мы добились лицензии на ведение работ с подъемными механизмами. Открыли крановый участок. Принимаем заказы. Для своих рабочих открыли столовую. Но нам пока трудно найти общий язык с руководителями крупных предприятий. К примеру, нам прислали счет за тепло, свет, а «живых» денег у нас нет. Предлагаем отработать свой долг, вон сколько у всех машин в нерабочем состоянии и вовсе разукомплектованных. Мы беремся за любую работу, у нас есть не только руки, но и идеи, связи.

— Иран Елюбаевич, может быть, с Вами не рискуют вести совместные дела по причине Вашего здоровья? Некоторые руководители, видимо, думают, какой прок от инвалидов, если нынче здоровые сидят без работы.

— У нас работают как раз здоровые люди. Мы им платим зарплату, а прибыль должна идти на развитие спортивно-оздоровительного центра, помощь инвалидам. Хотим свою медсанчасть открыть.

— Может, некоторые считают, что Вы гребете под себя, поэтому так неохотно идут навстречу?

— Для себя я могу деньги сделать из воздуха. Себя я прокормлю. Но хочу, чтобы другие инвалиды не ходили с протянутой рукой. Говорю: дайте нам работу, а деньги для себя мы заработаем.

Э. ВОРОНОВА,

«Голос Экибастуза», 06.02.1998 г.

ЗАВТРА БУДЕТ ЛУЧШЕ

Жизнь к нему благоволила: хорошая работа, любящие домочадцы, первый в городе кооператив, но внезапно все оборвала авария. Перелом шейного позвонка, полный паралич, полтора года неподвижности. Но как только жизнь вернулась в непод-

вижные члены, пусть и не полностью, Иран Омарбеков решил, что должен помочь и себе, и другим. Так появился на свет СЦАРИ «Жанат».

Три года назад бывший садик на окраине девятого микрорайона был отдан центру реабилитации инвалидов. Вначале обещали на год-два освободить от уплаты комуслуг, но обещанного, как известно, три года ждут, так что полагаться на кого-то не приходилось. «Ходить с протянутой рукой — это унижение», — считает Иран Елюбаевич, поэтому он и не просит, а зарабатывает.

Сегодня здесь созданы столярный цех, стройучасток и участок по ремонту подъемных механизмов, пекарня и автостоянка, можно починить обувь и телевизор. Все, что только им по силам, делают инвалиды. Ну, а туда, где они не справятся, приглашают работать здоровых. Таким образом здесь создано шестьдесят рабочих мест, из них половина — для инвалидов. Есть у Омарбекова насчет этого «пунктик»: он старается помочь тем людям, что инвалидами не родились, а стали вследствие несчастного случая, аварии. Скажем так, отдает им предпочтение при приеме на работу, потому что сам пережил то же и понимает: бывшему ранее полным сил и здоровья человеку очень тяжело смириться с увечьем. И всем Иран Елюбаевич отдает чуточку своего желания жить лучше, да и просто желания жить.

Как сказку слушаешь историю о секретаре центра, которая передвигается только на коляске. Ее ежедневно (это при наших-то неприспособленных лестницах — авт.) привозят на работу, и вот недавно девушка... начала ходить. Правда, пока может сделать лишь несколько шагов по стенке, но ведь и это огромный прогресс для неходячего. А произошел он потому, что у человека, ранее запертого в четырех стенах, появился смысл жизни.

Здесь очень много делается для своих: ежедневные две булки хлеба из собственной пекарни, обед в местной столовой, обязательные подарки ко Дню инвалидов, Новому году и другим праздникам; красиво накрытый стол — праздничный обед — просто так, без повода, для души, не реже, чем раз в квартал. Трижды в неделю около двадцати спортсменов-инвалидов вывозят на тренировки в спортзал, а когда проводятся соревнования, призы выделяют тоже сами.

Недавно открыли собственный медицинский центр «Денсаулык», но примут в нем любого желающего. И выражение «для своих» здесь приобретает совсем иной смысл.

К сожалению, не все так хорошо, как хочется и, самое главное, как могло бы быть. Например, не может «Жанат» заплатить деньгами за коммунальные блага, но готов эти суммы отработать. Время от времени небольшую работенку «Горсеть» подкидывает, но хотелось бы стабильности, и не только в отношениях с руководителями электроэнергии, но еще и воды, тепла. Устные договоренности вроде бы есть, а на практике не всегда получается.

Еще один больной вопрос: перевозка инвалидов. Сейчас для этих целей используется старенький «РАФ», а нужно хотя бы два. И «Скорая», и Департамент здравоохранения готовы отдать списанные машины, в «Жанате» их подремонтируют. Для достижения желанной цели требуется ходатайство аппарата акима города, загвоздка в его получении.

Центр реабилитации инвалидов изначально задуман как спортивный, и еженедельные тренировки тому подтверждение. Но опять-таки нет графика посещения спортзалов, разрешают только тогда, когда зал свободен. Была бы твердая договоренность на дни и время, тренеру и инвалидам-спортсменам было бы намного проще.

Несмотря ни на что, Иран Омарбеков верит в решение всех проблем и живет не сегодняшним, а завтрашним днем. «Я верю в то, что завтра будет лучше», — говорит он. Мы тоже в это верим.

О. Голянская,

«Голос Экибастуза», 06.11.1998 г., №45

ВЫСТОЯТЬ САМОМУ И ПОМОЧЬ ДРУГИМ

Не так давно в Экибастузе в очередной раз побывала делегация из Германии. Показали гостям местные достопримечательности: угольные разрезы, дымовую трубу на ГРЭС-1, которая хоть и кривая, на удивление стоит прочно, не падает. А потом кому-то из городского начальства пришла мысль повезти гостей в центр активной реабилитации инвалидов «Жанат». Вот здесь задержались надолго. Все осмотрели, поговорили с директором центра Ираном Омарбековым.

Делясь впечатлениями о городе, глава немецкой делегации отметил, что больше всего впечатлений осталось от посещения центра «Жанат». Учреждений такого рода, по его словам, во всем бывшем Союзе только два — в Санкт-Петербурге и здесь, в Экибастузе. А поскольку немцы представляли организацию, которая занимается гуманитарной помощью, то делегат хорошо знал положение дел.

После этого случая я как-то по-другому посмотрел на экибастуз-скую действительность. Среди нищих, что сидят у здешних рынков, очень мало инвалидов. По большей части они зарабатывают себе на жизнь своим трудом в том же центре «Жанат». А здесь и платная автостоянка, и столярный цех, и парикмахерская, и мастерская по ремонту обуви и одежды, и другие производства — в общей сложности рабочие места для семидесяти человек. Знакомый мне инвалид сказал прямо: «Не будь в городе «Жаната», не будь такого человека как Иран, многие из нас рылись бы сейчас на помойках. Пособия идут с большими задержками, надежды на помощь от властей никакой. А в центре, помимо зарплаты, каждый день более шестидесяти человек получают горячий обед. У нас и здоровые люди работают, не знаю, что бы они делали при нынешней безработице».